Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

проф.казахский 7 тем

.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
99.46 Кб
Скачать

1- ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКА

     Грамматика: Етістіктің қалау райы. Есімше. Мамандыққа қатысты етістіктер. Анықтауыш. Модаль сөздер.

     Мақсаты: Әртүрлі кәсіп туралы айта білу. «Білікті, білімді, әділ, сөзге шешен» сөздерін қолдана білу; Қазақстандағы  кәсіп түрлері әңгімелеу;

     Бағыты: Қоғам мен адам өміріндегі экономиканың атқаратын рөлі-сұрақ-жауап; пікірсайыс.

     Аударма: 1

     Практикалық жұмысы: 5 тапсырма.

 

Жаңа сөздер.

 

бюджет мерзімі                               бюджет кірісі

бюджет тапшылығы                       бюджет жылы      

мемлекеттік бюджет                       бюджеттік жоспарлау

тұтыну бюджеті                              бюджет мәселелері

бюджет шығысы                             басқару, қоғам бірлігі

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. Қандай қосымша жалғанып, қай тұлғада тұрғанын түсіндіріңіз.

 

ЭКОНОМИКА

 

Экономика -  адамдардың тамақты, киімді, баспананы қалай табатыны туралы, сондай – ақ, олардың өмірін не жақсартатыны туралы ғылым.

Адамдардың көпшілігі күнде немен айналысады, экономика соны зерттейді, яғни адамдардың іс - әрекет, қызметін зерттейді.

Экономика жеке адамның, қоғамның не мемлекеттің материалдық мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуын қадағалайды. Қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз өзіміздің тұрмысымыз.

Ертедегі гректердің «экономика» деген сөзге ең алдымен «үй шаруашылығын басқару, дұрыс жүргізу» деп түсінік берген. Жеке адамның, отбасының, бүкілқоғамның бірлігі экономикадан тұрады. Экономика – бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсетеді. Өзін мәдениеттімін, білімді әрі іскермін, деген әрбір азамат экономиканыбілуі керек.

Бәрінің құны, бағасы бар. Бәріне төлеуге тура келеді.

Сіз не істесеңіз де әрқашан өнім және шығын болады. Бір нәрсені ойланатын болсаңыз, сіздің шығындарыңыз – уақыт және жаңа ойларыңыздың тууына себепкер болған алдыңғы ойларыңыз. Сенің білімің – шығын, ойларың – өнім болып табылады.

Не істеңіз де аз мөлшерде болсын сіз уақыт жұмсайсыз. Білімге қатысты уақытыңызды экономика тілімен айтқанда, оны капиталдық салым (можно назвать капитальными вложениями) деп атауға болады. Деніңіз сау, себебі жақсы тамақтанасыз, спортпен айналысасыз. Бұл - өз денсаулығыңызға салған салым.Бұл да - капиталдық салым. Капитал дегеніміз - жинақталған байлық ( сбереженное богатство) Сенің басты капиталың – сенің өзің. Сенің ең  басты, маңызды өнімің – сен қалай өмір сүруің.

Біздің халқымыздың мақсаты – алдыңғы қатарлы, тәуелсіз, өркениетті қоғам құру. Нарықтық экономикада тек білімділер биіктен көрінеді. Нарықтық экономика дегеніміз – өзінің ішкі рыногына ие бола отырып, әлемдік рыногқа шығу, әлемдік рынокта өз елінің, өзінің тауарларын таныту. Отандық тауарлар өндірісте жасалады. Біз өндірісті дамытпай жұмыссыздықтан арыла алмаймыз. Отандық өндірісімізді халық болып қорғауымыз қажет.

Экономиканың ең басты мақсаты – тиімділік. Тиімділік дегеніміз – зиян шекпеу, ештеңені жоғалтпау, ысырап етпеу. Экономика бір тауарларды өндіргенде екіншісінқысқартуға тиісБос орынды толтыру – толық жұмыспен қамту экономиканың өмірлік заңы.

Мысалы, қолда бар мүмкіндікті тек қана тағам өндіруге жұмсасақ, өмірге қажетті басқа тауарларды шектеуге мәжбүр боламызҚұрал-жабдықтар шығармай азық-түліктерді көбейтуге болмайды. Бәріне де есеп керек. Нарықтық экономикаға өтужолында көптеген қиындықтар мен кедергілерге тап болудамыз. Оның объективтік және субъетивтік себептері бір. Нарық жолына түскен елдердің барлығы осы жолдан өткен.

