Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIT_praktika_ekol.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
372.91 Кб
Скачать

Практикалық сабақ №12

Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.

Сабақ мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық мәселелермен таныстырып, оларда ғаламдық экологиялық мәселе туралы көзқарас қалыптастыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, кейс-стади, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Табиғи энергия қорлары, олардың жіктелуі.

Сарқылатын энергия қорлары, оларды тиімді пайдалану.

Сарқылмайтын энергия ресурстары қандай?

Қазақстандағы энергетика ресурстарын атаңыз.

Энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі

1 Тапсырма

Климаттың өзгеруі, себебі, салдары туралы презентация дайындаңыздар.

2 тапсырма

Озон қабатының жұқаруының мәселелері және оны қалпына келтіру шараларын талдаңыздар.

3 тапсырма

Қышқылды жауын шашындардың түсуіне қатысты мәселелені зерттеңіздер.

4 тапсырма

Шөлейттену, жердің деградациясы, гумустың түзілуі туралы баяндама дайындаңыздар.

5 тапсырма

Биологиялық алуантүрліліктің азаюының салдары туралы реферат дайындау

6 тапсырма

Әлемдік мұхиттың ластануы т.б., оның туындау себептері мен салдарын келтіріңіздер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?

  2. Энергия ресурстары

  3. Сарқылатын энергия ресурстары

  4. Сарқылмайтын энергия ресурстары

  5. Қазақстандағы энергетика ресурстары

  6. Ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі

  7. Озон қабатының жұқару себептері.Фреондар

  8. Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары

  9. «Жылу эффектісі» мәнін түсіндіру.

  10. Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын көрсету

Әдістемелік нұсқаулар:

Ғаламдық экологияның негізгі принципі «антропогенді өзгерістің қоршаған ортаға салмағы тоқтаусыз». Осыған орай ғаламдық мәселелердің сипаты әр түрлі болып келеді, лекцияда барлығын қарастыру мүмкін емес. Ғаламдық экологиялық мәселелер ішіндегі негізгі мәселе озон қабатының жұқаруы, жылыжай әсері, қышқыл жаңбырлар, өндірістер қалдықтары және биологиялық бірлестіктерге антропогенді әсер мәселелері лекциялық формада беріледі. Биологиялық алуантүрлілік, жаппай қыратын қарулар әсері, биосфердағы радиоактивтілік, шөлдену мәселелері студенттердің өздері қарастыруына беріледі. Олардың өздік оқуы үшін аталған тақырыптар қиындық тудырмайды, берілген материалдар меңгеруге оңай, топпен талқылауда қызығушылық тудырады.

Практикалық сабақ №13

Тақырып Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Сабақ мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, кейс-стади, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Демографиялық жағдайлар. Демографиялық жарылыс.

Қала экологиясы. Урбанизация процесі

Экологиялық мониторинг. Мониторинг типтері.

1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму дегеніміз не?

2. Халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруіне әсер ететін факторларды көрсетіңіз.

3. Туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау.

4. Демографиялық жарылысты қалай түсінесіз?

Бақылау сұрақтары

  1. Урбанизация мәселелерін қалай түсіндіресіз?

  2. Энергетикалық кризис мәселесі., шешу жолдарын келтіріңіз.

  3. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис.

  4. Генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері.

  5. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен түсініктері

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәріс басында оқытушы тұрақты дамудың эколого-экономикалық аспектілерін қарастырады. Экономикалық өсім мәселелерін қоршаған орта контекстінде ашып көрсетіп, экономика тұрақты дамуға қандай мүмкіндіктер ұсынатыны көрсетіледі. Ары қарай халықаралық ұйымдардың дамушы және сонымен бірге ресурстарды өндіруші тиімді экономикалық елдерге ұсынған нұсқаулары қарастыралады. Содан соң оқытушы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және адамдардың денсаулығын нығайтуға байланысты сұрақтарға ерекше назар аударады.

Қоршаған орта мониторинг жүйесі; ортаның адам денсаулығына әсері, өсімдіктер және жануарлар түрлерінің қырылуы (зерттеу сипатындағы тапсырма) биосфераны құтқаруда экологиялық мониторинг ролін ашу сияқты мысалдарды талдау студенттерге тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік береді. Оқытылған лекциядан соң студенттер экологиялық мониторингтің маңызы мен қажеттілігін түсінеді.

Материалды жақсы меңгеру үшін студенттер ғаламдық мәселелерді, олардың себеп-салдарын еске түсіру қажет. Осы мәселелердің шешімі адам іс-әрекеті мен қоршаған ортаның тікелей және жанама қарым-қатынасына байланысты; мәселені дұрыс шешудегі талап – мониторингтің болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]