Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс1.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
117.79 Кб
Скачать
    1. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың обьективті субьективті бегілері

Аталған қылмыстың обьективті белгілерін зерттей отырып әрттүрлі пікірлердің қайшылығын байқауымызға болады.

Бірінші кезекте қымыстың обьектісінен зерттеп отырғанда көптеген ойлар қайшыығы мен түсініспеушіліктерге тап болдым.

Жалпы жоғарыдағы тақырыптарда да атап кеткеніміздей қылмыстың обьектісі дегеніміз – ол қылмыс құрамының міндеті елементтерңнің бірі болып табылады, қылмыс құрамының обьектісінің болмауы қылмыстың болмауына алып кеетінін естен шығармағанымыз жөн болады деп есептейміз. Сонымен қатар обьекті дегеніміз – мемлекет бекіткен зңдар арқылы, мемлекеттік уәкіетті органдар арқылы қорғалатын, өзге қоғамдық қатынастарға қарғанда маңыздырақ қоғамдық қатынстар.

Ия қазіргі таңда аталған қылмыс Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 15-тарауында « Мемлекеттік қызмет пен мемекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қымыстық құқықтық бұзушылықтар» тұрған белгілі. Осы аталған тараудың осы арада тұруына байланысты көптеген қарама қайшы пікірлер туындайды. Осыған байанысты да әрқандай ғалымдардың ойлары әр жерден шығып отырғаны бұл тақырыптың әлі күнге дейін толыққанды зерттемегенінінң анық дәлелі деп түсінуіміз керек.

Біз осы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысын ҚРҚК-нің 15-тарауда көрсетілген «Мемлекеттік қызмет пен мемекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты тараудан алып тастап, 8-тараудағы « Экономикалық қызмет саласындағы қымыстық құқық бұзушылықтар» атты тараудың құрамына енгізгенді жөн санаймыз. Оған себеп бұлы қылмыс табиғатынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жақын. Бұл қылмыс жасалғаннан кейін бірінші кезекте заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан жеке тұлғаның немесе ұйымның конституциялық құқықтар тапталынады. Сонымен қатар Қымыстық кодекстің 365-бабында көрсетілген қылмыстың диспозициясында былай делінген «Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса». Міне осы диспозицияға қарап бізідң түсінігіміз бойынша аталған қылмыстаң субьектісі жалпы да болуы мүмкін. Демек аталған қылмыс өзінің табиғаты жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар құрамына жақын деуімізг болады.

Осыған байланысты Рессей Федерациясының Қылмыстық кодексіне қарайтын болсақ аталған қылмыс «Эконмикалық қызмет саласындағы қылмыстар» атты тарауында көрсетілген (РФ ҚК 169-бап). Бұл көзқарас біздің ұстанымымыз бойынша дұрыс деп есептейміз.

Ал енді заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың обьектісіне келер болсақ бұл арада отандық та рессейлік те ғалымдардың әрқайссынынң ойлары әрқилы.

Отандық ғалым И.И. Рогов пен Г.И. Баймурзиннің жазған Қылмыстық кодекске түсіндірмесіне сәйкес Атаған қымыстың обьектісі ретінде екі обектіні қарастырады. Бірінші кезекте кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүлік пен мүмкіндіктерінің шектелуі арқылы қоғамға қауіп туындайды.ал екінші кезектк мемекеттік органдардың жене жергілікті өзін басұару органдарынының беделіне зардап келеді деген секіледі дер айтып кеткен. Сонымен қатар аталған ғалым бұл қылмысты «экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қатарына жатқызады. [11. Б. 274].

Ал А.Н. Ағыбаевтің пайымдауы бойынша да атаған қымыс экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қатарына жатқызылады. Тікелей обьекті ретінде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастар танылады және ондай қатынастардың тізбегі Қазақстан Респбликасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 16 масымдағы арнайы заңында көрсетілген деген секілді қызықты пікір қалдырып кеткен [8. Б. 186]

Осы тақырыпқа байланысты И. Ш. Борчашвили өте мәнді мағыналы ойды қалдырып кеткен. Аталған қымыстың обектісі заңды кәсіпкерлік саласындағы мүдделер, экономиканың қалыпты жағдайы, тұтынушылар мүддесі, серіктестер мен өзге де тұғалардың құқығы, ұйымдарың, кәсіпкерліқ заңды кәспкерлік қызметке кедергі жасау арқасында мемлекет тйісті салық түріндегі пайдасына ала алмай қалады сол үшін мемлекет мүддесі де обьектісіне кіреді. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік билік өкілдерінің беделі түседі деген секілді ойды қалдырып кеткен [12. Б. 460].