 

2-тапсырма. Өз сөздеріңізбен мына сұрақтарға жауап беріңіз:

 

1.     Отандық өндірістің дамуына қандай себептер кедергі болып отыр?

2.     Осындай қиын жағдайдан шығудың қандай жолдары бар?

3.     Нарықтық экономика Республикада тиімді жүріп жатыр ма?

 

3-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыз.

Үлгі: Баға, нарық, құн.

 

Баға, сұраныс, тұрақты, өмір, замт, талас, залал, оркендеу, байлық, борыш, басты, санау, кіріс, өнім.

 

4-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

 

Микроэкономика – экономика ғылымының бір бөлігі, ол жекелеген салалар, фирмалар, үй шаруашылығы, сондай-ақ жекелеген рыноктар, нақты баға, нақты тауарлар мен қызметтер сияқты экономикалық бірліктерді зерттейді.

МАКРОЭКОНОМИКА – бұл жалпы экономиканың құбылыс болмысы туралы ғылым: экономиканың циклдік ауытқуларының себептерін және өндіріс серпіні мен жұмыспен қамтылудың өзара тәуелділігін зерттейді.

ТАБЫС пен ПАЙДА сөздерінің мағынасын салыстырыңыз.

ТАБЫС дегеніміз – өндірістің немесе жеке адамның ақшалай немесе заттай алатын қоры.

ПАЙДА – таза табыс түрі, өндіріс шығыны мен табыстың айырмашылығы.  

 

5-тапсырма. «Уақыт алтыннан да қымбат» ұғымына эссе жазыңыз.  

 

Әдебиеттер:

З.Күзекова, Г.Қарақұсова.Қазақ тілі.- Алматы «Қаржы-қаражат», 1997 ж.,

Қадашева Қ., т.б. Қазақ тілі.-Алматы: ҚазМЗА, 2001 жыл.



тақырып.  САЛЫҚ     САЯСАТЫ ҰЛТТЫҚ    БАЙЛЫҚ.

     Грамматика: Анықтауышты сөз тіркестері. Айқындауыш мүшелер. Шақ категориясы. Осы шақ.Ауыспалы осы шақ. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

     Мақсаты: Салық саясаты мен оның ұғымдарынан хабардар болу. Салық салудың маңызы мен міндеттерін түсіндіру.

     Бағыты: Қоғам мен адам өміріндегі экономиканың атқаратын рөлі-сұрақ-жауап; пікірсайыс.

     Аударма: 1

     Практикалық жұмысы: 4 тапсырма.

 

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Аударып, жазып алыңыз.

 

салық түрлері                                    салық төлеуші

табыс салығы                                    қосарланған салық

салық салу                                         салық принципі

жергілікті салық                               салық саясаты

салық заңдары                                   салық міндеттері

салық агенті                                       жер салық

 

1-    Тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп, жазыңыз.

 

САЛЫҚ

 

Салық дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін мәндетті төлемдер. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы сөзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлкеттік өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Мемлекет қалай пайда болды, салық та солай пайда болған. Салық ең алғаш рет Қытайда пайда болған.

Қазіргі нарық экономикада салық жүйесі мақсатты жүргізілуі керек, салықтан жиналған қаржыны алдымен қажетті жерге жұмсау керек. Кез келген елде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға үлес қосады. Содан болар, Америкада іскер адамның екі туған күні бар деп есептеледі: біріншісі – өзінің туған күні, екіншісі – оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.  

Салық саясаты – экономиканы жанама реттеуші болып табылады. А.Смиттің салық принципіне арналған төрт ережесі әлі күнге құнын жойған жоқ. Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып екіге бөлінеді. Салық республикалық және жергілікті бюджеттерге түседі. Салықтық түсімдердің ішінде негізгі орынды жалпы мемлекеттік салықтар алады.

Бүгінгі күнде салық түрі көбеюде. Табыс салығы үнемі төленеді. Салық салудың заңдары мен принциптері нақты болуы керек. Мемлекеттік салық түрлерін білуіміз керек. Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді. Тікелей және жанама салық түрлері бар. Олар салық салу принциптеріне негізделген. Табысқа және мүлікке тікелей салықтар салынады. Қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік баж салығы жанама салықтарға жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, тұтынушы төлейді.

