Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД МЕХ МАТ 2 курс Дюсенгалиева Каз.doc
Скачиваний:
74
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
993.79 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу–әдістемелік кешен

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Шетел тілдері кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Шетел тілдері

кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент Сағымбаева Ж.Е.

«___» _____________ 20___ ж.

«Кәсіби бағыттағы шетел тілі»

KBShT211 (ағылшын тілі)

(пәннің коды және атауы)

тілдік емес мамандықтарының 2 курс студенттеріне арналған

5В070500– Математикалық және компьютерлік моделдеу, 5в060300 – Механика, 5в010900 – Математика, 5в060100 - Математика

(мамандықтың шифры және атауы)

пәні бойынша

ОҚУ– ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Астана

2014

1. Курс құрастырушылары: Дұйсенгалиева Айгул Әбунагимкызы – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-95-00 (32-222), adusengalieva@mail.ru

Ғылыми қызығушылығ: шетел тілін оқытудағы мәдениаралық қарым-қатынас

2. Шетел тілі. Код: ShT211

Кредит саны – 2

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны: 4- семестр, сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәнінің алғышарттары: «Шетел тілі» (ағылшын тілі) (барлық жеткілікті деңгей: В1).

Курс өткеннен кейін қойылатын шарт: -

5. Пәннің сипаттамасы:

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Берілген курс гуманитарлық бағыт мамандықтары үшін әлеуметтік-гуманитарлық циклдың міндетті пәндерінің бірі «Кәсіби бағыттағы шетел тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша «Математикалық және компьютерлік моделдеу», «Механика», «Математика» мамандықтарының бакалаврын даярлауға арналған. Курс, болашақ маманның шетел тілін мәдениаралық және кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруін, жалпыадамзаттық ұстанымдарға араласу және шетел мәдениетін қабылдауға даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған.

5.2. Мақсаты: базалық стандарт деңгейі (В2) бойынша шеттілдік білімді жүзеге асыру үдерісінде тілдік емес мамандықтар студенттерінің мәдениаралық-қатысымдық құзіретін қалыптастыру.

5.3. Курс міндеттері:

- шетел тілінде «Математикалық және компьютерлік моделдеу», «Механика», «Математика» мамандықтарының терминологиясы мен лексикасын (600 лексикалық бірлік) қолдану дағдысын меңгерту;

- сөйлеу қызметі түрлерінің барлығын пайдалана отырып (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу), шетел тілінде оқудың басымдылығымен ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру;

- ЖОО-да алған математика, әлеуметтік компьютерлік моделдеу және математика әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі білімін өздігінен тереңдету және шеберліктерін жетілдіру;

- әлеуметтік, гуманитарлық пәндер аясында, кең өрелі және мәдени ойлай білетін жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін негізгі білімді меңгеру;

- жаңаша техникамен жұмыс істеу дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияны қолдана білуі;

- күнделікті кәсіптік қызметте және магистратурада білімін жалғастыру үшін қажетті жаңадан білім алу дағдысын игеру.

Курс соңында студенттің білуі керек:

- базалық стандарт деңгейінің (В2) ең жиі лексикалық, грамматикалық белгілеріне орфографиялық сәйкестіктерді;

- лексика: сөзжасам үлгілерін, көпмағыналы сөздердің мәнмәтіндік мағынасын.

Студент:

- оқу: жалпыкәсіптік мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқи білуі, қажетті ақпаратты табу, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуі;

- жазу: бланк толтыру, резюме құрастыру, жеке және іскерлік сипатта шағын хат жаза білуі;

- аударма: аударма тілінің нормасына сәйкес мәтіндерді ана тіліне сөздікпен аудара білуі;

- тыңдау: өткізілген тақырып көлеміндегі пікірді шетел тілінде түсіне білуі;

- сөйлеу: тілдің сөйлеу нормасына сәйкес өзінің ойын шетел тілінде айта білуі, сұрақ қойып және оған жауап бере білуі, оқытылған тақырыптың көлеміне қарай және қарым-қатынас саласына байланысты шетел тілінде әңгіме жүргізе білуі, оқу, есту және көру негізінде қатысымдық рөлді адекватты орындай отырып айтып, мазмұндай білуі;

- алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса кәсіптік білімін және түсінігін көрсете білуі;

- бұл білімі мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдана білуі;

- оқу аясында аргументтерді құрастырып және мәселелерді шеше білуі;

- әлеуметтік, этикалық, ғылыми тұрғыдан ой-пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинақтап және интерпретациялауды жүзеге асыра алуы;

- маман және сонымен қатар, маман емеске ақпаратты, ойлар, мәселелер және шешімдерді хабарлауы керек.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны

Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары.

Лексика: сөзжасам үлгілері; 800-1000 бірлік көлеміндегі лексикалық минимум, мамандық профиліне сәйкес терминдер; қолдану аясына қарай лексиканы бөлу.

Грамматика: негізгі сөз таптары- етістіктің тұйық формалары: инфинитив, герундий, есімше, көсемше, шартты сөйлемдер және олардың түрлері, т.б.

Оқу: таныса, іздей, зерттей, қарап шыға оқу дағдыларын қалыптастыру.

Сөйлеу: оқылатын тақырып төңірегінде диалогтық, монологтық сөйлеу дағдылырын қалыптастыру.

Жазу: ойды бірізді жеткізу, пайымдау және шығарма, жеке, іскерлік мәндегі хат жазу дағдыларын қалыптастыру. Тілдік нормаларға сәйкес мамандыққа қатысты мәтіндерді шетел тілінен ана тіліне аудару.

Тыңдау: күнделікті, ақпараттық және кәсіптік мәндегі хабарламаларды тыңдай қабылдау.

5.5. Пәнді оқыту жоспары