Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой фин учет1.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
444.93 Кб
Скачать

Қосымша

1-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты

Қаржы есептілігiн ұсыну

ТТК-8, ТТК-18, ТТК-27, ТТК-29 түсіндірмелерді қара

Осы стандарт 1998 жылғы 1 шiлдеден және сол күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржы есептілігi үшiн күшiне енгiзiлдi.

1999 жылғы мамырда 10-“Баланс күнiнен кейiнгi оқиғалар” ХБЕС-н қабылдау нәтижесiнде (1999 жылғы редакция) осы стандарттың 63 (с), 64, 65 (а) және 74(с)-параграфтарына өзгерістер енгiзiлдi. Аталған өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын жылдық қаржы есептілігi үшiн күшiне енгiзiлдi.

ТТК-нiң мынадай түсiндiрмелерiнiң 1-ХБЕС-на қатысы бар:

8-ТТК “ХБЕС-ын алғаш рет негiзгi есеп принциптерi ретiнде қолдану”

18-ТТК “Жүйелiлiк - баламалы әдiстер”

27-ТТК “Жалгерлiктiң заңдық нысаны бар операциялардың мәнiн анықтау”

29-ТТК “Ақпаратты ашып көрсету - қызмет көрсетуге концессиялық келісімдер”

Кiрiспе

1. Осы стандарт (1-ХБЕС (1997 жылғы редакция)) ХБЕС 1-“Есеп саясатын ашып көрсету”, 5-“Қаржы есептілігiнде ашып көрсетiлуге тиiстi ақпарат” ХБЕС және 13-“Айналымдық активтер мен қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ұсыну” ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарын ауыстырады. 1-ХБЕС (қайта қаралған) 1998 жылғы 1 шiлдеде немесе сол күннен кейiн басталатын есеп кезеңдерi үшiн күшiне енгiзiледi, алайда, оның талаптары қазiргi стандарттардың талаптарына сәйкес келетiндiктен, оны көрсетiлген мерзiмге дейiн қолдану мақұлданады.

2. Осы стандарт ол ауыстыратын стандарттардың талаптарын ХБЕСК “Қаржы есептілігiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасына” сәйкес келтiредi. Бұған қоса, ол Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша берiлетiн қаржы есептілігiнiң сапасын:

(а) оның ХБЕС-на, ақпаратты ашып көрсету жөніндегі барлық талаптарды қоса, қолданылатын әрбір стандартқа сәйкестiгi туралы мәлiмденетiн қаржы есептілігiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету;

(b) ХБЕС талаптарынан шегiнудiң барынша сирек жағдайлармен шектелуiн қамтамасыз ету (сәйкес келмеу мысалдары бақылауда болады және қажет болған жағдайда қосымша нұсқаулар шығарылады);

(c) есептіліктiң, есеп саясаты мен ескертулердiң және барлық иллюстрациялы қосымшалардың әрбір негiзгi нысанына арналған ең төменгi талаптарды қоса, қаржы есептілігiнiң құрылымы бойынша нұсқауларды ұсыну; және

(d) кәсiпорын қызметiнiң мұндiлiгi, үздiксiздiгi, стандарт болмаған жағдайда есеп саясатын таңдау, жүйелiлiк және салыстырма ақпарат ұсыну сияқты мұселелер бойынша практикалық талаптар орнату (Тұжырымдаманың негiзiнде) есебiнен жақсартуға арналған.

3. Пайдаланушылардың пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетiлген “пайдаға” қарағанда неғұрлым кең өлшем жасалған “қызмет нәтижелерi” туралы неғұрлым толық ақпаратқа деген қажеттілігiн есепке алу мақсатында, осы стандарт қазiргi кезде пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылмайтын басқа кiрiстер мен залалдарды қаржы есептілігiнiң негiзгi нысандарында көрсету жөніндегі жаңа талаптарды белгiлейдi. Есептіліктiң жаңа нысаны меншiктi капиталды “дұстүрлi” мұқият тексеру ретiнде бағаналы нысанда, не қызмет нәтижелерi туралы жеке есептілік нысаны ретiнде ұсынылуы мүмкiн. ХБЕСК Басқармасы 1997 жылғы сәуiрде қызмет нәтижелерiнiң өлшем әдiстерiн және ұсынуды қайта қараумен принципiнде келiстi. Осы жобаға сәйкес, бәлкiм, алдымен қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну және ХБЕСК Тұжырымдамасына сәйкес ондай ақпаратты ұсыну мақсаттары арасындағы өзара байланыс қаралатын болар. Сөйтiп, ХБЕСК осы салада ұсыныстар әзiрлейдi.

