Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дурысталган.docx
Скачиваний:
764
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
402.54 Кб
Скачать
    1. Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудағы элективті курстардың маңызы

Қазіргі таңдағы оқушыларды химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту; оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлеуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау; жалпы және кәсіби білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері бойынша: базалық жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстарынан әртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті таңдау курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби сынықтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.

Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра элективті курсты пайдаланып оқытудың негізгі идеясы – оқушыларға таңдау мүмкіндігін беру болып табылады. Оқушылардың химия пәнінен терең білім алуының негізгі формасы ретінде таңдау бойынша курстары – элективті курстарды атауға болады. Пәнаралық байланысты оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ бейін бағытын саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Қазіргі кезде бейіналды курстардың нақты белгіленген типологиялары жоқ, көбінесе ғалымдар оларды үш типке бөліп көрсетеді.

Пән бойынша, мұндай элективті курстарын іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі.

Пәнаралық элективті курстар дәстүрлі оқу пәндерінің бір – бірімен байланысын қамтамасыз етеді.Олар мектеп оқушыларын бірқатар пәндер бойынша білімдерінің синтезін талап ететін кешенді мәселелер және міндеттермен, сонымен қатар оларды әртүрлі кәсіби салаларда шешу әдістерімен таныстырады. Мұндай курстардың міндеттері:

  • оқушылардың білімін жаратылыстану математикалық бағытта жалғастыруына бейімдеу;

  • оқушылардың икемдерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту;

  • әлемнің интегративті бейнесін қалыптастыру.

Бейімдеуші элективті курстар – оқу бағдарын талдауға және оқушылардың кәсіби бейімделуі бойынша психологиялық – педагогикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Олардың алдына келесі міндеттер қойылады:

  • оқушылардың қазіргі заман мамандықтар әлеміне бейімделуі үшін негіз болуы;

  • типтік іс – әрекет түрлерімен іс жүзінде танысу;

  • кәсіби сынықтарды ұйымдастыру.

Бұл курстар таныстырушы сипатқа ие болғандықтан, қысқа уақытта өткізіледі және жиі ауыстырылып отырылады. Бір курстың ең тиімді ұзақтығы – бір тоқсан.

Білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламалары қолданылады. Типтік оқу бағдарламаларын негізге ала отырып, мұғалімдер бейіналды элективті курс бағдарламаларын өздігінен жасайды. Кез келген оқу бағдарламасы сияқты элективті курс бағдарламасы да белгілі бір технология бойынша жасалатын және белгілі талаптарға жауап беретін нормативті құжат.

Қазіргі кездегі қолданылып келген белгілі бейіналды элективті курс бағдарламаларының құрылымы мен талдау негізінде элективті курс бағдарламаларын құрудың алгоритмін ұсындық:

  1. Түсінік хат

1.1 Элективті курстың түрі

1.2 Бағдарламаның көлемі, курс ұзақтығы

1.3 Бағдарламаның қажеттілік деңгейі

1.4 Бағдарламаның жаңалығы

2.Мақсаттары мен міндеттері

2.1Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

2.2 Пәнді игеру деңгейіне қойылатын талаптар

3.Мазмұны

3.1 Курстың тақырыптық жоспары

3.2 Негізгі берілетін ұғымдары

3.3 Курс бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі

4. Оқыту әдістемесі

4.1 Оқыту әдістемесінің қысқаша сипаттамасы

4.2 Сабақтарды ұйымдастыру формалары

4.3 Сарамандық, зертханалық жұмыстар тізімі

5. Білім бағалау

5.1 Оқушылардың білім деңгейін бағалау

5.2 Бағдарламаның тиімділігін бағалау әдістері

Бейіналды элективті курс барысындағы оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті оқыту тұжырымдамаларын таңдау себептері түсіндіріледі. Курсты оқытуда негізінен дамыта оқыту талабы жүзеге асады. Химияны оқу барысында мотивацияны қалыптастырудағы іс – әрекет қарастырылады.

Кез келген басқа жалпы білім беретін курстар сияқты бейіналды дайындық мақсаттары мен міндеттерін негізге алып, химияны оқуға деген қабілетін дамытудың көзделуі негізгі мақсатқа айналады.

