Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
35.29 Кб
Скачать

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

    1. Сауытбек Абдрахмановтың өмірі

    2. «Елдік сыны » еңбегіндегі Елбасы туралы шығармалары

    3. «Қашаған құрықтаған Қазақстан»

ІІІ.Қорытынды

ІV.Әдебиеттер

Кіріспе

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.

Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті.

Осы журналистиканың жілігін шағып, майын ішіп жүрген белді азаматтарымыздың бірі белгілі журналист, публицист Сауытбек Абдрахманов ағамыз. Бүгін біз осы кісінің Елбасы жайында жазған біраз еңбектеріне тоқталатын боламыз. Неге?! Өйткені, Сауытбек Абдрахманов көп жылдар бойы Елбасы тілшілер қосынында болып, сонда еңбек еткен. Осы жылдары жазылған бар шығармалары дерлік Елбасыға қатысты жазылып отырды десек қателеспейміз.

Бұл жұмыста біз Сауытбек Абдрахмановтың Елбасыға қатысты шыққан екі еңбегін қарастыратын боламыз. Олар « Елдік сыны» және « Қашаған құрықтаған Қазақстан» еңбектері. Мұнда әр жылдары Елбасы қасында жүріп, басқа елдерді аралаған, өзге мемлекеттер басшыларымен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, әлемдік маңызы бар кездесулер, саммиттер, форумдар, саяси отырыстар тағасын тағы сол сияқты көптеген материалдар жазылған.

Елбасымен бірге жүріп, ел аралаған журналист көрген білгенін, түйгені осы еңбектеріне арқау болып, шығармашылығын шыңдай түсуіне септігін тигізген. Осы сапарлар арасында елбасымен кездейсоқ, жоспарсыз, сөз болған, әңгіме болған кездерді де еске алады публицист. Осы жылдары өз шығармашылығының ең биік шыңына шығып, көптеген ел, әлем мойындаған тұлғалармен тілдесуге мүмкіндік алған. Осы жылдары Елбасының жарыққа шыққан кітаптары жайлы сөз қозғалған. Осы кітаптар маңыза неде екеінін, тұсаукесерлеінің де жай ғана емес, белді тұлғалар қатысуымен өткеннін, және олардың жүрек жжарды сөздерін де мысалға келтіріе кеткен. Осы арқылы Назарбаевтың саяси болжамдары көңіл қуантатынын да жасырмаған. Оның әлем мойындаған саясаткер екенінне де тоқталған.

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы– журналист, кино сыншысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998).

  • 1951 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. 1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.

  • 1975–1987 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды.

  • 1987–1995 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті аппараттарында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

  • 1995–1997 жж. Мәдениет министрінің бірінші орынбасары.

  • 1997–2000 жж. «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вицепрезиденті.

  • 2000–2003 жж. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.

  • 2003–2004 жж. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі болып қызмет атқарған.

  • Қазір «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.

Шығармалары:

«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Вер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы.

Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармаларын, арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушыавторы.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты. Б.Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты, «Жыл журналисі» (2006) атағын алған. Филология ғылымының докторы. «Парасат» орденінің иегері, Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен, Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі.

Журналист Сауытбек Абдрахманұлының Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы шығармалары «Елдік сыны » атты кітабынан орын алды. Бұл туынды 2003 жылы Алматының Қазығұрт баспасыннан басылып шықты. Мұнда журналистің әр жылдардығы жазбалары қамтылған.

Тікелей президентке қатысты жазылған шығармаларына тоқталатын болсақ. « Елдік сыны» еңбегінің бастамасы осы президентпен өткен жылдарда әңгімелескен сөздерінен бастап, пікірлесулері де қамтыған. Кітаптың бастамаса президенттің жазған кітаптарының тұсаукесерлерінен бастап, ой толғанымдары да жайлы сөз қозғалған. Сонымен қатар елбасымен жүргізілген екі сұхбат берілген.

Кітаптың алғашқы бетінде елбасының бастама сөзі берілген. Сол сөзді қазір келтіре кеткесек.

Құрметті Сауытбек Абдрахманов!