4. Осы стандарт, банктердi, сақтандыру компанияларын қоса, ХБЕС-на сәйкес есеп беретiн барлық кәсiпорындарға қолданылады. Ең төменгi құрылымдар, оларды кез келген кәсiпорынның қолдауына ыңғайлау үшiн жеткiлiктi түрде икемдi етiп әзiрленген. Мысалы, банктер осы стандартқа және 30-“Банктердiң және сол сияқты қаржы мекемелерiнiң қаржы есептілігіндегі ақпараттарды ашып көрсету” ХБЕС неғұрлым егжей-тегжейлi талаптарына сай келетiн ақпарат ұсынуды әзiрлей алатындай болуға тиiс.

Мазмұны

1-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты

Қаржы есептілігiн ұсыну

1-“Қаржы есептілігiн ұсыну” Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты (1-ХБЕС) 1 - 104-параграфтарда және А Қосымшада баяндалған. Барлық параграфтардың күшi бірдей, бірақ ХБЕСК стандартының пiшiмiн сақтайды, ал бұл стандартты ХБЕСБ қабылдаған. 1-ХБЕС оның мақсаты контексiнде “Халықаралық қаржы есептілігi стандарттарына алғысөз” және “Қаржы есептілігiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасына” сабақтастыра оқу керек. Олар егжей-тегжейлi басшылық болмаған жағдайда есеп саясатын таңдауға және қолдануға негiздi қамтамасыз етедi.

Қолданылу саласы

1. Осы стандарт Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жасалатын және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептілігiнiң барлық нысандарын ұсынған кезде қолданылуға тиiс.

2. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігi олардың нақты ақпараттық қажеттіліктерiне сай келетiн есептіліктi талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерiн қамтамасыз етуге арналған. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігi жеке өзi немесе, жылдық есеп немесе анықтамалық сияқты басқа ресми құжаттардың бір бөлiгi ретiнде ұсынылатын есептіліктi қамтиды. Осы стандарт қысқартылған аралық қаржы ақпаратына қолданылады. Стандарт жеке кәсiпорынның қаржы есептілігiне және бір топ кәсiпорынның шоғырландырылған қаржы есептілігiне бірдей қолданылады. Алайда ол Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай шоғырландырылған қаржы есептілігiн бір құжаттың ұлттық талаптарға сәйкес бас кәсiпорынның қаржы есептілігiн, олардың әрқайсысын әзiрлеуге арналған база есеп саясаты туралы бөлiмде айқын ашып көрсетiлетiн жағдайда, ұсынуға кедергi жасамайды.

3. Осы стандарт, банктер мен сақтандыру компанияларын қоса, кәсiпорындардың барлық түрлеріне қолданылады. Банктер және осы стандарттың талаптарымен келiсетiн сол сияқты қаржы мекемелерi үшiн қосымша талаптар 30-“Банктердiң және сол сияқты қаржы мекемелерiнiң қаржы есептілігіндегі ақпараттарды ашып көрсету” ХБЕС-нда белгiленген.

4. Осы стандартта мақсаты пайда алу болып табылатын кәсiпорындар үшiн қолайлы терминология пайдаланылады. Сөйтiп, экономиканың қоғамдық секторының коммерциялық кәсiпорындары да осы стандарттың талаптарын қолдана алады. Осы стандартты қолданғысы келетiн экономиканың қоғамдық секторының коммерциялық емес, мемлекеттік және басқа кәсiпорындарына қаржы есептілігiнiң белгiлi бір жолдарын қалыптастыруда және қаржы есептілігiнiң өзiне түзетулер енгізу талап етiлуi мүмкiн. Ондай кәсiпорындарда қаржы есептілігiнiң қосымша компоненттерi ұсынылуы мүмкiн.

Қаржы есептілігiнiң мақсаты

5. Қаржы есептілігi - бұл қаржы жағдайы мен кәсiпорын жүзеге асырған операциялардың құрылымдалған қаржы көрiнiсi. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы кәсiпорынның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептілігi сондай-ақ кәсiпорын басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептілігi кәсiпорынның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

(а) активтер;

(b) мiндеттемелер;

(c) меншiктi капитал;

(d) басқа кiрiстер мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар; және

(e) ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Бұл ақпарат қаржы есептілігiне түсiндiрме жазбаға басқа ақпаратпен қатар пайдаланушыларға ақшалай қаражаттардың болашақтағы тасқынын және, атап айтқанда, уақытқа бөлудi және ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларын iздестiрудiң айқындығына болжам жасауға көмектеседi.

Қаржы есептілігi үшiн жауапкершiлiк

6. Қаржы есептілігiн әзiрлеу мен ұсынуға кәсiпорынның директорлар кеңесi және/немесе басқа да басшы органы жауап бередi.

Қаржы есептілігiнiң компоненттерi

7. Қаржы есептілігiнiң толық жинақталымы мынадай компоненттердi қамтиды:

(а) баланс;

(b) пайдалар мен залалдар туралы есеп;

(c) мыналарды көрсететiн не:

(d) меншiктi капиталдағы барлық өзгерістердi; не

(e) меншiк иелерiнiң капиталымен операциялар жасау және меншiк иелерiне төлем төлеу нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше меншiктi капиталдағы өзгерістердi көрсететiн есеп;

(f) ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп; және

(g) есеп саясаты және түсiндiрме ескертулер.

