Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деби сын тарихы Пн бадарламасы.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
320 Кб
Скачать

Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе

Әлемдік эстетикалық ойдың сын туралы тұжырымы. Сынның әлеуметтік-және эстетикалық міндеттері. Сыншы дарыны ол жөніндегі ой-пікрлер. Жалпы курстың мақсаты. Сын тарихының зерттелу жайы. Қазн революциясына дейінгі әдеби сын жандағы көзқарастар мен ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең-қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс – қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.

2-тақырып. Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Әдеби сынының арналары. Халықтық эстетика. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.

Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырады. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар. Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалды. Сын - жазба әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы. Халықтық эстетиканың негізі- әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жамандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек білдергенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі кездесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы – ақындар айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар халықтық талап-тілектің айқындалуы. Көне түрік жұртында туған әдеби-мәдени мұралардың ортақтығы. Этникалық жіктелістің көркемдік бояуды ажарлай түсетіндігі және әралуандығы. 6-9-шы ғасырлар – бүкіл түркі әдебиетінің тарихи- эстетикалық арнаға шығуы, өзіндік дәстүр қалыптастырған дәуірі. Орхон-Енисей ескерткіштерінің эпостық сипаты және олардың поэзиясын тудырудағы тарихи рөлі. Көне түрік дүниесі мен мәдениетінің тоғысуы, әлеуметтік, ғылыми-эстетикалық салдары. Отырардың шыққан әл-Фарабидің әлемдік екінші ұстазына айналуы. «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру», «Сөз ғылымын классификациялау», «Музыканың ұлы кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары», «Өлең мен ұйқас» т.б. шығармалары. Фарабидің әдебиеттану ғылымы жүйесімен тұжырымдаған ой-пікірлер бүгінгі таным-білікке әсері және ұласу жайлары. Әл-Фарабидің ақындық, сазгерлік және ғалымдық айналасы, олардың түрік, сөз өнеріне жасаған ықпалы және қазақ әдебиетіне қатынасы. Түрік тілінің тұңғыш поэтикалық ұлы ескерткіші- «Құдадғу білік», оның авторы жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білікке» өлеңмен және қарасөзбен жзған алғысөзі, оның сыни танымға қатысы. Әділ-Дәулет-Қанағат ұғымдарының мәні және олардың баламасы. Өлең сөздің қасиеті туралы ойлар. М.Қашқари – түрік лұғатшысы әрі поэзиялық інжу-маржандарды жинаушы. «Жаз бен қыстың айтысы» 1985 жыл жинағындағы нұсқалар. Суфизмнің идеялық және поэтикалық негізін қалаушылардың бірі, әдебиетінің классигі Қожа Ахмет Иассауи және оның «Диуани хикмет» Адамгершілікті ардақтау, даналыққа бас ию, шешендікті қадірлеу, әділдікті насихаттау, қанағатшылдықты пір тұту, тахуалық тәрбие негізі болумен қатар рухани таным-білікті қалыптастыруы. Насреддин Рабғузи, Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан жалғастық Ахмет Иүгінеки, Сайф Сарай, Хорезми, Күли Гали, Лутф көркем туындылары, Захаридден Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жаларидің тарихи еңбектерінің танымдық сипаттары. Қазақ хандығы тұсындағы ұлы жыраулар мен ойшылдарының толғамдарының мәні. Мағыналы шешендік сөздердің мемлекеттік ден көтерілуі, қоғамдық және эстетикалық сананың бұлағына айналуы.

3-тақырып. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектеріндегі сыни ой-пікірлер. Г.Потаниннің Ш.Уәлиханов «Қазақ әдебиетінің өркендеуіне сала алар еді» деген тезисінің мәні және Шоқан еңбектерінің көркем қасиеттері мен публицистикалық ой-түйіндері. Шоқан – қырғыздың ұлы эпосы «Манасты» тұңғыш зерттеуші. Шоқанның ауыз әдебиетіне көзқарасы және оның үлгілерін жинап, зерттеуі. «Қазақтың халықтық өлеңдерінің түрлері туралы» еңбегінде қазақ өлең түрлері мен өнерпаз дарындарды классификациялауы. Шоқан- қазақ халқының ғылыми ой-пікірі оянуының қарлығашы. Ыбырай Алтынсарин жасаған «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Хрестоматия жасау – ғылыми-сыни ойдың жемісі. Ыбырайдың ана тілінің тазалығын сақтау жолындағы күресі және қазақ тілін өркендету жайындағы ойлары. Ыбырай – қазақ халқының педагогикалық ой-пікірін жүйелі негізге салған, сыншылық ойға педагогикалық арна дарытқан дарын. Абай Құнанбаев – сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты қалыптастырған, сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға көтерген ұлы ақын.

Өлеңге, ақындық дарынға Абайдың көзқарасы. Көркем сөздің қоғамыдық және әлеуметтік мәнін ашуда Абайдың рөлі. Өнерпаз дарынды қадірлеу, көркем сөзді ел кәдесіне асыру, қазақтың мақал-мәтелдерінің мәні және оларды сын елегінен өткізе бағалауы, түр мен мазмұнның ажыраспас бірлігін талап ету, оқушы мен тыңдаушыны тәрбиелеу, көркем шығарманың әлеуметтік мәнін ашу –Абай негізін қалаған жаңа эстетикалық мұраттың негіздері. Абай – қазақтың эстетикалық таным-білігінің жаңа нормасын жасаушы. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ой-пікірдің қадасын қадап, өрісті арна тауып берудегі тарихи еңбектердің мәні.

