Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын к-г.б. с.ж..doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
978.94 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Оңтүстік Еуропа елдері, Испания.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Шығыс Еуропа елдерімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Испанияның өнеркәсібі?

2. Испанияның ауыл шаруашылығы?

3. Испанияның көлік жүйесі?

4. Испанияның өндірістік емес салалары?

5. Испанияның ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын түсіндіру.

Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы

Балтық, Адриат, Қара теңіз аралығында біртұтас аймақты алып жатыр.

Батыс Еуропа мен ТМД елдері арасында орналасқан.

Ірі транзиттік теміржолдар, автомобиль жолдары, электр және байланыс желілері өтеді.

Ел аумағында аса маңызды әуе жолдары тоғысады.

3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Шығыс Еуропа елдерінің табиғат ресурстарын түсіндіру.

4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Шығыс Еуропа елдерінің өнеркәсібін түсіндіру.

Отын-энергетика

Мұнай тапшылығына байланысты тас көмір мен қоңыр көмірге негізделген.

Машина жасау

Польшада ауыр машина жасау, станок, кеме жасау, Румынияда трактор, комбайн, электровоз, Венгрияда Жолаушы вагоны, өзен кемелері, автобус, Болгарияда кеме жасау т.б. маманданған.

Металлургия өнеркәсібі

Польшадағы Краков пен Катовице, Чехиядағы Острава мен Орталық Чехия, Словакиядағы Шығыс Словакия, Венгриядағы Дунайуварош, Румынияның Галац қаласындағы комбинаттар аймақтағы ең басты қара металлургия комбинаттары болып табылады.Венгрия әлемге ірі боксит-алюминий өнеркәсібімен әйгілі.

Химия өнеркәсібі

Венгриядағы химия-фармацевтика, Польшадағы мұнай-химия, Болгариядағы мұнай-химия кәсіпорындары тез қарқынмен дамуда.

Қорытындылау.