Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
35.29 Кб
Скачать

«Қашаған құрықтаған Қазақстан»

Сауытбек Абдрахмановтың «Қашаған құрықтаған Қазақстан» жинағы жарыққа шыққан. Автор Елбасы сапарларынан дайындаған мақала, сұхбаттар арқылы қазақ елінің халықаралық аренадағы беделінің өсуін көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерін баяндайды. Қаламгер әлем елдері басшылары кездесулерінің қалтарыста қалатын тұстарының маңыздылығын тұңғыш рет кітап бетіне басты.

Әбдірахмановтың әдебиеттегі ағалары оның еңбегіне «жаңа заман шежіресі» деген баға берді. Оқиға кейіпкерлері қатарында депутаттар да бар. Бірақ басты кейіпкер – Елбасы.

Қаламгерлік, қайраткерлік сапарлармен әлемнің елуден астам елін аралаған, көптеген оқиғаларға куә болған көрнекті публицист, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың бұл жинағына 2001-2010 жылдар аралығындағы шетелдік репортаждары, мемлекеттер басшыларымен, көрнекті қайраткерлермен, халықаралық саясатқа қатысты сұхбаттары топтастырылған. Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты-басты оқиғалары арқау болған. Кітаптың өн бойында автордың заман, қоғам, адам, ел, халық туралы ойлары өріліп отырады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы биігіне көтерілген, 2010 жылы Ұйымның Саммитін өз елімізде өткізуге қол жеткізіп, әлемге әйгілі мемлекетке айналған Қазақстанның халықаралық аренадағы алар орнын айшықты ашып көрсететін кітапта ресми сапарлардың жай-жапсары баяндалып қана қоймайды, сол елдер туралы тағылымды жайлар да айтылады, тәуелсіздігіміз жөнінде ордалы ойлар ортаға салынады.

Кітаптың алғысөзін жазған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіби халықаралық дипломат мен үшін бұл кітап ерекше қызығушылық туғызды. С.Абдрахмановтың кітабын оқыған оқырман, мейлі ол студент, ғалым немесе мемлекеттік қызметші болсын, біздің қарама-қайшылықты әлеміміз немен тыныстап, қандай қиындықтарды еңсеруге жұмылып жатқанынан, қай тұрғыдағы сынақтарды жеңуге ұмтылыс танытқанынан толық түсінік алады. Және ең бастысы - оқырманның көз алдында біздің мемлекеттің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған оның халықаралық қызметінің тұтас бір картинасы пайда болады. Жинақта Елбасымыздың әлемдік саясаттың саңлағы ретіндегі биік бейнесі сомдалған»,- деп бұл еңбектің құндылығын атап өткен.

С.Абдрахманов Президенттің халықаралық қызметін жан-жақты, келістіріп көрсету арқылы еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануы да, 11 жыл бойы шақырылмай келген Ұйым Саммитінің Қазақстан төрағалығы тұсында, Астанада өткізілуі де ең алдымен Елбасы еңбегінің жемісі екендігін дәлелдеп шыққан.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитінде көтерген мәселелері мен айтқан ұсыныстары жинақтың алғашқы беттерінен орын алған. Елбасының 2001 жылы АҚШ-қа сапарын, жоғары деңгейде өткізген кездесулерін бірнеше тақырыппен шыққан мақалалардан оқуға болады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2002 жылы Оңтүстік Африка Республикасында, Йоханнесбургте өткен Тұрақты даму жөніндегі бүкіләлемдік саммитте сөз сөйлеп, жаһандық мәселені көтергенін «Тұрақты даму адамзаттың аман қалу амалы», «Жаһандық жанайқай» атты мақалалардан оқып білеміз.

Елбасының 2003 жылы Швейцарияға, Италияға, Ватикан, Ресей елдеріне жасаған ресми сапарынан жазылған мақалалар мемлекеттік мәселелердің талқылануынан, ортақ шешімге келудегі саясаткерліктің шеберлігінен сыр шертеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2007 жылғы АҚШ-қа, Бразилияға, Түркияға ресми сапары, сол елдердің басшыларымен өткен маңызды кездесулерде көтерілген мәселелер жеке тақырыптар бойынша көрініс тапқан. Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-сессиясында сөз сөйлеп, әлем қауіпсіздігі, бейбітшілік туралы айтқан ойларын оқырманға жеткізген. Және де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009-2010 жылдары Жапония, Корея Республикасы және АҚШ-қа барған сапарлары жан-жақты баяндалған. 2010 жылы 14 сәуір күні Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің бірінші сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы Қазақстан тәжірибесін айта отырып, алпауыт елдердің басшыларын ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

Кітапта ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған парламентшілердің 2008 жылы Қытайға барған сапары «Ұлы елдің ұлағаты» деген тақырыпта берілген. Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың Австрия, Грекия мемлекеттеріне барған іссапарларынан жазылған мақалалар саяси мәні тереңдігімен ерекшеленеді.