Ал отандық ғалымдар И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтің пайымдауынша аталған қылмыстың тікелей обьектісі ретінде экономикалық қызметті реттеуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынасар ал қосымша обьекті ретінде кәсіпкерлік айналысуға азаматтардың құықығы жатады деген секілді қызық пікірді қалдырып кеткен [13. Б. 357].

Ия жоғарыда аталған И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтардың айтып отырғандары мен бір тараптама келіскеніммен толық келісе алмаймыз. Біздің пайымдауымызша экономикалық қызмет саасынадағы экономикалық қатынастарды қадағалауға байланысты қатынастар тектік обьекті болады да, ал тікелей обьекті кәсіпкерлік саласындағы қатысушыларының мүдделері болып табылса қосымша обьекті ретінде мемекеттік билік органдарының беделі мен абыройы деп білгеніміз жөн.

Осы тақырыпты зерттей отырып Рессей ғалымдарының жазған еңбектеріне де тоқталып өткенді жөн көрдік.

В.П. Ревиннің пайымдауы бойынша аталған қылмыстың тікелей обьектісі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін – өзі басқару органдары арқылы мемлекеттік қадағалауға алынатын кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастар танылады. Ал қосымша обьекті ретінде заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы көрсетілгенін айтып кеткен [14. Б. 559]7

Бұл ұстаным біздің пайыдауымыз бойынша қате ұстаным деп есептейміз. Жоғарыда аталған қылмыстың тікелей обьектісі мемлекет тарпынан қамтамасыз етілген заңды кәсіпкерік қыметіне байланысты қоғамдық қатынастар болып табылса, қосымша обьекті ретінде мемекеттік органдардың беделі мен абыройы танылуы тиіс деп есептейміз.

Ал Л. Д. Гаухман, Л. М. Колодкин, С.В. Максимов осы қылмыстың тікеей обьектісіне байланысты қызықты пікір қалдырып кеткен. Олардың пайымдауы бойынша аталған қымыстың тікелей обьектілері кәсіпкерлік саласындағы қызметті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынанстар және Мемлекеттік биліктің мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылатынын айтып кеткен [5. Б. 464]. Бұ жерде авторлар тіклей обьекті ретінде екі қоғамдық қатынасты көрсеткен.

Бұл көзқарас біршама ауытқушылықтарға алып келуі мүмкін. себебі бір қымыста екі тікелей обьекті болса әрине квалификация барысында қиыншылықта туындауы мүмкін. біздіңше бұл көзқарас біраз ауытқушылықтар мен түсініспеушіліктерге алып келуі мүмкін.

  1. Жоғарыда аталған көзқарастарды зерттей отырып, аталған қылмыс өз табиғаты жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жақын болғандықтан 15-тараудағы «Мемлекеттік қызмет пен мемекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауынан алып тастап, 8-тараудағы «қызмет саласындағы қымыстық құқық бұзушылықтар» тарауының құрамына енгізу керек деп есептейміз. Бұл әрине қылмыстық құқықта туындаған мәселелерді шешуге өзінің тиісті көмеін тигізеді деп есептейміз.

  2. Аталған қымыстың тектік обектісі экономика саласында туындайтын қоғамдық қатынастар деп есепейміз. Ал тікелей обьекті ретінде заңды кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген құқықтар мен бостандықтар, мүжжелер болып табылады. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік органдер мен мемлекеттік функцияларды жүжеге асыруға уәкілеттік берілген тұлғалардың құықтары мен бостандықтары танылады.

Ал ендігі кезекте аталған қылмыстың обьективті жағының белгілерін зерттейміз.

Аталған қылмыс мынандай қоғамға қауіпті әркеттермен сипаттаынады:

  1. Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;

  2. дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу;

  3. бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса;

Қазақстан Респубикасының жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкес заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының обьективті жағы осындай әрекеттермен сипатталынады.

  1. Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу. Бұл әрекет өз ішінде тағы да бірнеше әрекеттермен сиппатталады:

  1. Құрытайшылардың тізімін жасауға кедергі жасау;

  2. Серіктес болуға мәжбүрлеу;

  3. Дара кәсіпкердің немесе ұйымның қызметіне заңсыз бақылау, қадағлау жүргізу;

  4. Кәсіпкерлік мекемеге немесе дара кәсіпкерге өз құқығын жүзеге асыру бойынша өзге де кедергілер келтіру;

Осы әрекеттердің бірін жасаса жоғарыда көрсетілген дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдық – құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан комерциялық ұйымның құқықтар мен заңды мүдделерін шекетеу әрекеті бойынша квлификация жасалынуы керек.

  1. Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу. Бұл әрекет бірінші көрсетілген әрекеттен ерекшелінеді. Өз ішінде тағы да бірнеше әрекеттерге бөлінеді:

  1. Заңсыз түрде мекемені алып қою;

  2. материялдық жиынтықтарын алып қою, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласужәне т.б. Міне осы секілді әрекеттеріді жасаса екінші дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу әрекеті бойынша квалификация жасаынуы керек.