8. Кәсiпорындардың, қаржы есептілігiнен басқа, басшылықтың қаржылық шолуларын ұсынуы көтермеленедi, оларда кәсiпорын қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi ерекшелiктерi және ол кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есеп:

(а) кәсiпорын iс-әрекет ететiн ортаның өзгеруiн, кәсiпорынның осы өзгерістерге және олардың ықпалына ұсерiн қоса, қызмет нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, дивидендтер төлеу саясатын қоса, қызметтiң қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған кәсiпорынның инвестициялық саясатын;

(b) кәсiпорынды қаржыландыру көздерiн, белгiлi бір мақсатқа жету саясатын және тұуекелдердi басқару саясатын; және

(c) кәсiпорынның Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жасалған, құндылығы баланста көрсетiлмеген күштi жақтары мен ресурстарын шолуды қамтуы мүмкiн.

9. Көптеген кәсiпорындар қаржы есептілігiнен басқа қоршаған ортаны қорғау мұселелерi жөніндегі есептер және, ұсiресе, қоршаған ортаны қорғау факторының зор маңызы бар және олардың қызметкерлерi пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетiн салалардағы қосылған құн салығы туралы есептер сияқты қосымша есептер ұсынады. Кәсiпорындардың ондай қосымша есептер ұсынуы, егер олардың басшылығы экономикалық шешiмдер қабылдауда бұлар көмектеседi деп ұйғарса, мақұлданады.

Жалпы ескертпелер

Сенiмдi ұсыну және Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкестiк

10. Қаржы есептілігi кәсiпорынның қаржы жағдайын, қызметiнiң қаржы нәтижелерiн және ақшалай қаражаттар қозғалысын объективтi түрде көрсетуге тиiс. Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарын, қажет болғанда ақпаратты қосымша ашып көрсетiп, тиiсiнше қолдану шын мәнiнде кез келген жағдайларда қаржы есептілігiнiң сенiмдi көрсетiлуiн қамтамасыз етуге алып келедi.

11. Қаржы есептілігi Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес келетiн кәсiпорын осы фактiнi ашып көрсетуге тиiс. Қаржы есептілігi, егер ол қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірме жөніндегі тұрақты комитеттiң түсiндiру бойынша қолданылатын әрбір түсiндiрмесінiң1 барлық талаптарына сай келмесе ғана, Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай келетiндей болып сипатталуға тиiс емес.

------------------

1 Сондай-ақ қараңыз: 8-ТТК “ХБЕС-ын есептiң негiз қалаушы принциптерi ретiнде алғаш қолдану”.

12. Сәйкес келмейтiн есеп тәртібі қолданылатын есеп саясатын ашып көрсетумен де, ескертулермен немесе өзге де түсiндiрме материалдармен де түзетiлуi мүмкiн емес.

13. Басшылық стандарт талаптарына сәйкестiк жаңылдыруға ұкеп соқтырады және сондықтан қандай да болсын талаптан ауытқу сенiмдi көрсетуге жету үшiн қажет деп шешетiн өте-мөте сирек жағдайларда, кәсiпорын:

(а) басшылық қаржы есептілігi қаржы жағдайын, қызметтiң қаржы нәтижелерiн және ақшалай қаражаттар қозғалысын сенiмдi көрсетедi деген шешiмге келсе;

(b) кәсiпорын қолданылатын барлық Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарының, сенiмдi көрсетуге жету мақсатындағы қайсыбір стандарттан ауытқуды қоспағанда, барлық елеулi аспектiлерiн сақтаса;

(с) кәсiпорын ауытқыған стандарт, стандарттарға талап етiлетiн есеп тәртібін қоса, ауытқу сипаты, осы жағдайлар кезiнде мұндай есеп тәртібі жаңылдыруы мүмкiн себептер және қабылданған есеп тәртібін; және

(d) ауытқудың шегiн кәсiпорынның таза пайдасына немесе залалына қаржылық ықпалын, ұсынылған әрбір кезеңдегi олардың активтерiн, мiндеттемелерiн, меншiктi капиталын және ақшалай қаражаттарының қозғалысын ашып көрсетуге тиiс.

14. Қаржы есептілігi кейде Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына “негiзделген” немесе “елеулi талаптарына сәйкес келетiн”, немесе “бухгалтерлiк есеп талаптарына сәйкес” деп сипатталады. Бұл жағдайда ешқандай қосымша ақпарат жиi келтiрiлмейдi, ұйтсе де бухгалтерлiк есеп талаптарының өзi болмаса, ашып көрсету жөнiнде елеулi талаптар сақталмағаны белгiлi. Мұндай тұжырым жаңылдырады, өйткенi олар қаржы есептілігінің сенімділігі мен түсініктілігін шатастырады, өйткені қаржы есептілігінің сенімділігі мен түсініктілігін кемітеді. Халықаралық бухгалтерлік стандарттарына сәйкес мұлімделетін қаржы есептілігі халықаралық деңгейдегі пайдаланушылардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында осы стандарт сенімді ұсынудың қалай орындалуға тиіс екені туралы айқын түсінік және шегініс жасалатын сирек жағдайлар үшін ғана қосымша нұсқаулар туралы жалпы талапты қамтиды. Сондай-ақ ол шегініс жасауға мұжбүр еткен жағдайларды да анық ашып көрсетуді талап етеді. Қарама-қайшы ұлттық талаптардың болуы Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары пайдаланылып әзiрленген қаржы есептілігіндегі шегiнудi негiздеу үшiн өзiнен өзi жеткiлiктi болады.

