Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дурысталган.docx
Скачиваний:
764
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
402.54 Кб
Скачать

Міндеттері

  • интеллектуалдық;

  • зертханалық жұмыстарды орындау;

  • әдебиеттермен жұмыс істей білу;

  • шығармашылық қабілеттілік пен ойлауды дамыту.

Ұстанымдары

  • пәнаралық байланыстағы теориялық ұғымның бірлігі;

  • пәнаралық байланыстың оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы бірлігі;

  • пәнаралық, пәнішілік, тақырыптық байланыстар жүйесінің бірлігі.

Мектептерде химия мен жаратылыстану пәндерін байланыстыру арқылы оқытуды ұйымдастыру әдістері

Түсіндірмелі – иллюстративті

Практикалық

Репродуктивті

Проблемалық жағдаятты

Жартылай ізденушілік эвристикалық

Зерттеушілік

Тәжірибе

Бақылау

Мектептерде химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту мазмұны

Пәнішілік байланыстар

  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру,

  • іс –әрекеттерін негізіндегі өзара байланыс

  • ғылыми деректерге негізделген пәнаралық байланыс;

  • ғылыми ұғымдарға негізделген пәнаралық байланыс

Пәнаралық байланыс арқылы оқытуды ұйымдастыру формалары

Химия мен жаратылыстану пәндерінің сабақ барысы

Сабақтан тыс жұмыстар арқылы байланыс

Өндірістерге топсаяхат барысындағы байланыс

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы байланыс

Нәтижесі: оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығының артуы.

Химияны жаратылыстану пәндерімен байланыстыру нәтижесінде теориялық білімнің ғылымилығы және оның практикалық мәні ашылады. Химия мен жаратылыстану пәндерінің мазмұнын сабақтастыра отырып, оқушылардың бүгін алған білімі мен келешекте меңгеретін білімінің байланысын күшейту және оларды дамыту мақсатын жүзеге асырады. Жалпы алғанда, осы мәселені талдау барысы көрсеткендей, пәнаралық байланыстарды жүйелі және жоспарлы жүзеге асыру оқытылатын пән мазмұнын іріктеу, білім беруді ұйымдастыру және тиімді әдістерді қолдануды керек етеді.

2.2 Мектептерде химиямен биологияны байланыстыра оқыту

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде пәндерді байланыстыра оқыту, оқу – тәрбие үрдісінде пәнаралық байланысты пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осындай түсінік негізінде біз мектептерде білім беруде пәндерді кіріктіре оқытуда, биологияны химиямен пәнаралық байланыста оқуда оқушылардың тиімді ақпаратты жинап – табуларына, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын көре отырып салыстыруларына, қорытынды шығаруға, теориялық білімді біртұтас меңгерулеріне, оқу жобасын жасап құрастыру жұмысын жүргізулеріне, олардың ақпараттық мәдениеттілігін көтеруге мүмкіндік туады. Оқушылардың химияның биологиямен байланысын жете білуі маңызды, көкейкесті мәселені қойып, оны оңтайлы шешудің жоспарын жасауды, тиісті материалдарды, деректерді толық жинап, оны талдауға, қорытындылай білуге мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс негізінде биология мен химия пәндерін кіріктіре оқыту оқушылардың логикалық ой қорытып, кез келген жағдаятта өз білімдерін қолдану барысында ақпарат көздерінен алған деректерінет сүйеніп мәселені дұрыс шешуге талпынысын тудырады.

Мектептерде биология мен химия пәндерін кіріктіре оқытудың мақсаты – жалғыз бір пән бойынша білім алып қана қоймай, мазмұны кіріктірілген білімді өзінің іс – әрекетінде оңтайлы пайдалануға, білім сапасын дамытуға мүмкіндік беруінде.

Бұл оқушыларға жаратылыстану ғылымдарының негізін саналы меңгертуге жағдай жасау талабынан туындауда. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың бір пәннен алған білімін келесі пәнді оқытуда кіріктіре отырып, білімнің ғылыми тұрғыдан кеңеюі мен тереңдеуін, олардың ортақ ұғымдарды саналы меңгеруін, ақпараттық материалдарды тиімді және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету мәселелеріне аса көңіл бөлеміз. Осының нәтижесінде оқушылардың дербестігі, танымдық белсенділігі артады, оқушының рөлі өзгеріп, ұйымдастырушы, басшы қалыбынан кеңесші деңгейіне дейін өседі. Бұл ретте оқытушы мен оқушының жаңаша тұрғыдағы қарым – қатынасының сипатын былайша сипаттауға болады:

  • оқушылардың дербестігі артады, олар өз жұмыстарының мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде өздігінен түзетуге мүмкіндік алады;

  • оқушылардың теориялық білімі мен практикалық дағды – біліктері нақты анықталады;

  • оқушыларда өздігінен іздену ақпарат көздерін іріктеу, қажетті материалдарды тауып, тиімді қолдану дағдылары қалыптасады.

