Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nura SMO.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
243.71 Кб
Скачать

Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. T-130 бульдозері жайлы жалпы мәлімет

    2. Қайырмасы бұрылмайтын бульдозердің тарту есебі

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құрылыс машиналары және конструкциялары пәнінің есептеу графикалық жұмысын орындау алғы шарттары, ол алдымен бульдозер машинасы жайлы жалпы мәлімет алу, машинамен танысу болып табылады. Келесі қайырмасы бұрылмайтын бульдозердің тарту есебі шығару.

Жер қазғыш машиналар — үймереттер, жолдар, әуежайлар салуда және жер асты коммуникациясын (құбырлар, байланыс желілері) жүргізуде, сондай-ақ, гидротехникалық, мелиорациялық және ирригациялық жұмыстар мен кен байлықтарын карьерлерде өндіруде жер қазу жұмыстарын орындауға арналған машиналар. Жер қазғыш машиналар үш топқа бөлінеді: жер қазушы-тасымалдаушы машиналар, экскаваторлар және гидромеханикаландыруға арналған машиналар мен құрал-жабдықтар. Бірінші топқа жұмыс құралының түріне байланысты скреперлер (шөмішпен жабдықталған), бульдозерлер, автогрейдерлер, грейдер-элеваторлар (пышақпен жабдықталған) жатады. Олардың негізгі жұмыс операцияларына топырақты қабаттап өңдеу, оны тасымалдау, үйіндіге үю және жер бетін тегістеу кіреді. Экскаваторлар (екінші топ) жұмыс істеу принципі бойынша циклдік және үздіксіз болып бөлінеді. Циклдік экскаваторларға бір шөмішті, ал үздіксіздерге бірнеше жұмыс құралдарымен (шөміштермен, қырғыштармен, топырақты сілемнен кесіп алып және төгу орнына шығаратын құрастырмалы құралдармен, тістермен, т. б.) жабдықталған экскаваторлар жатады. Бір шөмішті экскаваторлар топырақты өзінің тұрақ деңгейінен жоғары да, төмен де жерден қаза алады және тік не кері күрекпен жабдықталуы мүмкін. Үшінші топқа су шапшыту арқылы грунтты бұзу әдісімен қазатын машиналар мен жабдықтар (гидромониторлар, жер сорғыш снарядтар) жатады

Жер қазғыш қайырмасы бұрылмайтын машиналар

Жер қазғыш машиналар — үймереттер, жолдар, әуежайлар салуда және жер асты коммуникациясын (құбырлар, байланыс желілері) жүргізуде, сондай-ақ, гидротехникалық, мелиорациялық және ирригациялық жұмыстар мен кен байлықтарын карьерлерде өндіруде жер қазу жұмыстарын орындауға арналған машиналар.

Бузьдозер – 1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш. Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады. 2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.) штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады

Бульдозерлер топырықты қабаттап кесіп, тасымалдауға және тегістеуге арналған машиналар.

Бульдозердің негізгі бөліктеріне шынжыртабанды немесе дөңгелекті болады, жұмыс жабдығы яғни қайырмамен пышақ, басқару жүйесі жатқызылады.

Бульдозерлер басқару жүйесіне байланысты механикалық және гидравликалық болып бөлінеді. Жұмыс құрамының бұралуына байланысты бұралатын, бұралмайтын; қайырмасының пішініне бапйланысты тік, сфералы және жартылай сфералы болады.

Топырақты бульдозерлер кіші ара-қашықтықтарға тасымалдайды.

Қайырмасы бұрылмайтын бульдозерлерде қайырма екі итеру балкасы арқылы трактор қаңқасы бекітіледі. Қайырма итеру балкасына ажыратылатын және ажыратылмайтын болып біріктіріліп «П» әріпі тәрізді ажыратылмайтын қатты металло-құрылымды құрайды.

Т-130 бульдозерінің техникалық мінездемесі:

  • Дизельді двигателінің қуаты 140 аттың күшін құрайды

  • Цилиндірдің диамеірі:145мм

  • Колеясы: 1880 мм.

  • Массасы:14320кг

  • Бульдозердің габаритті өлшемдері:

ұзындығы- 4530 мм.

ені- 2240 мм.

биіктігі- 2710 мм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]