4-тақырып. Баспа сөз және сын. Жазба әдебиет және сын.

Қазақсанның Россияға бағынуының пайда-зияны және оның ықпалы. XIX ғ. аяқ шенінде саяси-әлеуметтік жағдай және сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа әдебиеттің тууы. «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882) – қазақ баспасөзінің тұңғышы және оның әлеуметтік ой-пікірді оятудағы орны. Шоқан, Орынбай жөніндегі материалдар. «Қисса Қожа Ғафан һәм Садуақас» туралы пікір және тіл тазалығы жөніндегі көзқарастың өріс алуы. «Дала уалаяты» газетінің (1882-1904) сыни ой-пікірді оятудағы рөлі. Шоқан, Ыбырай және қазақ зиялыларының тарихи рөлі туралы пікірлер. Қазақ тілінің тазалығын сақтау туралы Алтынсарин идеясының осы кездегі қазақ публицистеріне тигізген әсері. Әдеби ағымдар елесі, Шортанбай өлеңінің жариялануы және ол туралы пікір. Абай өлеңдерінің озық пікірге өзек болуы. XX ғ. басындағы қазақ газеттеріндегі әдебиет жөніндегі мақалалар-әдеби сынның тууына дайындықтың көрінісі. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі орны. Журнал мен газеттің ағартушы-демократтық бағыты. «Айқаптың» жер, өнер-білім, отырықшылық, дін, әйел теңдігі мәселелеріне көзқарасы. Журанал мен газеттің осы мәселелері төңірегіндегі көзқарастары, олардың әлеуметтік мәні. Сұлтамахмұттың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласы. «Азамат» жинағына жазған сыны және «Түсімде», «Бұлар кім?», «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс» атты өлеңдерінің әлеуметтік сыры. «Айқап» пен «Қазақ» газетінің мәдениет пен әдебиетті өркендету жолындағы еңбектері. Мұхаметжан Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Самат Нұржанов, Әкірам Ғалымов т.б. шығармаларының жариялануы, олардың қазақ әдебиетіндегі орны. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің жариялануы, оны жинап, жарыққа шығару жөніндегі игі қадамдар мен ойлар. Әлихан Бөкейхановтың «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры жайындағы сериялы мақалалары - әдеби мұраны игерудің жөн-жосығын аңғартуға бағытталған қадам. «Айқаптың» шығыс әдебиетінің классикалық үлгілеріне орын беруі. «Шаһнаманың» дүниежүзілік мәні мен көркемдік қасиетін табу. «Рүстем-Сууһрап» бөлімінің аударылу жайы. Қазақтың әліппесін жасау, оқулығын шығару, шәкірттерді ана тілінде оқыту жөнінде А.Байтұрсыновтың күресі. Абай - өрелі сынның өзегі. А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың мақалалары.«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің орыс әдебиетімен байланысы. Пушкин, Лермонтов, Чехов, Кольцов, Никитин, Крылов, Чернышевский, Добролюбов, Писаревтің ой-пікірлерін насихаттауы. «Айқап» пен «Қазақтың» татар зиялыларымен байланысы. Шагабуддин Маржани, Ғабдолла Тоқайдың дүние салу мен олар қалдырған мұраның тарихи мәні жайындағы пікірлер. Ғалымжан Ибаргимовтың «Аң» («Білім), журналында қазақ әдебиеті туралы пікір айтуы. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланған сын материалдар, оларды жүйелеу. «Айқаптың», «Фельетон», өлең-жырлар, кітаптар хақында һәм ғылым бабынан кеңес» беруге айрықша ыждаһаттанудың мәні. Журнал бетінде жарияланған педагогикалық сипаты бар сын материалдардың практикалық қажеттілікке бағытталуы, олардың саяси-әлеуметтік мәні. Қазақ әліппелері және қазақ емлесін жүйеге салу жайындағы «Айқаптың» позициясы. «Қазақ» газетінің қазақ тілінің тазалығын сақтау, ана тілін көркейте беру жайын ойластырған кітаптар мен мақалалардың мәні, грамматика мен орфографиялық жүйе жасау жайындағы ой-пікірлер. Тіл мәселесінің сыншылық ой-пікірмен сабақтастығы. «Қазақ», «Айқап» - әдебиеттегі жаңалықтардың жаршысы және эстетикалық сындардың ұйтқысы. Әдеби ойлардың нақтылыққа ойысуы. Нұржан Наушабаевтың өлең жинағына жасалған ескертпе және ол төңірегінде болған айтыс-тартыс. Өлең жырлардың шындықтан туып, көркем бейнеге айналуы керектігінің қылаң беруі. өнерге қатаң талап қою ниетінің аңғарылуы. «Айқап» журналының бетінде отызға тарта өлең жинақтарына сын жариялануы және әр жинақ бойынша белгілі бір сыни ой-пікірдің айтылуы. «Қазақ» газетінде проблемалық материалдың, әсіресе қазақ әдебиетінің тарихы жөнінде Р.Марсеков, М.Дулатов мақалалары, әдеби жанрлар, әсіресе роман мәселесі жөніндегі ойлар, әдебиет кештерінің мәні, «Манап» драмасы туралы сындар, «Надандық құрбаны» сүбелі ойға бастау салуы, дастандар туралы пікірлер әдеби сынның марқайғандығының белгісі. Рецензия мен жарнама сын формаларының көрінуі және оның эстетикалық қауқары. Шолу және проблемалық мақаларда әдебиеттің өзекті мәселелерінің көтерілуі. М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, Г.Мамеков, М.Малдыбаев, Уалиолла Халели т.б. мақалалары. Әдебиеттің қоғамдық мәні, ақын-жазушыларды құрметтеу қажеттігі, өлең кітаптарының мән-жайын шолу, жалпы әдеби даму процесін бағдарлау, демократтық ой-пікірлерді қоштау, Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау, бүгінгі өмір шындығына шығарма арқауына айналдыру, реализмге ойысу, көркем образ жасау қажеттігі шығарманың мазмұнына түрі сай, халыққа түсінікті болуы, кітап шығару мәдениетін көтеру, өнерді қадірлеу идеяларының сын материалдарына өзек болуы. С.Торайғыров –жалынды сыншы, жауынгер публицист. Сұлтанмахмұттың «Айқап» журналында жарияланған сын мақаларының мәні және олардың қазақ әдебиет сынының туу процесіндегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланған материалдардан –жарнама сын, аннотация, оқушы хаты, рецензия, айтыс және оның шолу мақалалары, ғұмырнама, публицистикалық сын түрлерінің көрініп, қалыптасуға ден қоюы – «Айқап» пен «Қазақтың» әдебиет сынын тудырудағы тарихи рөлінің көрсеткіші, «Қазақстан», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің, «Садақ» журналының әдебиет сынына қосқан үлестері.