«Мұнай және біз элективті курсын оқытуда теориялық материалдарды меңгеру эксперименттік жұмыстар арқылы жүзеге асады. Педагогикалық эксперимент кезінде химиялық эксперимент және оқушылардың өзіндік жұмыстарына баса көңіл аударылды.

Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында оқушылардың құзырлығы дамып, іс –әрекетке дайындығы күшейтілді. Осы жоғарыда атқарылған эксперименттік жұмыс мына төменде көрсетілген бағдарлама мазмұны бойынша жүзеге асты:

Мақсаты:

  1. Оқушылардың химия пәні бойынша өз қабілеттерін бағалауын және болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдауын қамтамасыз ету.

  2. Химиядан алған білімдерін кеңейту және тереңдету, жоғары деңгейдегі білім мазмұнын жалғастыруға және меңгеруге қажетті біліктерін бекітіп, нығайту.

  3. Мұнай химиясын оқытуда пайдаланылатын әдістерді химия ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қабылдайтын жалпы түсінік қалыптастыру;

  4. Оқушылардың іс – әрекеттегі іздену белсенділігін және пәнге деген ішкі мотивацияны дамыту, тұрақты әрі саналы қызығушылықтарды қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

  • Химия пәні бойынша теориялық білімдерін арттыруына жағдай жасау;

  • Химия, география, экология, экономика пәндері бойынша білімдерін интеграциялау;

  • Химиялық экспериментті орындауға қажетті практикалық білімдері мен біліктерін нығайту;

  • Химиялық білімге байланысты мамандық таңдауына оқу мотивациясын дамыту;

  • Экологиялық және экономикалық мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасау;

  • Оқушылардың оқу – коммуникативті білімдерін және біліктерін дамыту;

  • Іс –әрекеттің интеллектуалды және практикалық салаларын, танымдылық белсенділіктің, өздігінен жұмыс істеудің, ұқыптылықтың жинақылықтың, мақсатқа жетудегі өжеттіктің дамуына жағдай жасау.

Сабақ №

Тауарлар мен тақырыптардың атаулары

Сабақтың түрі

І. Мұнайдың маңызы (1сағ )

1

Кіріспе.Мұнайдың халық шаруашылығындағы маңызы

Сұхбат, сауалнама

ІІ.Мұнай.Құрылысы.Қолданылуы (5сағ)

2

«Қара алтынды» өңдеу

Сұхбат,зерт.жұмыс

3

Мұнайды фракциялау

Дәріс,зерт.жұмыс

4

Шикі мұнайдан соңғы өнімдерді алу

Өздік жұмыс

5

Химиялық байланыс

Дәріс,зерт.жұмыс

6

Алкандардың қайнау температуралары

Семинар сабақ

ІІІ.Мұнай – энергия көзі (6 сағ)

7

Энергия: бұрын, қазір, болашақта

Әлеуметтік сауалнама

8

Энергия және қазбалы отындар

Семинар сабақ

9

Жану процестерінің химиясы.Зертханалық жұмыс №5. Жану жылуы

Зерт.жұмыс

10

«Энергия айналуының тиімділігі» және «Жану жылуын қолдану» тақырыптарына есептер шығару

Есептер шығару

11

Отындардың молекулалық құрылымының өзгеруі

Дәріс

12

«Мұнай – энергия көзі» тақырыбын қорытындылау

Аналитикалық семинар

IV. Мұнайдан пайдалы материалдар мен заттарды алу (3 сағ)

13

Алкендер және оттекті органикалық қосылыстардың молекулалық құрылысы

Сұхбат,зерт.жұмыс

14

Мұнай және табиғи газ химиясы

Семинар сабақ

15

Тақырыпты қорытындылау

Іскер ойын

V. Мұнайды алмастыру жолдары (1 сағ)

16

Энергияның балама көздері.Химиялық өндіріс үшін шикізаттың балама көздері

Дәріс

VI. Мұнай және экология (1 сағ)

17

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанудың экологиялық зардаптары

Іскер ойын,зерт.жұмыс

18

Қорытынды сабақ. «Мұнай. Химиялық шикізат па, әлде отын ба?»

