Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын к-г.б. с.ж..doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
978.94 Кб
Скачать

Ақш-қа қоныс аударушылар үлесі

Латын Америкасы.

55 %

Азия.

30 %

Еуропа.

10 %

Басқа аймақтар.

5 %

4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы АҚШ-тың табиғат ресурстарын түсіндіру.

Минералдық ресурстар

Пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарына байланысты, батыста магмалық, ал шығыста, шөгінді пайдалы қазбалар тараған. 30-дан астам штаттың аумағында көмір, Мексика шығанағы жағалауынан, Калифорния мен Аляскадан мұнай мен газдың аса маңызды кен орындары табылған.

Энергетикалық ресурстар

Елдегі ең ірі СЭС-тер тізбегі Теннеси мен Колумбия өзендерінде салынған. Колумбия өзеніндегі Гранд-Кули СЭС-і қуаттылығы жөнінен әлмдегі ең ірі станциялар қатарына жатады.

Агроклиматтық ресурстар

Бұл қоңыржай белдеудің барлық дерлік дақылдарын, сондай-ақ көптеген субтропиктік және тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.

Су ресурстары

Негізінен шығыста шоғырланған. Олар энергетикалық маңызымен қатар, көлік қатынасында және егістік жерлерді суаруда пйдаланылады.

Жер ресурсы

Негізгі аумағының жартысына жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Орталық жазықта жыртылған жерлердің үлесі 80%-ға жуық. Аляска мен Кордильера орманға бай.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы?

2. АҚШ-тың халқы?

3. АҚШ-тың табиғат жағдайлары?

4. АҚШ-тың табиғат ресурстары?

5. АҚШ-тың қалыптасуы?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: АҚШ.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: АҚШ-тың шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға АҚШ-тың өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: АҚШ-тың шаруашылығымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы?

2. АҚШ-тың халқы?

3. АҚШ-тың табиғат жағдайлары?

4. АҚШ-тың табиғат ресурстары?

5. АҚШ-тың қалыптасуы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы АҚШ-тың өнеркәсібін түсіндіру.

Тоқыма өнеркәсібі

Шоғырланған басты аудан АҚШ-тың байырғы штаттары орналасқан Жаңа Англия.

Машина жасау

АҚШ-тағы 125 қалада автомобиль шығарылады. Лос-Анджелес ғарыштық техника жасау және электроника саласының орталығы

Химия өнеркәсібі

Мексика шығанағында 200-ден астам мұнай және газ-химия кәсіпорны жұмыс істейді. Хьюстон қаласын «мұнай химиясының астанасы» деп атайды.

Металлургия кешені

Қара металлургия орталықтары-Чикаго, Кливленд, Питтсбург. Түсті металлургия кәсіпорындары кен орындарына жақын орналасады.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы АҚШ-тың ауыл шаруашылығын түсіндіру.