Ердің жасы елуге толуыңызбен құттықтаймын. Өмірдің бұл белесіне Сіз қабырғалы қаламгер, танымал қайраткер ретінде жетіп отырсыз. Қандай жұмыс тапсырылса да барынша жауапкершілк танытып, сенімді ақтап, қай ортада да құрметке бөленіп жүргеніңізді білемін. Сіз басшылық жасайтын еліміздің бас басылымы- «Егемен Қазақстан»қазір соны серпінмен, шығармашылық ізденіспен жарық көріп келеді. Газет таралымының бір жылдың ішінде бір жарыс есе өсіп, 50мыңнан 77мыңға жеткені –осының дәлелі. Аға басылымның сөзі салмақты, ойы орнықты, сондықтан да оқырма алдында беделі жоғары.

Қаламгерлік шалымдылығыңыз менің тапсырмам бойынша арабтың халық романы « Бейбарысты» шұғыл әрі сәтті аударуыңыздан да, еліміздің он жылдығына орай « Тәуелсіздік шежіресін» жедел жазып, жариялауыңыздан да кемел көрінді.

Сізге « Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері » құрметті атағы берілгені, Президент сыйлығының лауреаты атанғаныңыз – біліміңіз бен білігіңіздің лайықты бағасы.

Өмір жасыңыз ұзақ болсын, отбасыңызғы жақсылық тілеймін.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Келесі кезекте елбасы туралы толғанған шығаралар. Осы шығаралардың өзін мысалға алып, көрсете кетсек. « Семсерден соқа соққан саясаткер» мақаласы «Егемен Қазақстан »газетінде 2001жылы 29 тамызда жарияланған.

Семсерден соқа соққан саясаткер

« Үшінші дүниежүзілік соғыста адамзаттың қандай қару қолданатынын мен білмеймін, менің білетінім- төртінші дүниежүзілік соғыста адамдардың қолдарына тас ұстап соғысатыны » - ұлы физик Альберт Эйнштейн осылай деген. Әлемге әйгілі ғалымның бұл айтқанын кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің « Бейбітшілік эпицентрі» кітабының тұсаукесерінде мысалға келтірді. Ия, біз жаңа ғана ұзатып салған жиырмасыншы ғасырдың бас жағында ашылған физиканың ұлы жаңалығы – ядроның бөлшектенуі сол ғасырдың бел ортасына жаңа жете бергенде адамзат санасын төңкеріп түсірген ғаламат трагедияға ұрындырды: 1945жылдың жазында Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларына американ авиациясы тастаған екі атом бомбасы қас пен көздің арасы мың-мыңдаған адамды күлге, жүз-жүздеген ғимаратты қоқысқа айналдырды. 1995жылғы қыркүйек айында Нагасаки қаласында болғанымыз бар еді. Атом бомбасының дәл эпицентірінде айналасы елу шақты метрдей жерді бомба түскен күйінде қалдарған екен,сонда көргенімізді әлі күнге ұмыта алмаймыз. Бірақ, задында, атом бомбасының аузынан ажал шашқан қандайлық алапат аждаһа екені басқаға болса да қазаққа айтып жату артық. Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыздану мәселелерне арналған «Бейбітшілік эпицентірі » кітабының мән маңызы, жаңа ғасыр табылдырығындағы көкейкестілігі туралы арнайы айтып жатпай- ақ, Президенттің Алматыдағы резиденциясында кешегі тұсаукесердің қалай өткенін баяндауға көшкен жөн болар.

Елбасының қай кітабы да бар жұртшылықтың, оның ішінде шетел оқырмандарының назарын аударып келе жатқанына куә болып жүрміз, дегенмен Нұрсұлтан Әбішұлының осы кітабы әлемдік саясатта алар орны, халықаралық қауымдастыққа етер әсер ықпалы жағынан бұрынғы еңбектерінің бәрінен де асып түсердей әсер қалдырды. Кітаптың тұсаукесеріне КСРОның экс-президенті Михаил Горбачев, Үндістанның бұрынғы премьер – министрі Индер Гуджрал, Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ганс Дитрих Геншер, Ресей ғылым академиясының вице- президенті Евгений Велихов, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Владимир Петровский сияқты саясат пен ғылымның көрнекті тұлғаларның қатысуы да осындай ойға жетелейді.