Дебат

Зерттеу тақырыбымызға байланысты қойылған болжамды тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді. Ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеруге арналған критерийлер жасалды. Элективті курс материалдарын оқыту кезінде оқушылардың іс – әрекетінің тиімділігін тексеру және химияны оқуға деген мотивацияның туындау деңгейі және оқушылардың болашақ химия бейініне қатысты өзіндік бағытын таңдауы анықталды.

Осының негізінде мектеп оқушыларына жүргізген сабақтың жоспары мен қорытындысы келесідей.

Сабақ жоспары:

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға жан – жақты білім беру.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ізденуге, бірлесе отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, еске түсіру, байқампаздық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, биология, физика.

Құрылымы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырманы түсіндіру.

ІІІ. Сұрақтар бойынша жарыс.

IV. Бекіту есептері.

V. Бағалау.

VI. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және жарысқа қатысушы оқушылар!

Бүгінгі « Химия көшбасшысы» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер! Бүгін сабаққа қатысып отырған екі 10 – сынып оқушыларын екі топқа бөлеміз. Яғни 10а – сынып оқушылары « металдар» , 10ә – сынып оқушылары « бейметалдар» тобы. Жарыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сабақ бес бөлімнен тұрады.

  1. Бәйге (10 сұрақ беріледі ең бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай).

  2. Дода ( металдар, жалпы химия, қызықты химия, теориялар бойынша сұрақтарға жауап беру).

  3. Аламан (ғалымдар, химия тұрмыста, қарлы кесек, әртүрлі бөлімдері бойынша сұрақтарға жауап беру).

  4. Химиялық реакция ( әр топқа 4 минут уақыт беріледі, дұрыс жазуы, теңестірген түрде болуы керек).

  5. Финал (есеп шығаруға 5 минут уақыт беріледі).

Ал енді ойыншыларымызға әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен таныс болайық. Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Жаманшина Динара апай, география пәнінің мұғалімі Айтжанова Марал апай және физика пәнінің мұғалімі Жакиева Жақсыгүл апай. Ал енді ойын шарттары түсінікті болса ойыншыларымызға сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.

Металдар тобы оң қапталдағы партаға, ал бейметалдар тобы сол қапталдағы партаға жайғаса беріңіздер. Ал біз сабағымыздың бірінші кезеңі бәйгені бастаймыз.

  1. Оксидтер дегеніміз не?

  2. Қышқылдар дегеніміз не?

  3. Негіз дегеніміз не?

  4. Тұз дегеніміз не?

  5. Реакция түрлерін атаңыз?

  6. Азот қыщқылының формуласы?

  7. Күкірт қышқылының формуласы?

  8. Тұз қышқылының формуласы?

  9. Молярлық массаның өлшем бірлігі қандай?

Келесі бөлім «Дода» деп аталады. Бұл кезеңде екі топ алма кезек ұяшықтардан таңдау жасап, жауап береді. Сұрақтар металдар, жалпы химия, теориялар мен дәлелдемелер жөнінде болады.

Металдар тақырыпшасы бойынша сұрақтар:

  1. Қанның құрамында кездесетін металл? (темір)

  2. Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)

  3. Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? (литий)

  4. Табиғатта тек саф күйінде кездесетін металдар? (алтын, күміс)

  5. Темірдің тот басқан өнімі? (тат)

  6. Жер бетінде қосылыстары ең көп таралған металл? (алюминий)

  7. ІІА топша металдары не деп аталады? (сілтілік жер)

  8. Сілтілік металдар қай топта орналасқан? (І)

  9. Темірді тот басудан қорғайтын металл? (мырыш)

  10. Ең қымбат металл? (платина).

Химия дәлелдеу бойынша сұрақтар:

  1. Неге қышқылдық тұз деп аталады?(қышқылдың құрамындағы сутек атомдары металл атомдарына толық алмаспаған).

  2. Сутектік байланысқа мысал келтір. Басқа байланыстардан айырмашылығы неде? (спирттер, су. Бұл жерде негізінен сутек және оттек атомдарының арасында түзіледі).

  3. Аллотропия дегеніміз не?Мысал келтір. (Бір элементтің бірнеше түрде өзгеріп кездесуі. Мысалы: оттек пен азот).

  4. Индикаторлар дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? (қышқылдық, негіздік ортаға байланысты өздерінің түрлерін өзгертетін заттар. Мысалы: лакмус, метилоранж).

