Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aleumettanudan sillabus tapsyrmalar SOZh .docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
58.49 Кб
Скачать

Білім алушыларға арналған студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар:

Тапсырмалар

Көлемі

1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2. Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

4.Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.

5.Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:

6. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;

7. Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

8.Қоғам және оның мәні.

9.Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

10. Қоғамдардың жіктелуі.

11. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні

12.Әлеуметтік мобильділік түсінігі және оның түрлері.

13.Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділіктің даму деңгейлері

14. Институттану процесі және институттардың дамуы

15. Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері.

16. З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері.

17. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары.

18. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.

19. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.

20. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.

21. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.

22. Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі.

23.Некенің формалары.

24. Отбасының функциялары.

25. «Экономикалық сана»

26. «Экономикалық ойлау»

27. «Экономикалық ғадет»

28. Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.

29. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар.

30. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

31. Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет.

32. Жастар субмәдениеті.

33. Субмәдениеттілік факторлары.

34. Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.

35. Діншілдік типологиясы.

36. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар.

37. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы

38. Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы.

39. Басқарудағы билік пен ықпал ету.

40. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі.

41.Ұйымдастырушылық мәдениеті.

42. Сұрау. Интервью.

43. Контент-талдау. Эксперттік сұрау.

44. Эксперимент. Бақылау.

2 сағат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

2 сагат

Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.

СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

Жобаларды орындау. Тапсырманы орындау тәртібі:

  • өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

  • егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;

  • алынған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.

Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,

шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

  7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

  9. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

  • жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

  • сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

  • рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]