Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының соттар құрамы

Тапсырма: Берілген мәтіндерді аударыңыздар

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының сот жүйесін Жоғарғы сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық), әскери соттар құрайды. Енді осы соттардың құрамына тоқталайық..

Аудандық (қалалық) соттар

Аудандық (қалалық) соттар әділет министрінің ұсынысы бойынша аудан, қала жөне қала аудандарында төрағаны және тұрақты судьяларды тағайындау арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің билігімен құрылады.

Аудандық (қалалық) соттың құрамына төраға және тұрақты судьялар кіреді. Судьялардың жалпы санын әділет министрінің ұсынысы бойынша Президент белгілейді. Әр сот үшін оның сандық құрамын әділет министрі анықтайды.

Аудандық (қалалық) сот бірінші инстанциядағы барлық істерді қарайды, сот статистикасын талдайды, заң арқылы берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және сот жұмысын ұйымдастырады. Ол судьялар арасында істерді бөледі, азаматтарды қабылдайды, сот аппараты қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар

Облыстық және оларға теңестірілген соттар әділет министрінің және Республика Жоғарғы соты кеңесінің ұсынысы бойынша Президент билігімен құрылады.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар төралқасына төраға, коллегиялар төрағалары, үш судья кіреді. Төралқа коллегиялар төрағаларының есептерін тыңдайды, сот практикасының материалдарымен танысады және оларды талқылайды. Істерді қарау нәтижесі бойынша қаулы шығарады. Соттар коллегиялары аппеляциялық және кассациялық тәртіптегі істерді қарайды. Коллегиялардың құрамын сот төрағасы бекітеді.

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы судья қызметін қоса атқарады және өз қарамағындағы сот жұмысын жүзеге асырады. Коллегия төрағасы судья қызметін атқарумен қатар, коллегия жұмысын ұйымдастырады.

Әскери соттар

Қазақстан Республикасында әскерлердің әскери соты, әскери бірлестіктердің /армиялар, әскери құрамалар, гарнизондар/ әскери соттары құрылады. Қазақстан Республикасындағы әскери соттардың жалпы санын Президент анықтайды. Судьялардың санын әр әскери сот үшін әділет министрі анықтайды. Республика әскерлерінің әскери сотының құрамына төраға, коллегиялар төрағалары кіреді. Сот төралқасы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі коллегиялар жұмыс істейді.

Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша әскери соттар облыстық соттарға теңестіріледі. Әскери бірлестіктің соты аудандық /қалалық/ сот мәртебесіне сәйкес. Ол төраға және судьялардан тұрады. Төраға судья болып табылады және құзірет шеңберіндегі әскери соттың жұмысын ұйымдастырады.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне қандай соттар кіреді?

  2. Аудандық / қалалық/ соттар қалай құрылады?

  3. Аудандық /қалалық/ соттың құрамына кім кіреді?

  4. Аудандық /қалалық/ сот құрамын кім анықтайды?

  5. Аудандық /қалалық/ сот қандай істерді қарайды?

  6. Сот төрағасы қандай қызмет атқарады?

  7. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қалай құрылады?

  8. Облыстық және оларға теңестірілген соттар төралқасының құрамы қандай?

  9. Бұл соттар қандай істерді қарайды?

  10. Қазақстанда қандай әскери соттар бар?

  11. Әскери сот құрамына кімдер кіреді?

  12. Әскери соттардың мәртебесі қандай?