  5. Валенттілік электрондары дегеніміз не? (орбитальдағы жұптаспаған электрондар).

  6. Генетикалық байланыс дегеніміз не? (әртүрлі бейорганикалық кластар арасындағы байланыстар).

  7. Химиялық байланыс дегеніміз не? Қандай түрлері бар? (әртүрлі электрондар арасында тарту және тебілу күштерінің теңесуі. Ковалентті, иондық, металдық сутектік).

  8. Химиялық реакция дегеніміз не? Қандай түрлері бар? (Химиялық құбылыс. Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу).

  9. Зат массасының сақталу заңы....(химиялық реакцияға кірген заттардың массасы одан шыққан заттардың массасына тең болады).

  10. Тұндыру дегеніміз не? (әртүрлі қоспаны бөлу жолдары. Бұл әдіс заттың тығыздықтарының әртүрлі болуына негізделген).

  11. Атом радиусы дегеніміз не? (ядродан атомның шеткі нүктесіне дейінгі арақашықтық).

  12. Иондық байланыс дегеніміз не? ( электртерістілігі өте алшақ атомдар арасындағы байланыс).

  13. 2А топша қандай топ деп аталады? ( сілтілік жер металдар).

  14. Қос тұз дегеніміз не? ( Құрамында екі металл кездесетін тұздың түрі).

  15. Гелий қандай валенттілік көрсетеді, неге? (оның валенттілігі жоқ, 8 топта орналасқан).

  16. Оттек өзіне неше электрон қосып алады, неге? (2. 6 топта орналасқаны үшін).

  17. Р орбитальдардың пішіні қандай, неше электрон сияды? (гантель тәрізді, 6 электрон сияды).

  18. Изотоп дегеніміз не? (протон сандары бірдей, нейтрон сандары әртүрлі атомдар).

  19. Бейтарап оксидтер дегеніміз не? (қышқылмен де, негізбен де әрекеттеспейтін заттар, олар үшеу ғана).

  20. Сілті мен негіздің бір – бірінен айырмашылығы қандай? (сілті суда ериді, негіз ерімейді).

Химия теория бойынша сұрақтар:

  1. Электртерістілік дегеніміз не? (Бір химиялық элемент атомының басқа бір химиялық элементтен атомдардың белгілі бір санын қосып алу қабілеті).

  2. Ковалентті байланыс дегеніміз не?

  3. Қышқылдар дегеніміз не? (сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыстар).

  4. Оксидтердің қандай түрлері бар?

  5. Химиялық элементтерді қазіргідей таңбалауды кім ғылымға енгізген? (Берцелиус).

  6. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (М.В.Ломоносов).

  7. Молекула дегеніміз не? (заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек).

  8. Галогендер сөзінің мағынасы (тұз тудырушы).

  9. Сілтілер дегеніміз не? (суда еритін негіздер).

  10. Периодтық жүйеде неше металл, неше бейметалл бар? (87 металл, 22 бейметалл).

  11. Ядролық реакция дегеніміз не? (атом ядроларының өзге ядролармен және қарапайым бөлшектерімен әрекеттесу нәтижесінде өзгеруі).

  12. Қайтымсыз реакция дегеніміз не? ( тек бір бағытта жүретін реакция).

  13. Тұз түзетін оксидтер қалай жіктеледі? (қышқылдық, негіздік, екідайлы).

  14. Қышқыл қалдығының заряды қандай? (теріс).

  15. Электролиттер дегеніміз не? (электр тогын өткізетін ерітінділер).

  16. Электронның массасы бар ма? (Бар, бірақ протонның массасының 1837 есе аз болғандықтан есепке алынбайды).

  17. Әрбір деңгейде бола алатын максималды электрон санын қалай анықтайды? (N = 2n2).

  18. Элемент өзіне электрон қосып алса қалай зарядталады? (теріс).

  19. Қандай орбитальдарды білесіңдер? (s, p, d, f ).

  20. Элементтің реттік нөмірі нені анықтайды? (протон мен электрон санын).

Жалпы химия бойынша сұрақтар:

  1. Қандай элементтер материктер атымен аталады? (Европий, америций).

  2. Планетамызда көп таралған элементтер? (сутегі, гелий).

  3. Атом энергетикасының негізгі элементі? (уран).

