Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой фин учет1.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
444.93 Кб
Скачать

2.2Бухгалтерлік баланс және оны дайындау

Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен, бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сай болуға тиіс.

Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарнда анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.

Баланс бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығы негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.

Ағымдағы активтер мен міндеттемелердің өзара зачет жасалуы рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек, немесе бұрып қоюға болмайды.Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардық мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады. Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады. Баланс жасау тәртібін «бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың» №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР  Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген. Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық: Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады. Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді. Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы. Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндет-темелерін ұстағаннан қалған капитал.Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді. Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына  қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады. Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген. Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000). Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.