Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

проф.казахский 7 тем

.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
99.46 Кб
Скачать


5 тақырып. БӘСЕКЕ КЕРЕК ПЕ?

 

 Грамматика: Одағай.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.

 Мақсаты: Бәсекенің қазіргі замандағы маңызын ұқтыру. Ел саясатының бағытын бағамдау.

 БағытыАударма: 1

 Практикалық жұмысы: 4 тапсырма.

 

 

 

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

     (ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

бағам – курс

банктік жүйе – банковская система

бақылау – высматривать, контролировать

байланыс – связь, общение, отношение

басқару – руководить, управлять, возглавлять

білікті – знающий, квалифицированный

бірлескен – совместный

деңгей – уровень

дер кезінде – во время

есеп – задача, отчет, счет

есеп ашу – открыть счет

есеп айырысу – рассчитаться, сведение счетов

жарияланған – опубликованный

жазылу – подписание, записаться, вылечиться

жеке тұлға – физическое лицо

жекелей – по одному

жоғары – верхний, главный, верховный

заңды тұлға – юридическое лицо

кең ауқымды қызмет – услуга широкого масштаба

кешенді қызмет – комплексная служба

корреспонденттік – корреспондентский

көрсеткіш – показатель, регистр

қатысу – присутствие, участие

қатынас – отношение, связь, общение

қабылдау – принять, принимать, воспринимать

мазалау – тревожить, беспокоить

мұқтаж – запрос, нужда

негізгі – главный, центральный

өнімділік – продуктовый

резерв – резерв

салым – вклад

сенімділік – надежность, доверие

таңдау – выбор, отбирать

тексеру – проверять, расследовать

тиімді – выгодный, эффективный

төменгі – нижний

тіркеу – учет, опись, регистрация

ұсыныс – предлагать

шектеусіз – неразграниченный

шешім – решение, развязка

 

 

БӘСЕКЕ КЕРЕК ПЕ?

 

Бәсеке деген не? Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге солай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі, прогресс көзі – бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы – бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, рынокта өз өнемдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Соныменбәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу. Өмірдің өзі бәсеке. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Бала бақшада екі балаға бірдей тапсырма беріңіз, олар бірінен бірі артық, тез, жақсы орындауға тырысады. Анасының көңілін өзіне көбірек аударуға ұмтылады. Бұл да бәсеке. Яғни адам бойында бар қасиет. Кейде адамдар өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпты бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді, бірлеседі. Яғни бірлесу де адам бойында бар қасиет.

Тұрмыс - тіршілікте, өндірісте адамгершілік тұрғыдағы бәсеке немесе оның қарсы жағы – адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. Әр мемлекетте адамгершілікті емес (не добросовестный) бәсекеге қарсы заң бар. Одақ кезінде тек қана мемлекеттік меншік болғандықтан, бәсеке болған жоқ, тек бәсекенің екінші жағы бірлестік болды. Ал өркениетті қоғамда, мемлекетте бәсекенің екі жағы бірдей болу керек. Өркениетті қоғамда бәсеке қандай болу керек? Қытайда мынадай мақал бар: «Жауын бірінші дос ете алған адам жеңеді». Неге десеңіз, өркениетті қоғамда бәсекенің тек жарыс, күрес, айтыс жағы болмайды, бәсекенің тек бір жағы, күрес, айтыс жағы болса, онда адам-адамға жау болып келеді. Мұндай мәдениетпен ешкім тұра алмайды. Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке. Осы бәсекеде бәсекенің екі жағы да бірге. Бұл мемлекет үшін жақсы. Әр өндіріс, мейлі ол жеке болсын, кооперативтік болсын, жаман өнім берсін, жақсы өнім берсін – бәрі мемлекеттікі.

Қарапайым мысал үшін: сіздің үш балаңыз болсын делік. Екеуі алғыр, ширақ, білімді, біреуі жалқаулау, сылбыр, әлжуаздау. Сіз біреуі нашар екен деп оны лақтырып тастай алмайсыз ғой, оған көмектесесіз, үйретесіз, оқытасыз, қаржыны көбірек бөлесіз. Жақсы өндіріс те, жаман өндіріс те мемлекет үшін солай болу керек. Төмен деңгейдегі өнеркәсіпке мемлекет көмектеседі, аяғынан тұрған кезде жеке меншікке береді. Бәсекеге қосады.

Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болмайды, әділетті болу керек. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада прогресс болмайды. Әділетсіз бәсекеде «жүзден жүйрік шықпайды», тек орташасы ғана көрінеді, орташасы жоғары шығады, мыңнан шығатын тұлпарды көрмейсіз.

 

1-тапсырмаСұрақтарға жауап беріңіз:

1. Бәсеке деген не?

2. Бәсекенің қандай жақтары бар?

3. Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?

4. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?

5. Әділетті бәсеке деген не?

6. Әділетсіз бәсеке деген не?

7. Әділетті бәсеке мемлекет үшін керек пе? Пайдасы бар ма?