Сөйтіп, пәнаралық байланыстардың әртүрлі нысандары болуы мүмкін.Теорияда мұндай байланыстардың нысандарын: 1) құрамына, 2) әсер ету бағытына, 3) байланыстарды түзетін элементтердің өзара әрекеттесу тәсіліне қарай ажыратады. Алғашқы нысан оқу материалының мазмұнымен, қалыптастырылатын білік – дағдылармен әрі ойлау операцияларымен, әдістерімен және ұйымдастырушылық нысандармен анықталатындықтан, мұнда

а) мазмұндық

ә) операциялық

б) әдістемелік

в) ұйымдастырушылық пәнаралық байланыс типтерін анықтауға болады.

Пәндерге бөлінетін сағат сандарының әртүрлі болуына байланысты оқу пәндерінің оқыту уақыты көбіне бір – біріне сәйкес келе бермейді. Демек, таза синхронды байланыстыруға қиындық туады. Практикада оқу пәндерінің арасында байланыстарға қатысты пайда болған проблемалық сұрақтар пәнаралық байланыстар теориясын, соның ішінде осындай жіктелістерін тудырды.

Дипломдық жұмысымның барысында биология мен химия пәндерінің байланысын саралап кіріктірудегі жетекші рөлді химия пәніне бердім. Әдебиеттерге талдау жасап, сондай –ақ, көпжылғы тәжірибелерге сүйене отырып, аталған пәндерді кіріктіруді біржақты қарастырдым: химия пәнін оқытуды биологияландыру; жаратылыстану ұғымдарын химиямен кіріктірубағыттары және жолдары; мектептерде биология мен химияны оқыту әдістемелерін дамыту мен маңызын ашу.

Нәтижесінде химия курсының биологиямен кірігуі арқылы біртұтастық деңгейі артты, бұл пәндердің мазмұндық және процессуалдықжағының кірігу дәрежесі өсті, жаңа материалды меңгеру, пысықтау, қорыту, жүйелеу сияқты дидактикалық кешенді іске асыру есебінен тиімділігі артты. Мұндай «дидактикалық жинақтау» арқылы кіріктірілетін оқу материалдарын оқыту оқу – тәрбие үрдісінің бірлігі шеңберінде іске асырылады. Мұнда биология мен химияны оқытудың әдістері мен нысандары да кіріктіріледі. Атап айтқанда, оқыту нысандарынан проблемалық, бинарлық және бейне дәріс, қорытындылау сабағы, зертханалық жұмыс және практикалық сабақтарды; ал оқыту әдістерінен түсіндіру, сипаттау, тәжірибе, өзіндік жұмыс және бақылауды атауға болады.

Ал оқыту құралдарына ақпараттық оқыту технологиялары, электрондық оқулық басылымдар, виртуальды зертхана, интернет, өз білімін тексеру тапсырмалары, бақылау және тест тапсырмалары жатады. Оқушылардың біз зерттеп отырған мәселеге байланысты пәндерді ақпараттандыру көмегімен кіріктіре оқыту негізінде тиісті білік – дағдыларды қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру үшін мынадай міндеттерді шешуге тура келді:

  • оқушылардың ақпараттандыруға қойылатын талаптарды игеру деңгейін анықтау;

  • биология мен химия пәндерінің арасындағы пәнаралық кіріктіру арқылы, білім беруді ақпараттандыру негізінде дербестікті интенсивтендірудің оңтайлы жолдарын айқындау;

  • биология мен химия пәндерінің кіріккен бағдарламасы, электрондық оқулық басылымдар негізінде оқушылардың өз білім білігін үнемі жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістемелік жүйе ұсыну.