15. Iс жүзiнде кез келген жағдайларда сенiмдi көрсетуге Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары қолданылатын барлық елеулi аспектiлер бойынша сәйкестiкпен қол жеткiзiледi. Сенiмдi көрсету:

(а) 20-параграфқа сәйкес есеп саясатын таңдауды және қолдануды;

(b) ақпаратты, есеп саясатын қоса, ақпараттың орындылығы, сенiмдiлiгi және түсiнiктілігi қамтамасыз етiлетiн тұсiлмен ұсынуды; және

(c) Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарының талаптары нақты операциялардың немесе оқиғалардың кәсiпорынның қаржы жағдайына және қаржы нәтижелерiне ықпалын пайдаланушылардың түсiнуiне мүмкiндiк беру үшiн жеткiлiксiз болған реттерде, қосымша ашып көрсетулер ұсынуды талап етедi.

16. Өте сирек жағдайларда Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартында қандай да болмасын нақты талапты қолдану қаржы есептілігiн жаңылдыруға жеткізуi мүмкiн. Бұл стандарт талап ететiн есеп тәртібі ұбден орынсыз болып, сондықтан сенiмдi көрсетуге стандартты қолдану арқылы да, қосымша ашып көрсету жолымен де жетуге болмайтын ретте ғана орын алуы мүмкiн. Басқа есеп тәртібі де сенiмдi көрсетудi қамтамасыз етуi себептi шегiнуге жол берiлмейдi.

17. Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартының нақты талабынан ауытқу қажеттiгi туралы мұселенi қараған кезде мыналарды назарға алу керек:

(а) тиiстi талаптың мақсаты және осы мақсатқа нелiктен қол жетпеген немесе ол нақты жағдайларда нелiктен орынды болып табылмайды; және

(b) кәсiпорынның мұн-жайлары осы талапты ұстанатын басқа кәсiпорындардың мұн-жайларынан қалайша өзгешеленедi.

18. Шегiнудi талап ететiн мұн-жайлар, күтіліп отырғандай, өте сирек болатынына, ал шегiну қажеттiгi елеулi даулар мен субъективтiк пiкiрдiң тақырыбы болатынына байланысты, кәсiпорын есептілігiнiң барлық елеулi аспектiлерде Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес келмейтiнi жайында пайдаланушылардың бiлуi маңызды. Сондай-ақ олар шегiну қажет болып табыла ма деген ақпаратты пiкiрдi қолдана алуы үшiн, және есептіліктi стандартқа сәйкес келтiру үшiн талап етiлетiн түзетулердi есептеу үшiн пайдаланушылардың жеткiлiктi ақпарат алуы маңызды. ХБЕСК оның назарына ұсынылған сәйкессiздiк жағдайларын (мысалы, кәсiпорындар, олардың аудиторлары және реттеушi органдар) бақылап отырады және шегiнулер өте сирек жағдайларда ғана қажет болып қалатындай етiп, стандарттарға түсiндiрулер немесе түзетулер арқылы түсiнiктемелер әзiрлеу қажеттiгi қаралатын болады.

19. Мұндай стандарттарда ерекше жағдайларға сәйкес Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты ол күшiне енгiзiлген күнге дейін қолданылған кезде, бұл факт ашып көрсетiлуге тиiс.

Есеп саясаты

20. Кәсiпорынның басшылығы кәсiпорынның есеп саясатын қаржы есептілігi қолданылатын әрбір Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартының барлық талаптарына және Түсiндiрмелер жөніндегі тұрақты комитеттiң түсiндiрулерiне сәйкес келетiндей етiп таңдауға және қолдануға тиiс. Нақты талап болмаған жағдайда басшылық қаржы есептілігiнде ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететiн саясатты жасауға тиiс: олар мыналар:

(а) шешiмдер қабылдаған кезде пайдаланушылардың қажеттіліктерi үшiн орынды; және

(b) ол:

(i) кәсiпорынның нәтижелерi мен қаржы жағдайын анық көрсететiнiмен;

(ii) оқиғалар мен операциялардың заңдық нысанын ғана емес, олардың экономикалық мазмұнын да көрсететiнiмен2;

------------------------------

2 Сондай-ақ қараңыз: 27-ТТК “Жалгерлiктiң заңдық нысаны бар операциялардың мәнiн анықтау”.

