Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНФОРМАТИКА каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
6.27 Mб
Скачать

2.1. Файлдарды архивтеу.

1. Проводник программасын іске қосып, А:” дискіде Архив-1 бумасын құрыңыз.

2. Қолдаңбаларды, суреттердi, құжаттарды таңдап, оларды Архив-1 - <Show archive information> батырмамен

10. Проводник программасын іске қосып, Архив-2 бумасын өзiңiздiң А: дискiңiзде құрыңыз

11. Файлды шығарып алу үшiн, WinRAR программасының терезесiнде тышқанды екi рет шертiп немесе Enter пернесін басып, архивтi ашыңыз. Керектi файлдарды ерекшелеңіз(п.4 қара), ары қарай амалдардың бiреуiмен қолданыңыз:

- Меню командасымен Commands,Extrac to specified directory

- Extract to specified directory батырмамен.

- Extract to directory –контексттiк менюiмен.

Ашылған Extract options терезеде керектi буманы және жұмыс А:дискiнi көрсетiңiз. Содан соң ОК батырмасын шертiңiз.

Тәжірибелі сабақ №2. Тапсырма 1. Сызықты және тармақталған құрылымды алгоритмдер

Алгоритм белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн немесе есептi шешу үшiн орындаушыға берiлетiн iс әрекет. Алгоритмдi графиктiк түрде (блок - схема арқылы) жазу алгоритмнiң құрылысын көрнекi түрде көрсетуге мүмкiндiк бередi. Блоктардың өлшемi мен кескiнi және алгоритiмнiң блок - схемасын түзу тәртiбi ГОСТ 19002 - 80 және 19003 - 80 программалау құжаттарының бiртұтас жүйесi бойынша анықталған.

Алгоритмдердiң құрылысы әр түрлi болады.

Сызықты құрылымды алгоритм - көрсетiлген әрбiр нұсқауы бiр реттен, бiрiнен соң бiрi тiзбектелiп орындалатын алгоритм. Нұсқаулардың бұндай орындалу тәртiбi табиғи тәртiп деп аталады.

Есеп шешу барысында белгiлi - бiр берiлген немесе аралық шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты көрсетiлген нұсқаулар орындалуы не орындалмайтын жағдайлар, яғни тармақталу құбылысы жиi кездеседi. Мұндай алгоритмдi тармақталған құрылымды алгоритм (тармақталу алгоритмi) деп атайды.

Кейбiр жағдайларда берiлген амалдар белгiлi бiр шарттың орындалуына байланысты бiр неше рет қайталанады. Мұндай алгоритм қайталанған құрылымды алгоритм деп аталады.

Мысал 1. х, у, z үш нақты сан берiлген. Сандардың арифметикалық және геометрияялық ортасын анықтаңыз.

Шешуi:

Мұнда 1-4 блоктар бiрiнен соң бiрi тiзбектелiп орналасқан, демек бұл алгоритм сызықты құрылымды алгоритм. 1 блокта - x, y, z айнымалыларының мәндерi енгiзikедi; 2 блокта-арифметикалық орта есептелiнiп нәтижесi S айнымалына меншiктелiнедi; 3 блок – арифметикалық ортаны есептеп нәтижесiн Р меншiктейдi; 4 блок- S және P мәндерiн баспаға беру.

Мысал 2. Есептеу керек

Шешуi: Мұнда t-нiң мәнi шарттың орындалуына байланысты бiрiншi немесе екiншi формула бойынша есептелiнедi. ßғни, бұл сызықты құрылымды алгоритм. Блок - схемасын құрастырамыз:

1 блок – a және x мәндерiн енгiзу, 2 блок-шартты тексеру блогы: ия- x>a шарты орындалады, жоқ- x<a шарты орындалады; 3,4 блоктары- t-нiң мәнiн есептейдi; 5 блок – t баспаға беру.

Мысал 3. Есептеу керек:

Шешуi: 2 есепке қарағанда, мұнда y мәнi берiлген үш формуланын бiреуiменен есептелiнедi, демек тармақ саны үш болады. Алгоритмнiң блок-схемасы төменде көрсетiлген:

Қайталанған құрылымды алгоритмдер

Күрделi есептердi шешуде алгоритмнiң құрамындағы кейбiр нұсқаулар белгiлi бiр шарттың орындалыу немесе орындалмауына байланысты бiрнеше рет қайталанып орындалуы мүмкiн. Қайталану құбылысты орын алатын алгоритмдi қайталанған (цикл) құрылымды алгоритм еп атайды.

Қайталау құбылысын есептiң мағынасына байланысты ”Дейiн” немесе ”Кейiн” схема арқылы ұйымдастыруға болады. Цикл денесi деп қайталанатын әрекеттер тобын айтамыз.

Схема түрiнде алгоритмдi келесiдей бейнелейдi:

а) ”дейiн”циклi б) ”кейiн” циклi

Мысал 1. 4, 2, 6, 8, 9, 11, 17, 18, 21, 29, 31, 34 сандарының квадраттарын есептеу алгоритмiн құрыңыз.

Шешуi: x санына тiзбектiң алғашқы санын меншiктеймiз.

Бұл алгоритмдi ”кейiн” схемасы арқылы түрледiруге болады:

Мысал 2. y:=x2+a функциясының мәнiн есептеңiз, егер x [-2,4], қадамы hx=2.

Шешуi: қайталау санын табамыз: . Демек x-тiң 4 түрлi мәндерi үшiн у–тi есептеу қажет. ”кейiн” жәнне ”дейiн” схемалары арқылы екi түрлi блок-схема сызып көрсетейiк:

а) “дейiн“ циклi

б) “кейiн“ циклi:

Параметрлi циклдiң “кейiн“ схемасын ықшамдау блогын (модификация блогы) қолданып, ықшамдап жазуға болады:

Мұнда xa- x-тiң алғашқы мәнi, xc - соңғы мәнi, hx – өзгеру қадамы.