Салық салу тәсіліне қарай төте және жанама салық  түрлеріне бөлінеді.

Салықтың мынандай міндеттерді бар:

- қазыналық міндет (мобилизационная функция);

- бөлу міндеті;

- ынталандыру міндеті;

- шектеу міндеті;

- бақылау-бөлу міндеті.

Салық саясаты – салық салу саласындағы ресми салық саясаты ресми салық саясаты, ол салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін,  оларды жүзеге асырудың басты принциптерін,  мақсаты мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.

Қазақстан Республикасындағы салықтар

Қазақстан Республикасында қабылданған  заңдарға сәйкес мемлекеттік бюджетке  түсетін  және оны реттейтін жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің көздері  болып табылатын жергілікті салықтар қолданылады.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын  табыс салығы;

- қосымша құнға салынатын салық;

- акциздер;

- құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

Жергілікті салықтарға мыналар жатады:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- көлік құралдарына салынатын салық;

- жол салықтары.

Салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеуден жалтарған, заңды бұзушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады (ҚК-тің 81-бабының 3-тармағы). 

 

2-                Тапсырма. Сөзден сөздің туындауына назар аударыңыз, жұрнақтар арқылы зат есімдер қай сөз табына айналады?

 

экономика – экономикалық, экономикалық білім

валюта – валюталық, валюталық қор

дүниежүзі – дүниежүзілік, дүниежүзілік рынок

мемлекет – мемлекеттік, мемлекеттік кредит

кеден – кедендік, кедендік тариф

техника – техникалық, техникалық құжат

импорт – импорттық, импорттық депозит, импорттық лицензия

коммерция – коммерциялық, коммерциялық баға

касса - өзара жәрдем кассасы, касса кітабы,

касса келісімі, касса ордері

конверсия – конверсиялау, конверсияланатын, конверсиялық валюта операциясы, конверсиялық маркетинг

консорциум – банктер консорциумдары



Тесты главы:  1. Кәсіби қазақ тілі Рейтин 1_экон с 2013-11-01 по 2013-11-01.         Результаты теста 

3 тақырып.  Оқыңыз. Мәтінге тақырып таңдаңыз.

 

Өнімдер көруге, ұстауға болатын материалды зат болуы мүмкін. Өнімдер беру үшін немесе сату үшін өндіріледі. Мұндай заттар тұтыну өнімдері деп аталады. Оны басқалар үшін дайындайды. Оларды пайдаланатындарды тұтынушылар деп атайды. Тұтыну өнімдерінің құны оларды өндіруге кеткен уақыттан, өндіріс шығындарынан, өнім үшін қажетті материалдар шығынынан тұрады.

Мысал үшін құрышты қорыту процесін алайық. Бірінші темір рудасын алу керек. Содан соң оны  қоспалардан тазартып, қажетті материалдар қосу керек. Сонан соң ерітіп, араластырып, пайда болған құйманы керек формамен  қатырады.

 

3-                Тапсырма.  «Мен қалай уақытты бағалаймын» тақырыбына шығарма жазыңыз.

4-                Тапсырма. Переведите слова на казахский язык. Аударып болған соң, осы тұстағы бірнеше сөзді қатыстырып сөйлемдер құрыңыз.

Үлгі:

Если не разбрасывать деньги, а управлять ими, то есть большая вероятность не потерпеть «катастрофу» в наше время. – Егер де ақшаны шашпай, оларды басқара алса, бүгінгі таңда «күйреуге» ұшырамауға мүмкіндік бар. 

не разбросать денег, передовые, бедствие, катастрофа, попасть в катастрофу, оценивать, искусство управлять, превосходящее направление, делиться, единый, беспечно, владеть, овладеть, цель государства, возможность

3 тақырып. БАҒА ДЕГЕН НЕ?

 

     Грамматика: Етістіктің рай категориясы. Бұйрық рай. Қалау райы. Себеп мәнді құрылым. Қарсылықты мәнді құрылым.

     Мақсаты: Бағаның ауысуының мәнін қазақ тілінде айтқызу. Баға ұғымына қатысты терминдерді түсіндіру. 

     Бағыты: Қоғам мен адам өміріндегі  бағаның маңызы.

     Аударма: 1

     Практикалық жұмысы: 5 тапсырма.

 

1-    Тапсырма. Асты сызылған сөздер қандай терминдер?