Соңғы міндетте аталған әдістемелік жүйені жасауда мына ережелер басшылыққа алынды:

  • педагогикалық оқу орындарындағы биология пәні бойынша химия мен жануартану пәнінің осыған сәйкес теориялық мазмұнын пәнаралық байланыстарды толық пайдалану, оның негізінде оқушылардың оқу іс – әрекетін дербестендіру, оқытуды жеке тұлғаға, оның қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  • ақпараттық технологияның көмегімен дүниенің біртұтастығы туралы түсінік беретін пәнаралық және пәнішілік байланыстарды пайдаланып кіріктіре оқытудың тетігін құрылымдау, салыстыру әрі құрастыру мүмкіндігін туғызу;

  • ұсынылған жүйенің тиімділігін анықтау, ақпараттандыру негізінде әр тарау бойынша оқушылардың білім –біліктерін оқытудың құрылымдық компоненттерін анықтау, оқу мазмұнының теориялық және практикалық аспектілерін толықтыру, қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу.

Әдістемелік жүйенің оқу үрдісін ұйымдастырудың ізгілендіру, іргелендіру және прагматикаландыру принциптерін қамти отырып құрылуы биология мен химия пәнін байланыстыра оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Химия мен биология пәндерінің байланысын көрсету үшін химия мен жануартану пәндерінің тақырыптарын қалайша үйлестіру мүмкіндіктері, соның ішінде электрондық оқулық, тақырыпқа байланысты слайдтар – кесте түріндегі үлгіге түсірілді. 2- кестеде көрсетілгендей, бұл пәндерді кіріктіру мүмкіндігін пайдалана отырып, омыртқалы жануарлардың тіршілік ортасы – су, топырақ және ауа екендігі, олардың химиялық құрамының өзгеруі сол ортаны мекендейтін тірі организмдерге әсер ететін нақты деректер арқылы және электрондық көрнекі құралдар көмегімен түсіндіріледі.

Кесте 2 – Химия және биология пәндерінің кіріктірілетін тақырыптары.

Оқытуды ұйымдастыру нысандары

Кіріктіретін ххимиялық білім

Жануартану пәнінің тақырыптары

Ақпараттық технология мүмкіндігі

Дәріс сабақ

Қоректік элементтер және олардың организмдегі физиологиялық рөлі

Кіріспе. Омыртқалылырға сипаттама, тіршілік орталары, тіршілік әрекеті

Қоректік элементтерді, организмдегі физиологиялық рөлін электронды иллюстрациялар арқылы көрсету

Дәріс, зертханалық сабақтар

Ауаның құрамы: оттегі, тотығу үрдістері

Омыртқалылардың тыныс алу жүйесі

Ауаның құрамын, тыныс алу механизмін, химизмін электронды иллюстрация мен анимация арқылы көрсету

Дәріс, зертханалық сабақтар

Ақуыздар, көмірсулар, майлар

Омыртқалылардың асқорыту жүйесі

Асқорыту жүйесіндегі ақуыздар, көмірсулар, майлар дың өзгерістерін электронды иллюстрация мен анимация арқылы көрсету

Дәріс, зертханалық сабақтар

Ерітінділер, ерітінділердің ортасын анықтау

Омыртқалылардың зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесіндегі ерітінділердің анықталынған ортасын электронды иллюстрациялар арқылы көрсету

Дәріс, зертханалық сабақтар

Электролиттік диссоциация. Электролиттер, бейэлектролиттер

Омыртқалылардың қан айналым жүйесі

Қанайналым жүйесіндегі электролиттер, бейэлектролиттерді электронды иллюстрация арқылы көрсету

Оқытуды ұйымдастыру нысандары

Кіріктіретін химиялық білім

Жануартану пәнінің тақырыптары

Ақпараттық технология мүмкіндіктері

Зертханалық сабақтар

Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің беріктігі мен химиялық құрамы арасындағы байланыс

Омыртқалылырдың қаңқа жүйесі

Қаңқаның құрылысын, құрамын электронды иллюстрация арқылы көрсету

Сарамандық сабақ

Судағы тұз мөлшерінің сол ортадағы тіршілік иелеріне тигізетін әсері

«Өлі көлге» танымжорық. Сулы мекен ортасының фаунасымен танысу, бақылау жасау

«Өлі көлде» тіршілік ететін омыртқалыларды, судағы тұз мөлшерін эектронды иллюстрация мен анимация арқылы көрсету

Сарамандық сабақ

Ауа ластануының себептері. Қышқыл жаңбырлар

«Құс базарына» танымжорық және құстарды бақылау

«Құс базарына» танымжорық уақытында көрген құстарын анимация арқылы және оларға қышқыл жаңбырдың әсерін динамикалық бейнемен көрсету.