Осы жинақта ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегацияның Венгрия, Ұлыбритания астаналарында болған сапарлары, парламентаралық байланыстың дамуы жайлы жазылған мақалаларға орын берілген.

Және бірқатар мақалаларда соңғы екі-үш жылда ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Норвегия, Испания, АҚШ, Ауғанстан, Австрия елдеріне жасаған сапарлары, жүздесулерде қозғалған ғаламдық мәселелер қамтылған.

Автордың қоғам қайраткері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлымен 2002 жылы Түркия сапарынан кейін жүргізген сұхбаты бауырлас елдердің бір-біріне деген ыстық қарым-қатынасы, саяси-экономикалық және мәдени байланыстарының жедел дамуы туралы ойларды қамтыған. 2003 жылы Нұртай Әбіқаевпен болған сұхбатта көршілес жатқан Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің достық, мәдени-рухани байланыстары сөз болады.

Жинақта әр жылдары бірқатар мемлекеттердің басшыларымен жүргізілген сұхбаттарда орын алған. Соның ішінде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоновпен, Араб Республикасының Президенті Мохаммед Хосни Мүбәракпен, Грузияның бұрынғы Президенті Эдуард Шеварднадземен болған сұхбаттар саяси салмағымен ерекшеленеді. Танымал саясаткерлер өз мемлекетеріндегі және әлемдегі жағдай туралы ойларымен және ел басқарудағы өзіндік ұстанымдарымен бөліскен.

Кітап Астанадағы «Елорда» баспасынан жарық көрген. Көлемі 33,5 баспа табақ.

Мемлекет басшыларының ішкі ойын айшықтау. Президент Назарбаевтың саяси, адами образы журналист көзқарасымен. Осының бәрі «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Сауытбек Әбдірахмановтың кезекті кітабында көрініс тапты. Жаңа туынды «Қашаған құрықтаған Қазақстан» деп аталады.

Автор Елбасы сапарларынан дайындаған мақала, сұхбаттар арқылы қазақ елінің халықаралық аренадағы беделінің өсуін көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерін баяндайды. Қаламгер әлем елдері басшылары кездесулерінің қалтарыста қалатын тұстарының маңыздылығын тұңғыш рет кітап бетіне басты.

Әбдірахмановтың әдебиеттегі ағалары оның еңбегіне «жаңа заман шежіресі» деген баға берді. Оқиға кейіпкерлері қатарында депутаттар да бар. Бірақ басты кейіпкер – Елбасы.

Қорытынды

Қорытындылай келе Абдрахмановтың бұл жазбалары журналистиканың белді бір дәрежеге көтерілуіне де септігін тигізген секілді. Ол сөздерінің бірінде журналистиканың басты артықшылығы ол ешкім өмірінде кездеспеген адамдармен, қол жетпес арман болып қала беретін тұлғалармен кездесуге мүмкідік береді дейді. Міне журналистиканың еі бір жеткен жетістігі осында дейді журналист.

Өзіне берілген мүмкіндікті бар ынты-жігерімен қабылдай білген қаламгер осы арқылы шығармашылығы да шыңдай түсті. Елбасымен сапар да жүру мәртебе, оның ой толғамдарын тыңаудың өзі осы Назарбаев қазақ маңдайына біткен бақпа деген де ойға қаласың. Өйткені автор Елбасыны тек жақсы, көрегендік , болжалдық қасиеттіріне қайран қалып, таңданғандығын жасырған емес.

Әдебиеттер

1.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

2.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

3.Елдік сыны.Сауытбек Абдрахманов-Алматы: «Қазығұрт» баспасы,2003

4. Қашаған құрықтаған Қазақстан. Сауытбек Абдрахманов, 2010

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]