Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktiki.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
115.03 Кб
Скачать

1.2 «Атф Банк» ақ-ның жұмысы мен ұйымдастыру ерекшеліктері

«АТФ Банктің» негізгі мақсаты қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін сапалы банк өнімдерінде қанағаттандыруда. Миссия Банк ұжымы қызметінің негізгі себебі ел және Банктің барлық клиенттері мен әріптестері үшін пайдалы болуы тиіс екендігін белгілейді. Мұндай пайдалы болудың салдарынан Еуразиялық Банк әділ сыйақы ала алады.

Банк философиясы үйлесімділік, әділдік, бейсаясаттық, сенімділік, даму және ақылға қонымдылық қағидаттарына негізделеді. Банк ішінде де, сол сияқты қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар үйлесімділігі әділдікті, сенімділікті және бейсаясаттықты қажет етеді.

Бейсаясаттық – кез келген саяси ағымды ұстану күнделікті міндеттерді шешуден көңілді басқа жаққа аударатындығын түсінудің нәтижесі. Қарым-қатынастардағы сенімділік пен әділдік ақыл арқылы қалыптасады. Ақыл өз кезегінде өз өзімен үнемі жұмыс істеу, АТФ Банк ағымдағы күн сайынғы дамуы арқылы қол жетеді. Келіспеушіліктер мен қайшылықтарды жоқ қылатын үйлесімді қарым-қатынастар бар жерде ғана нақты даму мүмкін болады.

Қаржы нарығының қалыптасқан жағдайларында, «АТФ Банк» АҚ-мы тұрақты өсімді қолдауға, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасында банк секторының өсу қарқынынан асып түсетін даму қарқынына қол жеткізуге бағытталған стратегияны таңдады.

Осы стратегия:

  • республика аймақтарында Банк дамуының серпінділігін арттыруды және филиалдар желісін кеңейтуді;

  • клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуды;

  • жаңа бәсекеге қабілетті банк өнімдерін әзірлеуді;

  • капиталға ірі инвестициялар салу есебінен Банктің дәйектілігі мен тұрақтылығын өсіруді және қаржылық қызметтің субъективті тәуекелдерін, соның ішінде әкімшілік, кадр және саяси тәуекелдерді жоюды;

  • бөлшек бизнесті дамытуды қамтамасыз етуге арналған.

Кез-келген банктің жұмысы қызметтің негіз болатын екі түрін тірек етеді - депозиттік бағдарламалар бойынша ақша қаражатын жинау және несиелер беру. 2013 жылғы қазан «АТФ Банк» АҚ үшін белгілеп қоятын ай - банк республика халқына бірнеше жаңартылған өнімдерді ұсынып,жеке тұлғаларды несиелендіруді қайта бастады. АТФбанк мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатыса,сондай-ақ нарықты өзінің қаржылық өнімдерімен толтыра отырып,корпоративтік клиенттерге де түрлі несиелер беруден шет қалып қойған жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаларды игеру бойынша жеке кәсіпкерлік субьектілеріне көмекті теңдей бөлу - банктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.Қазіргі уақытта алға қойғандарды іске асыру үшін жекелеп несиелендірудің қолданыстағы өнімдері толықтырылып,жаңа өнімдер жасау.Өнім қатарына ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары кіреді.Оған:жылжымайтын мүлікті немесе автомобильді кепілге қойып несиелендіру,сондай-ақ кепілсіз несиелендіру кіреді..Бұған «Жеңіл» кепілсіз несиесін жатқызуға болады Бұл өнім бастапқы немесе қайталама нарықта жылжымайтын мүлік сатып алғысы келген жеке тұлғаларға арналған.

Банк клиенттері арасында тұрғын және жылжымайтын мүлікті кепілге қоя отырып,тұтынушылық несие беру бағдарламасы ішінде ең сұранысөа иесі - «АТФ - Блиц » бағдарламасы.Бұл өнімнің талаптары бойынша қарыз алушыға кепілге қойылған мүліктің бағалау құнының 50% дейінгі мөлшерінде ақша беріледі. Есептеген кезде бұған әрі несие берешегін өтеу үшін қарыз алушының расталған кірісінің жеткілікті екендігі ескеріледі.

Жасалып жатқан бағдарламалардың ішінен депозит кепілімен берілетін және кезек күттірмейтін қажеттіліктерге арналған несиелендіруді айтып өткен жөн.Клиент ақша қаражатын жоғары мөлшерлемемен банк депозиттеріне орналастыра отырып,бұл жерде ішіара алу көзделмеген,қажет болған жағдайда депозит бойынша қолданыстағы мқлшерлемелерге бар жоғы +3% төлей отырып,оларды банктің төлем карточкасына аудару арқылы несие лимиті түрінде ақша алу мүмкіндігіне ие болады.Бұл кезде есептелген сыйақы және депозит сомасы өзгермейді.

Өсіп отырған сұранысқа байланысты АТФ Банк басқа ЕДБ қарыз алушылары үшін қайта қаржыландыру бағдарламасын қайта бастауға ниетті. Бұл ең алдымен көптеген ықтимал клиенттердің басқа банктерде несиелері бар екендігімен байланысты,бірақ Темірбанк клиенттерге қарыз алушының бұған дейін несие ресурсын алған банктеріне қарағанда неғұрлым қолайлы талаптарын ұсынады. Сұраныс бар,жақын уақытта АТФ Банктен ұсыныста болады.

АТФ Банктің 2013 жылғы стратегиялық мақсаттарының бірі - заңды тұлғалардың несие портфелін арттыру.Біз оған ШОБ субьектілеріне жататын,заңды тұлғаларды несиелендіру көлемін арттыру есебінен қол жеткізуді жоспарлап отыр.Осыған байланысты клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға қабілетті,қаржыландырудың жаңа құралдарын жасап отыр.

Әсіресі, «АТФ Банк» АҚ-ның экономиканың шынайы секторын қолдау үшін мемлекет іске асырып отырған бағдарламаларға белсенді түрле қатысуда. Дәл осы шаған кәсіпкерлікті қолдауының арқасында үкімет халықтың әл-ауқатын арттырудың жалпы проблемаларын шешеді,ал шағын бизнестен түскен салық-бюджетті толықтыруға айтарлықтай ықпалын тигізеді.

ІІ «АТФ Банк» АҚ-ның ішкі құжаттарына қысқаша шолу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]