Сын жанрының жазба әдебиетке тән жанр екендігі. Қазақ әдебиетіндегі ағымдар және олардың сынға әсері. Жазба әдебиет өкілдері: Абай, Сұлтанмахмұт, Омар, Сәбит, Мағжан, Сәкен, Шәңгерей, Мұхаметжан шығармаларының сын жанрын тудыруға жасаған ықпалдары. Қазақ революциясы қарсаңында өлең жинақтарының көптеп жариялануы, оған алғы сөздері түріндегі дәйектеме сындардың жазылуы. Дәйектеме-сынның эстетикалық талдаудан гөрі түсіндіруге, мәселенің жәй-күйін баяндап беруге бейімділігі, дәйектеме-сынның әр қилы формада көрінуі. Дәйектеменің авторлық сынға жақындығы, оқушы назарын белгілі бағытқа бейімдеуі. Әдеби сын элементі қалың дәйектемелерінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы және ой-пікірдің қоюлығы. Ғұмырнаманың тууы. Абайдың 1909 жылғы өлеңдер жинағы, оған Кәкітай Ысқақовтың «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі» деген мақаласының қоса жариялануы және оның тарихи мәні. Абай жинағын құрастыру принципі, оның сыншылық ой-пікірге қатысы. Абайтану ілімінің басталуы. «Айқап» жураныл мен «Қазақ» газетінде Абай туралы жарияланған мақалалрдың мән-мақсаты және эстетикалық құны. Ұлы ақын творчествосының қазақтың әдеби ой-пікірінің оянуына, сын жанрының тууына жасаған әсері мен ықпалы. Қазан революциясына дейін қазақ әдебиеті сынының туып, ішкі жанрлық белгілермен көріне бастауы.

5-тақырып. Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы және әдебиеттану.

Заман және көркемдік мұрат. Қазан революциясының саяси-қоғамдық, экономикалық өзгерістерімен қатар халықтың ой-санасына, эстетикалық талап-талғамына төңкеріс жасауы. Оның тарихи, көркемдік мәні, салдары. Коммунистік партия мен В.Лениннің әдебиетті күрес құралына айналдыру жөніндегі саясаты. Маркстік-лениндік эстетиканың негіздері. В.Лениннің 1905 жылғы «Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» атты еңбегінің прграммалық сипаты. Партиялық және таптық принциптің жалпы азаммттық таным-біліктен оқшаулануы. Творчестволық бостандықтың әр қилы көрінстері. Халық өмірін білу, бүгінгі шындықты жыға түсуі, оның мәнді арналарын суртетеу –эстетиканың өзекті талабы. Көркемдік шеберлікті шынайы түсіну –жаңа әдебиеттің қоғамдық-әлекууметтік функциясын күшейтудің негізгі арнасы. Социалистік реализм әдісінің принциптері, форамлизм, футуризм, символизм, акмеизм пролеткультшылардың теріс көзқарасатры. Мәдени мұра жне оныигеру мәселесі. Әрбір ұлттық мәдениеттен түрлі мәдениет элементтернің болатындығы турал қағиданың жалғандығы. Советтік әдебиеттің ұйымдық негізі. Пролеткульт және оның қателіктері. «Кузница», «Леф», «Перевал», «На литературном посту», ВОАПП, РАПП ұйымдары, олардың творчестволық күшті біріктіру жолындағы қадамдары мен жасаған қателіктері. «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» туралы 1925 жылғы қаулы – таптық әдебиетті өркендетудің программасы, ақын-жазушылардың творчестволық бағытын жасау арнасы. Қазақстан баспасөздерінің қазақ кеңес әдебиетін өркендетудегі 1925 жылы Қаз АПП-тың құрылуы. Қаз АПП-тың әдебиет кадрын таптық тұрғыда топтастырудағы, көркем шығармалардың партиялық принципін айқындаудағы әрекеті, алаш қазақ-жазушыларына қарсы жүргізілген күресіндегі артық-кем сілтестер, Қаз АПП жұмысындағы қате-кемшіліктер. Тұрпайы социлологизмнің зияны творчество саласында әкімшілікке бой ұрудың терістігі, жолбикелердің достық қарым-қатынасының кемдігі, эстетикалық сын принциптерінің бұрмалануы.Көркемөнер ұйымдарын қайтадан құру туралы 1932 жылғы 23 сәуірдегі қаулы. Совет жазушыларының бүкілодақтық бірінші съезінің (1934) мәні. Көп ұлтты совет әдебиетінің творчестволық әдісі - социалистік реализм жариялануы. Эстетикалық сынның өріс алуына жағдай жасалуы, жаңа эстетикалық мұраттың қалыптасуы. «Қазақ мұңы», «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған алғашқы материалдардың сипаты. 1921 жылы Қазақ мемлекеттік баспасөзінің құрылуы. «Асау тұлпар», «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолына» (С.Сейфуллин), «Еңлік-Кебек», «Қорғансыздың күні» (М.Әуезов), Мағжан өлеңдер жинағы, «Біздің де күніміз туды» (А.Асылбеков), «Адасқан өмір» (С.Торайғыров) атты шығармалардың жариялануы, оларға жазылған сындардың саяси-әлеуметтік, эстетикалық мәні.

