Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
68.51 Кб
Скачать

Қосымша әдебиет:

  1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М., 1996.

  2. Леонтьев А.Н. Изб. Психологические произведения. М.: Педагогика, 1983.

  3. Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. М.: Педагогика, 1991.

  4. Романов В.В. Юридическая психология. – М., 1998.

3 дәріс тақырыбы: Нарықтық экономикалық шарттағы білім беру процесіндегі гносеологиялық және онтологиялық мәселелері

Мақсаты: Студенттерге нарықтық экономика шартының білім беру процесіндегі гносеологиялық және онтологиялық мәселелерін түсіндіру.

Кілтті сөздер: білім беру, инновациялық оқыту, жоғарғы білім беру жүйесі, өндірістің жаңа технологиялық тәсілі, өндірістің зиянсыздығы.

Жоспар:

  1. Қазіргі заманғы қоғамдағы білім беру

  2. Қазақстандағы білім беру

  3. Білім беру күрделілігі

Қазіргі заман қоғамында білім ең кең аумақты адам қызметі болып отыр. Бұдан миллиардтаған қатысушылар мен 50 млн. оқытушылар орын алуда. Білімнің әлеуметтік ролінің артқандығын көруге болады: оның бағыттары мен бүгінгі таңдағы көптеген тиімділігі адам болашағының дамуына тәуелді. Соңғы онжылдықта әлем өзінің әр түрлі білім түрлеріне көзқарасын өзгертті. Білім, әсіресе жоғары білім, әлеуметтік және экономикалық өрлеудегі басты мәселе болып қарастырылады. Білімге деген мұндай назар аударушылықтың түсінігі мынада, адам қоғамдағы қазіргі заман капиталының негізі және басты құндылық болып табылып, ізденуге және жаңа білімді меңгеруге, қалыпсыз мәселелерді шешуге қабілетті.

Барлық нақты және соңғы жылдары адам дамуындағы таза экономикалық өсу мен күшті техниканың дамуының шектеусіз және қауіптілігін біле отырып, болашақтағы даму адам даналығы мен мәдениетінің деңгейі көбірек анықтала бастады. Эрих Фромманың пікірінше, даму адамдағы бар болумен емес, оның кім екеніндегі және ол не істей алатындығымен анықталады.

Бұның барлығы мына фактіні көрсетеді, яғни өркениет дағдарысты жеңіп шығуда, адамзат ғаламдық мәселелерді шешудегі үлкен рольді білім атқарады.

Бұдан мынаны айта кетуге болады, яғни барлық дамыған елдер үлкен қаржы жұмсай отырып, әр ұлт өздерінің білім жүйелерін жасады. Жоғары білім реформасы мемлекеттік саясатта мәртебеге ие болды, өйткені мемлекет елдің болашағы жоғары білім болып табылатынын ұғынды. Саясатта мынадай мәселелер қарастырылды, студенттердің контингентінің өсуі жәнежоғары оқу орындарының саны, білім сапасы, жоғары мектептің жаңа функциялары, жаңа мәліметтер технологиясының таралуы мен саны.

Қазіргі білім жүйесінің сұранысы – «инновациялық оқыту», яғни қатысушылардың қабілеттерін қалыптастыру, болашақта өзінің кәсіптік шеберліктерін көрсете білу, жауапкершілікті сезіну, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

Мына жайтты міндетті түрде айта кету керек, Қазақстан үкіметі жоғары мектептің табысты реформасының бағытына аз күш жұмсаған жоқ. Дегенмен, жоғары білімді басқару жүйесіндегі басты көңіл болінетін бөлімдері мыналар:

  • өзін-өзі басқарудағы кеңейтілген даму формасы;

  • мемлекеттің білімнің орындалу саясатына жоғары оқу орнының тікелей қатысуы;

  • техникадағы гуманизация, қолданылудағы оның сипаттамасы мен құрылысы; адам сұраныстарын қанағаттандырудағы еңбегінің шығармашылық сипаты;

  • жоғары технологияның артықшылығы, өндірістің ғылыми көлемдегі дамуы;

