Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Балалар мекемесіндегі санитарлы

.doc
Скачиваний:
95
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
126.46 Кб
Скачать

3. Психогендік негізде пайда болған ПДК – тәрбиенің қолайсыз жағдайларына, жеке бас дамуына дұрыс қалыптаспауына байланысты. Мұндай балаларды педагогикалық бағусыз қалған балалардан ажырата білу қажет. ПДК кезіндегі балалардың психикалық тұрақсыздығы – олардың қадағалаусыз болғандығына да байланысты, мұндай жағдайда жауапкершілік төмендейді, аффектінің белсенді тежелуіне байланысты мінез-құлық өзгереді.

а) «Отбасы табынушысы» (кумир) типтегі аномальдық даму варианты (гиперопека) - өте қамқорлықта болған балаларда кездеседі – еркелетіп тәрбиелеу, еңбекке үйретпеу, өзіндік инициативасы жоқ, ерік күші аз, эгоист, біреудің көмегіне сүйеніп кеткен, қабілетсіз балалар.

б) Невротикалық типтегі аномальдық даму варианты ата-аналарды дөрекі, қатыгез балаларда кездеседі – қорқақ, эмоциялық жетілмеуі өзін-өзі сенімсіздікке, онжарлыққа, шешім қабылдай алмауға әкеледі.

в) Церебральді-органикалық негізінде пайда болған ПДК – екіқабат патологиясы, инфекциялар, ана мен бала қанының сәйкес келмеуі, интоксикация, жарақат. Органикалық инфантимум – балалардың эмоциялық – ерік қуатының жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Екі түрін атауға болады: тұрақсыз тежелген. Эмоция айқындығы жоқ, баға алуға тырыспайды, талаптану деңгейі төмен.

  Церебральды органикалық негізде пайда болған КДП балалардың таным әрекеттері  бұзылған, ойлау, зейін т.б. жеткіліксіз деңгейде, баяу қимылдайды, бір істен екінші іске ауысуы да жай, төмен.

  Тіпті оңға – солға бағдарлану, жазу, қағаз бетінде бағдарлану да қиынға соғады.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында дефектілік кең мағынада түсіндірілген. Дефектілікке дене және психикалық аномалиялары бар балаларды (соқыр, керең, ақыл-есі кем) ғана емес, сонымен қатар тәрбиесі бұзылған балаларды да (тәртіпсіз, қылмыскер, нашақор және т.б.) жатқызған. Балалар дефектілігімен күресу балаларды қорғау жалпы мемлекет ағымдарының орталығында тұрды. Аномальды балаларды қорғау мемлекеттің ісі, яғни, оның алдында бұл балаларды кемсітпей керісінше, оларды қоғамдық пайдалы іс әрекетке ортақтастыру міндетті болды.

Аномальды балалар үшін оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, оқыту мен еңбек дайындықтары, ортақ жүйелі арнайы оқу-тәрбие мекемелері құрылған. Олардың негізінде жалпы қоғамдық қол жеткізу және міндеттелген білім беру принциптері жатады. Аномальды балаларға білім және тәрбие беру дайындықтары мемлекеттің педогогикалық жоғарғы оқу орындарының дефектологиялық факультеттерінде өткен квалификацияланған мамандармен ұстаз дефектологтармен қамтамасыз етілген .

 Ақыл-ой дамуы бұзылған балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық (табиғи) зақымдануы (ЦНС) баланың таным процестерінің өте төмендеуіне және ақыл-ой дамуының іркілуіне әкеліп соғады. Олигофренопедагогика- осындай балаларды оқыту, тәрбиелеу және зерттеу мәселелерімен айналысатын арнайы сала. Термин «олигофрения» (грек olygos - аз және phren - ақыл) неміс психиаторы Э. Крепелиннен басталған. Арнайы әдебиеттерде 60 жылдарға дейін «ақыл-ес дамуы артта қалған»   терминімен бірге, «кем ақыл, ақымақтық»   термині де қолданылады (кейде қазірде қолданылады).  Ақыл есі дамымай қалған балалардың көбісін олигофрендер құрайды.

Олигофрения – бұл ақыл-ой және психикалық жағынан дамымай қалу формасы. Себептері: экзогендік жағымсыз ф-р туа біткен олигофренияға әкеліп соғады. Оларға  жататындар: патологиялық тұқымқуалаушылық (ата-ананың венерикалық және басқа да аурулары, екеуінің де немесе біреуінің ақыл-ес кемдігі), хромосомдардың бұзылуы (хромосомная аберрация), эндокриндік жүйенің бұзылуы (фенилкетасурия), ананың және баланың қан құрамының резусфактор бойынша сәйкес келмеуі болып табылады. Алкоголділік және наркомания экзогендік те, эндогендік те факторлар болып табылады. Олигофрения үш деңгейге бөлінеді: идиотия, имбецильность және дебильность.