  4. Ең ауыр металл? (осмий).

  5. Қай элементтің омонимдері көп? (бор ғалым, орман, әктас).

  6. Ең жеңіл металл? (литий).

  7. Электронның заряды қандай? (минус).

  8. S орбитальдың пішіні қандай? (шар).

  9. Периодтық жүйеде қанша топ бар? (сегіз).

  10. Халькогендер сөзінің мағынасы қандай? (мыс кенін тудырушы).

Қазақстан және химия бойынша сұрақтар:

  1. Қазақ балалары ұлттық ойында пайдаланған металл? (қорғасын).

  2. Қазақ халқының түсінігі бойынша аспан әлемінде кездесетін металл? (темір темірқазық).

  3. Үй тұрмысында сәнді үшін қолданылатын металл? (күміс).

  4. Жез құрамы неден тұрады? (мыс пен мырыш).

  5. Қазақстан аймағынан табылған алтын адамдар қанша? (үш, төрт).

  6. Балқаш қаласы елімізде және әлемде қандай металл өндірумен аты шықты? (мыс).

  7. Сыртқы жараны жазуда қолданылатын бейметалл? (күкірт).

  8. Қазақстан қандай радиоактивті металды өндіруден әлемде бірінші орында? (уран).

  9. Қола құрамы неден тұрады? (мыс пен қалайы).

  10. Оқ жасауда қолданылатын металл? (қорғасын).

Қызықты химия бойынша сұрақтар:

  1. Қай элементтің бейнесі айдахардың бейнесіне ұқсайды? (күкірт).

  2. Тоңазытқыш жүйесінде қандай химиялық қосылыс қолданылады? (фреон).

  3. Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл? (қорғасын).

  4. Ақыл –ой элементі? (фосфор).

  5. Тіс қандай элемент жетіспегеннен ауырады? (фтор).

  6. Консерві қалбыры жасалатын металл? (қалайы).

  7. Техникада, медицинада, косметикада қандай май қолданылады? (вазелин).

  8. Болашақ отыны деп аталатын қандай элемент? (сутегі).

  9. Оксиді Марс планетасына қызыл түс беретін металл? (темір).

  10. Периодтық жүйедегі ең бірінші орналасқан элемент? (сутегі).

Келесі бөліміміз «Аламан» деп аталады. Бұл бөлімде ғалымдар, тұрмыста, әртүрлі және қарлы кесек бөлімдері бойынша 10, 20, 30, 40, 50 деген бөлімдер бойынша таңдап сәйкесінше сұрақтарға жауап береді.

Ғалымдар бойынша сұрақтар:

  1. Атомның планетарлық моделін кім ұсынды? (Резерфорд).

  2. 10- сынып «Мектеп баспасы» Химия оқулығының авторы кім? (Қ.Бекішов).

  3. «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы кім? (Ф.Энгельс).

  4. Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым? (Прусть)

  5. Қай ғалымға сыйлық ретінде бір грамм металл берілді? (М.Кюрийге жылрадий элементі үшін).

Әртүрлі бойынша сұрақтар:

  1. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер? (екідайлы).

  2. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл қандай? (тұз қышқылы).

  3. Ас содасының формуласы қандай? (NaHCO3).

  4. Динамитті ойлап тапқан ғалым кім? (А.Нобель).

  5. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? (ауаға көп мөлшерде көтерілген азот, күкірт оксидтері ауадағы су буымен қосылып, қышқыл түзеді).

Қарлы кесек бойынша сұрақтар:

  1. Диссоциация, швед, 1887 жыл. (Электролиттік диссоциация теориясын 1887 жылы швед ғалымы С.Аррениус ұсынды).

  2. 1869 жыл, үшінші наурыз, заң. (1869 жылы үшінші наурызда Д.И.Менделеев периодтық заңды ашты).

  3. Заңдар, стехиометриялық, сақтау. (стехиометриялық заңның негізгілерінің бірі болып табылатын заттар массасының сақталу заңы болып табылады).

  4. Тұздар, алмасу, бейтараптану. (қышқыл мен негіз әрекеттесіп нәтижесінде тұз және су түзілетін реакциялар алмасу реакциясы деп аталады, осы табиғатына байланысты бейтараптану реакциясы деп аталады).