6-тақырып. Дарындар – сын додасында

«Қызыл Қазақстан» журналы, «Еңбекші қазақ» газеті, «Шолпан» мен «Темірқазық» журналдарында Сәкен шығармаларына жазылған сындар. Олардың мән-мақсаттары. Республикалық баспасөзде жарияланған сындар, Москвадағы күншығыс еңбекшілері университеті студенттерінің «Қазақ әдебиетіндегі орынды һәм орынсыз сындар» туралы ойлары және оның әдеби сынға жасаған ықпалы. Әдебиетте жасала бастаған жаңа адам образы – күрескер бейнесі, оның ұлттық характері, коллективтік бейне және жеке дара кейіпкер жайындағы айтыс-тартыс. Ақын-жазушының жаңа сипаты, оның қоғамдық-әлеуметтік борышы, үгіттік шығармаларының мәні туралы ой-пікірлер. Мағжанның Ташкент дәуірі - әдебиетіміздің үлкен олжасы. С.Қожанов алғысөзімен өлеңдер жинағының шығуы және Күн Шығыс еңбекшілері Н.Төреқұловтың бастауымен талқыға түсуі. Қазақ әдебиет сынында таптық позицияны күшейту және Мағжан шығармашылығына жаппай шабуылдың басталуы. Омбы-Қызылжарда ара-тұра қоғамдық іске араласып, махаббат лирикаларын мол жазған Мағжанның Ташкенттегі «Шолпан», «Сана», журналында, «Ақ жол» газетінде жарияланған шығармаларында романтикалық арнаның негізін қалау жайы. Ж.Аймауытовтың мақала-баяндамасының мағжантанудағы орны. «Тоқсанның тобын» жазғандағы Мағжанның көңіл-күйі, оны Кеңес әдебиетіне жақындатқысы келмегендердің арандатқыш іс-әрекеттері. Сыни ойдың ұнамды өріс таппауы - әдебиетке зиян. Мұхтар Әуезовтің сыншыл реализм аясында жазған шығармалары. Қазақ әдебиетіне европалық мәдениетпен (С.Мұқанов) келу жайы. Дарын ерекшелігіне мән бермеу, қисынсыз социологияға салынудың қиястығы. Қазақ әдебиет сынының жанрлық келбетінің қалыптаса бастауына Сәкен, Мағжан, Мұхтар шығармаларына жазылған сындардың ықпалы. Сыншы кім, оның атқарар міндеті не, творчестволық тұлғасына қандай талап қойылмақ, субъективті және объективті сындардың ролі туралы пікірлердің сарапқа салынуы – эстетикалық ойдың қалыптасу процесінің қарлығашы.

