Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНФОРМАТИКА каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
6.27 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақ №2. Тапсырма 2. Паскаль тiлiнде программалаудың негiздерi

Паскаль тiлiнде жазылған программа тақырыптан, сипаттау бөлiмiнен және операторлар бөлiмiнен турады:

program <атау> (INPUT, OUTPUT);

<сипаттау бөлiмi >

begin

<операторлар бөлiмi>

end.

Жалпы түрде программа құрылымы келесiдей:

program - <атау> (INPUT, OUTPUT);

label - таңба бөлiмi;

const - тұрақтылар бөлiмi;

type - типтер бөлiмi;

var - айнамалылар бөлiмi;

procedure, function - процедура және функция бөлiмi;

begin

<оператор 1>;

<оператор 2>;

……

<оператор N>;

end.

Паскаль тiлiнде программа құру мысалдары. Сызықты құрылымды программалар

Мысал 1. Тiкбұрышты төртбұрыштың ауданын есептеу программасын құрыңыз. Төменде экранның түрi ұсынған:

Алғашқы мәлiметтердi енгiзiңiз:

узындығы (см) -> 9

енi (см) -> 7.5

Төртбұрыш ауданы :67.50 кв.см.

program ploshad;

var

l, w: real; {төртбұрыштың енi және узындығы }

S: real; {төртбұрыш ауданы }

Begin writeln (‘Алғашқы мәлiметтердi енгiзiңiз:’);

write (‘узындығы (см) -> ’); readln(l);{ұзындығын енгiзу}

write (‘енi (см) ->’);

readln (w); {енiн енгiзу}

S:=l*w; {ауданын есептеу}

writeln(‘Төртбұрыш ауданы:’,S:6:2,’кв.см’);

{нәтиженi шығару}

end.

Таңдау. IF операторы

IF шартты операторы белгілі бір шартқа байланысты командалардың орындалу тәртібін өзгертуге мүмкіндік береді, яғни ол есептеу процессінің тармақталуын камтамасыз етеді . Шарттты оператордың жазылу үлгісі:

IF <шарт> THEN <1 оператор> [ELSE <2 оператор>];

Логикалық өрнектің ақиқат болған жағдайында 1 оператор орындалады, жалған болған жағдайда 2 оператор орындалады.

IF операторы толық және толымсыз бола алады. Else операторының алдына қойылған үтірлі нүкте қате болып саналады.

Мысал2. ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуiнiң түбiрлерiн есептеу программасын құраңыз..

program kwur;

var a,b,c: real; {теңдеу коэффициенттрi }

x1,x2: real; {теңдеу түбiрлерi }

d: real; {дискриминант}

begin write (‘теңдеу коэффициенттерiн енгiзiңiз’);

readln(a,b,c);

d:=b*b-4*a*c;

if d>=0 then begin {шартты тексеру }

x1:=(-b-sqrt(d))/(2*a); {бiрiншi түбiрдi есептеу }

x2:= (-b+sqrt(d))/(2*a); { екiншi түбiрдi есептеу }

writeln(‘x1=’, x1:9:3); {нәтиженi шығару }

writeln(‘x2=’, x2:9:3);

end;

else writeln(‘түбiр жоқ’); {d<0 жағдай}

readln; end.

CASE

Вариант операторының түрi:

case <өрнек> of

<турақтылар тiзiмi 1>: <оператор 1>;

< турақтылар тiзiмi 2>:<оператор2>;

……………..

<турақтылар тiзiмi N>; <оператор N>

end.

Мысал 3. Айдың нөмiрi бойынша жыл мерзiмi туралы хабарлама беру программасын құрыңыз.

program wibor;

var k: integer; {ай номерi }

begin writeln (‘ай номерiн енгiзiңiз’);readln (k);

case k of

{ай номерi бойынша жыл мерзiмiн анықтау}

1,2,12: writeln(‘қыс’);

3,4,5: writeln (‘көктем’);

6,7,8: writeln (‘жаз’);

9,10,11: writeln (‘күз’)

end; readln;

end.

Тәжірибелік сабақ №3. MS Word. Мәтiндi енгiзу және форматтау

Тапсырма. 1 суретте көрсетiлген мәтiндi терiп жазып, 2 суретте көрсетiлген үлгi бойынша форматтаңыз.

Құрметтi мырзалар! Сiздердi “ИнфраКом” фирмасының презентациясына шақырамыз. Бiз көп жылдан берi жұмыс iстеп келе жатырмыз. Бiздiң өнiмдерiмiз көп танымалы Бiздiң шығарған компьютерлерiмiзге жарнаманың қажетi жоқ. Сiздердi көруге әрқашан қуаныштымыз. Бiздiң мекен жайымыз- Жамбыл даңғылы, үй 45. Анықтама 45-25-68 телефон бойынша