Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын к-г.б. с.ж..doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
978.94 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасы елдерінің географиялық орны?

2. Латын Америкасы елдерінің табиғат ресурстары?

3. Латын Америкасы елдерінің халқы?

4. Латын Америкасы елдерінің жер бедері?

5. Латын Америкасы елдерінің қалалары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Бразилияны толық түсіндіру.

Географиялық орны

Солтүстігінде Гвиана, Суринам, Гайана, Венесуэла, батысында Колумбия, Перу, Оңтүстігінде Боливия, Парагвай, Уругвай, шығысында Аталант мұхитымен шектеседі.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстігі, Бразилия таулы үстіріті мен Амазонка ойпаты орналасқан. Елде марганец, алмас, боксит, алтын, полиметалдардың д.ж. маңызы бар кен орындары барланған. Аса ірі Қаражас кен орнында темір, түсті және сирек кездесетін металдардың мол қоры табылған. Бразилия жері, негізінен, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналасқан, оңтүстік тропиктік белдеуге енеді.

Халқы

Халқы 182 млн адам. Қала халқының үлесі 78%. Аса ірі қалалары-Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти, Ресифи, Порт-Алегри. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 20 адамнан келеді.180-нен астам тілде сөйлейтін 200 үндіс тайпасы мекен етеді. Мемлекеттік тілі –португал тілі. Халқының көпшілігі-католиктер, протестанттар мен жергілікті діндерді ұстанушылар да бар.

Өнеркәсібі

Энергиясында су энергиясы мен мұнай мен газ басым орын алады. Басқа түрлерінен этил спиртінің маызы артуда. Алюминий өндіруден д.ж. 4-ші орында. Машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30%-дан астамы тиесілі. Жылына 2,3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан д.ж. 5-ші орында. Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген-ду-Бразил», «Дженерал Моторс», «Форд-Виллис», «Крайслер-ду-Бразил» жетекші орын алады.

Ауыл шаруашылығы

Басты ауыл шаруашылық дақылдары-кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршақ, бидай, какао, мақта. Мал шаруашылығында ірі қара малдың үлесі жоғары. Жыл сайын Амазонка ормандарынан 50 мың т-ға дейін табиғи каучук өнімдері, балауыз, ақ жаңғақ жиналады, Оңтүстік аудандарда парагвай шайы мен араукария сүрегін дайындау жүргізіледі

Көлігі

Тас жолдардың жалпы ұзындығы-2 млн км-ден асса, темір жол 22 мың км созылып жатыр, Сыртқы қатынастар теңіз және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқа экономикалық байланыстары

Экспортқа темір, машина жасау өнімдері, бұршақ пен ұн өнімдері, кофе, какао, қант, жеміс шырындары, боксит шығарады. Импорт мұнай, құрал-жабдықтар, көмір құрайды.

Қорытындылау.