Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
philosophy / УМКД.doc
Скачиваний:
91
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
560.13 Кб
Скачать

Лекция тақырыптары.

1 Тақырып. Философия, оның пәні және оның қоғамдағы ролі.

  1. Философия, оның пәні, объектісі жөне қызметі.

  2. Философияның мәні мен мақсаты. Философия және әдеттегі сана. Философия және ғылым.

3. Көзкарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.

Философия пәні: Дүние және Адам. Философиялық танымның өзіндік ерекшілігі, оның болмысты түтастык және мағыналык жағынан сараптауға бағытталуы.

Дүниеге көзкарас туралы түсінік және оның күрылымы. Дүниеге көзкарастың әртүрлілігі, формалары және типтері. Мифология, дін, философия. Дүниеге көзкарастың формалары мен типтері Философия білімнің формасы ретінде. Философия мәдениеттің өзіндік санасы ретінде. Философия және ғылым. Философиялық білімдер жүйесі, олардың кұндылығьі.

Философияның мәдениеттегі орны мен ролі. Мифологиялық көзкарастың ерекшелігі.

Діни көзқарастың ерекшеліктері. Философия кәзқарас ретінде. Философияның орны.

Мифология және дін.

Дүниетанымдағы уақыт пен кеңістіктің әлеуметтік түсінілуі мен қабылдануы көп жағдайларда әлеуметтік танымның дамуы дәрежесіне байланысты болады. Әлеуметтік және табиғат әлеміндегі уақыттың дискреттілігі сипаты туралы түсініктің терең мағынасы бар. Әлеуметтік- тарихи уақыт пен кеңістік, бүкіл ғаламдық мөлшерге қозғалысының уақыт пен кеңістіктегі жалпы формаларының мезеттік көрінісі ғана. Әлеуметтік процестер ретінде олар физикалық уақыт пен кеңістік заңдылықтарының белгілі бір үзінді – фрагменті. П.В.Копнин «көбіне адам болмысының уақыты болатындығы, ал тарихтың, физикадан бірде бір кемдігі жоқ , уақыт туралы ғылым екендігі ұмытылып отырады» деп есептеген.

Тарихта қоғам өміріне қайшы дәстүрлі уақыт ұғымында оның үзіктері – жылдар, апталар, айлар,ғасырлар және т.б. қолданылады.Бұл адамдар тіршілік әрекетінің ұзақ уақыт бойы – аңшылық, малшылық, егіншілік формасында – табиғат ырғақтарына байланысты болғандығымен түсіндіріледі (маусымдылық, мерзімділік, күн мен түннің ауысуы т.б.). Өйткені ауылшаруашылығы еңбегіне негізделген алғашқы тұрмыстық , құл иеленушілік, феодалдық қоғамдарда, өндіру мен тұтыну натуралды сипат алды және тікелей «табиғи» қажеттерін қанағаттандырумен ғана шектелді, өндіріс жағдайлары, тіршілік әдістері мен формалары баяу өзгерді, ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында бүгіліп отырды. Осы факторларға сәйкес әлеуметтік тарихи уақыт, дербес өзіндік әлеуметтік-тарихи уақыт ретінде түсінілген жоқ, керісінше, негізінде табиғат заңдылықтары жатқан астрономиялық уақытпен теңестірілді.

Тарихи уақыттың негізгі қызметтерінің бірі тарихи дамудың сабақтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Тарихи уақытты адамзат тарихының, мәдениетінің сабақтастығы механизмдері тұрғысынан зерттегенде спецификалық, өзіне тән проблемалар туындайды, атап айтқанда,ол тарихи уақыт құрылымындағы ұрпақ элементімен байланысты. Бұл уақыттың шағын ғана, жеке аспектісі, бірақ тарих үшін маңызы зор.

Көшпелі және жартылай көшпелі халықтар тіршіліктің әртүрлі салаларын жақсы білді және өздерінің білімдерін өмірде қолданды. Қоршаған орта мен адамдар туралы ғасырлар бойы жинақталған білімдер – халықтың тәжірибе рационализмінің және дұрыстығының нәтижесі. Ол шаруашылықтың әртүрлі салаларын жүргізу әдістерінен, халықтың материалдық және рухани өмірінен көрініс тапты.

Қазақтар ежелгі замандардан ХХ ғасырдың басына дейін көне халықтық күнтізбені пайдаланды, оның негізінде он екі жылдық жануарлар циклі – мүшел жатты. Күнтізбе біздің заманымыздың қарсаңында ғұн саяси одағына кірген Орта Азияның көне көшпелі тайпаларының арасында пайда болды және осы уақыттан бастап Азияның көптеген халықтарында қолданысқа енді.

Мұсылманның жыл санағы 622-жылғы шілденің 16-жұлдызында Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға сахабаларымен ауып барған күннен басталады. Арабтың Ай календары 354 күннен тұрады, сонда әр жыл сайын 11 күнге ауытқып отырады.

Қазақ халықтық күнтізбесін зерттеуші белгілі ғалым М.Ысқақов, түріктер мен моңғолдардың көне замандарда аса маңызды құжаттардың қол қойылған мерзімін он екі жылдық жануарлар циклындағы – мүшел күнтізбесі арқылы белгілегенін атап көрсетеді. Ислам дінін қабылдағаннан кейін Алтын Орданың жазба деректерінде мүшел жүйесімен бірге хиджралық жыл санау қоса пайдаланды. Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығы құрылғаннан кейін қазақтар, көне түріктер сияқты, жылдың басын мүшел жүйесіне сәйкес 22-наурыздан бастады. Бұл уақыттың көктемгі теңісетін күні.

Бұл жыл санаудың ерекшелігі сонда жылдар санмен емес реттік орналасқан жануарлар атауымен белгіленеді. Әрбір 12 жыл өткеннен кейін цикл қайталанады. Төменде жаңа санақпен мүшел жылдардың кестесі беріліп отыр:

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ.

1. Абишев Қ. Философия (жоғарғы оку орындарының студенттеріне арналған). - Алматы, 1998.

2. Ильенков Э. В. Диалектическая логика. - М. , 1984.

3. Кессиои К. Х. От мифа к логосу - М. , 1972.

4. ЛосевА. Ф. Философия. Мифология. Кулыпура. - М. , 1991.

5. Мамардашвили М. К. Как я понимаю философию. - М. , 1990.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ.

1. Мир философии.кн. 1. , - М. , 1991.

2. Мифы народов мира: Энциклопедия в 2 т. - М. , 1991.

3. Ортега- и- Гассет X. Что такое философия? - М. , 1991.

4. Рыскалиев Т. Х. Даналык пен түсініктің үлгілері. (Философия тарихына шолу). - Алматы, 1999.

5. Хайдеггер М. Что такое философия? - М. , 1967.

6.Философиялықсөздік. - Алматы, 1996.

7. Ғ. Есім, Қ. Алтай. Философия тарихы мен ғылымы. – Алматы, Ғылым, 2008.

8. Т.Ізтілеуов, А.Кішібеков. Философия.- Алматы, 2007.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Философия дегеніміз не?

2. Философиялық білімдер жүйесі, олардың кұндылығы.

3. Философияның мәдениеттегі орны мен ролі.

Соседние файлы в папке philosophy