Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ы негіздері 2013-14.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
680.96 Кб
Скачать

2. Оқу пәні бойынша глоссарий

Абсолюттік монархия - шексіз монархия.

Әлеуметтік норма - қоғамдық манызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.

Басқару нысаны - қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуы.

Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.

Достық - сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы.

Демократиялық режим - барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықта болуы.

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы.

Диспозиция - құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелері.

Империя - мемлекеттің күш қолдану арқылы біріктіру.

Конституциялық монархия -шектелген монархия.

Креационизм - әлемнің барлығын құдайдын жаратуымен түсіндіреді.

Конфедерация - бір біріне тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы.

Конституция - мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы.

Консолидация - кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормалдарда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып, жаңа мәтінін қалыптастыру.

Құқықтық мемлекет - мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарының арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқытарының тиімді қорғалуы.

Құқық - әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетпен қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында бекітілген, адамгершілік қасиеттерді анықтайтын, әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.

Құқық қағидалары - қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасыу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы.

Құқықтық идеализ - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау.

Құқықтық нигилизм - құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көз қарас.

Мемлекет - арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін басқаруды іс жүзіне асырайтын арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі.

Мемлекет нысаны - мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сынарларының мәндік жиынтығы.

Мемлекеттің құрылым нысаны - мемлекетте биліктің территориялық кеңістікте ұйымдасуы және іс жүзіне асырылуы.

Мемлекеттің функциялары - оның алдында тұрған міндеттері мен мақсаттарын іс жүзіне асырудың негізгі бағыттары.

Ңұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжей көрсететін нормативтік-құқықтық кесім.

Объект - құқық бұзушылы қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуы.

Плюрализм - көппікірлілік.

Реципроктлық - коллективті түрде өндірілген өнімнің бәріне ортақ болуы.

Редистрибуция - жиналған барлық өнімнің қоғам мүшелері арасында тең бөлінуі.

Республика - жоғары мемлекеттің биліктің қалыптасуы сайлау арқылы белгілі бір мерзімге дейін құрылады.

Романо-германдық құқықтық жүйе - тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативті құқықтық кесімдердің қабылдануы.

Регламент - қандайда бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.

Саяси режим - мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері.

Санкция - мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкешіліктін түрі.

Субъект - жауапқа тарту қабілеттілігі бар, құқық бузушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамда айтады.

Унитарлық - мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылуы.

Федерация - бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие болмаған мемлекеттік субъектілердің болуы.

Функция - орындау деген мағынаны білдіреді.

Эволюция теориясы - әлемнің пайда болуы Үлкен жарылыс теориясымен түсіндіріледі.