Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кажыбасов Ш.Б-03.06.2014.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.73 Mб
Скачать

3.3. Android sdk-да қосымшалар құру

3.3.1. Жоба қасиеттері

Жоба құру кезінде оның қасиеттерін корсетуіміз тиіс: Project Name (жобаның атауы), Build Target (жиынтық нұсқасы), Application Name (қосымша атауы), Package Name (пакет атауы), Create Activity (пішін), және Min SDK Version (SDK-ның минималды рұқсат етілетін нұсқасы).

«Жиынтық нұсқасы» алаңында жобада қандай API қолданылатындығы көрсетіледі. Таңдауға ОЖ-да қолданылатын функциялар және нұсқалар қатысты.

Пакет атауы Android ОЖ бағдарламалары арасындағы жобаның бірегей атауын анықтайды. Пакет атауы әдетте, компания атауы және қосымша атауынан тұрады. Мысалы, «com.mycompany.appname».

Пішін (Activity) қолданушы интерфейсі элеметтері терезесінен тұрады. Берілген терезе қосымшаның кейбір функционалдарын іске асырады және жүйенің түрлі оқиғаларын өңдей алады. Пішіндерді басқару пішіндер стегі көмегімен іске асырылады. Іске қосылған пішін стек шыңына орналасады, алдыңғы ашылған пішін мәліметтері сақталып, автоматты түрде бір стек деңгейіне төмен орын ауыстырады. Әр пішіннің төрт функциялану күйі болады:

  1. іске қосылған немесе белсенді – пішін басқа пішіндер алдында (үстінде) көрсетіледі, яғни, белсенді;

  2. уақытша тоқтатылған – пішін фокусқа ие емес, бірақ экранда көрсетіледі, яғни, басқа пішінмен қабаттас (пішін астында);

  3. толықтай тоқтатылған – пішін толығымен басқа пішінмен жабылған, яғни, қолданушыға көрінбейді;

  4. аяқталған – пішін, егер «уақытша тоқтатылған» немесе «толықтай тоқтатылған» күйде болған кезде, жадыдан кері жүктелген болуы мүмкін, немесе пішін құрған процесс аяқталуы мүмкін. Қа»та іске қосу кезінде оның алдыңғы күйі қалыпқа келтіріледі.

Пішін үшін циклдың үш түрі бар:

  • толық цикл – пішін іске қосылудан аяқталуына дейін өз өмірінің барлық кезеңдерінен өтеді;

  • көріну циклы – пішін экранда қолданушыға көрінеді, бірақ, белсенді емес, яғни, қолданушы өзара іс-әрекет жасай алмайды;

  • белсенділік циклы – пішін белсенді болып табылады, және қолданушы өзара іс-әрекеттер жасай алады.

3.3.2. Жобаның файлдық құрылымы

10 cуретте тесттік бағдарламаның жоба файлдық құрылымы көрсетілген. Құрастыру кезінде жобаның негізгі файлдары болып мыналар табылады:

  • «/gen/R.java» файлы – бұл қосымша ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы генерацияланған класс.

  • «/res/drawable-dpi/» бумасы – экраннның түрлі өлшемдері үшін қосымшада қолданылатын барлық графикалық файлдарды қамтиды.

  • «/res/layout/» бумасында – XML форматта пішіннің сыртқы бейнесін сипаттайтын файлдар орналасқан.

  • «/res/layout/main.xml» файлы мәтіндік терезелер, батырмалар және т.б экран элементерінен тұратын пішінді қамтиды.

  • «/res/values/» бумасы қосымшаға арналған барлық тұрақтыларды қамтитын файлдардан тұрады.

  • «/res/values/strings.xml» файлы қосымшада қолданылатын барлық жолдық тұрақтыларды қамтиды.

  • «/src/» бумасы Java тіліндегі бағдарламаның шығыс кодынан тұрады.

  • «/src/Hello.java» файлы қосымшаны басқаратын негізгі функциялардан және XML-файлдарды іске қосу функцияларынан тұрады.

  • «/src/DBAdapter.java» файлы деректер қорымен жұмыс істеуге арналған функциялардан тұратын программа модулі.

  • «AndroidManifest.java» файлында жобаның ортақ қасиеттері сақталады, сонымен қатар, жобадағы барлық пішіндер (Activities) сақталады.

  • Пакет атауы Android ОЖ бағдарламалары арасындағы жобаның бірегей атауын анықтайды. Пакет атауы әдетте, компания атауы және қосымша атауынан тұрады. Мысалы, «com.mycompany.appname».

  • Пішін (Activity) қолданушы интерфейсі элеметтері терезесінен тұрады. Берілген терезе қосымшаның кейбір функционалдарын іске асырады және жүйенің түрлі оқиғаларын өңдей алады.

Пішіндерді басқару пішіндер стегі көмегімен іске асырылады. Іске қосылған пішін стек шыңына орналасады, алдыңғы ашылған пішін мәліметтері сақталып, автоматты түрде бір стек деңгейіне төмен орын ауыстырады. Әр пішіннің төрт функциялану күйі болады:

Cурет 10. Жобаның файлдық құрылымы