  • өндірістік экология, экологиялық стандарт, аз қалдықты және қалдықсыз пайдалану технологиясы, табиғи шикізатты кешенді пайдалану және оны синтетикамен ауыстыру;

Жоғары мектептің басты мәселесі әр уақытта да жоғары кәсіпті мамандарды дайндау болып қала береді. Бірақ, қазіргі уақытта бұл мәселені білім іргетасынсыз шешу мүмкін емес. Бұл ғылым-техникасының дамуы ғылым іргетасына айналды, әр уақытта әрекеттегі және өндірістегі қозғалыс күшінің тиімділігіне айналып отырып, жаңа ғалами көлемдегі технологияларға ғана қатысты емес, сонымен қатар әртүрлі жаңашыл өндірістерге де қатысды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы қоғамдағы білім беру туралы айтыңыз.

  2. Қазақстандағы білім беруді бейнелеңіз.

  3. Білім берудің іргетасы дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Введение в практическуюпсихологию. М., 1995.

  2. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии.-М., 1997.

  3. Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.

  4. Сегизбаев О.С. История казахской философии.-Алматы, 1999.

  5. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

  6. Общая психология / Под.ред. А.В. Петровского.-М., 1986.

  7. Психологический словарь / Под.ред. В.В. Давыдова и др.-М., 1993.

  8. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М.: Академия, 2003.

  9. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  10. Педагогика и психология высшей школы: учебное пособие. – Отв.Ред. М.В. Буланова-Топоркова., Ростов н/Д: Феникс, 2002.

  11. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  12. Словарь персоналий. Психология от А до Я.. М., 1997.

Қосымша әдебиет:

  1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М., 1996.

  2. Леонтьев А.Н. Изб. Психологические произведения. М.: Педагогика, 1983.

  3. Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. М.: Педагогика, 1991.

4 дәріс тақырыбы: Қазіргі жағдайда оқыту сапасы мен эффективтілігін жоғарылатудың психологиялық әдістері мен тәсілдері

Мақсаты: Оқыту сапасын жоғарлатудың әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Кілтті сөздер: оқытудың күндізгі формасы, оқыту әдістері, қашықтан оқыту.

Жоспар:

  1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары

  2. Оқыту әдістері

Егер макро деңгейдегі оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескеретін болсақ, онда оның мына түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Оқытудың күндізгі түрі (кейде оны күндізгі деп атайды, бірақ бұндай оқудың тәулік уақытына байланысы өзін аздап ақтауда).

Оқытудың сырттай түрі – оқытудың күндізгі түріне қарама-қайшы келеді.

Күндізгі-сырттай (кешкі) түрі – барлық пәндерден оқытудың күндізгі және сырттай түрлері арасында аралық жай орын алады.

Экстернат - өз бетінше оқып жүріп оқу орнына емтихан тапсыру. Бұл тізімге «қашықтан оқытуды» (студент пен оқытушы арасындағы сұхбат электрондық пошта және Интернет арқылы жүзеге асады) қосуға болады, сонымен қатар оқытудағы құжаттар өзара жазысқан хат-хабарлар арқылы жүзеге асады.

Оқытудың ұйымдастыру түріне, студенттердің бір уақыттағы танымдық қызметтерін басқару әдістері, дәріс, семинарлар, арнайы семинарлар, коллоквиумдар, зертханалық жұмыстар, іс-тәжірибелер және арнайы іс-тәжірибелер, өзіндік жұмыстар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, өндірістік, педагогикалық және дипломдық тәжірибелер жатады.

Оқыту әдістері дәстүрлі нұсқада кейде оқыту әдістері бөлімдерге бөлінеді (дәріс, әңгіме, демонстрация, түсіндіру т.б.), оқудың әдістері (тыңдау, ойлау, жаттығу, оқулықтарды меңгеру, сонымен қатар практикалық жұмыстар, оқу зерттеу жұмыстары т.б.) және бақылау әдістері (сұрақ, бақылау, коллоквиум, сынақ, жоба қорғау т.б.).

