Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ced.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
61.3 Кб
Скачать

Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеу әдістері

Мақсаты: Дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеулердің әдіс-тәсілдерінің түрлерімен және өз зерттеулерінде қолдану жолдарымен болашақ мамандарды таныстыру

Сұрақтар:

1.Этнологиялық зерттеулердің әдіс-тәсілдерінің түрлері және қалыптасу ерекшеліктері

2. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешек түрлері

3. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеу тәсілдері

Негізгі ұғымар тізбесі: Киім-кешек кешендері, дәстүрлі киім, сұраунама

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

І. Ерлер киімі.

1. Үстіге киетін киімдер: жейде, пішілуі, жағасы, қимасы.

Шалбарлар.

2. Сыртқы киім: жеңіл және жылы шапандар, материал, түсі, тігісі.

Аң терісінен жасалған шубалар, шүберекпен қапталуы, тақыр шубалар.

Камзол немесе женсіз көйлектер. Олардың шығу кезеңі, қай жастан бастап киеді.

Белдіктер. Әрлеуі. Белдіктерге ілінетін заттар: пышақ, шақпақ. Оларды кім киді.

Бас киімдер: (тақия, бөрік, малақай, тымақ, далбағай т.б.);

Формасы, пішілуі, матасы, түсі, әрлеу сипаты. Кию үлгісі. Қырғыз қалпақ. Алтын түспен немесе басқа да түстермен безендіріліп кестеленуі.

Аяқ-киім түрлері (саптама, байпақ, шәрке, байпақ т. б.).

  1. Ерлердің шашын сәндеуі: ер балалар, ер адамдар. Мұрт, сақалдың түрлері.

  2. Күйеу жігіттің үйлену тойындағы киімі.

ІІ. Әйелдер киімі:

1. Жейде: пішілуі, жағасы; қимасы.

Шалбарлар.

2. Сыртқы киімі: Шапандар: жеңіл, жадағай немесе астары бар. Матасы, түсі, пішілуі.

Камзол: мата, түсі, пішілу түрлері, әрлеу.

Жеңсіз, көйлек: қысқа немесе ұзын.

Белдемше, белдік, тізеқап: қай жас шамасында және қандай жағдайда киді.

Белдік. Матреиал және безендірілуі.

Бас киім (кимешек, бөрік, тақия, желек, т. б.), бас орамалдар;

Қыздардың бас киімі. Тақия: олардың формасы, безендірілуі.

5. Аяқ киім түрлері (кебіс, мәсі, етік, жартылай етік т. б.);

6. Әйелдердің және қыздардың шашын сәндеуі.

7. Әшекейлер: құлаққа тағатын, мойынға және кеудеге тағатын, қолға, киімге тағатын, тұмарлар және көзтиместер.

8. Косметика.

9. Келіннің және жас келіншектің костюмдері. Келінді киіндіру салты.

ІІІ. Балалар киімі.

1. Жас баланың киімі. Киім түрлері.

2. Балалардың киіміне тағатын тілтимес, көзтиместер.

3. Баланың алғаш рет шашын алуы. Шаш алуға байланысты алғашқы салт-дәстүрлер.

IV. Мерекелік, демалыстық киімдер.

V. Табынушылық киімдер.

VI. Азалы киімдер.

Дәріс № 8

Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтарды зерттеу

.

Мақсаты: Этнологиялық зерттеулердің тағам мәдениетін зерттеуде беретін нәтижесімен таныстыру.

Сұрақтар:

1.Дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтарды зерттеудің қалыптасу ерекшеліктері

2. Қазақ халқының дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтары

3. Қазақ халқының дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтарын зерттеу тәсілдері

Негізгі ұғымар тізбесі: Сандық әдіс, сапалық әдіс, граунд-теория

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Әр бір халық тағамдарының сипаты мен құрамы көптеген себептерге байланысты. Олардың ең маңыздылары: географиялық жағдай, жергілікті жердің даму дәрежесі, тарихи-мәдени дәстүрлер және әдеттер.

Қолданылатын тағамдардың дайындау әдістері және құрамы көбінесе рухани дүниелермен, діни тиымдармен тығыз байланысты. Сондықтан да адамзат аспаздық дағдыларға үлкен көңіл аударып, ғылми қызығушылық білдіреді.

І. Сүт өнімдерінен жасалған тағамдар, олардың жасалу жолдары, сусын түрлері: қымыз, айран, қатық, шұбат (пісіру, іріту, ашыту, ұйыту).

- сақтау амалдары (сүзбе, құрт, ірімшік);

- ақ тағамға байланысты ырым-тыйымдар.

ІІ. Ет тағамдары

. Тағамға ең көп пайдаланатын мал еті. Ет тағамдарын дайындау әдістері.

- етті сақтау амалдары (кептіру, сүрлеу, ыстау);

- ішек қарыннан жасалған тағамдар (үлпершек, жөргем т. с. с);

- сый-қонақ, кәде мүшелері, қоспа мүшелері;

- ет тағамына байланысты ырым-тыйымдар.

ІІI. Өсімдік тағамы. Бидай ұнын қолдану. Бауырсақ, жайма нан, таба нан дайындау түрлері.

IV. Балық тағамы, аулау және дайындау әдістері.

V. Мерекелік және салт-жоралық тағамдар.

VI. Ас ішіп-жеу түрлері: жерде, жер үстел, биік үстел.

VIІ. Тағамдану мерзімі.

VIІІ. Тағамдық тиымдар, кейбір тағамдардан уақытша ауыз тыйу.

ІХ. Жабайы өсімдіктерді, дәрілерді қолдану.

Х. Белгілі бір тағам түрлеріне немесе тағамдану мерзімдеріне байланысты салт, ырымдар.

ХІ. Қазан-ошаққа жататын ыдыс түрлері (шәйнек, қазан, саба, күбі, ожау, шөміш, тегене, шара, саптыаяқ, астау, шелек, көнек, аяққап, шынықап).

Ыдыс-аяқ жасау шеберлері: заттың аты, оның тұрмыста атқаратын қызметі; түрлері; жасалған жылы;

Ыдыс-аяқ жасау әдістері, технологиясы, өрнектелуі;

Ыдыс-аяқтарға байланысты әдет, ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ырым-жоралғылар;

Ыдыс-аяқтардағы ою-өрнектердің мағынасы, маңызы қандай?

Дәріс № 9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]