8. Экономикадағы прогресс, жақсы, сапалы, әлемдік деңгейдегі сапалы өнім көзі не?

9. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» қандай бәсекеде көрінеді?

10. Ғылымдағы, өнердегі бәсеке неге жеткізеді?

 

 

2-тапсырма. Бәсеке сөзімен түбірлес сөздермен сөйлем құраңыздар.

Бәсеке, бәсекелес, бәсекелестік, бәсекелесу, бәсекешіл.

 

3-       тапсырма. Мына мақалды қандай жағдайларда пайдалануға болады?

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын».

 

4-       тапсырма. «Бәсеке» туралы шығарма жазыңыз.

 



6 тақырып. МАРКЕТИНГ

 

     Грамматика: Етістіктің рай категориясы. Бұйрық рай.

Себеп мәнді құрылым.

     Мақсаты: Экономикадағы маркетингтің маңызын қазақша әңгімелей алу.

     БағытыАударма: 1

     Практикалық жұмысы: 4 тапсырма.

 

 

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

 

 айтыс – дискуссия, диспут

 балама – альтернатива, эквивалент

 бәсеке – конкуренция

 бәсекелес – конкурент, соперник

 бірлестік – единство, компания, корпорация

 бірінші жағы – первая сторона

 бірдей – одинаковый

 ғылыми негізде – на основе науки

 жауапкершілік – ответственность

 жеңу – завоевать, победить

 жоба – проект

 жүйрік – бегун, быстрый

 жарыс – конкурс, пробег, состязание

 зерттеу – изучать

 заңсыздық – беззаконие

 ие – владелец, хозяин

 күрес – борьба

 күрделі – важный, сложный

 қалыптастыру – укоренит, формировать

 қабілет – дар, способность

 қиындық – препятствие, сложность

 меншік – собственность

 мүмкіндік – вероятность, шанс

 орташа – средний

 өркениетті қоғам – цивилизованное общество

 пара – взятка

 прогресс көзі – источник прогресса

 риза – доволен

 сайыс – поединок, состязание, бой

 таныс – знакомый

 ұйымдастыру – организовать, устроить

 ұтымды – выигрышный

 ұшырау – встретиться, натолкнуться, застать

 ұят – совесть, стыд

 ынталандыру – поощрение, заинтересовать

 ынталандыру көзі – источник поощрения.

 

1-тапсырма. Мәтінде берілген сөздердің баламасын табыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

 

МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІ ДЕГЕН НЕ?

 

Жалпы нарық немесе қазіргі экономика үш тағанға сүйенеді.

Оның бірі – менеджмент, екіншісі – маркетинг (ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізуді жоспарлау, ненің қажет екенін болжау), үшіншісі – қаржы.

Маркетинг – істелетін іс пайдамен шығу үшін оны алдын-ала жоспарлайды,сол сала бойынша басқалар не істеп жатқаны жөнінде мәлімет – ақпарат жинайды. Бәсекелестік жағдайында ұтып шығудың жолын қарастырады. Ол алдын-ала жиналған ақпараттарды талдау, өңдеу барысында зиянға қалатынын немесе пайдаға шығатынын біледі. Соған орай шаруа немесе өндіріс орындарына кеңес береді.

Дамыған елдерде маркетинг қызметінсіз бір қадам да жасалмайды. Маркетинг шығарылған өнімді қозғалысқа түсіреді. Яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар беретін барометр сияқты. Сонымен, маркетинг дегеніміз – рынокты зерттеу.

Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі.

Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады.«Жарнама – сауда двигателі» деп бекер айтпайды.

 

 

2-тапсырма. Өз еліңізде кәсіпкер туралы жазылған шығармаларды білесіз бе, атаңыз, әңгімелеңіз.

 

 

БАЗАРШЫ ЖІГІТ ПЕН АҚЫЛДЫ ҚЫЗ

 

Ертеде бір бидің жалғыз ұлы болыпты. Ақылдылығымен, әділдігімен ел аузына іліккен би ұлының болбыр өскеніне налиды екен. Бірде алыс сапар үстінде келе жатқан әке баласын сынамаққа «Қарағым, осы жолды қалай қысқартуға болады?» - дегенде, аң-таң қалған ұлы мандыртып жауап айта алмайды. «Ой жетесіз, әсерлі әңгіме айта білсең, жолдың қысқарғаны сол», - деп қатты күйінген би ойланып-толғанып бір шешімге келеді.

Бір күні ұлының алдына жүз саулық қой салып, базарға айдатады. Сапарға шығар алдында шартын айтады:

- Балам, мына малды базарда ретін тауып үш рет сатып, пұл етерсің. Бір рет сатсаң, сен маған ұл емессің, үйдің бетін көрме...

Әкенің қатал сынына ұшыраған бала малын базарға айдап келсе, сатып алушылар көп екен. Саулықтардың құнын сұраған халыққа:

- Әр басты үш реттен сатамын, - дейді иесі.

- Оу, бір қойды үш реттен сатқанды кімнен көріп едің? – деп таңданған жұрт теріс айналады.