 

БАҒА ДЕГЕН НЕ?

 

Еркін баға дегеніміз – бағаны бетімен жіберу емес.

Баға – тура айтқанда, шығындарға, өнімнің өзіндік құны мен тұтынушыға дейінгі аралықтағы шығындарға негізделуге тиіс.

Баға ақшаның құнсыздануын, басқа факторлардың қымбаттауын (мәселенэнергия көздерінің) есепке алуы керек. Сонымен қатар баға мемлекет тарабынан бақылауда болуы шарт.

Бағаны реттеу – экономиканы реттеудің бір бөлігі ретінде жүзеге асуы тиіс.

Нарық еркін  бағасыз болмайды.

Нарық экономиканың өзегі еркін бағада, бірақ оны дәл белгілей білу қажет.

Жалақы мен бағаның өсуі нарық талабына сәйкес, бір –біріне сай түрде  реттелуі қажет. Ерте ме, кеш пе сұраныс пен ұсыныс теңестірілуі мүмкін.

Баға саясатын жүргізу үшін, қазіргі заңдары жетілдіре отырып, жаңа заң қабылдау керек.

Тұтыну тауарлары мен ақылы қызметке бағаны тек қана тұрақтандыру (немесе тіпті төмендету) – ол әлі халық өмірінің жақсарғанын көрсетпейді. Өйткені бағаны шектеу – тауар тапшылығына, ақша айналымының бұзылуына, «көлеңкелі экономика» мен қылмысты нарыққа әкеліп соғуы мүмкін.

Бағаның өсуі – бүгінгі күні өндіруші мен тұтынушының арасында тікелей байланыс жоқ.

 

2-Тапсырма. Мына сөз тіркестерінің орысша баламасын беріңіздер.Солармен сөйлем құрыңыздар.

 

Еркін баға, өзіндік құн, тұтынушы, ақшаның құнсыздануы, бақылау, бағаны реттеу, экономиканың өзегі, бағаның өсуі, сұраныс, ұсыныс, баға саясаты, тұрақтандыру, төмендету, ақша айналымы, «көлеңкелі экономика», өндіруші мен тұтынушы, тікелей байланыс.

 

3-тапсырма. Мына сөйлемдерден баға сөзінің мағынасына назар аударыңыз.

1.     Мұндай заттың бағасы кем дегенде 150-200 теңге.

2.     Мұстафаның көңілі болатын да реті бар, ол бүгін қазақ тілінен «бес» деген баға алды.

3.     Бағанды білмейді екенсің ғой. Кейбіреулер сен дегенде ішкен асын жерге қояды деп естідім.

4.     Ол өзінің еңбегімен халыққа баға жетпес қызмет көрсетті.

5.     Қадірің кеткен соң, бағаң да кетеді.

6.     Ар-намыс, адамдығыңды сатпа, бағаңды кетірме.

7.     Ел ішінде оның бағасы көтерілді.

 

2-    тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын тауып сөйлем құраңыз.

Цена мирового рынка, цена оптовая, цена потребительская, цена производства, цена розничная, цена скользщая, цена справочная.

 

3-    Бағаның деңгейі туралы қалай айтуға болады? (Как спросить об уровне цен)

1. Тұрақты баға                             1. Цена стабильная

баға тұрақтанып жатыр                          цены стабилизируются

тұрақтанады                                   будут стабилизироваться

бағаның тұрақтануы                      стабилизация цен

 

2. Төмен баға                                  2. Цена низкая

баға төмендеп жатыр                     цены понижаются

бағаның төмендеуі                         понижение цен

баға түсіп бара жатыр                   цены падают

бағаның түсуі                                 падение цен

 

3. Жоғары баға                               3. Цена высокая

баға өсіп жатыр                              цены растут

         бағаның өсуі                                   рост цен

         баға көтеріліп жатыр                     цены повышаются

         бағаның көтерулі                                     повышение цен

         бағаның самғауы                                     взлет цен

бағаның бірден самғауы                резкий взлет цен

бағаның секіруі                              скачок цен

        

         4. Бағасы ұшып тұр                      4. Цены кусаются

         Бағасы сұмдық!                              Баснословная цена      



4 тақырып.  БАНК ҚЫЗМЕТІ

 

     Грамматика:

     Мақсаты:

     БағытыАударма: 1

     Практикалық жұмысы: 4 тапсырма.