(iii) бейтарап, яғни алдын-ала ойластырудан еркiн болып табылатындығымен;

(iv) абайлампаз болып табылатындығымен; және

(v) барлық елеулi аспектiлерде аяқталған болуымен сенiмдi.

21. Есеп саясаты - бұл қаржы есептілігiн әзiрлеу және ұсыну үшiн кәсiпорын қабылдаған нақты принциптер, негiздер, келісімдер, ережелер және тұжiрибе.

22. Нақты Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты және Түсiндiрмелер жөніндегі тұрақты комитеттiң түсiндiруi болмаған кезде, басшылық кұсіпорынның қаржы есептілігiн пайдаланушылар үшiн неғұрлым пайдалы ақпарат бере алатын есеп саясатын әзiрлеу үшiн өз пiкiрлерiн пайдаланады. Мұндай пiкiрдi шығарған кезде басшылық:

(а) Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарының осындай немесе осыған қатысы бар мұселелердi қозғайтын талаптары мен нұсқауларын;

(b) анықтамалар, танулар өлшемдерiн және ХБЕС “Тұжырымдамасында” белгiленген активтер, мiндеттемелер, кiрiстер мен шығыстар өлшемiн;

(с) стандарттарды белгiлейтiн басқа органдардың өтiнiштерiн және осы параграфтың (а) және (b) тармақтарына сәйкес келетiн сол және тап сол дәрежеде қабылданған салалық тұжiрибенi ескередi.

Қызметтiң үздiксiздiгi

23. Қаржы есептілігiн әзiрлеген кезде басшылық кәсiпорынның өз қызметiн үздiксiз жалғастыру қабiлетiн бағалауға тиiс. Қаржы есептілігi, егер басшылық не кәсiпорынды таратуға, не коммерциялық қызметiн тоқтатуға ниет етпесе, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмаса ғана кәсiпорын қызметiнiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер басшылық өз пiкiрiн қалыптастырған кезде, кәсiпорынның үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне едұуiр күмұн туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептілігi қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалмаса, онда бұл факт есептілік жасалған негiздегi сияқты және кәсiпорын нелiктен үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiнi ашып көрсетiлуге тиiс.

24. Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын бағалау кезiнде, басшылық таяудағы болашаққа арналған қолда бар ақпараттың барлығын ескеруге тиiс, ол ұдетте, кем дегенде, баланс күнiнен кейiнгi он екi ай кезеңдi қамтуға, бірақ онымен шектелмеуге тиiс. Осы ақпарат назарға алынатын дәреже әрбір нақты жағдайда фактiлерге байланысты болады. Егер кәсiпорын белгiлi бір кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөніндегі пiкiр бекітілмес бұрын, ол бәлкiм, ағымдағы және күтiлетiн пайдалылыққа, борыш мiндеттемелерiн өтеу кестелерiне және қаржыландыруды ауыстыратын ұлуеттi көздерге байланысты факторлардың кең ауқымын қарау талап етiледi.

Есептеу принципi

25. Кәсiпорын, есептеу принципiне сәйкес, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржы есептілігiн жасауға тиiс.

26. Есептеу принципiне сәйкес операциялар мен оқиғалар олар жасалған кезде (келiп түсуiне немесе ақшалай қаражаттарды немесе олардың баламаларын төлеуге қарай емес), бухгалтерлiк жазбаларға енгiзiлген және солар жататын кезеңдегi қаржы есептілігiне ұсынылған кезде танылады. Шығыстар шеккен шығындар мен кiрiстердiң нақты баптары бойынша (арақатыс) түсiмдер арасындағы тiкелей байланыстың негiзiнде пайдалар мен залалдар туралы есепте танылады. Алайда сәйкестiк принципiн қолдану активтер немесе мiндеттемелер анықтамасына сай келмейтiн баптардың балансында тануға жол бермейдi.

Ұсынудың жүйелiлiгi

27. Қаржы есептілігiнде баптарды ұсыну және сыныптау бір кезеңнен екiншi кезеңге сақталуға тиiс, оған мынадай реттер кiрмейдi:

(а) кәсiпорын операцияларының сипатындағы елеулi өзгерiс немесе оның қаржы есептілігiн ұсыну сипаттамасы өзгерiстiң оқиғаларды немесе операцияларды неғұрлым ыңғайлы ұсынуына алып келетiнiн көрсетедi; немесе

(b) ұсынудағы өзгерiстi Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары немесе түсiндiру жөніндегі тұрақты комитеттiң Түсiндiрмесi3 талап етедi.

----------------------

3 Сондай-ақ қараңыз: 18-ТТК “Жүйелiлiк - баламалы әдiстер”.

