- •Жоспар:
- •І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
- •1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
- •1.2 Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
- •1.3 Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
- •1.4 Объектілерді түгендеу жұмыстары мен қателерді түзету
- •Іі. Қаржылық есеп беруді жасау
- •2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
- •2.2Бухгалтерлік баланс және оны дайындау
- •3.1. Таблица.
- •3.2. Таблица.
- •2.3Пайда және зиян туралы есеп беру
- •2.4Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.
- •2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
- •Қосымша
- •Астана қаласы бюджетінің 2010-2012 жылдардағы көрсеткіштерінің серпіні
- •Акциялар бойынша дивиденттерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелінген пайыздарды, берілген қарыздарды алған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
- •Бағам айырмасы бойынша шыққан шығыстары жөнінде жасалатын шоттар корреспонденциясы:
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Акциялар бойынша дивиденттерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелінген пайыздарды, берілген қарыздарды алған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | ||
Дебет |
Кредит | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
1 |
Кәсіпорынға тиісті акциялар бойынша дивиденттері, алынған бағалы қағаздар үшін пайызы, ұзақ мерзімді жалға үшін төленетін жалға ақысы есептелінді |
120000 |
1250 |
6120 | |
2 |
Өткен есепті кезеңдерінде алынған табысы, осы есепті кезеңге жатқызылды |
20000 |
4420 |
6120 | |
3 |
Атаулы құнынан төмен бағаға алынған бағалы қағаздардан түскен табыс сомасына |
40000 |
1130 |
6120 | |
4 |
Жылдың аяғында, алынған табыс сомасы, жиынтық табыс сомасына көшіріліп жазылды |
180000 |
6120 |
5410 | |
5 |
Сатылған материалдық активтер, өздерінің белгіленген тәртібінде есептен шығарылады: - материалдық емес активтердің өз сатушысында болған кезінде, оны пайдаланғаны үшін, есептелген тозу сомасына |
30000 |
2740 |
2730 | |
|
- сатылған материалдық емес активтердің қалдық құнына |
270000 |
7410 |
2730 | |
6 |
Материалдық емес активтерді сатуға байланысты шыққан шығыны жыл аяғында жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады |
270000 |
5410 |
7410 |
Бағам айырмасы бойынша шыққан шығыстары жөнінде жасалатын шоттар корреспонденциясы:
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | ||
дебет |
кредит | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
1 |
Белгіленген тәртіпте инвестиция сатылды: - бас серіктестіктерінде |
300000 |
7410 |
2210 | |
|
- тәуелді серіктестіктеріне |
500000 |
7410 |
2210 | |
|
- бірге бақыланатын заңды тұлғаларға |
100000 |
7410 |
2210 | |
|
- басқа да ұйымдарға |
100000 |
7410 |
2310 | |
2 |
Белгіленген тәртіпте сатылды: - акциялар |
100000 |
7410 |
1150 | |
|
- облигациялар |
200000 |
7410 |
1130 | |
|
- басқа да бағалы қағаздар |
400000 |
7410 |
1110 | |
3 |
Есепті жылдың аяғында бағалы қағаздарды сатуға байланысты шыққан шығындарды жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылды |
1700000 |
5410 |
7410 |
Басқа ұйымдардың қызметіне үлестік қатысудан түскен табыстар (зияндар)
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | ||
дебет |
Кредит | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
1 |
Бас немесе тәуелді серіктестіктер өздерінің таза табысынан үлестік табысқа тиесілі сомасын есептейді |
150000 |
2200 |
7600 | |
2 |
Бас немесе тәуелді серіктестіктер өздерінің таза табысынан үлестік зиян сомасын есептеді |
90000 |
7600 |
2200 |
3-тарау Қаржылық есептілік
13-бап. Қаржылық есептілік элементтері
1. Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.
Активтер – дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.
Міндеттеме – дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
Капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.
2. Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Кірістер – есепті кезең ішінде активтердің түсімі мен өсімі немесе міндеттемелердіңазаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Шығыстар – есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
14-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу
1. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау – аталған элементтер бухгалтерлің есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2. Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
15-бап. Қаржылық есептілік
1. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпартты білдіреді.
2. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
Бухгалтерлік баланс
Пайда мен зияндар туралы есеп
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
Түсіндірме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі мен оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
3. Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы, бас бухгалтері және жеке кәсіпкер қол қояды.
16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитеті Қорының оларды ресми аударуға және ҚР-да жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жарияланған халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі жөніндегі қаржылқ есептіліктен басқа ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті.
18-бап. Есепті кезең
1. Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнге күнтізбелік жыл болып табылады.
2. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету
1. Ұйымдар:
Құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға;
ҚР-ның статистика органдарында тіркелу орны бойынша ҚР-ның мемлекеттік статистика органдарына;
ҚР-ның мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретіне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Қаржылық есептілік ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады.
3. Ұйымдар жылдық қаржылық есепбін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
4. 18-бапта көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
6. Жария мүдделі ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті орган бекіткен тізбеге, нысандарға сәйкес мерзімді баспасөз басылымындарында жариялауға міндетті.
Қаржылық ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен жариялайды.
7. ҚР-сы Үкіметінің шешімі бойынша, жария мүдделі ұйымдар үшін депозитарий құрылуы мүмкін, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті өткізуге міндетті.