Рәсімді үш тілде қатар сөйлеп, әдемі жүргізіп отырған көрнекті ғалымымыз Өмірзақ Сұлтанғазин соңғы он жылда ежелгі қазақ даласында жүз жылға жүк боларлық оқиғалар орын алғанын, солардың арасындағы айрықша ауызға аларлығы, айдай әдемі айран-асыр етіп, қайран қалдырғаны - Қазақстан басшысының республика КСРОның құрамында тұрған кездің өзінде Семей ядролық сынақ полигонын жабу жөнінде шешім қабылдағаны және тәуелсіздік қолға тигеннен кейін республика территориясындағы ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқаны екендігін жүйелі айта келіп, сөзді кітап авторына берді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсаукесер рәсіміндегі сөзінде бүгінгі әлемнің көптеген күрделі мәселелері сығымдалып айтылып шықты. Олардың ең бастысы- үшінші мыңжылдыққа жаңарған санамен, жаһандағы жан біткенді жайпап өте алатын апат қатерінің алдында өз елінің, өз жерінің ғана емес бүкіл жұмыр Жердің тағдыры үшін жауапкершілікті сезіне алатындай санамен қадам басуы. « Қазіргі ғылыми- техникалық прогрестің қарқынды дамып кеткендігі сондайлық, баз бір мемелекет мұздай қаруланып шықса-ақ қауіпсіз бола қалады екен, әлемді бағындыра алды екен деген- балаң ұғым. Ең бастысы- мемлекеттер мен халықтар арасында сенім болуы, ең бастысы – ядролық қару түптің түбінде бүкіл планетаны жойып тынатынын түсіну», деді Қазақстан басшысы. Бұл тұрғыдан қарағанда , өкінішке орай, қазіргі әлем халықаралық қауіпсіздікке жақындай түсті деп айтуға негіз жоқ. Қазақстан Президенті « үшінші әлемнің » кейбір елдердің ядролық қарулы болуына байланысты ерекше қиындықтар туындағанын алаңдай айтты. Елбасының бұл ойын академик Е.П.Велиховтың сөзінде Үндістанның ядролық қарусыздану жөніндегі ұстанымын түбірімен дерлік өзгертіп отырғаны назар аударылғаны да қуаттай түседі. Нұрсұлтан Әбішұлы өз кітабында Қазақстанның ядролық шежіресіндегі үш кезеңге – ядролық қару жарақтан ада болу үшін күреске, мемлекетті демилитаризациялау жолындағы іс-әрекетке, еліміздің әлемдік қайымдастықта алар орнын айқындауға назар аударылғанын әңгімеледі. « Бұл кітап менің бүкіл әлем жайлы толғаныстарымның жемісі», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы қандайлық қиын шешім болғанын, бұл үшін елдің өзінің ішінде де сан рет сынға алынғанын, мұндайлық қуатты қалқанды қолдан беріп қою елдің қауіпсіздігін ойламау деген сыңайда ауыр айыптар да тағылғанын ашық айтады. Тіпті, біз тұсаукесерден кейін акдемик Р.Н.Сагдеевпен тілдескенімізде атақты ғалым бұл тұрғыда кезінде Қазақстан Президентіне бірқатар мұсылман елдері тарапынан да қысым болғанын әңгімелеп берді. Енді арады он жыл өткен тұста сол кездегі шешім жалғыз ғана дұрыс шешім болағынын, мемлекет ретінде құрылмай жатып әлем сахнасына ядролық қарумен шыға келген талайларды ішінен ірітіп, сырттан сетінетуге тырысатын, мұның арты тәй-тәй басқан тәуелсіздікке төнер қауіп екенін бәріміз де көріп, біліп отырмыз. Ең тамашасы –Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабында бұл шешім өзіміздің ұлтымыздың өзінің болмыс бітімінен туындағанын әселі әңгімелегені. Қазақстанның ядролық қарулану жолымен жүруі ұлтымыздың бейбітсүйгіш және ақыл-ойға дес бергіш халық ретіндегі өзіндік сана сезімін толықтай күйретіп бітер еді, дейді Президент кітабының бір жерінде. Бұл орайда кітап авторының қазақ мифологиясында ақырзаман суретінің салынбайтынына назар аударуы да қызғылықты, мұның өзі халықтың өзінің жасампаздығының, өміршеңдігінің даусыз бір дәлелі. Нұрсұлтан Назарбаев өз еңбегіде Қазақстан кезінде ядролық қарудан оны ұстап тұруға шамасы жетпейтіндіктен, оны қолдана алмайтындықтан, өз арсеналын толықтыруғы мүмкіндігі жоқтықтан бас тартыпты- мыс жел сөздердің жөнсіздігін, мұның өзі халық ерік-жігерін танытатын, ел басшылығының мемлекеттің қауіпсіқдігін алыстан ойлап барып жасаған қадамы екенін қолмен қойғандай дәлелдеп шықты. « Даналық пен батылдық Президенттің бойында да, ол басқарған халықтың бойында да болды. Мұндай қадамды бірлігі мықты халық қана жасайды» - академик Е.П.Велиховтың бұл сөзі әр қазақтың, әр қазақстандықтың мерейін тасытуға тиіс деп ойлаймыз.