Көріп тұрғанымыздай, мектептерде химияны оқытуда оның биология пәнімен байланысын ашып көрсету үлкен маңызға ие. Бұл оқушыларды жаратылыстану пәндерін өзара байланыстыра білуге тәрбиелейді.

Химияны экологиямен байланыстыра оқыту

Мектептерде «Органикалық химия» курсын оқыту бағдарламасы бойынша органикалық химиядан сарамандық және зертханалық сабақтар өткізіледі,бірақ осы оқыту формалары арқылы теориялық материал беріліп, экологиялық білім беруге баса назар аударылмайды. Ғылыми әдістемелік құралдарға, әдебиеттерге талдау жасағанда да, мектептерде органикалық химия курсын оқыту үрдісі арқылы оқушыларға экологиялық білім беру республикамызда толығымен қарастырылмағаны байқалды. Сондықтан диплом жұмысында оқушыларға экологиялық білім беру үшін органикалық химия ұғымдары, экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдары арқылы органикалық химия курсын оқыту үрдісіндегі экологиялық білім беру құрылымы жасалды.

Мысалы органикалық химия курсындағы алғашқы тақырыптардың бірі – «Көмірсутектер» . Көмірсутектердің қарапайым өкілі – метан. Метан – химиялық түсінік. Теорияның мазмұнына кіріктірілген табиғат қорғау мәселелеріне көңіл аудара отырып, студенттерді метан, метан гомологтарының қасиеттерімен, алу жолдарымен, қолданылуымен таныстырумен қатар, ол заттарды алу технологиясының, тасымалдаудың кемшіліктеріне, содан заттарды алу технологиясының тасымалдаудың кемшіліктеріне, соның салдарынан ауаның, судың, топырақтың ластануына аса назар аударылады.

Көмірсутектерді тотықтыратын бактериялар бір жылда шамамен 15,2•107 тоннасын ыдыратып, қоршаған ортаға көмірқышқыл газы түзеді:

CH4 — CH3OH — HCOH — HCOOH — CO2

Табиғатты қорғау шарасы : метанды өнеркәсіпте қалдықсыз технология әдісі бойынша хлорлау арқылы органикалық синтездің шикізаты – хлорметан алады:

CH4 + Cl2 — CH3 Cl + HCl

2CH4 + O2 + 2HCl — 2CH3 Cl + H2O

Ұғымдарды қалыптастыру барысында оқушылардың ауада метанның жиналуына, оларға жол бермейтін бактериялардың табиғаттағы рөліне және көмірқышқыл газының түзілуіне, сондай – ақ оқушыларда биосферадағы метанның кері әсері туралы, табиғат тепе – теңдігі туралы ұғым қалыптасады.

Ластанудан сақтау шаралары

Қоршаған орта

Заттардың пирохимиялық айналымы

Химиялық элемент

Табиғатты қорғау және адам денсаулығы

Түзілген қалдықтарды залалсыздандыру

Органикалық заттар өндірісі

Органикалық заттар

Химиялық реакция

Химиялық ластанудан қорғау

Қоршаған ортаның ластануы

Ластанудың тұрақтылығы

Сурет 2 –Органикалық химия курсын оқыту үрдісінде экологиялық білім беру құрылымы.

Осыған орай химия өндірісінің екі жақтылық ұғымының рөлі дамытылып, тереңдетіліп отырады. Біріншіден, қоғамға, халық шаруашылығына қажет органикалық заттар өндіру болса, екіншіден, өндіріс қалдықтарымен табиғатты ластау болып табылады. Оқыту кезеңінің мақсаты химиялық, экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдарын дамыту, тереңдету болып есептеледі.

Экологиялық ұғымға қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара табиғи заңды қатынастарын және маңызын көрсететін ингералданған ұғымдар жатса, табиғатты қорғауға қоршаған орта күйін жақсартуға бағытталған әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық аспект шараларына қатысты ұғымдар жатады. Сонда, химиялық, экологиялық, табиғатты қорғау ұғымдары арасындағы байланыс пен өзара келісім оларды концентрлі деңгей жүйесінде көруге мүмкіндік береді.