Күн артынан күн өтеді. Малы өтпей, шаршаған базаршы жігіт малының жанында бүк түсіп, бүрісіп жата беріпті.

Жігітті аяп кеткен бір жас қыз одан:

- Неге сонша жабырқаусың, жігітім? – деп сұрайды.

Бала болған жағдайдың бәрін баяндайды. Мән-жайды түсінген қыз сонда былай депті:

- Қораңдағы малыңды үш рет сату үшін менің айтқанымды бұлжытпай орындауың керек. Алдымен анау қара орманнан ағаш қиып әкеліп, қора жаса, қойды сонда ұста. Уақыт өткенде, мезгіл жеткенде қораң қойға толады, малдың жүні өседі. Сонан кейін қиды бір рет сат, жүнді екі сат. Малдың өзін және сат. Бір басты үш рет сату деген осы.

Жігіт дерек іске кіріседі. Күндіз-түні ерінбей тер төгеді де, көп кешікпей қалтасын ақшаға толтырып үйіне қайтып оралады.

Ұлының олжалы оралғанына риза болған би оның мұндай ақылды кімнен үйренгенін анықтағысы келеді. Жігіт сырын жасырмай, шынын айтады.

Би іздеу салып жүріп ақылына көркі сай сұлу қызды ұлына әпереді.

Содан кейін би баласы мен ақылды қыз өз алдына отау тігіп, дәулетті әрі бақытты ұзақ өмір кешіпті.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ертеде бидің кімі болыпты?

2. Би неге налиды?

3. Әке баласын сынамаққа қандай сұрақ қояды?

4. Жолды қалай қысқартуға болады?

5. Қатты күйінген би қандай шешімге келеді?

6. Бір күні ол не істеді?

7. Сапарға шығар алдында қандай шарт айтады?

8. Қойдың құнын сұраған халыққа бала не деді?

9. Таңданған жұрт не дейді?

10. Баланың қойы базарда өте ме, қандай күйге түседі?

11. Жігітті аяған қыз не дейді? 12. Жігіт не істейді?

13. Ұлының олжалы оралғанына қуанған би нені анықтағысы келеді?

14. Би кімді іздейді, не істейді?

15. Содан бала қалай өмір сүріпті?

16. Налиды, ренжиді сөздері синоним бе?

17. Саудада да бәсеке бар. Сатқан адам көбірек ақша алу үшін, алушы төмендету үшін бәсекеге түседі. Саудаласуға да ғылым, білім керек. Бұл пікірлерге келісесіз бе?

 

3 -тапсырма. Көп нүктенің орнына қызмет көрсету немесе тауар сөзін қойыңыз.

1. Фирма делдалдық ... көрсетеді.

2. Экспорттық ... жоғары сапамен ерекшеленеді.

3. Жарнамалық ... өте қымбат.

4. Осы өнеркәсіпте өндірілген ... бәсекелесе алады.

5. Олар ... қызмет көрсетеді.

 

5-           тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерінің қазақша баламасын табыңыздар.

 

банковские услуги

консультационные услуги

маркетинговые услуги

посреднические услуги

рекламные услуги

платные услуги

бесплатные услуги

импортный товар

конкурентноспособный

неконкурентноспособный

экспортный

фирменный

транзитный

продовольственный магазин

промтоварный магазин

овощной магазин

хлебный магазин

хозяйственный магазин

государственный магазин

коммерческий магазин

частный магазин

приватизационный магазин

 

 

 

 

 

 

 

 



тақырып. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

 

     Грамматика: Уақытты сұрау түрлері,

-ға,-ге,-қа,-ке; -дан,-ден, -тан,-тен формалары

Қарсылықты салалас сөйлем.

     Мақсаты: Құнды қағаздарғы қатысты сын есім түрлерін ұқтыру.

     Практикалық жұмысы: 4 тапсырма.

 

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

 

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастар тамырын тереңге жайған сайын құнды қағаздардың маңызы арта түсетіні анық. Алайда көпшілік қауым құнды қағаз сатып алғанымен, оны қалай пайдалану керектігін жете біле бермеуі де мүмкін. Құнды қағаздармен тиісінше пайда табумен, оны шығарған кәсіпорынның экономикалық мәселелерін ойдағыдай шешуіне үлес қосарын, сонымен бірге өзінің де әлеуметтік жағдайын едәуір жақсарта түсеріне көзі анық жете ме екен?

Сұрақтарға экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Қарақұсова жауап береді:

- Құнды қағаз дегеніміз не? Кеңес Одағы кезіндегі құнды қағаздардан қазіргі Қазақстандағы құнды қағаздардың айырмашылығы қандай? Бұлар неліктен құнды қағаздар деп аталады?

Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта «бағалы қағаздар» деп аталған. Бірақ бағалы деген сөзден «құнды» деп атағанымыз дұрысырақ, неге десеңіз, бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне ттек пайда, табыс әкеледі.