Мәліметтер қоры және мәліметтерді беру әдістері ауызша, көрнекілік және іс-тәжірибелер әдістер. Тапсырма дидактикалық сипатына тәуелді бөлінулері: білімді меңгеру әдістері, дағды мен іскерлікті қалыптастыру әдістері, шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, білімді бақылау әдістері. Қатысушылардың танымдық іс-әрекеттерінің сипатын сәйксінше былай бөлуге болады: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, мәселелі, эвристикалық және зерттеу әдістері.

Оқытудың белсенді әдісінде мынадай әдістер бар, оқыту процесінде үлкен белсенді субъектіні қалыптастыруда енжар ролін білім алушылар атқарады. Жақын мазмұн мынадай түсінікте қалыптасады «әлеуметтік-психологиялық оқыту», «инновациялық оқыту», «оқытудың қарқындылық әдісі»: пікірсайыс әдісі, сезгіштік тренинг, ойын әдістері, мәселелі әдістер.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларын айтыңыз.

  2. Оқыту әдістерін атаңыз.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.- М.: «Академия», 2003.

  2. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М.: Академия, 2003.

  3. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  4. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии.-М., 1999.

  5. Бородовская Н.В., Реан А.А. Педагогика.-СПб., М., 2000.

  6. Акопов Г.В. Социальная психология образования.-М.: Флинта, 2000.

  7. Педагогика и психология высшей школы: учебное пособие. – Отв.Ред. М.В. Буланова-Топоркова., Ростов н/Д: Феникс, 2002.

Қосымша әдебиет:

  1. Морозов А.В. Деловая психология.-СПб.: «Союз», 2002.

  2. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  3. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М., 1996.

  4. Леонтьев А.Н. Изб. Психологические произведения. М.: Педагогика, 1983.

5 дәріс тақырыбы: Шиеленіскен жағдайларда оқыту процесін басқару

Мақсаты: Шиеленіскен жағдайлардағы жас факторы, психологиялық жарақат, мәдени орта.

Кілтті сөздер: жыныс факторы, жас факторы, психологиялық жарақат, мәдени орта.

Жоспар:

  1. Іскери шиеленістердің пайда болу шарты

  2. Шиеленістердің пайда болуына әсер ететін факторлар

  3. Шиеленістерді басқару стильдері

Іскери шиеленістердің пайда болу мүмкіндігі мекеменің нарықтағы өз орны мен таралуына байланысты жоғарылайды.

а) маманданған бөлімшелер арасындағы өзара әрекет қиындатылады.

б) мақсаттар мен құндылықтар туралы қызметкерлердің ойларының жиі қарама-қарсылығы, әртүрлілігі.

Интеллектуалды даму, өмірлік тәжірибе және білім деңгейіндегі айырмашылықтар іскерлік шиеленістің себебі болады. Бұдан басқа жүріс-тұрыс қылығындағы әртүрлілік тешиеленістер болуы мүмкін. Осылайша, импульсивті эмоционалды адамдарға бір-бірімен жұмыс істеу қиын. Бұндай ұжымда қызметкерлердің бір бөлігі салмақты, тұрақты және өмірлік тәжірибесі бар болуы тиіс.

Жыныс факторы: әйел адам мен ер адамның шиеленісуі шамамен бір жиелікте болады, бірақ, шиеленістердің себебі әр түрлі. Осылайша, егер әйел адамдардың жұмыс орнында жеке қажеттіліктерін және еңбек ақысы қанағаттандырылмаса, жылдық демалыстың және үстемақының бөлінуі әр түрлі жеңілдіктердің берілуі дұрыс болмаса, шиеленіс пайда болады. Ер адамдар еңбегі іс-әрекетінің мазмұны мен шарттарына байланысты құқықтарымен топталса шыдамайды. Олардың ұғымындағы бедел мен билік мүмкіндіктері болмайды. Олар үшін қажет емес бағыну формалары болады. Олар үшін қажет емес бағыну формалары болады. Еңбек құқығы олардың ойынша міндеттерге сай келмейді.