Берілген жүйеге сай органикалық химия ұғымының экологиялық және табиғатты қорғау ұғымымен өзара байланысын ашсақ:

«Химиялық элемент» ұғымы, өлі және тірі табиғаттың сандық және сапалық құрамын сипаттау, тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті элементтер – «биогенді элементтер» ұғымын енгізу, экологияның негізгі ұғымдарының бірі химиялық элементтің биогеохимиялық алмасуын, сонымен қатар, элементті қоршаған ортаны ластаушы ретінде қарастыруға болады және тірі ағзаларға әсерін, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау шараларын көруге болады.

«Органикалық зат» ұғымы. Экологияны оқудағы химиялық аспектінің бірі – жер биосферасының дамуы мен өмір сүруіндегі органикалық заттың рөлін түсіну.

«Химиялық реакция» ұғымы адам ағзасында және қоршаған ортада өтетін кейбір биологиялық және химиялық үрдістердің маңызын ашады. Бұл жерде қоршаған ортадағы химиялық және биохимиялық үрдістердің тепе – тең жағдайларын ұстап тұруға бағытталған табиғатты қорғау шараларын қарастыруға болады.

«Химиялық өндіріс» негізіндегі білімді қалыптастыру ластаушылар, ластау көздері, химиялық өндіріс өнімдері мен қалдықтардың және заттардың табиғи айналымға түсуі нәтижесіндегі зардаптарды анықтауға, қоршаған ортадағы табиғи тепе – теңдіктің бұзылуы себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Келтірілген химиялық ұғымдардың негізгі мазмұны экологиялық білімнің құрылымдық жүйесіне біріктірілген ұғымдар блогының логикалық өзара қатынасын дәлелдейді. Органикалық химия курсының теориялық, зертханалық материалын осы экологиялық білімнің құрылымдық жүйесі негізінде оқушыларда химиялық, экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдары арқылы экологиялық білім қалыптастырамыз.

«Оттекті органикалық қосылыстар» тарауын оқыту үрдісінде эксперименттік есептің маңызы зор. Мысалы, нөмірленген пробиркада фенол, глицерин және крахмал беріледі. Сапалық реакциялар арқылы қай пробиркада қай зат барын анықтап, сол заттардың өндірістік маңызын және қоршаған ортаға әсерін түсіндіру жүктеледі. Ол үшін оқушылар :

  1. Заттың анықтау жоспарын құрады:

  2. Есепті шығарудың тәжірибелік жолдарын анықтайды:

а) Фенолды темірхлориді:

H

C6H5O C6H5O C6H5O

6C6H5OH +3FeCl3 Fe күлгін тұнба

6HCl

C6H5O C6H5O C6H5O

Осы реакция арқылы өнеркәсіптегі сарқынды сулардың құрамындағы фенолдың бар жоғы анықталады.

Өндірістік сарқынды сулардың құрамындағы фенол, жалпы фенол су қоймаларына түссе, өте тез арада оттекті сіңіріп, су бассейндерінің режимін бұзады:

C6H5O + 7O2 = 6CO2 + 3H2O

Фенолдың экожүйеге әсерін, аквариумға бірнеше тамшы фенол тамызып, аквариумдағы балықтар мен өсімдіктер тіршілігін бақылайды.

а) Крахмал йод ерітіндісі.

- Крахмал – табиғи полимер, жасыл өсімдіктердің жапырақтарында түзіледі.

6CO2 + 6H2O = C6H12O6 + 6O2

  • Глюкозадан синтездік жолмен крахмал түзіледі:

n C6H12O6= (C6H10O5) n + n H2O

  • Крахмалдың қышқылдық гидролизі нәтижесінде глюкоза түзіліп, ары қарай ферменттік ашу кезінде этил спирті түзіледі:

(C6H10O5) n = n C12H22O6 = n C6H12O6 = 2n C2H5OH + 2n CO2

Крахмал мальтоза глюкоза этанол

[O]

C2H5OH = CH3 — CHO

Этаналь

Яғни оқытудың әдістемелік түрінің бірі – экологиялық мазмұнды химиялық есептер шығару. Оның дәстүрлі химиялық есептерден айырмашылығы басты назарды адамның тәжірибелік қимыл – әрекетінде болатын ең маңызды түрлі химиялық қосылыстарды қолдануға, олардың қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері қарастырылады. Мұндай есепті шығару барысында органикалық химия курсын оқыту үрдісінде студенттерге экологиялық білім берудің құрылымдық жүйесіне сәйкес химиялық және экологиялық ұғымдар интеграцияланады:

Химиялық реакция Қоршаған ортаны ластаушы

Ластағыш заттың адамға әсері

Экологиялық мазмұнды химиялық есептерді келесідей белгілеріне қарай жітеуге болады: шығарылу әдісіне, есептің рөлі мен білімнің қалыптасуына байланысты. Мысалы, есептер ұғымына, мазмұнына қарай жіктеледі.