28. Қаржы есептілігiн едұуiр сатып алу немесе оның шығып қалуы, немесе оны ұсынуды талдау қаржы есептілігiн ұсынуда өзгерістер қажеттiгiн туғызуы мүмкiн. Кәсiпорын, егер өзгерген құрылым, бәлкiм, сақталатын ретте, немесе, егер баламалы ұсынудан пайда анық болған ретте ғана қаржы есептілігiн ұсынуға өзгерістер енгізуi керек. Егер ұсынуда ондай өзгерiс жасалатын болса, кәсiпорын 40-параграфқа сәйкес өзiнiң салыстырма ақпаратын қайта сыныптайды. Ұлттық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында ұсынудағы өзгерiс қайта қаралған ұсыну осы стандарттың талаптарына сай келетiн шеңберде рұқсат етiледi.

Мұндiлiк және қорыту

29. Әрбір елеулi бап қаржы есептілігiнде жеке ұсынылуға тиiс. Шамалы сомалар сондай сипаттағы немесе мақсаттағы сомалармен бірiктiрiлуге тиiс және жеке ұсынылмауы мүмкiн.

30. Қаржы есептілігi олардың сипатына немесе қызметiне сәйкес құрылымы жағынан топтарға бірiктiрiлген операциялардың көп санын өңдеу нәтижесi болып табылады. Қаржы есептілігiнiң өзiнде не ескертулерде баптарды қалыптастыратын құрылған және сыныпталған деректердi ұсыну жиынтықтау және сыныптау процесiнiң соңғы кезеңi болып табылады. Егер жеке бап елеулi болып табылмаса, ол қаржы есептілігiнiң өзiнде немесе ескертулерде басқа баптармен бірiктiрiледi. Қаржы есептілігiнiң өзiнде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмаса да, ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн.

31. Егер ақпаратты ашып көрсетпеу пайдаланушылардың қаржы есептілігi негiзiнде қабылданатын экономикалық шешiмдерiне ықпал етуi мүмкiн болса, осы контексте ақпарат елеулi болады. Елеулiлiк оны қоспаудың нақты мұн-жайларында бағаланатын баптың мөлшерi мен сипатына байланысты. Баптың немесе баптар жиынтығының елеулi екендiгi туралы мұселенi шешкен кезде, баптың сипаты мен мөлшерi бірлесiп бағаланады. Мұн-жайларға байланысты баптың сипаты да, мөлшерi де анықтаушы фактор болуы мүмкiн. Мысалы, бірдей сипаттағы және мақсаттағы жекелеген активтер, тiптi олардың жекелеген сомалары өте көп болса да, бірiктiрiледi. Солай бола тұрса да, сипаты немесе мақсаты бойынша өзгеше iрi баптар жеке ұсынылады.

32. Елеулiлiк, Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарының талаптары жекелеген ашып көрсетулер бойынша, егер нәтижесiнде алынатын ақпарат елеулi болмаса, сақталмауы мүмкiн екенiн бiлдiредi.

Өзара есепке алу

33. Активтер мен мiндеттемелер өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол талап етiлетiн немесе басқа Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты рұқсат берген реттер жатпайды.

34. Кiрiстер мен шығыстардың баптары тек қана мынадай жағдайларда өзара есепке алынуға тиiс:

(а) Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты мұны талап еткен немесе оған рұқсат берген кезде; немесе

(b) басқа да кiрiстер, залалдар және бірдей немесе сол сияқты операциялар мен оқиғалар нәтижесiнде туындайтын тиiстi шығыстар елеулi болып табылмайды. Ондай сомалар 29-параграфқа сәйкес бірiктiрiлуге тиiс.

35. Активтердiң де, мiндеттемелердiң де, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстардың, олар елеулi болған жағдайда, есептерде жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайдалар мен залалдар туралы есепте, не баланста жасалған өзара есепке алу, ол операцияның немесе оқиғаның мазмұнын көрсететiн реттердi қоспағанда, пайдаланушылардың жүргiзiлген операцияларды түсiну және кәсiпорынның ақшалай қаражаттарының болашақтағы тасқынын бағалау жөніндегі мүмкiндiктерiн кемiтедi. Бағалау резервтерiн, мысалы, ескiрген босалқыларға резервтi және дебиторлық берешек бойынша күмұндi борыштарға резервтi шегергенде актив есептеріндегі ұсыну өзара есепке алу болып табылмайды.

36. 18-“Табыс” ХБЕС “табыс” терминiне анықтама бередi және ол, кәсiпорын беретiн кез келген сауда-саттық және көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе алынуға тиiстi ұдiл өтеу құны бойынша өлшеудi талап етедi. Өзiнiң ұдеттегi қызметiнiң барысында кәсiпорын кiрiс ұкелмейтiн, бірақ кiрiс ұкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды жүзеге асырады. Егер ол ұсыныс кез келген кiрiстерден бір операция бойынша туындайтын тиiстi шығыстарды шегеру жолымен операцияның немесе оқиғаның мазмұнын көрсетсе, ондай операциялардың нәтижелерi ұсынылады. Мысалы:

(а) ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен залалдар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң баланстық құнының және оны сату жөніндегі тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады;

(b) үшiншi тараппен шарттық келісімдердiң талаптары бойынша өтелетiн шығындар (мысалы, қосалқы жалгерлікке беру туралы келісім) тиiстi өтеуге қарсы есепке алынады; және

(с) төтенше баптар тиiстi салық және азшылықтың үлесi шегерiлiп ұсынылуы мүмкiн, бұл жағдайда жалпы сома ескертулерде көрсетiледi.

