Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды блім.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
36.08 Кб
Скачать

Жасақты тылдық және техникалық қамтамасыз етудің негіздері.

Қазіргі жалпы жасақтық ұрыстар жоғары табандылығымен, қауырттылығымен, жылдамдығымен, жылдам әрі шұғыл қимылдарымен, жерде, ауада, тереңдікте жүргізілетін әрекеттерімен ерекшеленеді.

Ұрыс кезінде тек қарапайым құралдар немесе жаппай құралдар қоры қолданылады. Барлық жағдайда да үлкен материалдық шығындарға ұшырайды.

Ұрыс – бұл күрделі көп жоспарланатын әрекет және ұрыс сәтті болуы үшін жан –жақты дайындалуы қажет.

Ұрысты қамтамасыз ету

Жаугерлік Техникалық Тылдық

  • барлау - ядролық-техникалық - материалдық

  • күзет - зымыранды-техникалық - медициналық

  • ЖЖҚ қорғану - артиллериялық-техникалық - саудалық-тұрмыстық

  • радиоэлектрлік соғыс - танктік-техникалық - пәтерлік-қолданбалық

  • тактикалық жасырыну - автотехникалық - ветеринарлық

  • инж. қамтамасыз ету - инженерлік-техникалық - қаржыылық

  • химия. қамтамасыз ету - химиялық-техникалық

  • топогеодезиялы қамт. – байланысты техн. қамт.ету

  • гидрометеорологиял. – АСУВ

қамт. ету - тылды техн. қам. ету

- метрологиялық.

Жауынгерлік қамтамасыз ету қарсыластың кенеттен шабуылының алдын алуға, жасаққа қатысты соққылардың тиімділігін азайтуға, уақытында әрі ұйымдасқан жаугерлік әрекеттерді сәтті жүргізуге ыңғайлы талаптарды құруға бағытталған шараларды жүзеге асыру мен ұйымдастыру.

Техникалық қамтамасыз ету бөлім (бөлімше) қауіпсіздігі мен жаугерлік дайындығын қалпында ұстап тұру мақсатында жүзеге асырылып, ұйымдастырылады. Ол техника мен қаруларды жинақтау, зымырандармен, оқ-дәрінің барлық түрлерімен, жаугерлік-техникалық мүлікпен қамтамасыз ету, оларды өз қалпында ұстап тұру, ұрыс кезінде қолдануға даярлығын қадағалау, бұзылған техника мен қаруды қалпына келтіру жолдары арқылы жүзеге асады.

Тылдық қамтамасыз ету барлық жаугерлік ұрыстарда да, жасақтың күнделікті өмірінде де жаугерлік дайындығын қалпында ұстап тұру үшін және берілген тапсырмаларды орындауға ыңғайлы талаптарды құру үшін жүргізіліп, ұйымдастырылады.

Қазіргі ұрысты сәтті жүргізу көптеген факторларға байланысты, солардың ішінде жасақтық тылдың жағдайы мен мүмкіндіктері.

Жасақтық тыл ҚР ҚК тылының құрама бөлігі болып табылады. Жабдықталуы бойынша жасақтық тыл бригадалық, батальондық және дивизиондық деп бөлінеді.

Жасақтық тыл мыналар келесілер үшін арналған:

  • бөлімше, кеме, бөлімдерді зымыран отынымен, жанатын-майланатын құралдармен, азық-түлікпен, заттық және медициналық мүліктермен, түрлі тылдық техникалармен, басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз ету үшін;

  • осы құралдар қорын қамтамасыз ету;

  • жаугерлік және басқа да техниканы жанармай құйып дайындау;

  • жеке құраманы ыстық тағам және нанмен қамсыздандыру;

  • кір жуу қызметі;

  • материалдық құралдарды тасымалдау;

  • жарамсыз, қажетсіз отандық, сонымен қатар трофейлік қару-жарақтарды, техника мен мүлікті эвакуациялау;

  • соғыс алаңынан аурулар мен жараланғандарды эвакуациялау, шығару, жинау, іздеу

  • оларға алғашқы медициналық көмек көрсету;

  • санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы шаралар мен ветеринарлы-санитарлық бақылау жүргізу;

  • жаппай жеңіліс қаруынан жасақты қорғау бойынша шараларды жүргізу.

Жасақ тылына соғыста құрбан болғандарды, қайтыс болған жауынгерлерді жерлеу міндеті жүктеледі, сонымен қатар әскери тұтқындарды белгіленген жерге тапсыруға дейін тамақпен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету міндеті де бар.

Жасақтық звенада тылдық қамсыздандыруды қалпында ұстап тұру сы тапсырмалардың шешімі болып табылады.

Жасақтық тыл құрамы бөлім мен құраманың сәйкес штаттарымен анықталады. Оған материалдық қамтамасыз етудің бөлімі мен бөлімшелері кіреді.

(Жасақтық тыл бөлімшелерінің тағайындалуы мен ұйымдастырылуын 2-сұрақта қарастырамыз).

2 пәндік сұрақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]