 

 

1-тапсырма. Мәтінді баяндауда етістік шақтарының қай түрі көп пайдаланылғанын айтыңыз.

 

БАНК ҚЫЗМЕТІ

 

Банктік жүйе – ол не? Банктік жүйе - өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, бак те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді.

Біздің елде банктік жүйе екі деңгейді. Біріншісі – мемлекеттік, екінішісі – коммерциялық банктер. Ұлттық банктер бірінші, екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық Банк лицензия береді. Ұлттық Банк басқа банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алады, жабады. Мысалы, Крамдсбанк.

Коммерциялық банктер – екінші деңгейдегі банктерге жатады,  неше түрлі – жеке де, акционерлік те болады.

Банктер қандай саясатты жүзеге асырады? Бірінші – инфляция болмас үшін. Ұлттық банк коммерциялық  банктегі ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Осы заңды ескермесек, үлкен инфляция болады. Ақша айналымы заңына кеңес одағы кезінде де қараған жоқ. Неге десеңіз, ол қажетсіз болады.  Ақша  айналымы сферасы өте аз болды, тек қана тауар айналымында болды.

Түйіндеп айтатын болсақ, банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша  капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер кредит несие  саясатын жүзеге асырады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктерден алатын кездері болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты.  Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Валюталық саясат – ол теңгенің күшті болуын қарайды. Шетелден  әкелінген ақшаның заңсыз  айналуын бақылайды.

 

 

 

 

 

БАНК ТАРИХЫНАН

Италия ... Орта ғасыр ...

 

Базардың дағдылы шуы. Адамдар сатып алып жатыр, сатып жатыр, тауарларды мақтап, саудаласудың, айтысып жатыр. Бірақ базарда бір тыныш орын бар. Ол айыр бастаушылардың лаңкесі. Ол столында үйілген ақшасы және таразысы бар, маңғаз кейіпте отыр.

Айырбастаушыда қандай ақша жоқ дерсін! Тиындардың (монета) ескісі, жаңасы, жерліктісі, шетелдікі, дөңгелегі, шаршылысы ...сан түрі бар. Жай адамға мұндай ақшаны айыру өте қиын, сондықтан ол айырбастаушыға келеді. Ол ірі ақшаларды айырбастайды, біреуін айырбастайды, алған заты үшін қанша төлеуге, қандай ақша төлеуге көмектеседі.

Батыс Европа елдерінде айырбастаушылар Х ғасырда, Шығыста және Грецияда одан ертерек пайда болды.

Айырбастаушылар қызметі біртіндеп кеңейе берді. Ерте уақытта ақшаны бір қаладан бір қалаға, бір елден бір елге  тасу оңай болған жоқ. Саудагер ылғи тауары мен ақшасын қорғау, сақтау үшін қарулы адамдарды жалдауына тура келді. Олар бірнеше тапсырма бойынша тұтастай керуен құрды, күзет жалдады, ақшаны тиісті жерге жеткізді. Айырбастаушы ақшаның сақталуына жауап берді, бұл өте қатерлі жұмыс, бірақ бағалы затты жеткізгені үшін жоғары төлем алды. Қалаларда айырбастаушылардың ақша сақтайтын арнайы құпия орындары болды, сандықтары, құпиялы құлыптары, қарауылдары болды.

Міне, сондықтан көптеген бай адамдар өздерінің ақшаларын айырбастаушыға сақтауға тапсырған. Ақшаны (салымды) қабылдай отырып, айырбастаушылар ерекше кітапқа оның сомасын жазып отырған.

Егер салымшы ақша алса (барлығын немесе бір бөлігін), кітапқа жазылып отырған. Осылай есеп жүргізу пайда болған.

Саудагер ақша  операциясына уақытын  жоғалтқысы келмейді, кімге қанша төлеуді, кімнен қанша алуды жүргізуді айырбастаушыға тапсырған. Сол кезде  нақты ақшасы, есептеуші жүргізу туралы керемет ой пайда болды.

Егер бір саудагер басқа саудагерге төлеу  керек болса, айырбастаушыға бірінші саудагердің  есептегі ақшасын төмендетіп, екіншісінің көбейтті. Ақшаның өзі оның сандығында жылжымайтын болып қалды.