37. Бұған қоса, осындай операциялар тобы бойынша туындайтын басқа да кiрiстер мен залалдар, мысалы, бағамдық айырмадан пайдалар мен залалдар немесе саудаға арналған қаржы аспаптары бойынша туындайтын кiрiстер мен залалдар есептерде нетто-негiз бойынша ұсынылады. Алайда, осындай басқа кiрiстер мен залалдар, егер олардың мөлшерi, сипаты немесе шыққан жерi 8-“Кезең iшіндегі таза пайда немесе залал, есеп саясатындағы iргелi қателiктер мен өзгерістер” ХБЕС-на сәйкес жеке ашып көрсетудi талап ететiн болса, есепте бөлек ұсынылады.

Салыстырма ақпарат

38. Алдыңғы кезеңге қатысты салыстырма ақпарат, егер Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты керiсiнше рұқсат етпесе немесе талап етпесе ғана, қаржы есептілігiнде барлық сандық ақпарат үшiн ашып көрсетiлуге тиiс. Салыстырма ақпарат, егер ол ағымдағы кезең iшіндегі қаржы есептілігiн түсiну үшiн орынды болса, ақпаратты баяндау және суреттеу бөлiмдерiне қосылуға тиiс.

39. Кейбір реттерде алдыңғы кезеңдегi (дердегi) қаржы есептілігiнде ұсынылған баяндаушы ақпарат ағымдағы кезеңде орынды бола бередi. Мысалы, баланстың соңғы күнiнде шешiлуi тұрлаусыз болған және ұлi шешiлуге тиiстi құқықтық даудың егжей-тегжейi ағымдағы кезеңде ашып көрсетiледi. Пайдаланушылар баланстың соңғы күні тұрлаусыздық болғаны туралы және кезең iшiнде тұрлаусыздықты жою үшiн қандай шаралар қолданылғаны туралы ақпараттан пайда алады.

40. Қаржы есептілігiнде баптарды ұсыну немесе сыныптау өзгерген кезде, салыстырма сома, егер ол iс жүзiнде жүзеге асырылмайтын болса ғана ағымдағы кезеңмен салыстыруды қамтамасыз ету үшiн керi сыныпталуға тиiс, бұл жағдайда кез келген керi сыныптаудың сипаты, сомасы және себебi ашып көрсетiлуге тиiс. Салыстырма сомаларды керi сыныптау орындалмайтын болса, кәсiпорын керi сыныптаудың жүргiзiлмеу себептерiн және, егер керi сыныпталған болса, жасалатын өзгерістердiң сипатын ашып көрсетуге тиiс.

41. Ағымдағы кезеңмен салыстыруға қол жеткізу үшiн салыстырма ақпаратты керi сыныптау нақты болмайтын мұн-жайлар болуы мүмкiн. Мысалы, алдыңғы кезеңде (кезеңдерде) деректер керi сыныптауды өткізуге мүмкiндiк бермейтiн, ал ақпаратты қалпына келтiру мүмкiн болмайтын әдiспен жинақталуы мүмкiн болды. Мұндай жағдайлар кезiнде жасалуға тиiс болған салыстырма сомаларды түзету сипаты ашып көрсетiлуге тиiс. 8-ХБЕС ретроспективтi қолданылатын есеп саясатындағы өзгерістер салдарынан салыстырма ақпаратқа қажеттi түзетулердi сипаттайды.

Құрылымы және мазмұны

Кiрiспе

42. Осы стандарт қаржы есептілігiнiң өзiнде белгiлi бір ашып көрсетулердi, басқа баптарды не қаржы есептілігiнiң өзiнде, не ескертулерде ашып көрсетудi талап етедi және стандартқа ұсынылған пiшiмдердi белгiлейдi, оларды кәсiпорын, егер оларды оның нақты жағдайларында қолдануға болса, пайдалана алады. 7-ХБЕС ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептi беру құрылымын ұсынады.

43. Осы стандарт қаржы есептерiнiң өзiнде де, оларға ескертулерде де баптарды ұсынуды қамтитын “ашып көрсету” терминiн кең мәнiнде қолданады. Басқа Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары белгiлеген ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар осы стандарттарға сәйкес орындалады. Егер осы немесе басқа стандарттарда өзгеше белгiленбесе, осындай ашып көрсетулер не тиiстi қаржы есебiнiң өзiнде, немесе ескертулерде орындалады.

Қаржы есептілігiнiң нысандарын анықтау

44. Қаржы есептілігiнiң нысаны дұл анықталуға және жарияланған сол құжаттың iшіндегі басқа ақпараттан бөлiнуге тиiс.

45. Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары жылдық есепте немесе басқа құжатта ұсынылған басқа ақпаратқа емес, қаржы есептілігiне ғана қолданылады. Сөйтiп, Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары қолданылып әзiрленген ақпаратты пайдаланушылар үшiн пайдалы, бірақ осы стандарттардың мәнi болып табылмайтын ақпараттан пайдаланушылардың айыра алуы маңызды.

46. Қаржы есептілігiнiң әрбір компонентi дұлме-дұл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дұлме-дұл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:

(а) есеп беретiн кәсiпорынның атауы немесе басқа да деректемелерi;

(b) қаржы есептілігi жеке кәсiпорынды немесе кәсiпорындар тобын қамти ма;

(c) қаржы есептілігiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбірек жарайтынына қарай, баланс күнi немесе қаржы есептілігi қамтитын кезең;

(d) есептілік валютасы; және

(e) қаржы есептілігiнде санды ұсынған кезде пайдаланылған дұлдiк деңгейi.

47. 46-параграфта келтiрiлген талаптар ұдетте қаржы есептілігiнiң әрбір бетiнде бет сайынғы тақырыптарды және қысқартылған бағандар тақырыптарын ұсыну жолымен орындалуы мүмкiн. Осындай ақпаратты ұсынудың ең жақсы тұсiлiн анықтау үшiн пайымдау талап етiледi. Мысалы, егер қаржы есептілігi электронды түрде оқылса, онда жекелеген беттердi пайдаланбауға болады; онда жоғарыда келтiрiлген тақырыптар осы ақпаратты дұрыс түсiнудi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi жиiлiкте пайда болуға тиiс.

48. Қаржы есептілігi есептi валютаның мыңдаған немесе миллиондаған бірлiктерiнде ақпарат ұсынған кезде көбiнесе неғұрлым түсiнiктi болады. Бұған ұсыну дұлдiгiнiң деңгейi ашып көрсетiлгенге дейiн жол берiледi және орынды ақпарат жоғалмайды.

Есептi кезең

49. Қаржы есептілігi, кем дегенде, жыл сайын ұсынылуға тиiс. Айрықша жағдайларда кәсiпорынның баланс күнi өзгерген, және жылдық қаржы есептілігi кезең үшiн бір жылдан ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, кәсiпорын қаржы есептілігi қамтитын кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге тиiс:

(а) бір жылдан өзгеше кезеңдi пайдалану себебi; және

(b) пайдалар мен залалдар туралы, меншiктi капиталдағы өзгерістер туралы, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептердегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың салыстырмалы болып табылмау фактiсi.

50. Айрықша жағдайларда кәсiпорыннан баланс күнiн өзгерту талап етiлуi мүмкiн немесе ол, мысалы, кәсiпорын басқа кәсiпорыннан өзге баланс күнiмен сатып алғаннан кейiн шешiм қабылдай алады. Осындай жағдай орын алған кезде, ағымдағы кезең үшiн көрсетiлген сомалар және салыстырма сомалар салыстырылмайтыны туралы пайдаланушыларды хабардар ету, және баланс күнiнiң өзгеру себебi ашып көрсетiлуi маңызды.

51. Ұдетте қаржы есептілігi кезең iшiнде жылына бір рет жүйелi түрде жасалады. Алайда кейбір кәсiпорындар, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшiн есеп ұсынуды ұнатады, бұл практикалық тиiмдiлiктен туындайды. Осы стандарт ондай практикаға тыйым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептілігiнiң кезең үшiн бір жылда жасалатын есептіліктен елеулi түрде айырмашылығы бола қоймас.

Уақтылылық

52. Қаржы есептілігiнiң пайдалылығы, егер ол баланс күнiнен кейiнгi қолайлы кезеңнiң iшiнде пайдаланушыларға ұсынылмаған болса, төмендейдi. Кәсiпорын баланс күнiнен кейiн алты айдың iшiнде өзiнiң қаржы есептілігiн шығара алатындай болуы керек. Кәсiпорын операцияларының күрделiлiгi сияқты осындай факторлар кәсiпорынның есептіліктi уақтылы ұсынуға қабiлетсiздiгiн ақтауға жеткiлiктi болмайды. Көптеген заңдық құқықтарда неғұрлым нақты шектi мерзiмдер заң актілерімен немесе нормативтiк ережелермен белгiленедi.

Шаруашылық

операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

4

5

1.

Жалға беру келісімшартында көрсетілген бағасында негізгі құралдар жалға берілді

001

2410

2.

Жалға мерзімі өткен соң жалға алынған негізгі құралдар жалға беруші кәсіпорынға қайтарылды

2410

001

3.

Жарияланған жарғылық қор сомасы белгіленген тәртіппен тіркелген

5020

5010

4.

Материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу

2710-2740

5020

5.

Ақшалай қаражаттарды

Жарғылық қорға жарна ретінде төлеу

1010-1070

5020

«Төленбеген капитал шоты» заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздардың сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді. Демек сол капиталдарға иелік құқы бар екендігін білдіреді.