  5. Газтектес, Авогадро, заң. (газтектес заттарға арналған негізгі заңды Авогадро ашты).

Химия тұрмыста бойынша сұрақтар:

  1. Асханада қолданылатын қышқыл? (сірке қышқылы).

  2. Пышақты қалай өткір етіп қайрауға болады? (қайрар алдында тұз қышқылының әлсіз ерітіндісіне біраз батыру қажет).

  3. Шараптың құрамында көп кездесетін көмірсу? (глюкоза).

  4. Алма, алмұрт, қауын кескенде пышақ неге қараяды? (Құрамында қышқылы бар ол темірмен қосылғанда сия түзеді).

  5. Адам ағзасындағы өт пен бүйрекке тас қайдан жинақталады? (судың құрамындағы еріген тұздардан жинақталады).

Келесі бөлім «Химиялық реакциялар» бөлімі. Бұл бөлімде екі топқа да үш реакция теңдеуі беріледі. Берілген реакция теңдеуі бойынша реакцияны аяқтап, теңестірілуі қажет.

Бірінші топқа арналған химиялық реакциялар:

CaCO3 + HCl = ?

H2 SO4 + NaCl = ?

Ca + Ba CO3 = ?

Екінші топқа арналған химиялық реакциялар:

KMnO4 = ?

H2 S + K2 SO4 = ?

Mg SO4 + Na2 CO3 = ?

Соңғы бөлімде екі топқа да екі есептен беріледі. Берілген есепті берілгенімен және шығарылу жолымен көрсетуі қажет.

Бірінші топтың есебі:

  1. Қалыпты жағдайда көлемі 28,5 л көміртек (ІV) оксидін 216 грамм магний гидроксидінен өткізгенде түзілген тұнбаның массасын табыңыз.

  2. 57 г мырыш мен 56 г күкірт қышқылыменн әрекеттескенде неше литр сутегі түзіледі?

Екінші топтың есебі:

  1. Қалыпты жағдайда 44,8 л көміртек (ІV) оксидін 513 грамм барий гидроксидінен өткізгенде түзілген тұнбаның массасы

  2. 12 г натрий хлориді мен 9,8 г сусыз күкірт қышқылын қосып қыздырғанда хлорсутектің қандай көлемі түзіледі?

Бағалау кезеңінде ең бірінші оқушылар бір – бірін формативті бағалау негізінде бағалады. Кейін әділқазы мүшелері қорытынды шығарды.

Сабақтың қорытындысы:

Бүгінгі сабағымызға біз екі 10- сынып оқушыларын алдық. Яғни осы екі сыныпты салыстыра отырып қорытынды диаграмма шығардық.

Қорытындылай келе:

Ең бірінші екі сыныптың деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын беріп сол арқылы қорытынды шығарып көрдік.

Сұрақтарға жауап беру жағынан оқушылардың көрсеткен көрсеткіштері:

Сабаққа дейін:

10а - сынып оқушылары – 48%.

10ә - сынып оқушылары - 52%.

Бағаның қорытындысы:

10а - сынып 10ә – сынып

« 5 » - 3 оқушы « 5 » - 5 оқушы

« 4 » - 5 оқушы « 4 » - 7 оқушы

« 3 » - 8 оқушы « 3 » - 6 оқушы

Сабақтан кейін:

10а - сынып оқушылары – 49%.

10ә - сынып оқушылары - 51%.

Бағаның қорытындысы:

10а - сынып 10ә – сынып

« 5 » - 3 оқушы « 5 » - 4 оқушы

« 4 » - 7 оқушы « 4 » - 6 оқушы

« 3 » - 6 оқушы « 3 » - 8 оқушы

Қорытындылай келе, 10а – сынып оқушыларының сабаққа дейінгі теория бойынша көрсеткіші қарсы топқа қарағанда төмен болды. Оны тест тапсырмаларын беру арқылы анықтадық. Ал сабақтан кейін бұл сыныптың көрсеткіші орташа деңгейге көтерілді. 10ә – сынып оқушыларының сабаққа дейінгі көрсеткіші қарсы топқа қарағанда жоғары болды. Сабақтан кейін бұл көрсеткіш сол сол күйінде сақталды. Осының негізінде екі сыныпты салыстырып қорытынды диаграмма шығардық.