«Құнды» деген сөздің өзі мейлі қай жағынан – тілдік, экономикалық жағынан алсақ та, мағынасы жағынан біз айтып жүрген акция, облигациялардың анықтамасын аша түседі. Құнды қағаздардың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни оны сатып ала отырып сіз:

біріншіден, акция иемденуші боласыз;

екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боласыз. Үшіншіден, акцияның екі бағасының – номиналды және нарықтық бағасының айырымы арқылы пайда көресіз. Бұл соңғы қасиетін таратып айтатын болсақ, бастапқыда акцияны номиналды бағамен сата аласыз, сөйтіп сіз де, оны шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.

Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.

Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де, сіздің қаржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда үлесін аласыз. Корпоративтік құнды қағазда қатер бар (риск), әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде құнды қағазды таңдай білу керек. Таңдау – үлкен жұмыс.

- Қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздар айналыста бар ма?

- Айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар.

- Құнды қағаздарға қазіргі кезде сұраныс бар ма?

- Қазіргі құнды қағаздар нарығында екі түрлі құнды қағаз айналыста бар: корпоративтік, мемлекеттік. Мемлекеттік түріне сұраныс бар.

- Қазақстанда құнды қағаздар нарығы қашан пайда болды?

- Қазақстанда құнды қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап бола бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі мен акционерлендірілуі шешуші рөл атқарады.

- Құнды қағаздардың қандай түрлері бар?

- Қазақстан заңдары бойынша Республика аумағында құнды қағаздардың мынадай түрлеріне рұқсат етіледі: акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер.

- Кейбір мемлекеттерде туынды құнды қағаздар дейтін бар екен. Біздің елде мұндай құнды қағаздар бар ма?

- Қазақстан Республикасының заңдарында туынды құнды қағаздар туралы ешбір сөз болмаған. Туынды құнды қағаздар дегеніміз – екінші деңгейдегі құнды қағаздар. Мұндай құнды қағаздарға варранттарды, опциондарды, фьючерстерді жатқызуға болады.

 

1-тапсырма.

1. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыз.

2. Мәтінде аталған акция түрлерін түгел атап шығыңыз.

3. Мәтінде қыстырма сөздер бар ма? Олардың тыныс белгісі қандай?

 

2-тапсырма. Құнды қағаздар туралы әңгіме-сұхбаттың мазмұнын айтыңыздар.

 

3-тапсырма.

а) Мәтіннен сын есімдерді табыңыздар. Олар қандай сын есімдер?

ә) «Құнды» - деген сөзге синоним беріңіз.

Б) Мәтінде құнды қағаздардың қандай үш түрлі құндылық қасиетін атайды?

 

4-тапсырма. Акция туралы сұхбат құрыңыздар. Пікірлеріңізді айтыңыздар. Бұрынғы одақ кезіндегі облигациялар мен қазіргі құнды қағаздарды салыстырыңыздар.

 

 

 

 

БЕРІЛГЕН  ТАҚЫРЫПТАРҒА  ҚАТЫСТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  СӨЗДІК-МИНИМУМ

 

Айналым

оборот

айналым кірісі

оборотные доходы

салым ақша бойынша айналым

оборотные по вкладам

айналым қаражаты

оборотные средства

айналым капиталы

оборотный капитал

Айналыс

Обращение

ақша айналысы

обращение денег

айналыс заңы

закон обращения

Айырбас

Обмен

тауар айырбасы

товарообмен

Агент, қандай агент:

Агент какой:

жарнама агенті

рекламный агент

сауда агенті

торговый агент

салық агенті

налоговый агент

Агенттік, қандай агенттік:

Агентство какое:

ақпарат агенттігі

информационное агентство

жарнама агенттігі

рекламное агентство

сауда агенттігі

торговое агентство

Акционер, ненің акционері:

Акционер чего:

банк акционері

акционер банка

өнеркәсіп акционері

акционер предприятия

Акционерлік

Акционерный

акционерлік банк

акционерный банк

акционерлік қоғам

акционерное общество

акционерлік өнеркәсіп

акционерное предприятие

Акция, қандай акция:

Акция какая:

атаулы акция

акция именная

ұсынбалы акция

акция на предъявителя

артықшылықты акция

привилегированная акция

қосымша шығарылымдағы акция

акция дополнительного выпуска

бірінші, екінші шығарылымдағы акция

акция первого, второго выпуска

акция бойынша табыс

доход по акциям

акция бойынша дивидед

дивиденд по акциям

акция шығару

выпустить акции

акция алу

приобретать акции

акция сату

продавать акции

Ақша, қандай ақша:

Деньги какие:

нақты ақша

наличные деньги

нақты емес ақша

безналичные деньги

ақша ресурсы

денежные ресурсы

ақша бірлігі

денежные единицы

ақша белгісі

денежные знаки

ақша қоры

денежные фонды

ақша айналысы

обращение денег

Арзандату

Уценка

Әріптес, қандай әріптес:

Партнер какой:

шетелдік әріптес

зарубежный партнер

сенімді әріптес

надежный партнер

іскер әріптес

деловой партнер

тұрақты әріптес

постоянный партнер

Баға, қандай баға:

Цена, какая цена:

жоғары баға

высокая цена

биржалық баға

биржевая цена

келісімді баға

договорная цена

дүниежүзілік нарық бағасы

всемирнорыночная цена

көтерме сауда бағасы

оптовая цена

мемлекеттік баға

государственная цена

еркін баға

свободная баға

өндіріс баға

производственная цена

төмен баға

низкая цена

тұрақты баға

постоянная цена

маусымдық баға

скользящая цена

сатылы баға

ступенчатая цена

үстеме баға

наценка

Бағалы

Ценный

бағалы қағаз

ценные бумаги

Бағам, ненің бағамы:

Курс чего:

акция бағамы

курс акций

валюта бағамы

курс валют

теңге бағамы

курс тенге

Бағам, қандай бағам

Курс какой:

коммерциялық бағам

коммерческий курс

ресми бағам

официальный курс

нарық бағамы

рыночный курс

арнаулы бағам

специальный курс

Бағам, ненің неге қатысты бағамы:

Курс чего к чему:

доллардың теңгеге қатысты бағамы

курс доллара к тенге

теңгенің бағамы көтеріліп жатыр

курс тенге повышается (растет)

теңгенің бағамы түсіп жатыр

курс тенге понижается (падает)

Баға белгілеу, ненің бағасын белгілеу

Котировка

акцияның бағасын белгілеу

котировка акции

биржалық баға белгілеу

котировка биржевая

Балама, эквивалент

Эквивалент

Баланс, қандай баланс:

Баланс какой:

жылдық баланс

годовой баланс

тоқсандық баланс

квартальный баланс

айлық баланс

месячный баланс

Банк, қандай банк:

Банк какой:

жеке банк

личный банк

акционерлік банк

акционерный банк

коммерциялық банк

коммерческий банк

орталық банк

центральный банк

инвестициялық банк

инвестиционный банк

жинақ банкісі

сберегательный банк

Банктік, банктік не, кім:

Банковский

банктік капитал

банковский капитал

банктік қызметкер

банковский работник

банктік мекеме

банковское учреждение

банктік операция

банковское операция

банктік қызмет

банковские услуги

Бәсеке, қандай бәсеке:

Конкуренция

әділетті бәсеке

справедливая конкуренция

әділетсіз бәсеке

несправедливая конкуренция

Бланк, ненің бланкі:

Бланк чего:

өтініш бланкі

бланк заявления

бланк толтыру

заполнить бланк

Бюро, қандай бюро

Бюро какое:

ақпарат бюросы

информационное бюро

жарнама бюросы

рекламное бюро

Бірлескен кәсіпкерлік

Совместное предпринимательство

бірлескен кәсіпорын

совместное предприятие

Валюта, қандай валюта:

Валюта какая:

айырбасталатын валюта

конвертируемая валюта

еркін айырбасталатын валюта

свободно конвертируемая валюта

айырбасталмайтын валюта

неконвертируемая валюта

ішінара айырбасталатын валюта

частично конвертируемая валюта

валюта бағамы

курс валют

валюта айырбастау

конвертировать валюту

валюта сатып алу

покупать валюту

нақты қолданыстағы валюта

твердая валюта

валюта сату

продавать валюту

Валюталық

Валютный

валюталық бағам

валютный курс

валюталық рынок

валютный рынок

валюталық биржа

валютная биржа

валюталық белгілеу

валютная котировка

Депозит

Депозит

Депозиттік, қандай депозит:

Депозитный

депозиттік салым

депозитный вклад

депозиттік есеп

депозитный счет

депозиттік операция

депозитная операция

ұзақ мерзімді депозит

долгосрочный депозит

қысқа мерзімді депозит

краткосрочный депозит

Дивиденд, қандай дивиденд:

Дивиденд какой:

кепілденген дивиденд

гарантированный дивиденд

жылдық дивиденд

годовой дивиденд

аралық дивиденд

промежуточный дивиденд

жоспарлы дивиденд

плановый дивиденд

Есеп

Учет

Есеп айырысу

Расчет

Есеп беру, қандай есеп беру:

Отчет какой:

баланстық есеп

балансовый отчет

жылдық есеп

годовой отчет

ай сайынғы есеп

ежемесячный отчет

тоқсандық есеп

квартальный отчет

финанстық есеп

финансовый отчет

ненің есебін беру:

отчет о чем:

банк жұмысының есебі

отчет о работе банка

Жарғы, ненің жарғысы:

Устав чего:

банк жарғысы

устав банка

фирма жарғысы

устав фирмы

Жарғылық

Уставный

жарғылық капитал

уставный капитал

жарғылық қор

уставный фонд

заңды ұйымның жарғысы

устав юридического лица

Капитал, қандай капитал:

Капитал

акционерлік капитал

акционерный капитал

заемдық капитал

заемный капитал

айналымдық капитал

оборотный капитал

жарияланған капитал

объявленный капитал

резервтік капитал

резервный капитал

жеке капитал

собственный капитал

жарғылық капитал

уставный капитал

Жарнама, қандай жарнама:

Реклама какая:

газеттік жарнама

газетная реклама

жергілікті жарнама

местная реклама

аймақтық жарнама

региональная реклама

салыстырмалы жарнама

сравнительная реклама

сыртқы жарнама

наружная реклама

телевизиялық жарнама

телевизионная реклама

ненің жарнамасы:

реклама чего:

тауар жарнамасы

реклама товаров

қызмет жарнамасы

реклама услуг

фирма жарнамасы

реклама фирмы

нені жарнамалау:

рекламировать что:

тауарды жарнамалау

рекламировать товар

қызметті жарнамалау

рекламировать услуги

Жарнамалық

рекламный

жарнамалық агент

рекламный агент

жарнамалық бюллетень

рекламный бюллетень

жарнамалық каталог

рекламный каталог

жарнамалық анықтама

рекламный справочник

жарнамалық компания

рекламная компания

жарнамалық саясат

рекламная политика

жарнамалық үндеу

рекламное обращение

жарнамалық хабар

рекламное сообщение

жарнамалық қызмет

рекламные услуги

Жәрмеңке

Ярмарка

Жоспар, қандай жоспар:

План какой:

ағымдағы жоспар

текущий план

индикативті жоспар

индикативный план

бесжылдық план

пятилетний план

Жоспарлау

Планировать

сабақты жоспарлау

планировать урок

табысты жоспарлау

планировать доход

уақытты жоспарлау

планировать время

өнімді жоспарлау

планирование продукции

жоспарлы пайда

плановая прибыль

Жазылу, неге жазылу:

Подписка:

акцияға жазылу

подписка на акции

газетке жазылу

подписка на газеты

Жекешелендіру, қандай жекешелендіру

Приватизация

кіші жекешелендіру

малая приватизация

топтық жекешелендіру

групповая приватизация

проектілер арқылы жекешелендіру

приватизация по проекту

Жеке тұлға

Физическое лицо

Заңды тұлға

Юридическое лицо

Карточка, қандай карточка:

Карточка:

визиттік карточка

визитная карточка

кредиттік карточка

кредитная карточка

Клиент, ненің клиенті:

Клиент чего:

банк клиенті

клиент банка

резидент клиенті

клиент резидента

Контракт, қандай контракт:

Контракт какой:

сыртқы сауда контрактысы

внешнеторговый контракт

халықаралық контракт

международный контракт

қысқа мерзімді контракт

кратковременный контракт

Контракт, ненің контрактысы:

Контракт чего:

сауда-саттық контрактысы

контракт купли-продажи

Контракт, неге контракт:

Контракт на что:

құрылысқа контракт

контракт на строительство

құрал-жабдықты жеткізуге контракт

контракт на поставку оборудования

Корреспонденттік

Корреспондентный

корреспонденттік есеп

корреспондентский счет

корреспонденттік байланыс

корреспондентские связи

корреспонденттік есеп ашу

открывать корреспондентский счет

корреспонденттік байланыс орнату

устанавливать корреспондентские отношения

Кредит, қандай кредит:

Кредит, кредит какой:

банктік кредит

банковский кредит

валюттік кредит

валютный кредит

ұзақ мерзімді кредит

долгосрочный кредит

қысқа мерзімді кредит

краткосрочный кредит

Кредит, кредит неге:

Кредит на что:

өндірісті дамытуға кредит

кредит на развитие производства

қарызды төлеуге кредит

кредит на уплату долгов

кредит ұсыну

представлять кредиты

кредит алу

получать кредиты

Кредиттік

Кредитный

банктің кредиттік бөлімі

кредитный отдел банка

кредиттік карточка

кредитная карточка

кредиттік қатынас

кредитные обслуживания

Кепілдеме, кепілдеме неге:

Гарантия чего:

салым құпиясына кепілдеме

гарантия тайны вклада

сапаға, табысқа кепілдеме

гарантия на качество и доход

Кепілдемелік

Гарантийный

кепілдемелік хат

гарантийное письмо

кепілдемелік операция

гарантийные операции

Кепілдеме беру, неге кепілдеме беру:

Гарантировать что:

салым бойынша жоғары

гарантировать высокий

процентке кепілдеме береді

процент по вкладам

тиімді есеп айырысу шартына кепілдеме береді

гарантировать выгодные условия расчета

сапалы қызметке кепілдеме береді

гарантировать качественные услуги

тауардың сапасына кепілдеме береді

гарантировать качество товара

Келісу, неге келісу:

Договариваться с кем:

кіммен келісу:

о чем:

әріптермен келісу

договариваться с партнерами

жеткізілу мерзімімен келісу

договариваться о сроках поставки

қызмет құнына келісу

договариваться о ценах услуги

Координат, кімнің координаты:

Координаты чьи:

ненің координаты:

кого:

мырза Рахманбердиевтің координаты

координаты г-на Рахманбердиева

мекеменің координаты

координаты учреждение

ұйымның координаты

координаты организации

Көшірме, ненің көшірмесі:

Копия чего:

құжаттың көшірмесі

копия документа

контракт көшірмесі

копия контракта

көшірмесін түсіру, жасау

делать копию

Келіссөз

Соглашение

келіссөз жүргізу

проводить соглашения

келіссөз өткізу

 

Кредит беру, кімге, неге:

Кредитовать кого, что:

өнеркәсіпке кредит беру

кредитовать предприятия

құрылысқа кредит беру

кредитовать сторительство

заңды және жеке тұлғаға кредит беру

кредитовать юридические и физические лица

Қаржылар, қандай қаржылар:

Средства какие:

валюталық қаржылар

валютные средства

ақшалай қаржылар

денежные средства

қолдағы қаражат

налияные средства

қолма-қол қаражат

 

нақты қаражат

 

нақты емес (аудару арқылы) қаражат

безналичные средства

нақты емес қаражат (акция, вексель арқылы)

 

 

жеке қаражат

 собственные средства

Қызмет көрсету, қандай қызмет көрсету:

Услуги какие:

банктік қызмет көрсету

банковские услуги

консультациялық қызмет көрсету

консультационные услуги

маркетингтік қызмет көрсету

маркетинговые услуги

жарнамалық қызмет көрсету

рекламные услуги

ақылы қызмет көрсету

платные услуги

ақысыз қызмет көрсету

бесплатные услуги

Құн, қандай құн:

Стоимость какая:

қосымша құн

прибавочная стоимость

өзіндік құн

себестоимость

бағаның құны

курсовая стоимость

Қор, қандай қор:

Фонд какой:

жарғылық қор

уставный фонд

Қор биржасы

Фондовая биржа

Құрылтайшы, ненің құрылтайшысы:

Учредитель чего:

банк құрылтайшысы

учредитель банка

фирма құрылтайшысы

учредитель фирмы

Қол қою, неге қол қою:

Подписать

құжатқа қол қою

подписать документы

өтінішке қол қою

подписать заявление

Лицензия, қандай лицензия:

Лицензия какая:

бас лицензия

генеральная лицензия

импорттық лицензия

импортная лицензия

экспорттық лицензия

экспортная лицензия

Лицензия неге:

Лицензия на что:

сыртқы экономикалық қызметке лицензия

лицензия на внешнеэкономическую деятельность

валютамен жұмыс істеуге лицензия

лицензия на операции с валютой

Мәміле, қандай мәміле:

Сделка какая:

бартерлік мәміле

бартерная скидка

тиімді мәміле

выгодная сделка

тиімсіз мәміле

невыгодная сделка

мәміле жасау

заключить сделку

Меншік, қандай меншік:

Собственность

жеке меншік

частная собственность

мемлекеттік меншік

государственная собственность

қоғамдық меншік

общественная собственность

кооперативтік меншік

кооперативная собственность

Нарық

Рынок

таза бәсеке нарығы

рчистой конкуренции

нарықтық инфрақұрылым

рыночная инфраструктура

нарықтық экономика

рыночная экономика

нарықтық қатынас

рыночные отношения

нарықтық ақпарат

рыночная информация

нарық заңы

рыночный закон

нарық стратегиясы

рыночная стратегия

нарықтық баға

рыночная цена

нарықтық құн

рыночная стоимость

Пайда, қандай пайда:

Прибыль

жоспарлы пайда

планированная прибыль

жоспардан тыс пайда

прибыль вне плана

балансты пайда

балансированная прибыль

күткен пайда

ожидаемая прибыль

салыққа дейінгі пайда

прибыль до налога

салықтан кейінгі пайда

прибыль после налога

Процент, не бойынша:

Процент по чему:

акция бойынша процент

процент по акциям

салым бойынша процент

процент по вкладам

процентін төлеу

выплачивать проценты

процентін қосу

начислять проценты

процентін алу

снимать проценты

Рәсімдеу, нені рәсімдеу:

Оформить что:

құжатты рәсімдеу

документы

лицензияны рәсімдеу

лицензию

визаны рәсімдеу

визу

Ресурстар, қандай ресурстар:

Ресурсы какие:

валюталық ресурстар

валютные

ақшалай ресурстар

денежные

кредиттік ресурстар

кредитные

қаржылық ресурстар

финансовые

Сұраныс, қандай сұраныс:

Спрос какой:

бірінші сұраныс

первичный спрос

тұрақты сұраныс

постоянный спрос

сұраныс неге:

спрос на что:

тауарға сұраныс

спрос на товары

Салық, қандай салық:

Налог

қосылған құнға салынатын салық

налог на добавленную стоимость

табысқа салынатын салық

налог на доходы

меншікті дүние-мүлікке салынатын салық

налог на личное состояние

пайдаға салынатын салық

налог на прибыль

капиталдың өніміне салынатын салық

налог на прирост капитала

сатуға салынатын салық

налог на ценные бумаги

айналым салығы

налог с оборота

салық жүйесі

налоговая система

салық заңдары

налоговое эаконодательство

салық құқығы

налоговое право

салық агенті

налоговый агент

қосарланған салық

двойное налогообложение

салық төлеуші

налогоплательщик

жанама салық

косвенный налог

төтенше салықтар

чрезвычайные налоги

жер салығы

земелный налог

жол салығы

дорожный налог

Сарапшы

Эксперт

Сарап

Экспертиза

ақша белгілерін сараптау

экспертиза денежных знаков

Сату, нені сату:

Продажа чего:

шикізатты сату

продажа сырья

техниканы сату

продажа техники

тауар сату

продажа товаров

Табыс, қандай табыс:

Доход, доход какой:

валюталық табыс

валютный доход

жылдық табыс

годовой доход

мемлекеттік табыс

государственный доход

ұлттық табыс

национальный доход

реалды табыс

реальный доход

таза табыс

чистый доход

Табыс, не бойынша:

Доход

акция бойынша табыс

доход по акциям

салым бойынша табыс

доход по вкладам

Тауар, қандай тауар:

Товар

жоғары сұранымды тауар

товар повышенного спроса

айрықша сұранымды тауар

товар особого спроса

сапалы тауар

качественный товар

тауар биржасы

товарная биржа

тауар саясаты

товарная политика

тауар белгісі

товарный знак

тауар айналысы

обращение товаров

тұтыну тауарлары

потребительсике товары

Тәуекелшілдік

Риск

банк тәуекелшілдігі

риск банковский

бағам тәуекелшілдігі

риск курсовой

коммерциялық тәуекелшілдік

коммерческий риск

Төлемдер

Платежи

төлем тәртібі

платежная дисциплина

төлем келісімі

платежные соглашения

төлем балансы

платежный баланс

төлем айналымы

платежный оборот

Төлеу, қалай төлеу:

Оплата

алдын-ала төлеу

предварительная оплата

мезгілінде төлеу

своевременная оплата

жедел төлеу

срочная оплата

ішінара төлеу

частичная оплата

қолма-қол төлеу (есеп айырысу)

оплата наличными

қолма-қол емес төлеу (есеп айырысу)

оплата по безналичному расчету

заттай төлеу

натуральная оплата

Уақыт

Время

уақыт талабы

требование времени

уақытша жеңілдіктер

временные льготы

уақытша бөлшек сауда бағасы

временные розничные цены

уақытша көтерме сауда бағасы

временные оптовые цены

уақытша сақтандыру рентасы

временная страховая рента

Ұлттық

Национальный

ұлттық байлық

национальное богатство

ұлттық кітапхана

национальная библиотека

ұлттық гвардия (ұлан)

национальная гвардия

ұлттық ойын

национальные игры

ұлттық тағам

национальное блюдо

ұлттық өнім

чистый национальный продукт

Ұсыныс, қандай ұсыныс:

Предложение какое:

өзара тиімді ұсыныс

взаимовыгодное предложение

тиімді ұсыныс

выгодное предложение

коммерциялық ұсыныс

коммерческое предложение

тауар ұсынысы

товарное предложение

Ұсыныс, ненің ұсынысы:

Предложение чего:

қызмет ұсынысы

предложение услуг

тауар ұсынысы

предложение товаров

Үнемдеу, нені үнемдеу:

Экономить что:

қаржыны үнемдеу

экономить средства

уақытты үнемдеу

экономить время

үнемшіл

экономный, бережливый

үнемшіл адам

экономный человек

үнемшіл болу

быть бережливым

үнемшілдік

бережливость

үнемшілдік ұғымы

понятие о бережливости

Шарт, қандай шарт:

Договор

бейбіт шарт

мирный договор

халықаралық шарт

международный договор

көпжақты шарт

многосторонний договор

екі жақты шарт

духсторонний договор

ынтымақтастық туралы шарт

договор о сотрудничестве

сауда туралы шарт

договор о торговле

ұзақ мерзімді шарт

долгосрочный договор

қысқа мерзімді шарт

краткосрочный договор

Шығын

Расходы

Шығындар, қандай шығын:

Расходы какие:

айқын шығындар

явные издержки

төте шығындар

прямые расходы

өндіріс шығыны

издержки производства

төтенше шығындар

чрезвычайные расходы

айналыс шығындары

издержки обращения

жанама шығындар

косвенные затраты

үстеме шығындар

накладные расходы

Экономика

Экономика

Экономикалық не:

Экономический что:

экономикалық интграция

экономическая интеграция

экономикалық саясат

экономическая политика

экономикалық категориялар

экономические категории

экономикалық ақпарат

экономическая информация

экономикалық сауаттылық

экономическая грамотность

экономикалық пайда

экономическая прибыль

экономикалық көрсеткіштер

экономические показатели

экономикалық өсу

экономический рост

экономикалық талдау

экономический анализ