Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Антивирус.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
195.07 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе 2

1. Компьютерлік вирустар жайлы жалпы мағұлматтар 4

2. Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі 7

3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері 8

4. Компьютерлік вирустардың пайда болуы мен мәні 11

5. Вирусқа қарсы бағдарламаның сипаттамасы 12

6. Антивирустық бағдарламаға қысқаша шолу 13

6.1 Антивирустық бағдарламаларға талдау 14

6.2 WildList-тен үлкен коллекциялық тесттерге...........................................16

6.3 Вирустардың бұзуы кезіндегі іс-әрекет...................................................21

Қорытынды 23

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................24

Кіріспе

Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, копьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейлеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін.

Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас (кәдімгі тұмаудан Эбола вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.

Зақымданған бағдарлама не қосымшаны алып, іске қосқан кезде, жұмыс барысында қиыедықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін.

Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:

  • компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;

  • компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;

  • жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;

  • компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;

  • қосымшалар қателермен жұмыс істейді;

  • дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;

  • басып шығару қателермен жүреді;

  • қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;

  • мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.

Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.

Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton antivirus және т.б.

Касперский Антивирусы (AVP) – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады. Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.

Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орнату қажет:

  1. Касперский Антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу.

  2. Қорғаныс қосымшасын таңдау.

  3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу.

  4. тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғын көрсетеді.

  5. Содан кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.