7-тақырып. Өркендеу өзегі - көркемдік әдіс

«Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» атты қаулысының көркемдік әдісті қалыптастыру жайындағы тұжырымы. «Еңбекші еңбек», «Ақжол» газеттерінде 1925 жылы қандай көркемдік әдісті басшылыққа алу жайында жарияланған мақалалар, оның төңірегіндегі айтыстар. Реализм бағытына ойысқан совет жазушыларының теориялық тұжырымдары. Реализмді революцияшыл романтикамен қанаттандыру жайындағы талпыныстар. Көркем әдебиеттің бүгінгі күн шындығынан нәр алуы, кезеңдік талап-тілекке қызмет етуі жөніндегі ойлар. Сыни пікірдің теориялық негізінің қалыңдай түсуі. Романтизм әдісін насихаттамақ ниеттердің кездесуі. Романтизмге ден қою, оның принциптеріне уағыздау, көшпелі халықтың санасынан гөрі қиялы ұшқыр болады деген қисынды орнықтыру ниеті. Сәкен Сейфуллин бастаған жаңа әдебиет өкілдерінің шығармаларын даттаушы сындардың көздеген мақсаты. Жаңа творчестволық күштердің айтыс үстінде шынығып, өрелі өңірлерге көз салуы. «Қазақ әдебиетіне әр алуан дертті: ыңырана күңіренуді, мистиканы және жұртқа жат эклектизм (әр кімге еліктегішті), декаденттікті екпек» (М.Әуезов сөзі) болғандардың тарихи сахнадан зорлап аласталуы, қуғын-сүргінге салынуы. Қалыптасып келе жатқан жаңа көркемдік әдістің сыншыл реализмнің озық дәстүрлерінен бой тасаламауы. Көптеген ақын-жазушылардың шығармаларында сыншыл реализм принциптерінің аңғарылуы, оны жетілдіре, дамыта қолдану, өнімді әдіске ұласу тенденциясының күшті болуы. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926), М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927), С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқановтың «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1932) еңбектерінің тарихи-теориялық мән-маңызы. Социалистік реализм мен сыншыл реализмнің арақатынасы жайында совет әдебиеттану ғылымында 60-70 жылдары болған талқылаулар –басып өткен жолымызды бағамдаудың теориялық қадамдары. Қазақ әдебиеттанудағы жаңа ізденістер сілемі. М.Әуезов ойларында, Ғаббас Тоғжанов, Әбдірахман Байдилдин, Бейсенбай Кенжебаев, Ыдырыс Мұстамбаев, Әмина Мәметова, Ілияс Қабылов, Мұстафа Көшеков, Әлкей Марғұлан, Балқай Байтуаев, Шаймерден Тоқжігітова, Хамза Жүсіпбеков сынды сыншылардың мақалаларында әдеби проблемаларды талқылау және артық-кем айтылған пікірлері. Социологиялық сынмен қатар социологиялық-эстетикалық сындардың көріне бастауы, оның әлеуметтік ой-пікірге тигізген әсері. А.Байтұрсынов- әдебиетші-ғалым, теоретик. Ғ.Тоғжановтың сыншылық қызметі. «Әдебиет және сын мәселелері» (1929), «Абай» (1935) атты кітаптары мен әдебиет жөніндегі мақалалары. Монографиялық талдау элементінің көрінуі. Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Ілияс шығармалары мен жас ақындардың өлеңдеріне жасалған талдаулардағы ұтымды көріністер мен қате тұжырымдар. С.Мұқановтың 1932 жылғы кітабында алаш ақын-жазушыларына арналған монографиялық талдаулардың артық-кемі. Елжан Бекенов, Жәкен Сәрсенбин, Даниял Ысқақов, Абдолла Байтасовтардың сыни еңбектерінің мәні. С.Сейфуллиннің замана бейнесін жасаудағы ізденістері. Жаңа адамның образын жасау. Ж.Аймауытов, М.Әуезов шығармалары. Б.Майлин жасаған Мырқымбай бейнесінің жаңалығы. Мағжанның романтикалық поэмалары. «Сұлушаш» поэмасында көркем образ жасау проблемасының шешім табуы. Өзіндік стиль, творчестволық қолтаңба, әр шығарманың көркемдік сапасына назар аудару, өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдыруы, жаңалықты орнықтыру жөніндегі ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының 20-жылдарға тән көркемдік мәселелерді көріп, орынды әңгімелеуі – оның жанрлық сипатын алу процесіне ұласқанын аңғартатын белгілер.

8-тақырып. Ұйымдасудың қияметі мен қиястығы

ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 23 сәуірдегі қаулысы советтік платформадағы творчестволық күштердің таптық ынтымағын орнатып, партиялық басшылықты күшейту шарасы. Жүзеге аспай қалған бұқарашыл «Алқа» мен пролетарлық әпербақан ҚазАПП ұйымдары дәуірінің өтуі. Жалпылама сыннан нақтылыққа көшу процесі. Жеке творчестволарға сын жазу, нақты шығарманың мән-маңызын, қате-кемшілгін көрсету процесінің басталуы - социологиялық-эстетикалық сынның марқаю белгісі. Қазақ өлеңінің мазмұнынна, өрнектік жаңалығына назар аударылуы, поэтикалық шығармаларға талаптың артуы. Әдебиет сынындағы хал-жағдайларды сарапқа салу, бірыңғай социологиялық сынның әдебиетке әсерінің аздығы айтыла бастауы, творчество адамының қабілет-дарынын даралау, оқып-үйрену мәселелері. Көркемдік құралдарын молату, сөз бояуларын ажарландыру, халыққа түсінікті шығарма беру, оның эстетикалық әсерін күшейту, дәстүр мен жаңашылдықтың өнерпаздық бірлігін талап ету, образ жасау тәсілдеріне жетілу, оқып үйрену жолдарын айқыдау, адам психологиясының өзгеруі, оған заманның әсері, мәдени өркендеудің әдебиетке жасаған ықпалы жайлы сыншылық ой-пікірлер. Сыншылық жасағының арнайы білім алған жаңа тобы. Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, З.Шашкин, С.Ерубаев, Б.Шалабев, Ә.Қоңыратбаев, Р.Жұманқұлов, Қ.Өтепов, М.Ғабдуллин сынды эстетикалық таным-бірліктер биік деңгейден табылған дарындардың сынға келуі, жазған мақалаларының мәні. Эстетикалық-социологиялық сынның өріс алуы. Е.Ысмайылов творчествосы. Әдеби ой-пікірдің кезеңдік дамумен байланыстылығы. Сын жанрының әралуан формада көрінуі. Монографиялық очерк, эстетикалық талдау, проблемалық айтыс, сыни еңбектердің жариялануы.