  1. Бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса. Жоғарыдағы әрекеттерді мемлекеттік функцияны орындауға уәкілеттіік берілген адам өз құзіретін пайдалана отырып жеке кәсіпкерлік субьнектісіне немесе ұйымға зардап келтіңрсе осы әрекет бойынша квалификация жасалынуы керек.

Осыған ұқсас ойды И. Ш. Борчашвилиде білдіріп кеткен [12. Б. 464].

И.Ш. Борчашвилидің пайымдауы бойынша жоғарыда атлған қылмыс осы баптың диспозициясында келтірілген әрекеттердің бірін жасағаннан кейін аяқталды деп есептелінеді, сонымен қатар заңшығарушы тағы бір міндетті белгісі ретінде ірі зардаптың болуы керек деп айтады, бұл белгі аталған қылмысты материялдық құрамға жатақызатынын айтып кеткен [12. Б. 465]. Біздің заңнама бойынша аталған қылмыс ірі зардап келгеннен соң аяқталды деп есептелінеді. Қылмыс құрамының материялды болуының өзі аталған қылмысты экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бузушылықтар тарауына жатқызуымыз керек екенін білдіреді. Себебі аталған қылмыстың материялдық құрам болуы міндетті белгі болып тұр.

Егер атаған қылмыстың тікелей обьектісі мемлекеттік басқару органдарының беделі мен абыройы болғанында онда бұлы қылмыс формалды құрам болуы керек болып есептелінетін еді. Осы негіздемелерді ескере отырып, заңшығарушы аталған қымысты экономикалық қызет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар тарауына енгізсе деген ұсынысты жасаймыз.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қымысының тікелей обьектісі – мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуына байланысты қоғамдық қатынастар. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік орандардың, мемлекеттік қызметкерердің абыройы және беделі болып табылады.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьективті белгілері

Кез келген қылмысқа ұқсап , аталған қылмыстың да сбьективті жағының белгілері міндетті белгілер қатарына жатады. Бірінші кезекте заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьектісіне келер болсақ аталған бапқа байланысты ғалымдар арасында түрлі пікірталастар көп. Кейбір ғалымдар атаған қылмыс субьектісі арнй деп есептесе кейбір ғалымдар аталған қылмыстың субьектісі жапы субьекті деп есептейді.

Кейбір отандық ғалымдардың пайыдауы бойынша аталған қылмыстың субьектісі арнайы , лауазымды тұлға деп есептейді [12. Б. 465;15. Б. 442; 16. Б. 344;]. Яғни бұл аталған ғалымдарыдың түсінігі бойынша аталған қылмысты тек арнайы субьекті жасайды деп есептейді, демек аталған қылмысты уәкіеттілігі жоқ адам жасаса онда қылмыс құрамы жоқ деген сөз. Біздің пайымдауымызшы аталған көзарас тек біржақтама ғана боып қалып аталған қымыстың субьектісін толыққанды көрсете алмаған.

Заңды кәсіпкерік қызметке кедергі жасаудың диспозициясына қарайтын болсақ со диспозициның өзі қылмыс субьектісі кз кеген адам болуы мүмкін дегенге келтіріліп жазылғаны көрініп тұр. Диспозицияда былай делінген: «Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса» ( ҚР ҚК. 365-бап). Диспозицяда «егер» деген сөз бұл бап субьетісін арнайыдан жалпы субьектіге айналдырып жіберіп отыр.

Осыған байланысты отандық белді ғалымдрдың қатарына кіретін проффесор И. И. Рогов пен Профессор С. М. Рахметовтердің пайымдаулары бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысудың субьектісі 16 жасқа толған есі дұрыс кез кеген адам болуы мүмкін деп атап кеткен. Сонымен қатар аталған қылмыстың суьтектісі арнайы да болуы мүмкін деген секілді ойды қалдырып кеткен [13. Б. 360]. Біздің көзқарасымыз бойынша аталған пайымдау дұрыс көрсетіліп кеткен. Егер аталған тараудың диспозициясы Мысалыға :«Уәкілетті адамның өз өкілеттілігін пайдалана отырып Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектесе, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласса, бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса»,- деп жазылып тұрғанда онда сөз жоқ аталған қылмыс субьектісі арнайы тұлға деуге толығымен болар еді. бірақ заң шығарушы осы бапты дәл диспозициядағы нұсқада шығарған екен онда аталған қылмыс субьектісі 16 жасқа толған ақыл – есі дұрыс кез келген адам болуы мүмкін.

