Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геодезия 1-25 жауаптары.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
396.56 Кб
Скачать

1 билет

1) Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағьшан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялык карталар жалпы географиядык және тақырыптық болып бөлінеді. Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалык-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т.б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортандану, дымкылдану геологиялық карталар және т. б.).

План-шағын аймақтың кескінің,яғни ірі масштабтағы картаны план деп атайды.

Жер бетін план мен картадан басқа профиль деп аталатын жердің вертикаль бағыттағы кесіндісі арқылы бейнелеп көрсетуге де болады.Жалпы алғанда,профиль көлденең кесіндінің(қиманың)дербес(жеке)түрі болып есептелінеді.Жер қыртысының бетінен оның терең қабаттарына дейінгі аралығының тік бағыттағы вертикаль көрінісін қима немесе көлденең кесінді дейді.

2)Жердің пішіні мен көлемі.Ғылым мен техниканың көптеген салалары (жердің жасанды серіктері мен арыштық ракеталарды ұшыруда, авиацияда, теңізде жүзу, радиобайланыс, т.б.), әсіресе жер бетін картада дұрыс кескіндеу, жердің пішіні мен көлемін дәл білуді қажет етеді. Жер-Күн жүйесіндегі планеталардың бірі және оның қыртысы әр түрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігі (20%) қүрлық, ол 71%-ын дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Геодезияда жердің пішіні үшін жер эллипсоиды деп аталатын сфероид алынды. Жер эллипсоиды өзінің үлкен және кіші жарты осьтерімен (а, b) және полярлық сығылушылығымен сипатталады (α) a = (a-b)/a а, b және α шамалары градустық өлшеулер арқылы анықталады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әр 1° сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жерлеріндегі градустың үзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемі анықталады. Жер эллипсоидының көлемдерін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. 1946 жылға дейін бұрынғы Одакта 1841 жылы неміс ғалымы Ф.В.Бессель есептеп шығарған жер элипсоидының көлемі колданылады. Жер эллипсоидының көлемін 1940 жылы үлкен дәлдікпен Ф.Н.Красовский мен А.А.Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары да аныктады .Алынған бүл өлшемдер 1946 жылы үкіметтің қаулысы бойынша еліміздің барлық геодезиялық және картографиялык жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп аталатын болды. Осы орайда айта кететін бір жәй, ол кейбір елдердегеодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтарының қолданылатындығы. Олар сол немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды. Мұндай эллипсоид-референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өндеу үшін колданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланган, нақты көлемі анықталған эллипсоид. Сөйтіп, қазіргі кезде Красовскийдің референц-эллипсоиды тек Ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады.

2)Теодолиттік жабық жүрісте бұрыштық өлшеуді бақылау-таппадым

2 билет

1)масштаб дегеніміз-сызбадағы,пландағы,картадағы сызықтың озіне сәйкес жер бетіндегі сызық ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы.Масштаб сандық,сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.

Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен қартаға кескіндеу кезінде каншалыкты, кішірейгенін көрсетеді.

Сызықтық масштаб дегеніміз-қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.

Көлденең масштаб-сызықты масштабтың бір түрі.Осы аталған масштабтың қолданылуы,нақты инженерлік құрылыстың жобалау жұмыстарын үлкен көлемді топографиялық жоспарларда бейнелеп,қашықтық өлшемдерін жүргізу үшін арнайы, көлденең масштабты темір сызғышты пайдалану негізінде жүргізіледі.

.

3билет

1) Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді.Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-қа дейін өлшенеді.

Магниттік азимут-деп сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның' солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді.

Дирекциялық бұрыш- ()дегеніміз осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш екендігі шығады.

Шын азимут- деп , сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды.

Қандай да бір АВ сызығының А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формуламен өрнектеледі

мұндағы ү — меридиандардық жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш.

2)5 Билеттен кара

4билет.

1)Карта және пландағы шартты белгілердің айырмашылығы.Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және касиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.

Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мумкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фон-дық бояу тустері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызыкпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.