  1. – кесте. Экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдарын қалыптастырудағы есептердің жіктелуі.

Есеп түрлері

Экологиялық мазмұнды органикалық есептер

Түсініктерге жіктелуі

1. Мазмұны мен ұғым көлемін нақтылауға арналған есептер

3 ағаш қалдығынан 60 литр метанол алуға болады. Осындай көлемдегі спирт тотыққан кезде алынатын 40% формалин ерітіндісінің массасын табыңыз.

Қалдықтардың түзілуін ескерту

2 Ұғымдар арасындағы байланысты қалыптастыратын есептер

Фенолмен ластану әдетте мұнаймен ластанғанымен бірдей 2000 жыл Ульба өзенінен анализ үшін 100 мл –ден 3 үлгі алынған. Бұл үлгідегі фенол массасы 0.00145 мг, 0,00165 м2 , 0, 00170 мг болған. Фенолдың орташа концентрациясын есептеңіз. Және оны шектеулі концентрациямен салыстырыңыз.Фенолдың химиялық қасиетіне сүйеніп, суды тазарту жолдарын келтіріңіз.

Қоршаған ортаның ластануы, ластағыш заттарды бейтараптау.

Сонымен қатар есептер қарастырылатын мәселелер мазмұнына қарай жіктеуге болады.

3- кесте. Есептің мазмұны бойынша жіктелуі.

Тапсырма түрі

Экологиялық мазмұнды органикалық есептер

1. Химияның екіжақтылығын ашатын есеп

Ауыз суынан токсиньді және наркотикалық әсері бар заттардың болатыны анықталған. Сандық және сапалық анализ негізінде өндірістік фенол және мынадай заттардан тұратыны анықталған. Олар: 36,5% көміртегі, 1,5% сутегі, 8,1% оттегі, 53,9% хлор заттың молекулалық формуласын құрыңыз. Оны алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Табиғи ортаға осы заттардың мүмкін болатын түсу жолын көрсетіңіз.

2 .Тірі ағзаға химиялық қосылыстардың әсерін көрсететін есеп

Бензой қышқылы Е -210 тағамдық қоспа түрінде болады. Ол табиғатта көптеген жемістердің құрамында кездеседі. Оны бактерицидтік құрал ретінде, тұмауға қарсы йогурт, джем, жеміс шырындарына қосады. Бензой қышқылын мұнайдан алынатын маталйиклогексаннан алу жолын көрсетіңіз, оның тірі ағзаға әсері қандай?

3.Технологияның жетілмегенін қарастыратын есеп

Жылу электростанциясы тәулігіне құрамында 75% көміртегі және 5% күкірт бар 6400 т көмір жұмсайды. Егер газ түтінін тазалау өндірісі болмаса, тәулігіне қоршаған ортаға түсетін CO2 және SO2 оксидтері және көмірсутектердің массасын есептеңіз. Қоршаған ортаға осы шығарылған заттар қандай зиянын тигізеді?

4.Аймақтық экологиялық мәселелерін қарастыратын есеп

1996 жылы Каспий теңізінде қаржының болмауынан газ өткізу құрылысында мұнай газының 3млрд м3 факельде өртелді. Егер газ құрамы CH4 - 40% , C2H10 - 20% болса, C3H8 және C4H10 - 20% болса, атмосфераға түсетін көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз, оның қоршаған ортаға әсері болама?

Мұндай есептерді шешу химиялық білімді интерпратациялауға қазіргі жағдайда қолдануға, қоршаған ортаның нақты үрдісті елестетуге мүмкіндік береді. Сондықтан органикалық химия пәнінен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда осындай экологиялық мазмұнды сандық есептердің орны ерекше. Оның мақсаты теориялық материалды бекіте отырып, сарамандық есептеулер арқылы дағды мен қызығушылықты дамыту. Оқушылардың өзіндік жұмыстары оқу жұмысының негізгі бөлігі болып табылатындықтан және оның мақсаты – алынған білімдері мен дағдыларын бекіту, тереңдету, іздену арқылы жаңа білім алу, сонымен қатар тапсырманы орындау.