9-тақырып. Әдеби мұра және оны игеру мәселелері.

Әдеби мұраны бағалау, дұрыс зерттеу, насихаттау – сыншылық ойдың өрісі ғылыми арнаға бұратын сала. Мәдени мұра туралы ой-пікірлер. Бір мәдениетте екі түрлі мәдениеттің элементтері болатындығы туралы қисынның жалғандығы. Пролеткульт және оның мәдени мұрадан бас тартуы, жаңа мәдениет жасаудағы теориялық қателіктері. Пролеткультшылдықтың қазақ мәдениет қайраткерлеріне жасаған әсері, теріс ықпалы. Көркемдік дамудағы тарихи сабақтастық. Әдеби мұраны игеру барысындағы өзекті мәселе –қазақтың ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің халықтық сипатын ашу және Абай шығармаларының шын сырын түсіну - жеке ақындық творчестволық игерудің кілті. Халықтың ауыз әдебиетінің жинау, зерттеу қажеттілігінің айқындалуы, қате қисындарға соққы берілуі. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» атты еңбегінің фольклорға арналуы, С.Сейфуллиннің қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, пайдалану жөніндегі ашық хаты - халықтық творчествоны игеру процесінің басталғандығы. С.Сейфулиннің «Ескі әдебиет нұсқалары» мен «Батырлар жыры» жинақтарын шығаруы, 1932 жылы жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқулық-хрестоматия шығаруы кейінгі зерттеулерге өзек болуы. Ауыз әдебиеті үлгілерінің мектептік хрестоматиялар мен оқулықтардың арқау болуы, оқытылуы, батырлар жыры, лиро-эпостар, дастандар, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жинағының жариялануы, олардың ғылыми жүйемен зерттеле бастауы. «Бірыңғай ағым» теориясының зиянды ықпалы, қазақ эпосы фольклорын зерттеудегі кемшіліктер. 1953 жылғы ғылыми-теориялар конференцияда проблемаларына арналған конференцияда бұл қателіктердің сыры ашылып, оңтайлы жолға түсуі. Ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеудің ғылымыи жүйесінің жасалуы – қазақ әдебиет сынының қалыптасқандығының көрінісі. Әдеби мұраны игерудің ең күрделі және мәнді саласы – жеке ақын-жазушылар творчествосын тану, зерттеу. Абай творчествосының идеялық бағытын анықтауға пролеткульт теориясының жасаған зиянды ықпалы, Қаз АПП басшыларының теориялық ой-пікіріндегі қате-кемшіліктер. Абайдың ақындық өнерін таныған Ахмет, Мұхтар толғамдары, Сәкен, Сәбит; Ілияс, Ғаббастардың пікірлеріндегі қайшылықтар мен қателіктер. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің ерен еңбегі және артық-кем пікірлері. Ә.Сағдидің (1923), Б.Кенжебаевтың (1925), Ы.Мұстамбаевтың (1927), І.Қабыловтың (1928), С.Мұқановтың (1932), І.Жансүгіровтың (1933) Абай туралы мақалалары мен ой-пікірлері. Абай творчествосының халықтық сипатын мойындау процесінің басталуы, Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуын 1934 жылы атап өту және «Әдебиет майданы» журналының қос санының Абай творчествосына арналуы – Абай творчествосын ғылыми жүйеде зерттеудің басталуы. Ғаббас Тоғжановтың «Абай» (1935) атты монографиялық очеркі, оның социлологиялық-эстетикалық талдауындағы орынды һәм орынсыз пікірлер. 1939 жылы Абай шығармаларының екі томдығының жариялануы, оған жазған алғы сөзде С.Мұқановтың «Абай-халық ақыны» екендігін дәлелдеуі. Әдебиеттік жаңа деректердің мол жинала бастауы. Е.Ысмайылов пен Қ.Бекқожиннің 1940 жылы «Абай» атты сын библиографиялық материалдар көрсеткішін жариялауы. М.Әуезовтің Абай өмірін көркем шығармаға арқау етуі - абайтану ілімінің жан-жақты өркендеуге ден қойғандығының белгісі. Абай творчествосының ғылыми тұрғыда зерттеліп, танылуы – сыншылық ойдың үлкен жемісі, сонымен қатар жеке ақын-ажзушылардың шығармаларын кең көлемде зерттеу, сонымен қатар жеке ақын-жазушылардың шығармаларын кең көлемде зерттеу, әдебиет тарихынан орын беру бағытының дәйекті айқындалуы. Сұлтанмахмұт, Ақмолла, Ыбырай Алтынсарин, М.Өтемісов, Шортанбай, Дулат, Шәңгерей Бөкеев, Н.Орманбетов жинақтарының жарық көруі – қазақ әдебиеті тарихын жасау жолындағы қадамдар. Әдеби мұраны ғылыми негізде игеріп, зерттеу ісінің басталуы қазақ әдебиет сынының жанрлық қалыптасуының үлкен көрінісі және оның көлемді зерттеу жұымысына ден қоюы -әдебиеттану ғылымының туып келе жатқандығының белгісі.

