Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_TEKSTY.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
121.86 Кб
Скачать

19,23Билет

Қазақстандағы экологиялық аймақтар

Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады: Бірінші аймаққа – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Аталған аймаққа – Қазақстанның негізгі мұнай өндіретін Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Топырақтың құнарсыздануы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдеу процестерінің жүруіне, биокоп түрліліктің жойылуына әкеледі.Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда жоғары. Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Аталған аймақтардағы экологиялық мәселелер – қоршаған ортадағы өндірістік қалдықтардың жиналуы, нақты территориялардағы ауаның ластануы, ормандардың бүлінуі, территориялардың ерекше қорғауға алынуларының жеткіліксіздігі. .Үшінші аймаққа – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың құнарсыздануы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймаққа – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Жерді суару үшін Арал және Алакөл, Балқаш өзен, бассейндерінің суын пайдаланады.

26 Билет

Жарнама - ақпараттың бір түрі

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.

Қазіргі мағынадағы жарнама Қазақстанда 1920 жылдардағы жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болды. Одақ көлемінде В.Маяковский, В.Лисицкий, А.Родченко, А.Мандрусов сияқты белгілі тұлғалар жарнаманы саяси ұрандар тілімен сөйлете білді.

Жарнама барлық жерде қолданылып келеді.

Онымен ұйым «бейнесін» қалыптастыру үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету (рубрикалық жарнама), төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға жарнамалары).

Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.

Сезім мүшелеріне қарай сұрыпталу: визуальді, есту (ауызша), иіс сезу, дәм сезу, түйсік сезу және т.б.

Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).

29 Билет

Жастар — ел болашағы!

Елбасы жастар саясатын жүзеге асыруға ерекше қолдау көрсетіп келеді. Осындай қамқорлықтың арқасында бүгінде мемлекеттік жастар саясаты ел дамуының басым бағыты болып отыр. Жастарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жасалып, оны жүзеге асыруда республиканың түкпір-түкпірінде келелі жұмыстар атқарылуда. «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары арқылы жастарымыз тұрақты жұмыспен қамтылса, «Жасыл ел» арқылы олардың бос уақыттары тиімді үйлестіріліп келеді. Мұнымен қатар жастарды шағын және орта бизнеске баулу, жастардың кәсіпкерлігін дамыту мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесе отырып облыстың барлық аудан, қалаларында «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты семинар-тренинг ұйымдастырып өткізуде. Семинар-треннингте 2100 жас кәсіпкерліктің базалық бағыттарын тыңдап шығады. Сонымен қатар, елімізде жүргізіліп жатқан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде жастарды кәсіпкерлік негіздерін игеру мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 2011 жылы оқудан өткен 14-29 жас аралығында 10 кәсіпкер „Максимум“ аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 550,0 теңге көлемінде несие алып, жұмысын жандандыруда. Аталмыш бағдарлама бойынша ағымдағы жылы облыс бойынша 628 адам кәсіпкерліктің курсын оқуға жіберілсе, оның 137 (21,8%) жас азаматтар.

«Дипломмен ауылға» жобасы қазақ елінің қазығы болған ауыл үшін де, жастар үшін де өзекті бастама. Аталмыш жобаға байланысты Мемлекет басшысы тарапынан айтылған мәселелер студент жастардың көңілінен шыққан болуы керек. Бүгінде жобаға байланысты жұмыстар осы кездің өзінде-ақ қолға алынып, студенттердің арасында ауылға аттануға ниет білдірушілер саны уақыт өткен сайын арта түсуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында өңір жастарын жұмыспен қамту жұмыстары бүгінде өз нәтижесін беріп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]