Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ced.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
61.3 Кб
Скачать

Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдық өмір мен тұрмысты зерттеу

Мақсаты: Этнологиялық зерттеуер жасауда ауылдық және қалалық ортада этноәлеуметтік түрмысты бағалаудың әдістері мен қазіргі заманғы қоғамдық қайшылықтарда қолданудың мәселелерімен таныстыру.

Сұрақтар:

1.Эмпирикалық зерттеулерде ауылдық тұрғындарды этноәлеуметтік бағалаудың әдістері

2. Эмпирикалық зерттеулерде қалалық тұрғындарды этноәлеуметтік бағалаудың әдістері

3. Қазақ қоғамының дәстүрлі қоғамдық өмірі мен тұрмысын зерттеу

Негізгі ұғымдар тізбесі: Қоғамдық өмір, зерттеу әдістері, граунд-теория

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Этнографтар үшін қоғамдық өмір екі жағынан да қызықты.

Біріншіден, сақталынып келген ертедегі қоғамдық қатынас алғашқы формациялардың қоғамдық қатынасын білуге мүмкіндік береді. Екіншіден, жеке халықтар мен этникалық топтардың қоғамдық тұрмыстың нормасы үлкен өзіндік типтерімен ерекшеленді және оларды сол халықтардың этникалық мәдениеті мен этникалық тарихының көзі ретінде пайдалануға болады. Қоғамдық тұрмысты зерттеу қазіргі күні де қажет.

І. Өндірістік іс-әрекетпен байланысты қоғамдық тұрмыстың дәстүрлері мен нормалары. Егіншілік алқап, жайылым, су көздерін қолданудың қоғамдық ережелері. Меншік құқығы немесе иелену (мысал; жерге, малға). Шүлен тарту институты, оның таралуы. Асар ғұрпы, асар формалары.

ІІ. Қоғамдық өмірдің дәстүрлері мен нормалары: қоғамдық пікір, қоғамдық міндеттерді бөлу.

ІІІ. Адамдар арасындағы қатынас және қоғамдағы мінез-құлық нормалары: көршілік дәстүр және көршілік көмек. Қонақты қарсы алу дәстүрлері. Үлкендермен және кішілермен қарым-қатынас. Әйелдермен қоғамдағы қатынас. Әдеп. Көңіл аудару формалары.

ІV. Қоғамдық мерекелер мен жиналыстар. Халықтық мерекелерді, шығындарды, ұйымдастыру. Көңіл көтеруді ұйымдастыру (күрес, ат жарыс т.б.).

V. Жат жұрттықтарға немесе белгілі бір тұлғаларға деген көзқарас (арнайы қонақ, жолаушы, құдайы қонақ).

VІ. Жаңадан көшіп келгендерге деген қатынас.

VІІ. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға деген қатынас.

VІІІ. Құрметті адамдарға деген қатынас.

Бағдарламадан көріп отырғандарыныздай мұнда жеке бақылау әдісі басым, көптеген адамдардың мінез-құлықтарын қоғамдық қатынастардан сұрақ-жауап арқылы немесе далалық жұмыстың басқа да түрлері арқылы біле алмайсыз. Бұл ерекшеліктері күнделікті өмірде байқалып, тұрғындардың өздері де білмей қалады.

Дәріс № 10

Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі отбасы және некені зерттеу әдістері

Мақсаты: Дәстүрлі отбасы және неке туралы қазіргі заманғы этнологиялық зерттеулер және оны өз зерттеулерінде қолдану жолдарымен болашақ мамандарды таныстыру

Сұрақтар:

1. Дәстүрлі отбасы және некені зерттеудің әлемдік этнологиядағы әдіс-тәсілі

2. Қазақтың дәстүрлі отбасы және некесінің қалыптасу ерекшеліктері

3. Қазақтың дәстүрлі отбасы және некесін зерттеудің жолдары

Негізгі ұғымар тізбесі: отбасылық жүйе, қайшылық, моногамия

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Ерекше бұл қоғамдық институттың сипаты мен формалары қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты. Этнограф отбасылық өмірді бақылай отырып, туысқандар арасындағы қатынасты, отбасындағы тұрмыстық моральдық, этикалық нормаларды жинауына жақсы мүмкіндік алады.

І. Отбасы және некенің тарихи формалары.

1. Отбасы түрлері: патрономия, үлкен патриархалдық отбасы, тұтас үлкен отбасы, кіші жеке отбасылар т.б.

2. Неке түрлері: қалын малмен алынған неке, алып қашу арқылы құрылған неке, левират, сорарат.

ІІ. Туысқандық жүйесі және терминологиясы.

1. Тұтастай туысқандық жақтың туыстық атауын бір терминмен белгілеу (өз жұрты, қайын жұрты).

2. Туысқандық терминдерінің жас шамасына қарай және жынысына қарай диференцияциясы.

3. Әкелік және шешелік жақтағы туысқандықтың шектелуі мен терминологиясы.

Туысқандық жүйені белгілеу үшін сандар қойылады:

Әке – 1 Күйеуі - 5

Шеше – 2 Әйелі - 6

Ұлы – 3 Ағасы - 7

Қызы – 4 Апасы – 8

Бұл жүйені қолдана отырып, туысқандықтың кез келген желісін, қатынасын жазу оңайға түседі. Еске сақтайтыны бұл жерде сандар әрқашан терминдердің үлкендігіне қарай қойылады: ата (әкенің әкесі) -1 – 1, әйелінің енесі (күйенің анасы) -2 – 5.

ІІІ. Қатынас құрамы.

1. Тікелей туысқандық қатынастар (күйеу бала мен ене, келін және оның енесі).

2. Шартты туысқандық қатынастар (құдалар, өкіл әке, кіндік шеше, аталық, аванкулат).

ІV. Мұраға қалдыру жүйесі және мүлікке деген құқық.

V. Отбасы мүшелерін бағындыру, күйеуінің, әйелінің, балаларының орны.

VІ. Үйленбегендер: бойдақтар, кәрі қыздар. Қандас туысқандар арасындағы неке. Жыныстар арасындағы қарым-қатынас: махаббат, азаматтық неке.

VІІ. Қазіргі кезеңдегі отбасы мен неке: отбасының саны және құрамы, дәстүрлері және жаңашылдары.

Дәріс № 11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]