Жас факторы. Жас ұлғайған сайын қызметтестермен қарым-қатынастардағы өзгерістерге байланысты шиеленістер саны азаяды және жұмысжағдайын ұйымдастыру, еңбек мазмұнын қайшылықтарынан туындаған. Ересек жұмысшылар жаңа ұғымға жеңіл бейімделеді. Коммуникативті мәселелерге қарапайым түрде қарайды және адамның көпшіліктеріне үлкен шыдамдылық танытады.

Психологиялық жарақат және мәдени орта факторы. Біздің мәдениетке өзінің қанағаттанбауларын қоршаған адамдарға «лақтыру» ерекшелігі тән. Іскерлік шиеленістердің салдары позитивті жәненегативті болуы мүмкін. Айтылған шиеленістібасқару стилі көшетін жағдайлар.

Жарыс белсенді әрекет және өзіндік тұрмыс шешімнен өз бетінше шығу. Бұл тәсіл мына жағдайларда тиімді:

  • сіз үшін шығын өте маңызды юолғанда;

  • сізде жеткілікті бедел мен билік болған кезде;

  • тез жауап қайтаруды талап ететін дағдарыстық жағдайда болған кезде;

  • сізде басқа таңдау жоқ кезде;

  • бір топ адамдарға сіз тұйық шыға алмайтын жағдайда екеніңізді түсіндіре алмаған жағдайда тиімді;

  • қозғалып жатқан мәселе біз үшін аса маңызды болмаған кезде;

  • сіз өзіңіздің дұрыс еместігіңізді және басқа адамның дұрыстығын сезген кезде, сонымен қатар ол үлкен билікке ие болған болса;

  • қиын серіктеспен қатынас жасаған кезде сіз шешеім қабылдауға тырысып, бірақ не істеуін білмеген кезде.

  • мәселе бойынша жеткілікті ақпарат болмаған кезде;

  • қысым көп кезде және оны алып тастау керек болғанда;

  • уақытты ұту керек болған кезде.

Икемделу мына жағдайда тиімді:

  • біреуге жол бере отырып, аз нәрсенің қолдан кеткенін сезген кезде;

  • жағдайды жұмсарту керек болғанда;

  • нәтиже сізден гөрі басқа адамға маңызды екенін түсінген кезде;

  • әзілдік сіздің жақта болмаған кезде.

Ымыра (компромис) , яғни сіз өзіңіздің кейбір тілегіңізді қанағттандырып, сонымен қатар басқа адамның да тілегін орындаған кезде, мына жағдайда тиімді:

  • шиеленіске қатысушыларда билік бір деңгейде;

  • тез және уақытша шешім талап етілген кезде;

  • басқа бағыттар тиімді болмаған кезде;

  • ымыра өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік берген кезде.

Серіктестік ымырадан айырмашылығы шиеленісті шешуде терең деңгейде қол жеткізілетін және көп уақытты біріккен белсенді қатысуды талап етеді. Бұл стиль мына жағдайда тиімді:

- мәселенің шешілуі екі жаққа да маңызды болған кезде;

- сізде тығыз және ұзақ қарым-қатынас болған кезде;

- мәселе төңірегінде жұмыс жасауға уақытыңыз болғанда;

- екі жақта да теңдей билік болған кезде немесе шынайы билікпен иемденуде айырмашылықты жоққа шығарғысы келген кезде.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Іскерлік шиеліністің пайда болу себептері қандай болады?

  2. Шиеленісудің пайда болуына әсер ететін факторларды атаңыз.

  3. Шиеленісті басқарудың қандай стильдерін білесіз?

Негізгі әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Введение в практическуюпсихологию. М., 1995.

  2. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии.-М., 1997.

  3. Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.

  4. Сегизбаев О.С. История казахской философии.-Алматы, 1999.

  5. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

  6. Общая психология / Под.ред. А.В. Петровского.-М., 1986.

  7. Психологический словарь / Под.ред. В.В. Давыдова и др.-М., 1993.

  8. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М.: Академия, 2003.

