Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ced.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
61.3 Кб
Скачать

Дәріс тақырыбы: Халықтың ауыз екі шығармашылығын зерттеу әдістері

Мақсаты: Қазіргі әлемдегі ұлттық мәдениет пен ауызша тарихты зерттеу өзекті болып табылғандықтан оны өз зерттеулерінде қолдану жолдарымен болашақ мамандарды таныстыру

Сұрақтар:

1. Қазіргі әлемдегі ұлттық рухани мәдениет ұғымы

2. Қазақ халқының ауыз екі шығармашылығы.

3. Қазақ халқының ауыз екі шығармашылығын зертту әдістері мен тәсілдері.

Негізгі ұғымар тізбесі: Ұлттық рухани мәдениет, фольклор,мәдени ықпалдастық

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Халықтың ауыз екі шығармашылығы – бұл тек қана халық фольклорларын жинау үлгілері емес, сонымен қатар этнографиялық мәліметтердің құнды көзі болып табылады. Тарихи аңыздар жекелеген этностар жөнінде мәліметтер беріп қоймай, олардың көшіп-қонған жерлерінен мәліметтер береді. Ертегілерде ежелгі наным сенімдердің болғанын аңғарамыз. Әңдер болса көптеген дәстүрлердің айшықты айғағы болып табылады. Халықтың ауыз екі шығармашылығына тарихи дерек көзі ретінде жақындай отырып, этнограф мұнда құнды мәліметтерді қалдырады. Халықтың ауыз екі шығармашылығын біліп зерттеудің келесі тәсілдерін ұсынамыз:

Шежіре – этногенез және этникалық тарих жөнінде мәліметтер.

Батырлар жөнінде тарихи аңыздар.

Мифологиялық аңыздар.

Халықтық эпос.

Ертегілер.

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер.

Дәстүрлік әндер (шілдехана, сыңсу, қоштасу, жоқтау т.б.).

Халықтық әндер (отан, табиғат, махаббат, жолдастық т.б.)

Күнтізбелік поэзия (наурыз жыры т.б.).

Бақсы әндері.

Айтыс.

Балалар фольклоры.

Әндерді екі кісі кезек-кезек бір сөзден жазып отыру тиіс. Соңғы кезде этнографиялық-фольклорлық материалдарды жинақтауда, музыка мен әндерді жазғанда аудио және бейне жазбалар өте тиімді.

Дәріс № 15

Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі билік және әдет-ғұрып заңдарын зерттеу әдістері

Мақсаты: Тарихи дәуірлердегі дәстүрлі билік пен әдет-ғұрып заңдарын кешенді зерттеу өзекті болып табылғандықтан оны қолдану жолдарымен болашақ мамандарды таныстыру

Сұрақтар:

1.Дәстүрлі қоғамды, оның саяси бейнесін мен құқығын кешенді зерттеу

2.Қазақ халқының дәстүрлі билік пен әдет-ғұрып заңдары

3. Қазақ халқының дәстүрлі билік пен әдет-ғұрып заңдары зерттеу тәсілдері мен әдістері

Негізгі ұғымдар тізбесі: Ұлттық мемлекет, әдет-ғұрып заңдары, кешенді зерттеу

.Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Зерттеушілер «хан», «сұлтан», «би», «батыр» сияқты әлеуметтік топтарды өз зерттеулерінде атағанымен осы топтардың ішкі байланысы мен иерархиясы, мемлекет қызметі деген не екені, оның жұмыс істеу тетігінің құрылысы туралы ақпарат жоқ.. Қазақ мемлекеті дегеніміз не, оның өмір сүру заңдары бар ма, қалыптасқан ұлттық сана болды ма, өзге мемлекеттерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар ма деген мәселелер бойынша байсалды зерттеу жұмыстары керек. Біз осы кәтепсіз қара нарға жүк болар сұрақтардың шоғырын шиырлап көрейік, әрине барлық сұраққа жауап бере алмасыпыз, бірақ «әуелі бұл шіркінді бастау қиын» дегендей бастайық. Ең басты мәселе қазақтың тарихында мемлекет болды ма деген сұраққа жауап беру.

Біз кез келген көшпелі аталатын қоғамда отырықшы тұрмыстың нышандары бар деген пікірдеміз. Тіпті өзгені айтпағанның өзінде хандық кезеңде қазақ мемлекетінің экономикалық ірге тасы Сырдария бойындағы қалалық алқапқа негізделгені де біздің еңбектерімізде сан рет айтылды. Көшпелілердің мемлекет құру үрдісінде көшпелі қауымдар ықпалындағы қалалық өлкенің алатын орыны ерекше. Саяси бақылауындағы қалалар неғұрлым көп болған сайын мемлекет те соғұрлым күшті, беделді болмақ. Бұл жерде мемлекеттің салық саясатын да ескерген жөн, себебі отырықшы-саудагер қауымдардан алынанатын салық белгілі дәрежеде мемлекет қазынасы деген құнды құбылысты қалыптастырады.

Осындай жаулап алулар барысында шекаралық алқаптағы қалалық өңірлер мен оның отырықшы тұрғындары ғұн иелігіне енді, осы жаугершілік кейіннен бейбіт өмірге ұласып қалалық аймақ пен көшпелілік доминанта арасында үйлесімді қарым-қатынас қалыптасты. Бірақ осы процесті Қытай тарихнамасында сақталған аңыз деректермен айшықтай отырып біз мемлекет құру ең алдымен белгілі бір әулетті, күшейе келе халықтың негізгі бөлігін қамтитынын ұмытып кетеміз, яғни біздің айтпағымыз ұлт болып басы біріге бастаған елде әуелі мемлекет құру идеясы пайда болады.

