Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды блім.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
36.08 Кб
Скачать

Жасақтық тыл бөлімі мен бөлімшелерін ұйымдастыру мен тағайындау. Тылдық бөлім мен бөлімшені басқару негіздері

а) мотоатқыштар бригадасының тылдық бөлімшесі.

Мотоатқыштар батальоны штатының тылдық қамсыздандыруына мыналар кіреді: қамсыздандыру взводы (қв) және медициналық пункт (мп).

Батальондарды қамсыздандыру взводы мыналар үшін арналған:

  • батальон қорын материалдық құралдармен қамтамасыз етуді қалпында ұстап тұру;

  • ыстық тағам дайындау және оны жеке құрамға тараты;

  • батальонның әскери қызметкерлерінің жеке заттарын сақтау;

  • техниканы жанармай құйып дайындау.

МАБ қамтамасыз ету взводы 18 адамнан тұрады:

  • взвод комитеті, екі бөлімше ( шаруашылық-8адам, автокөліктік-9адам).

Шаруашылық бөлім ( бөлім комитеті, бас аспазшы, 2 аспаз, бас жүргізуші, 3 жүргізуші, 3 асхана ЗИЛ-131 қарамағындағы ПАК-170, КП-125 пен ЗИЛ-131 борттық; ұрыста батальондық азық түлік пунктін шығарады (бтп).

Автокөліктік бөлімше мыналардан тұрады:

  • экипаждағы жеке заттарға арналған ГАЗ-66 3 автокөлік;

  • оқ-дәрілерге арналған УРАЛ-4320 3 автокөлік;

  • АТМЗ 3 отын құйып дайындаушы.

Жаугерлік бөлімде тамақтану пунктін ұйымдастырып жайғастырады, оқ-дәрілерді роталық тамақтандыру пунктіне және батальондық артиллерияның атыс позицияларына дейін жеткізеді, батальондық құю пунктін ұйьоымдастырады.

Батальонның медициналық пунктін мыналар үшін арналған:

  • Соғыс алаңынан ауруларды, жарақаттанғандарды шығару, жинау, іздеу, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету және келесі эвакуациялауға дайындау;

  • Батальон бөлімшелерінде санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы шараларды өткізу;

  • Батальонның жеке құрамын, санитарлы инструкторларды, рота санитарын медициналық мүлікпен қамтамасыз ету.

Батальон медпунктінің құрамына жеке құраманың 9адамы, 1-АП-0,5 тіркемелі УАЗ-452А санитарлы автобусы, 3 ЛУАЗ-967 автокөлігі кіреді.

Б) мотоатқыштар бригадасының тылдық бөімшелері.

Мотоатқыштар бригадасының штатына келесі тылдық бөлімшелер кіреді:

  • Материалдық қамтамасыз ету ротасы ( мқер);

  • Бригаданың медициналық пункті ( медициналық рота).

Мқер (материалдық қамтамасыз ету ротасы) мыналар үшін арналған:

  • Материалдық құралдар қорын қабылдау мен қалпында ұстап тұру, оларды бөлімшелерге тасымалдау;

  • Отандық және трофейлік қарулану соғысына арналған жарамсыз, керек емес техника, құралдар мен мүліктерді бөлімшеден қабылдап алу және белгіленген жерге жеткізу үшін оларды дайындау;

  • Жеке құраманы тасымалдау, жарақаттанғандар мен ауруларды, жарамсыз қаруларды, техника мен мүлікті эвакуациялау;

  • Жабдықты, мундирді орташа жөндеу;

  • Бригада басқармасының жеке құрамын қамтамасыз ету, сондай-ақ тамақ дайындауға қажетті жабдықтары жоқ бөлімшені;

  • Ас суы беру мен қамтамасыз ету;

  • Материалдық қамтамасыз ету ротасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;

Материалдық қамтамасыз ету ротасы тұрады:

  • Басқарма – 4адам. ( рота командирі, әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша рота комитетінің орынбасары, рота старшинасы мен аға технигі);

  • Оқ-дәрілерді тасымалдау взводы (22 адам, 7адамнан тұратын 3 бөлімше, УРАЛ-375 (4320) автокөлігі – 21дана, тіркеме – 7дана.);

  • ГСМ тасымалдау взводы ( 18 адам – үш бөлімше, УРАЛ-375 автокөлігі – 17 дана, тіркеме – 2 дана.);

  • Әскери-техникалық, заттық мүліктер, тамақ тасымалдау взводы ( 22адам – 3 бөлімше, ЗИЛ-131 – 6дана, УРАЛ – 375 – 10дана , ЗИЛ -130 ( АЦПТ-4) – 3 дана, ГАЗ-53 АФК – 1 дана, ПАЗ-632 – 1 дана, автотіркемелер – 5 дана);

  • Шаруашылық взводы ( 25 адам, 4 бөлімше ( асхана мен ас бөлмесі, бұйымдар ұстаханасы, қоймалар, алаңдық монша), ас бөлмелері – 2 КП-48 – 3дана, ДДА моншасы);

  • Техникалық қызмет көрсету бөлімі ( 4адам, МТО-АТ автокөлігі).

Ротада барлығы: - 95 адам;

  • Автокөліктер – 60 дана;

  • Тіркемелер - 17 дана;

  • Рота жүк көтергіштері – 275 т.

Бригаданың медициналық пункті (брмп) батальон медпункті тәрізді міндет атқарады, қосымша аурулар мен жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, жаппай қаруланудан қорғану үшін жеке құраманы қорғау бойынша медициналық қызмет шараларын ұйымдастырады және бригада бөлімшесін медициналық мүлікпен қамтамасыз етеді. Бригада медпункті бригаданың медициналық қызмет басшысына бағынады. Брмп құрамына медициналық пункт пен жарақаттанғандарды жинау мен эвакуациялау бөлімі кіреді. Брмп 9 автокөлік бар.

Мүмкіндіктері: өткізу қабілеті – 120 адам тәулігіне.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]