Әр алуандылық пен толыққанды мәліметтер болуы үшін рессейлік ғалымдардың осы қылмысқа байланысты көзқарастарын зертеп қпрадым. Олардың арасында да аталған қылмыстың субьектісіне байланысты әртүрлі пікірлер қалыптасқан.

Л. Л. Кругликовтың пайымдауы бойынша аталған қымыстың субьектісі тек қана арнайы субьекті болуы мүмкін деген секілді пікірді қалдырып кеткен [17. Б. 248]

В. П. Ревинде осыған ұқсас пікірді қалдырып кеткен. Аталған қымыс субьектісі лауазымды адам болып табыатынын айтып кеткен [14. Б. 561]

Біздің көзқарасымыз аталған ғалымдардың пайымдауларын тек қана біржақтама зерттелген деп есептейді, бұл қылмыстың субьектісі әі болсада толыққанды зерттеулерді талап етеді.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың субьектісін көрсетуде рессейлік ғалымдар Гаухман Л. Д., Л. М. Колодкина, С. В. Максимовтер құнды мәлімет жазып қалдырған. Олардың пайымдаулары бойынша аталған қылмыстың субьектісі 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс кез – келген адам болуы мүмкін екенін жазып қадырған [5. Б. 468].

Жоғарыдағы мәліметтерді зерттей отырып бізідің пайымдауымыз бойынша заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьектісі 16 жсқа толған, ақыл есі дұрыс, кез – келген адам болуы мүмкін деген көзқарасты дұрыс деп есептейміз. Себебі жоғарыда атап кетеніміздей заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының диспозициясының өзі осы қымыстың субьектісі кез – келген адам болуы деген көзқарасқа келтіріп отыр.

Ендінгі заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қымысының субьективтік жағына келер болсақ аталған қылмыс тек қана қасақана нысанмен жасалынады. Абайсыз түрде жасаынуы мүмкін емес. Қымысты жасаушы адам өз әрекетінің қоғамға қауіпі екнін ұғынанды, соны біле түра заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасайды.

Оған дәле ретінде отандық және рессейлік ғалымдардың еңбектерін мысал ретінде келтіпуіміз мүмкін.

Оандық ғалым проффесор И. Ш. Борчашвилидің пайымдауы бойынша аталған қымыстың субьективті жағы тек қана қасақана жасалынады деген көзқарасқа келген. Қылмыс жасаған адам заңды кәсіпкерлік қызметке кедеогі жасап жатқанын ұғынады, алда болуы мүмкін қоғамға қауіпты зардаптың болуы мүмкін екенін көре біеді және сол зардаптың болуын қалайды. Қылмыс мотиві әртүрі болуы мүмкін (кек , жеккөрушілік) екенін айтып кеткен [12. Б. .465].

Жалпы бұл айтылған пікірдің дұрыстығынды ешбір дауымыз жоқ, бірақ осы субьективті жақтың міндтті белгілерін ашып көрсеткенде тақырып толық түсінікті болад еді.

Осы кемшілікті отандық ғалымдар, И. И. Рогов пен С. М. Рахметовер толықтырып кеткен. Олардың пайымдауы бойынша аталған қылмыс қасақана жасалынады. Қылмыс субьектісі өзінің әрекетінің қаншалықты залал келтіретінін біледі және солай болуын қалайды. Бұдан басқа тағы да міндетті белгі мақсат осы қылмыста міндетті түрде болуы керек. Аталған қылымыс субьектісі мынындай мақсаттары бар - өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсаттары бар деген секілі пікіррді қалдырып кеткен [13. Б. 359] Бізідң көзқарасымыз бойынша И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтердің көзқарастары дұрыс деп есептейміз.

Ал рессейлік ғаымдардың да көзқарастары отандық ғалымдардың көзқарастарымен сәйкес келіп отыр, яғни заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьективті жағы тек қасақаналық нысанда жасалынуы мүмкін деген көзқарасқа сәйкес келіп отыр [5. Б. 468; 14. Б.561; 17. Б. 248;]

Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып біздің көзқарсымыз бойына аталған қылмыс тек тікелей немесе жанама қасақаналық ныманнда жасалынуы мүмін. Қылмыс субьектісі өзінің әрекеті қоғамға қауіпті екенін біледі, және одан келетін зардапиың болмай қоймайтындығында ұғынанды, және сол зардаптың болуын тілейді немесе тілемесе де сол зардаптың болуына жол береді. Аталған қылмыстың тағы бір міндетті белгісі мақсат боып табылады. Қылмыс субьектісі алдына мынандай мақсаттарды қоюы мүмкін:

  1. немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсаты;

  2. басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсаты.

  1. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

    1. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды динамикасы, криминологиялық сипаты құрылымы

Қылмыстылықпен күресу мәселесі әрқашан маңызды

43