10-тақырып. Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі.

Қазақ әдебиетінің сапалы оқулығын жасау жолындағы ізденістер. Әдебиет программаларын жасау - әдебиет тарихын жүйелі арнаға түсіру жолындағы қадам. Қазақ мектептерін оқу кітаптары, көмекші құралдар, оқулықтармен қамтамасыз ету - әдебиеттану саласы. Отызыншы жылдары жаңа мектеп жүйесінің қалыптасуы, бастауыш, орталау мектептерге лайықты оқу құралдарын жасау. С.Сейфуллин, Ө.Тұрмагнжанов, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаев, Б.Майлин, Ә.Мәметова, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Қ.Бекқожин, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, Т.Ақшолақоа, Ә.Марғұлан жасаған оқу кітаптары мен оқулықтар. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі болжамдар мен гипотезалар, қалыптасқан концепциялар, ғылыми қателіктер мен кемшіліктер. Хрестоматия құрау, оқулықтар жасау, ғылми-зерттеу еңбектерін жазу – қазақ әдебиеттану ғылымының негізі қалана бастауының қарлығашы. Сыншылық ойдың қалыптасуы.

11-тақырып. Сынның жанр ретінде қалыптасуы

Қазақ әдебиет сынының жанрлық қалыптасуы жолында кездескен қиындықтаар мен қайшылықтар, қателіктер, субъективті және объективті себептер. Өсу қиындығы мен өрлеу талабының мығымдығы. Жеке ақын-жазушылар төңірегінде болған айтыс-тартыстардың әдебиет бағытын айқындаудағы рөлі. Әдеби ағымдардың күресі, творчестволық күштердің өркендеуі, дөрекі социологиялық сынның зияны мен кесірлері. 30-жылдары қазақ совет әдебиетінің өркендеуі – социологиялық сынның арнасы. Жалпы мәдениеттің өсуі – талапты күшейтудің алғы шарты. Білімді кадр – білікті сынның иесі. Ақын-жазушылардың социологиялық-эстетикалық сынды өрістеуге ат салысуы. Қазақстан жазушыларының бірінші съезі, жазушылар одағы басқармасының 1937 жылғы пленумы, олардағы сын туралы бяндамалар. Мұхамеджан Қаратаев творчествосы. Қазақстан жазушыларының II съезі (1939) және социлогиялық-эстетикалық сынға ойысу тенденциясы. Оқулықтар жасау –практикалық қажеттілік қана емес, сыншылық ой-пікірді ғылыми жүйеге салудың амалы. Қазақ әдебеиеті сынының жанрлық қалыптасуындағы көрсететін формалар және олардың эстетикалық қауқары. Айтыс, полемика мақалаларының идеялық-творчестволық қауқарының артуы, нақтылыққа ден қоюы, ғылыми ой-пікірге жүгінуі. Әдеби сын очерктерінің творчестволық нысанының биіктігі, сын мен әдебиеттану тәсілдеріне, көркемдік сырларына үңілуі. Монографиялық зерттеулер мен сын жинақтарының, методикалық оқу құралдарының көріне бастауы, жеке ақын-жазушының творчестволық жолын барлау, ғылыми тұжырымдар жасау жолындағы жетістіктер. Ақын-жазушылар, қоғам, мәдениет қайраткерлерінің сыншылық ойлары. Сын түрлерінің творчестволық қажеттікті өтеуге жарауы, сыншылық ой-пікірдің қабындап өсуі, әдебиеттің қарқындап өрлеуі, әдебиеттің өркендеуіне жасаған объективті әсері – қазақ әдебиет сынының жанрлық қалыптасуын аңғартуы және творчестволық міндеттерді орындауға өнерпаздық мүмкіндігінің барлығы – қазақ әдебиетінің жанрлық баюының көрсеткіші.

12-тақырып. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы және қазіргі әдеби сынның жай-күйі. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдеби сын. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы жаңа ізденістер

Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде КПСС Орталық Комитетінің идеология мәселелеріне арналған қаулы-қарарларының сыни және ғылыми ой-пікірлері және шалыс басқан қадамдары. КПСС Орталық Комитетінің 1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысы туралы қаулысы, оның «Бірыңғай ағым» теориясының түзеуге бағыт сілтеуге ниеттене отырып, өзі пролеткультшылдық әпербақандыққа айналып кетуі әдебиет тарихындағы азатшылдық идеяларды тұншықтырып, европоцентристік көзқарасқа іш тартып орыс әдебиетінің әсер-ықпалын орынды-орынсыз тықпалауы, ұлттық ерекшеліктерге назар аударылмауы. Мектеп оқулықтары мен хрестоматияларын қайтадан жасағанда социологиялық дөрекілікке жол берілуі. Қазақтың ауыз әдебиеті тарихын жасаудағы ізденістер. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1 том, 1948) шығуы, оның ғылыми-теориялық мәні, кемшіліктері, орынсыз датталуы. «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі»- (1949) сыншылық ойдың ғылыми арна табуы, очерк жасаудың жөн-жобасы, эстетикалық талдаулардың солғындығы мен біржақтылығы. Абайтану ілімінің негізін қалаудағы М.Әуезовтің творчестволық ізденістері, Абай творчествосы жөніндегі еңбектер. Жеке творчестволардың зерттеле бастауы, монографиялық еңбекке арқау болуы. Қазақ әдебиеттануында әдеби сын очеркінің қанаттануы, монографиялық зерттеуге барлау жасау процесі. Қазақ халқы мен әдебиеті тарихын ғылыми методология негізінде жасау. Қазақтың халық ауыз әдебиеті, әсіресе қазақ эпосын зерттеу саласындағы қадамдар, нигилистік көзқарастар.

