Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIT_praktika_ekol.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
372.91 Кб
Скачать

Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары.

Сабақ мақсаты: Студенттерде биотикалық факторлар туралы түсінік қалыптастыру және биотикалық қатынастар түрлеріне мысалдар келтіріп, мәнін түсіндіру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, дискуссия және диспут, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, комментарийлер және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Биотикалық факторлар. Биотикалық факторлардың түрлері.

Симбиоз, Комменсализм, аменсализм, Жыртқыштық.

Бәсекелестік арқылы жою немесе Гаузе принципі.

Экологиялық куыс түсінігі.

1 Тапсырма.

Биотикалық қарым-қатынастардың түрлері мен оларға анықтама беріңіздер.

Қарым-қатынастар түрлері

Анықтамалары

2 Тапсырма.

Екі ағзаның арасындағы қарым-қатынастардың түрлерін теориялық түрде былай көрсетуге болады: (+), (-), (0)-мұндағы, (+)-ағзалар үшін жағдайдың жақсаруы, (-)-оның нашарлауы, (0)-араларында айтарлықтай өзгерістердің болмауы. Төменде берілген биотикалық қарым-қатынастардың тұсына, мысалдар келтіре отырып, белгілерді қойыңыздар.

Жыртқыштық___________________________________________________

Симбиоз (селбесу)________________________________________________

Аменсализм____________________________________________________

Комменсализм __________________________________________________

Бәсекелестік____________________________________________________

Паразитизмт.б.____________________________________________________

3 Тапсырма.

Ағзалардың арасындағы биотикалық қарым-қатынастардың қандай түрлеріне жататындығын анықтаңыздар.а). сиыр-адам,б).жабысқақ балық-акула, в).бұлғын-тиін, г).шырша-сібір тұт жібегінің жұлдыз құрты.

4 Тапсырма.

Жарық үшін бәсекелестікте болатын ағзаларға мысалдар келтіріңіздер.

5 Тапсырма.

«Экологиялық қуыс», Гаузе принципіне мысал келтіріңіз. (Бәсекелестік арқылы жою немесе ығыстыру принципі)

Бақылау сұрақтары:

  1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама

  2. Биоценоз, синкология, биогеоценоз, экожүйе,

  3. Биотикалық қарым қатынас түрлері: нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм.

  4. Аменсализм, микориза, жыртқыштық, паразитизм.

  5. Гаузе принципі немесе бәсекелестік арқылы жою

  6. Экологиялық қуыс түсінігі.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқу кезінде барлық биотикалық қарым-қатынастардың күрделі жүйе екендігін оқытушы ерекше назарға алады. Аталған тақырыптағы қарастырылған сұрақтар биотикалық қарым-қатынастарды түсінуге күрделі болғандықтан осы қарым-қатынасты көрсететін өздік жұмыстар жасағанда көптеген нақты мысалдар келтіру керек. Студенттерді «биоценоз» терминімен таныстыру және биоценозға тән ерекшеліктерді көрсету, тұрақтылық, түрдің кездесу жиілігі, түр басымдығы терминдерін түсіндіру. Түсініктерді жақсы бекіту үшін әр студент берілген материалмен жұмыс істеп қосымша мысалдар келтіреді.

Презентациялық сабақ №6

Тақырыбы Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы

Сабақ мақсаты: Студенттерді «биоценоз», «биогеоценоз», «экожүйе» терминдерімен таныстыру және оларға тән ерекшеліктерді көрсету, тұрақтылық, түрдің кездесу жиілігі, түр басымдығы терминдерін түсіндіру.

Оқыту құралдары мен әдістері: жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама.

Биоценоздың трофикалық құрылымы

Қоректік тізбек, трофикалық деңгей, қоректік торларды сипаттау

Экожүйе өнімділігі (алғашқы және екінші реттік). Линдеманның 10% заңдылығы

Экологиялық пирамида (сандық, биомассалар, энергия пирамидасы)

Экологиялық сукцессия (алғашқы және қайталанған)

1 тапсырма. Құрлық және су экожүйелеріне кесте түрінде сипаттама беріңіздер:

Экожүйелердің аталуы

Географиялық орны

Климаты

Өсімдіктер дүниесі

Жануарлар дүниесі

2 тапсырма. Кестені толтырыңыздар:

«Экожүйе компоненттері»

Органикалық емес заттар

Органикалық заттар

Климат

Продуценттер

Консументтер

Редуценттер

3 тапсырма. Табиғаттағы көміртегі айналымын төмендегі тік бұрышты бос көздерге берілген компоненттер бойынша толтырыңыздар: атмосфераның көмір қышқыл газы, өсімдіктер, өсімдіктекті жануарлар, адамның отынды қолдануы,бактериялар мен саңырауқұлақтар, шөгінді карбонатты жыныстар,жыртқыштар, вулкандардың әсері.

Табиғаттағы көміртегі айналымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]