Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды блім.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
36.08 Кб
Скачать

Материалдық құралдар тасымалын ұйымдастыру принципі. Жаугерлік әрекет жүргізу барысында бұзылған техника мен жараланғандарды эвакуациялау.

Ережеге сәйкес схема бойынша жасақты материалдық қамтамасыз ету былай ұйымдастырылады:

Орталық – өңірлік қолбасшылық – бригада – бөлімше – әскери қызметкер

машина батальон бригада өңірлік қолбасшы орталық.

Материладық құралдағы бөлім қажеттілігі жаугерлік әрекеттерде олардың шығыны мен керекті қорларды тіркеу арқылы анықталады.

Материалдық қамтамасыз етудің негізгі тапсырмасы материалдық құралдарды тасымалдау болып табылады.

Материалдық құралдарды тасымалдау кез келген жағдайда белгіленген қорларды құру, шығынның орнын толтыру мақсатында жүзеге асады.

Тасымалдау тыл бойынша бригадир командирінің орынбасары арқылы ұйымдастырылып, жоспарланады. Ол қарулану бойынша орынбасардың, қызмет басшысының қатысыуымен жүзеге асырылады.

Қызмет пен жасақ басшысы жүкті уақытында дайындап, олардың берілген жеріне жеткізілуіне жауапты. Материалдық құралды материалдық қамтамасыз етудің орталық базасынан өңірлік қолбасшының материалдық қамсыздануының жеке батальонынан бригадаға дейін оның автокөлік бөлімшесі арқылы, ал бригаданы материалдық қамсыздану ротасынан батальонға дейін бригада көлігімен жеткізіледі.

Жеке жағдайда өңірлік қолбасшылықты транспорттау материалдық қамтамасыз етудің орталық бригадасынан жүктерді тасымалдау үшін жүзеге асырылады. Кейде материалдық құралдар орталық қоймадан тікелей бригадаға жеткізілуі мүмкін. Оқ-дәрілер бригада автокөлігі арқылы барлық жағдайда жаугерлік машиналарға, зенитті артиллерияларға жеткізіледі.

Материалдық құралдарды жалпы жасақтық резервтерге, арнайы жасақ бөлімшелері мен бөлімдерге тасымалдау өздерінің көліктерімен жүзеге асырылады.

Зымыранды тасымалдау орталық транспортпен тікелей зымыран бөліктерінің позициялық өңіріне және өңірлік қолбасшылықтың артиллериялық қоймасына жеткізіледі.

Салтаң көлік, кері қайту рейсімен жараланғандарды, ауруларды, сонымен қатар жарамсыз қаруларды, жаугерлік техникаларды тасымалдау үшін қолданылады.

Қорытынды бөлім – 5 мин.

  1. Сабақ қорытындысын жүргізу

  2. Сұрақтарға жауап беру

  3. Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:

  • ҚЕВ ( қамтамасыз ету взводы), МҚЕР ( материалдық қамтамасыз ету ротасы) , МҚЕЖБ ( материалдық қамтамасыз етудің жеке батальоны) ұйымдастыру және материалдық құралдарды тасымалдау схемасын командирлік жазбаға сызып алу.

  1. Келесі сабақ тақырыбын « Автокөлік қызметін ұйымдастыру» хабарлау.

Отставкадағы полковниктің

аға оқытушысы Авдеенко

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]