13-тақырып. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.

Қазақ әдебиет сыны мен ғылымының Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Қ.жармағанбетов, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Тоқмағанбетов, Т.Әлімқұлов сынды дарындардың жаңа толқын өнерпаз жастармен толысуы. А.Нұрқатов, Б.Сахариев, Т.Нұрғазин, Қ.Нұрмаханов, Қ.Қуандықов, С.Қирабев, З.ахметов, Р.Бердібаев, З.Қабдолов, М.Дүйсенов, Т.Кәкішев, Ш.Сатпаеева, Е.Лизунаова, М.Базарбаев, М.Ғабдуллин, Б.Шалабаев, Х.Әдібаев, Е.Габдиров, М.Хасенов, Н.Ғабдуллин, Х.Сүйіншәлиев т.б. көптеген дарындардың сын мен ғылымды өздерінің өнерпаздық арнасы етіп таңдауы, өндіріп еңбек етулері. КПСС XX съезі, оның қоғамдық өмірдің бар саласына, әсіресе әдебиеттану мен сынға жасаған әсері.

14-тақырып. 60-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

Қазақ халқының мәдени-әдеби мұраларын байыпты зерттеу туралы КПСС Орталық Комитетінің 1957 жылғы қаулысы және 1959 жылы қазақ әдебиетінің проблемалық мәселелері бойынша ғылыми-теориялық конференциясының өткізілуі, олардың қазақ әдебиет тарихын жасауға, әдебиеттану ғылымын өркендетуге жасаған ықпалы. Әдебиет тарихына қайта оралған ұлы дарындардың жаңа творчестволық процесс тудырып, жаңаша пайымдауды қажет етуі. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров творчестволары жайындағы көмекші оқу құралдары мен монографиялық зерттеулердің ғылыми мәні. 60-шы жылдардың екінші жартысы мен 70-шы жылдардың бас кезінде сын мен әдебиеттануға қосылған жасақтың өнімді ізденістері. Р.Нұрғалиев, З.Серікқалиев, Ә.Жәмішев, С.Ордалиев, Ф.Оразаев, Ә.Нарымбетов, М.Мағауин, Ш.Елеукенов, Б.Құндақбаев сынды көптеген дарындардың еңбектері. Қазақтың көне әдебиеті проблемасының күн тәртібіне қойылатын шешімін таба бастауы. Қазақ әдебиетінің тарихы бойынша алты кітапты үш том еңбектің жазылуы және оның қоғамдық-әлеуметтік мәні. Жоғары оқу орындарының тұрақты оқулықтар жасау мәселесінің шешім табуы. Қазақ әдебиет дамуында өздерінің творчестволық тұлғасы және стилімен көрінген дарынды өкілдері жөнінде әдеби-сын очерктері мен монографиялық зерттеулердің жариялануы. Әдебиеттің проблемалық мәселелері, жанрлардың туып-өркендеуі, өзге әдебиеттермен творчестволық байланысы жайлы зерттеулердің жарық көруі –қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуының айғақты белгілері. Қазақ әдебиеттану мен сынының жаңа кадрмен толысуы. С.Әшімбаев, С.Негимов, Ш.Ибраев, Б.Әлімжанов, Б.Ибраимов, Б.Сарбалаев, А.Егеубаев, М.Серғалиев, Т.Тоқбергенов, Д.Ысқаұлы, Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбеков, А.Қыраубаева, З.Бисенғалиев, Ө.Әбдиманұлы, Р.Тұрысбеков, Ж.Смағұлов сынды жас сыншылар мен ғалымдардың жауынгерлік сапта тұруы.

15-тақырып. Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі

Бүгінгі әдеби процеске араласу, көркемдік шеберлікті арттыру жолындағы эстетикалық талаптарды тұжырымдау, қазақ әдебиеттің дүниежүзілк дамуға ұласуы мәселелерінің әдебиет сынында кеңінен әңгімеленуі. Советтік жүйенің, коммунистік идеологияның творчестволық зұлымдықтың әшкерелнеуі. Қазақ әдебиетінің ұлы ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев сынды алыптардың қайтып оралуы. Алаш қозғалысының аяқталуы, қайраткерлердің тарих сахнасына қайта шығуы, қазақ елінің тәуелсіздікке қолы жетіп, егемендік алуы. Азаттықты аңсаған әдебиет өкілдерінің өлең-жырлары мен шығармалары тәуелсіздік рухын жаңаша баяндалуы, түсіндірлуі, зерттелуі. Қазақтың азаматық және әдеби-мәдени тарихтарын жаңаша бұрмаламай жазу жөніндегі игі қадамдар, оның артық-кем шалыстары. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сыны еркін тыныстап, ұлттық нысанын жоғары ұстауы, әлемдік таным-білік деңгейінде көрінуге талпынуы. әдебиет сыны мен ғылымының әр салаға көз салуы сыншы-ғалымның, ғалым-сыншының тұлғасының қалыптасуы - өнімді эстетикалық ізденіс кепілі.