Нұрсұлтан Нзарбаевтың бұл кітабы оқырманға жолын жаңа бастады. Дегенмен, қазірдің өзінде елбасының тың туындысының біздің қоғамдық өмірімізде елеулі оқиға боларын басын ашып айта аламыз. Президен өз кітабында әлемдік ойшыл ретінде көрінген. Шығарманың архитектоникалық бітімі, концепциялық тосындығы қандай талғампаз оқырманды да тәнті етеді.

Ең бастысы- Назарбаевтың « Бейбітшілік эпицентрі » бүкіл әлем жұртшылығына( кітап қазірдің өзінде ағылшын тіліне аударылып, жарық көріп отыр, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхамедтің айтуынша кітаптың АҚШтағы тұсаукесерін де өткізу межеленген ) тәуелсіз Қазақстан елінің адамзат санасын өзгертерлік қандайлық ұлы қадам жасағанын айшықты түрде ашып көрсетумен құнды.

Бүкіл әлем тарихы – соғыс тарихы, қарулану шежіресі, мыңдаған жылдар бойы адамдар адамдарды қырып- жоюдың жаға жолдарын ойлап табу үшін жанталасты, мемлекеттер жойқын қару-жарақты көбейткен үстіне көбейтуге ұмтылды. Мыңдаған жылдар бойы халиф, хан, патша, король, император, генсек атаулының бәрі өз елінің бес қаруы бойында болуын, жат жұрттықтарды қырып- жоюға дайын тұруы көздеді. Тек бір ғана мемлекет жаңа қаруға ұмтылу былай тұрсын, қолына келіп түсіп тұрған, аса алапат қарудан өз еркімен бас тартты. Тек бір ғана басшы көршілеріне айрықша айбын болатын қатерлі қарудың өңешіне құм құйды.

Ол ел – Қазақстан. Ол ер – Назарбаев.

Адамзат баласы түптің түбінде өзін –өзі құртып тынатын жаппай қарулану жолымен ұдайы жүре бермес. Күндердің күнінде дегенмен, жылдардың жылында әлем мемлекеттері ядролық қарудан бас тартыға уағдаласар. Сол бр жылдарда адамзат баласы тарихта тұңғыш рет атом бомбасынан өз еркімен бас тартқан, ядросыз жол ашып берген елді де, сол елдің тұңғыш Президенті болған, соғыс эпицентрін бейбітшілік эпицентіріне айналдырған сол тарихи шешімді қабылдаған ерді де разылықпен аузына аларына сеніміміз мол. Семсерден соқа соғу – адамзаттың сонау Тәурат заманынан бері келе жатқан асыл арманы. Сол істің қазақ даласында басталғанын, сол істі қазақ баласы бастап бергенін мақтан етеміз.

Келесі мақала Елбасымыз жайлы « Ойшылдық» деп аталады. Ол « Егемен Қазақстан » газетінде 2002жылы қазанның 22 де жарияланған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]