Соңғы екі мыңжылдықта Еуразияға үстемдік жүргізген көшпелі Ғұн, Түркі, Алтын Орда мемлекеттерін Кеңес дәуіріндегі белгілі зерттеушілер “временные, эфемерные образования” деп атады. Олардың түсінігі бойынша көшпелілер тек шаруашылық қауым болып қана өмір сүреді, саяси конъюктураның сәті түскенде ғана “әскери-көшпелі қауым” яғни империя құрайды. Постсоветтік жүйедегі зерттеушілер бүгінгі күні де осы қалыптасқан көзқарастар шеңберінде қалып отыр. Осы бағытта соңғы кезеңде өнімді жұмыс жазып жүрген ресейлік Н.Н.Крадин көшпелілер империясының үш моделі бар дейді: «1) кочевники и земледельцы сосуществуют на расстояний...2) землевладельцы завиясят от кочевников...3) номады завоевывают земледельческое общество и переселяются на его территорию...Вне всякого сомнения, данную политическую систему нельзя считать государством». Н.Н.Крадин ғұндарға арналған көлемді монографиялық еңбегінде көшпелілердің құрған мемлекеттік құрылымдарын «вождество» деп атауды ұсынады. «Вождество» бұл жерде ең алдымен «көсемдік» деп атауға болатын құбылыс, яғни көшпелілердің билік жүйесі зерттеушінің пікірі бойынша тайпалық жүйенің негізінде құрылған билік.

Қазақ тарихына қалам тартқан ғалымдардың ішінде қазақ халқының өткен жолында мемлекет болды деп айтып та, жазып та жүргендері баршылық, өкініштісі далалық өлкеде құрылған саяси жүйелердің өмір сүру және өзін-өзі сақтау сияқты мәселелеріне, саяси жүйенің сыртқы және ішкі сипатына терең тоқталып, толғамды айтылған пікір аз. Бізде мемлекет болған дейді ғалымдар, бірақ оны саяси-қоғамдық жүйе ретінде сипаттау және баға беру кезеңі келгенде күмілжіп қалады немесе, «государство возникло с появлением классового антогонизма между людьми» делінетін мемлекет тек тап күресінің ықпалымен пайда болатын құбылыс дейтін ортодоксальды марксистік тұжырымның ықпалынан шыға алмай материалистік түсініктердің жетегінде кетеді. Соңғы кезде көшпелі мемлекеттер туралы қызықты зерттеу еңбектерін жарыққа шығарған Е. Кычанов та «әлеуметтік жіктелу және тапқа бөліну процесіне» көп көңіл бөледі. Дегенмен біз көшпелілердің мемлекетіне қатысты ең татымды пікірді осы автордың еңбегінен кездестіреміз. Бұл жерде автордың бұл тақырыптың нақты зерттеу нысанасына айналмағаны туралы пікірін оқырман дұрыс түсінуі керек. Ең бастысы мәселені ғылыми деңгейде көтеруде: «Если мы рассмотрим эти и близкие к ним трактовки кочевых обществ и государств кочевников, то увидим, что в разной мере они призваны обьяснить одно обстоятельство – быстрое возникновение сильных государств кочевников и затем столь же скорую в исторических масштабах их гибель, возврат кочевого общества к догосударственному состоянию, в котором не находят ни классов, ни следов государственности. Это действительно чрезвычайно трудная и мало разработанная проблема. И именно ее неразработанность порождает крайние точки зрения и споры. Есть предложения, суть которых состоит в том, что нужно рассматривать кочевников, хотя бы данного региона, в целом, независимо от их этнической принадлежности, а их государства – как единое последовательно развивающееся общество... На исследователя, бесспорно, влияют источники его исследования: полевая этнография – на этнографа, вещественный, трудно самостоятельно интерпретируемый материал – на археолога. В этом можно видеть известную причину неодинаковости оценки уровней социально-экономического развития кочевников, признания у них государственности. И мы не считаем свои суждения и мнения бесспорными и окончательными. Хотя не весь материал данной монографии посвящен кочевникам, хотелось бы, чтобы читатель вынес убеждение в том, что кочевые государства как важный фактор общечеловеческой истории не только существовали, но они достойны самого пристального дальнейшего изучения, именно как высоко и своеобразно организованные государственные образования, а не случайно сплотившиеся дикие орды, жаждущие лишь грабежа оседлого населения».

Еуразия көшпелілерінің саяси жүйелері «тайпалық бірлестік» пе, әлде «мемлекет» пе? Қазақ тарихи-этнологиялық ғылымы үшін бұл мәселе ойыншық емес, себебі бұл ұлттық тарихтың ең өзекті тұсы. Егер біз өткен тарихымыздан мемлекет мәселесін (төрелер институтын, онымен бірге билік құрылымдары, құқықтық ережелері т.б./ алып тастасақ біздің тарихтың оқулықтарында әр уақыт кезеңіне реттестіріліп жинақталған эмпирикалық фактілер ғана қалады. Егер сіз зер салып қарасаңыз әр түрлі деңгейлерге арналып жазылатын «Қазақстан тарихының» қазіргі күнгі ең осал тұсы да осы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]