Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
158.16 Кб
Скачать

7. Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; компъютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдағы бақылау - 20%

Аралық бақылау

- коллоквиум - 20%

- тестілеу - 20%

Ағымдық және аралық бақылау - 60 %

Қорытынды бақылау - 40 %

8. Оқу тәртібінің саясаты.

Курсты оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары сұрақтарға жауап беру (жазбаша немесе ауызша), аралық тестер, жеке хабарламалар, зерттеу жұмыстары (реферат, курстық жұмыс т.б.), қорытынды емтихан, сынақ тәрізді бақылау әдістері негізінде мынадай бақылау түрлері қолданылады: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау. Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Студенттердің жеке хабарламаларының мәтәні 4-5 бет көлемінде болуы қажет, сөйлеуге 5 минут және жұмыс нәтижесін талқылауға 5 минут беріледі.

Курстың соңында зерттеу жұмыстары қорғалады:

а) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, методологиялық негіздері мен әдіс-тәсілдері, мәселенің зерттелу жағы қамтылады;

ә) ғылыми зерттелген деректер талданып, даму жолы көрсетіледі;

б) жұмыстың нәтижелері мен қорытындысы, студенттік жеке тұжырымы берілуі қажет;

в) жұмыс тақырыбы курс аяқталудан 3 апта бұрын берілуі керек, жұмыс көрсетілген мерзімінен кешігіп орындалса, бағалау 5% -ке төмендетіледі;

г) жұмысты презентация жасау курсты оқытудың соңғы аптасында өткізіледі.Мұнда хабарлама жасауға 10 минут, талқылауға 5 минут беріледі.

д) қорытынды бақылаулар (емтихан, сынақ) өз уақытында кесте бойынша қабылданады.

Студенттердің болашақ кәсіби мамандықтарының теориялық және практикалық білімін меңгерту.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының біліктілігін қалыптастыру.

Студеттердің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларды орындау.

Күнделікті және аралық бақылау аралық бақылау бойынша тапсырмалар орындау.

Сабақтың барлық түрлеріне қатысу.

Практикалық сабақтарға дайындалу.

Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған,

2014 жылғы «__» «__________» № __ хаттамасы.