Есептер салымның қаржылық жағдайын көрсететін айнаға айналды. Айырбастаушы  әрбірінің  құпиясын білді: бұл саудагер бай ма, әлде кедейлену, күйреу қарсаңында ма, оған қанша қарыз, ол қанша қарыз. Салымшылардың сенімін жоғалтпас үшін , айырбастаушы салым құпиясын сақтауға тиісті болды.

Айырбастаушының сандығында ақша көп жиналды, олар қозғалыссыз жатты. Сол кезде кейбіреуінде  тағы да бір керемет ой пайда болды: ақшаның бір бөлігін қарызға беру, қарызға белгілі мерзімге бере отырып, оған төлем алу. Егер біреу жарты жылға 100 сол алса, жарты жылдан кейін 120  сол қайтару керек. Барлық салымшылар ақшасын бәрі бірдей бір мезгілде талап өтпейтінін айырбасшы білді, яғни  ақшаны айналымға жіберуге болады. Сонымен айырбасшы қарыз бере отырып, есесіне өсімімен қайтарып алды. Ақша әкеле бастады.

Біртіндеп айырбасшылар қазіргі банкирлерге айналды, ал олардың қарапайым банктері – ірі, қуатты банкке айналды.

                                                            (Г.Елизаветинаның «Ақша» кітабынан М.1970.)

 

2-    Тапсырма. Жоғарыдағы мәтінге тапсырма.

 

1.     Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар құрыңыз.

2.     Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліңіз, жоспар құрыңыз.

3.     Мәтінде эпитет, теңеулер бар ма?

4.     Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздерді, сөз тіркестерін, терминдерді теріп жазыңыздар.

5.     Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

 

3-    Тапсырма. Сөздермен банктік қызметке қатысты сөз тіркестерін құрыңыз.

 

банк жүйесі

банктік қызмет

несие - есеп қызметі

банктік операция

ақша саясаты

валюталық саясат

лицензия алу (неге) (әр банкке Ұлттық Банк лицензия береді).

 

4-    тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

 

1. Коммерциялық банктер өзінің клиенттерін қандай төлемге кепілдеме береді?

2. Коммерциялық банктер өзінің клиенттеріне қандай төлемге кепілдеме береді?

3. Төлем  көлемі неге байланысты?

4. Ненің негізіне байланысты салым индекстеледі?

 

 

5-    тапсырма. Банк президентінің тілшіге берген интервьюін оқыңыз. Түсініксіз сөздерді аударып, жазып алыңыз.

 

Тілші: – Қайырлы күн! Сіздің банк қызметіне қатысты бірнеше сұрақ беруге рұқсат етіңіз. Сіздердің коммерциялық банк теріңіздің құрылғанына көп уақыт болған жоқ. Сіздердің банк теріңіз ашық түрдегі немесе жабық түрдегі акционерлік қоғам ба?

Банк президенті: – Біздің банк ашық  түрдегі акционерлік қоғам болып табылады, сондықтан қалаған  адам акциямызды алып, акционер бола алады.

Тілші: – Бір акция құны қандай?

Банк президенті: – Бір акция құны 200 теңге.

Тілші: – Көпшілік сіздерге салымшы  болғысы келеді. Бір жылға қанша процентке кепілдеме бересіздер.

Банк президенті: – Банк өзінің клиенттеріне бір жылға 35% кепілдеме бере алады және ол салым көлемі мен сақталу мерзіміне байланысты.

Тілші: – Банк жұртқа қандай қызмет істей алады?

Банк президенті: – Біздің  елде банк практикасында бар қызметтің бәрін жасай аламыз. Бәрінен бұрын талап ету салымдарына қызмет етеміз. Жылына екі рет тиражы шығатын  ұтыс салымдары бар. Жоғары процентті екі-үш жылғы салымдары бар.

Тілші: – Сіздерден валюталық есеп ашуға бола ма?

Банк президенті: – Иә, болады. Иә, банк жеке адамдарға да, кәсіпкерлерге де бере алады.

Тілші:  Және соңғы сұрақ. Құнсызданудан сақтану үшін ақшаны қандай салымға салуға болады?

Банк президенті: – Ақшаны жоғары процент төлейтін ағымдарға салу керек деп ойлаймын. Әрине, бұл құнсызданудан құтқармайды, бірақ белгілі бір мөлшерде сақтануына көмектеседі.

Тілші: – Сұхбатыңыз үшін көп рахмет. Сіздің банкке табыстар тілеймін.