Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktiki.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
115.03 Кб
Скачать

3.1 Депозиттік бөлім

«АТФ Банк» АҚ депозиттің 2 түрі бар. Олар:

1 «СЕНІМ-таңда» депозиті.

2. «СЕНІМ-ұзақ мерзімге» ( на длительный срок)

1. «СЕНІМ-таңда» (выбирай) депозиті.

Бұл депозиттің салым валютасы тенге/ АҚШ доллар / евро түрінде және 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге салуға болады. Салым соммасы 3000 тенге/ 20 АҚШ доллар/ 20евро. Салымшылар болып жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары бола алады.

Сыйақы мөлшері

Тенге

АҚШ доллар

Еуро

9% жылдық

4,5% жылдық

4% жылдық

Сыйақы төлеу тәсілі: ай сайын, капитализация тәсілімен төленеді ( салым сомасына есептелген пайызды аудару). Қосымша жарнасы шектеусіз: қолма-қол ақшалай, қолма-қолсыз ақшалай түрінде. Бөлшектеп алу шектеусіз: төмендетілмейтін қалдық көлемі сақталған жағдайда.

Шарт бастамасы мен мерзімінен бұрын бұзылатын жағдайда

• салым мерзімі ақша қаражаты депозит шотына енгізілген күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен аз уақыт құраса, сыйақы есептелмейді, қолма-қол ақшаны шешу үшін Шартты бұзу күнінде орын алған комиссия есептелініп, алынады;

• салым мерзімі ақша қаражаты депозит шотына енгізілген күннен бастап 7-ден (жеті) 180 (жүзсексен) күнтізбелік күнге дейін уақыт құраса, сыйақы есептелмейді және қайта есеппен ақшаны беру үшін комиссия есептелмейді;

• салым мерзімі ақша қаражаты депозит шотына енгізілген күннен бастап 180 (жүзсексен) күнтізбелік күннен көпуақытқұраса, сыйақы салым Шартты бұзу күнінде шоттағы салымның нақты сақталған мерзім мөлшерінде есептелінеді.

2. «СЕНІМ-ұзақ мерзімге» ( на длительный срок)

Бұл депозиттің салым валютасы тенге/ АҚШ доллар түрінде және 12 айдан 120 айға дейінгі мерзімге салуға болады. Салым соммасы 500 000 тенге/ 3 000 АҚШ доллар. Салымшылар болып жеке тұлғалар болып табылады.

Сыйақы мөлшері

Тенге

АҚШ доллар

Салымның сыйақы ставкасы

9%

4,5%

Жылдық тиімді сыйақы ставкасы

9,4%

4,6%

Сыйақы төлеу тәсілі: ай сайын, капитализация тәсілімен төленеді ( салым сомасына есептелген пайызды аудару).

Шарт бастамасы мен мерзімінен бұрын бұзылатын жағдайда:

  • Салымның ашылған күнінен бастап 30 күнге дейінгі, сыйақы есептелмейді

  • Салымның орналасканынан бастап 30 күннен жоғары

Салымның қосымша шарттары: Салымның ашылғанынан 6 ай өткенен кейін Салымшы 12 айға жетпей сыйақысын ала алады.

Банктің салым шарттары

1.Шарттың мәні

1.1. Салымшы қолма-қол ақша түрінде тапсырылған ақша соммасын жинақ шотына шот валютасы орналастырады, ал Банк Салымшыдан оны қабылдайды.

1.2. Салым салушы қолма-қол ақша түрінде ақша сомасын салымшыға Банпен ашылған жинақ шотына шот валютасы орналастырад, Банк Салым Салымшыдан оны қабылдап, Салымшыға немесе Салым алушыға оны қайтаруға және бойынша сыйақы төлеуге міндеттенеді.

1.3. Салым Салымшының атына енгізіледі.

1.4. 14 жасқа толмаған Салымшының атына салымды тапсырған Салым салушы оның салымына өкілдік етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]