Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIT_praktika_ekol.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
372.91 Кб
Скачать

1 Тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Т.Мальтустың геометриялық прогресс заңымен өсу теориясы

  2. Линкольн индексі

  3. Популяцияның мөлшерін бағалау әдістері: текше әдісі, тура бақылау әдісі, суретке түсіру әдісі, белгі салу және қайта аулау әдісі.

  4. Популяция диморфизмі және полиморфизмі.

2 Тапсырма.

Миллиард

11

10

9

8

7

6Дамушы елдер

5

4

3

2

1 Дамыған елдер

0

1750 1800 1850 1900 1950 2000 2050 2100

Дамыған және дамушы елдердегі туу мөлшері

Графикті пайдаланып, төмендегі сұрақтарды талдаңыздар:

1. Неліктен болашақта халықтың 90% кедейшілікте өмір сүруі мүмкін деп болжанады?

2. Халықтың шамадан тыс көбеюінің себептері неде?

3. Халықтың өсімін ортаның қарсылығы қалай тежейді?

3 Тапсырма.

Популяция, түр,оның критерийлері мен статистикалық және динамикалық қасиеттеріне мысалдар келтіріңіздер.

4 Тапсырма.

Популяцияның тығыздығын есептеу:

Мысалы: 1000 км² таулы аудандарда 200 адам тұрса, әр адамға қанша км² келетінін анықтау үшін, 1000:200=5 км², осыны пайдаланып, тығыздықты есептеңіздер.

а). Үлкен қаланың халқы 7 млн.адам болса, ауданы 300км² құраса, онда тұратын халықтың тығыздығы қанша?

ә). Аудитория, үй, бөлмелеріңіздегі тығыздықты есептеп шығарыңыздар.

Үлгі: Біздің аудитория ____________м²

Студенттер мен оқытушыны қоса алғандағы адам саны________

Әр адамға қанша кв.м. келеді?

5 тапсырма. Тарау бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге глоссарий жазыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1.Популяция туралы жалпы мағлұмат. Шварцтың анықтамасы

2. Популяцияның құрылымы мен түрлері.

3. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.

4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.

5.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлары

6. Популяцияның этологиялық құрылымы

7. Кеңістікте таралу түрлері

8. Попоуляцияның демографиядық құрылымы

Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыпты оқыған кезде популяцияда бір түрге жататын дарақтардың бірге өмір сүруін, популяцияның бірінші биологиялық макрожүйе болып табылатынын, сонымен бірге популяцияның тірі заттар иерархиясында ерекше орын алатынына назар аударған дұрыс.

Жаңа материалды игеруде студенттерге әр түрлі популяцияда өмір сүретін ағзалардың қоршаған ортаға деген бейімделуін мысалдармен бекіту қажет. Мысалы, Лена және Алдан өзендерінде мекен ететін бекіре популяциясының ерекшелігі. Ленаның төменгі ағысында орташа дене мөлшері 70 см бекіре аналықтары көбеюі 12-14 жасында болса, қартайған дарақтары 50 жасқа дейін өмір сүреді, олардың дене салмағы- 13 кг шамасында. Алдан өзенінде орташа дене мөлшері 58 см аналықтар уылдырықты 10-12 жас шамасында шашады, қартайған дарақтары 21 жасқа дейін өмір сүреді. Кәсіптік мақсатта ауланатын рұқсат етілген балықтардың дене мөлшері 62 см құрайды. Егерде интенсивті түрде осы рұқсат етілген мөлшерден ірірек балықтар ауланатын болса алдандық және леналық бекірелер популяциясының тағдыры не болмақ? Үздіксіз өзгерісте болатын қоршаған ортадағы популяциялардың негізгі қасиеттерін сипаттай білу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]