Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын к-г.б. с.ж..doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
978.94 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Солтүстік Африка елдері?

2. Батыс Африка елдері?

3. Орталық африка елдері?

4. Шығыс Африка елдері?

5. Оңтүстік Африка елдері?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Аустралия Одағын толық түсіндіру.

Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік жарты шарда, басқа материктер мен жетекші елдерден аса қашық орналасуы, сонымен қатар бір материкті бір ғана мемлекеттің алып жату .

Табиғаты және табиғат ресурстары

Жер шарындағы ең аласа материк. Жерінің 5%-ын таулар, қалған бөлігін жазықтар алып жатыр. Ішкі аудандарын шөлейт пен шөл алып жатыр. Тұщы судың 70%-ға жуығы жерді суару үшін, 10%-ы мал шаруашылығы мен ауылдық елді-мекендердің тұрмыс қажеттілігі үшін, 20%-ы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады. Боксит, қорғасын, мырыш, темір, никель, уран кендерінің қоры өте мол.

Халқы

Халқы 19,7 млн адам. Байырғы халқы аборигендер 1%-ды ғана құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 2 адамнан келеді.. Халықтың 86%-ы қалаларда тұрады.

Өнеркәсібі

Ең ежелгі, жетекші саласы-тау-кен өнеркәсібі, ол елдегі өнеркәсіп өнімінің 1/3-інен артығын өндіреді. Басты орталығы-Брокен-Хилл қаласы. Порт-Пириде қорғасын, Рисдонда мырыш балқыту зауыттары жұмыс істейді. Темір кені Батыс Аустралияда шоғырланған. Уранның 1/3-і шоғырланған. Көмір өндіретін негізгі кен орындары Ньюкасл, Сидней, Порт-Кембла қалалары маңында. Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері: тау-кен өндірісі, тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар; көлік пен әскери техника; ауыл шаруашылығы машиналары, металл кесетін станоктар мен өндірістік роботтар; әр түрлі құрал-саймандар.

Ауыл шаруашылығы

Жүн өндіруден д.ж. 1-ші орын алады. Аустралия Альпісінің оңтүстік-шығыс тау алды және елдің оңтүстік-батыс бөлігінде бидай өсіріледі. Аустралия үшін ең тиімді сала-жайылымдық мал шаруашылығы, әсіресе қой өсіру. Қойдың жартысына жығы Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штаттарында бағылады. Ірі қараның саны 26 млн-ға жық.

Көлігі

Сыртқы жүк айналымы теңіз жолы арқылы, ішкі жүк айналымы автокөлік арқылы жүзеге асады. 70-тен астам сауда порттары, 43 халықаралық әуе компаниялары бар.

Ішкі айырмашылықтары

Игерілу дәрежесі мен аумақтық ерекшелігіне қарай үш ауданға бөлінеді: 1) ерте игеріліп, жоғары дамыған аудан; 2) жаңа игерілген аудан; 3) нашар игерілген аудан.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Аустралия Одағының экономикалық-географииялық жағдайы?

2. Аустралия Одағының халқы?

3. Аустралия Одағының өнеркәсібі?

4. Аустралия Одағының ауыл шаруашылығы?

5. Аустралия Одағының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?