  9. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  10. Педагогика и психология высшей школы: учебное пособие. – Отв.Ред. М.В. Буланова-Топоркова., Ростов н/Д: Феникс, 2002.

  11. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  12. Словарь персоналий. Психология от А до Я.. М., 1997.

Қосымша әдебиет:

  1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М., 1996.

  2. Леонтьев А.Н. Изб. Психологические произведения. М.: Педагогика, 1983.

  3. Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. М.: Педагогика, 1991.

  4. Романов В.В. Юридическая психология. – М., 1998.

6 дәріс тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Мақсаты: Студенттерге педагогикалық қарым-қатынас технологиясын түсіндіру.

Кілтті сөздер: авторитарлы стиль, риберальды стиль, демократиялық стиль.

Жоспар:

  1. Педагогикалық қарым-қатынас

  2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі

Психологияның педагогика үшін ерекше маңызы бар, өйткені жеке адамның даму заңдылықтарын, балалардың жеке мөлшеріне байланысты және индивидуалдық ерекшеліктерін білу білім беру мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістерін жасауға теорялық негіз болады.

Психологиямен педагогикамен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау және т.б) және адамның дербес ерекшеліктерін, демек, адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.

Психология мен педагогика ғылымдарының зерттейтін объектісі – адам. Бірақ, зерттеу екі бағытта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері ментәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылыми басты мәселелерді психологияның көмегімен шешеді. Мысалы, педагогика ұжым жайындағы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметтік психологияға, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байланысты мәселелерді-жас ерекшелік және педагогикалық психологияға, эстетикалық тәрбие теориясын қарастырғанда – психологиялық сезімдерге, әсіресе адамның таным әрекетіне байланысты сезімдер мен объективтік шындықтың сұлулығын қабыл алудан туатын көңіл-күйі эстетикалық сезімдерге сүйенеді.

Психолгияны білу адамның өзін-өзі тәрбиелеу үшін де өте маңызды. Психикалық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіну әр адамға өзінің күшті және осал жақтарын дұрыс бағалауға, индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға, жақсы қасиеттерін дамытып, жағымсыз жақтарын жоюға өз күш-жігерін дұрыс та саналы бағыттауға көмектеседі.

Психология диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыруда, адамдардың атеистік тәрбиесінде үлкен роль атқарады. Шындығында да, психикалық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіну адамды идеалистік ұғымдар мен нанымдардан азат етіп, өзінің жан-жүйесін түсінуіне, алғашында жұмсақ болып көрінген фактілерге ғылыми жауап табуға мүмкіндік тудырады.

Психология психикалық құбылыстардың табиғатын, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік қызметтің заңдылықтарын, жеке адамның психикалық қасиеттерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін болғандықтан, оны адамдар белгілі бір қарым-қатынаста болатын жерде, барлық жерде білуі қажет. Бұл білім әсіресе, жеткіншек ұрпаққа тәрбиелеу және тиянақты білім беру тәжірибесінде қажет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Мамандықты анықтау.

  2. Мамандықтың классификациясы

  3. Профессиографияның түсінігі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М.: Академия, 2003.

  2. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  3. Педагогика и психология высшей школы: учебное пособие. – Отв.Ред. М.В. Буланова-Топоркова., Ростов н/Д: Феникс, 2002.

  4. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  5. Словарь персоналий. Психология от А до Я.. М., 1997.

Қосымша әдебиет:

  1. Морозов А.В. Деловая психология.-СПб.: «Союз», 2002.

  2. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  3. Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. М.: Педагогика, 1991.

  4. Пряжников Н.С., Пряжникова Е.Ю. Психология труда и человеческого достоинства: Учебное пособие для студентов вузов.-М.: «Академия», 2003.

7 дәріс тақырыбы: Болашақ ортадағы кәсіптік қызметтегі жұмысшының прфессиограмма мен психограммасы

Мақсаты: Студенттерге жұмысшының болашақ іскерлік іс-әрекетінің прфессиограмма мен психограммасын түсіндіру.

Кілтті сөздер: мамандық, прфессиограмма, психограмма.