Идиотия – олигофренияның ең ауыр түрі (милау, нақұрыс)  Идиот – балалар өзін қоршаған орта туралы да ойлана алмайды, тіл функциясы өте баяу және шектелген түрде дамиды, кейбір жағдайларда дыбыстар тіпті айтылмайды. Мұндай балалардың қимыл үйлесімділігі жоқ, кеңістікте бағдарлана білмейді моторикасы дамымайды (кейде жатып қалады). Гигиеналақ, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары тіпті қалыптаспауы мүмкін. Идиот балалар арнайы медициналық көмек көрсетілетін және бақылау жүргізіліп отыратын мекемелерде тәрбиеленеді. (ата-аналарының келісімімен) 18 ге жеткен кезде олар хрониктерге арналған интернаттарға көшіріледі.

Имбецильность – миқұла идиотизмге қарағанда ақыл-ес кемдіктің жеңілдеу түрі. Имбицильді балалар тілді, кейбір қиын емес еңбек дағдыларын белгілі мүмкіндіктерімен меңгереді. Алайда, қабылдау, ойлау, ес және ерік-қуат т.б. функциялардың терең, дөрекі дефектілері мұндай балаларда жалпы білім беретін және қосымша мектептерде оқу мүмкіндігін жояды. Бұлар да арнайы мекемелерде оқылып тәрбиеленеді.

Дебильділік -  миақы ең жеңіл түрі. Дегенмен олардың интеллектерінің, ерік-қуат сферасындағы ерекшеліктердің төмендігі жалпы білім беру мектептерінде оқуларына кедергі жасайды. Қарапайым математикалық білімдерді, жазу және оқу дағдыларының өзін меңгеру оларға қиынға соғады, өйткені абстрактілі ойлау функциясы оларда бұзылған. Жалпы дене әлсіздігі, моториканың бұзылуы, мінез-құлық ерекшеліктері олардың кәсіптік- еңбек іс-әрекетінің шеңберін шектейді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды  арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті ақыл-есі кем балаларды мектепке дайындау барысында олардың дене, ақыл-ой және адамгершілік даму мүмкіндігін барынша қамтамасыз ету. Біздің елімізде арнайы м.д.  мекемелерінің жүйеленген системасы құрылған.

Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектепинтернаттарға 4 тен 8 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйеде арнайы яслилер, психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер тобына екі жастан қабылданады. Ақыл-есі кем балалардың дамуы өмірдің бірінші күнінен бастап дені сау балалардан әжептеуір бөлектеніп тұрады. Оларда бастарын дұрыс ұстау, отыру, тұру, жүру сияқты қимылдар кем басталады. Мектеп жасына жеткенше дейін оларда көрнекі-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. Тіпті ойын процесінің өзі оларда заттың әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-есі кем балаларда негізгі әрекет ойын-емес, зат қана болып табылады. Ал, еңбек іс-әрекетінің элементтері (өзіне-өзі қ. ету) мұндай балаларда қоршаған орта талабының ықпалымен қалыптасады. (отбасында осыған көңіл аудару қажет). Тіл дамуы да ерекше артта қалады, алғашқы сөздер оларда 3 жастан кейін, фразалар – мектеп алдында ғана пайда болады. Ақыл-есі кем балаларда жеке бас дамуының шарттары да қалыптаспайды, әдеттен балалар 3 жастан бастап өзіндік «Мен» деген ойға ие болса, ақыл-есі кем балаларда тек 6-7 жас кезінде өзін-өзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, олардың мінез-құлқы ырықсыз сипатта болады. Бұл б-дың ересектермен, жолдастарымен қарым-қатынасы да басқаша қалыптасады. (отверженные –аластатылу, шеттетілу).

3. Қосымша мектеп мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінің жұйесінде жұмыс істейді, бірақ міндеттері бөлек айқындалады. Арнайы міндеті – дефектілерді түзету (коррекция). Сондықтан әлеуметтік – еңбектік бейімделу дұрыс жүзеге асуы тиіс. Қосымша мектеп оқушылардың жалпы дене жағдайын дұрыстау және бекітуге бағытталған, емдеу – сауықтыру жұмыстарымен де айналысады, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық міндеттері бар. Ерекше түзету міндеттерінің саны сол мектептің арнайы оқу жоспарында және бағдарламаларында бейнеленген. Қысқаша, орыс тілі (ана тілі), математика (1-9 сынып), география (6-9 сынып), тарих (7-9 сынып), бейнелеу өнері (1-6 сынып), дене тәрбие (1-9 сынып), қол еңбегі (1-4 сынып), кәсіптік – еңбекке оқыту (5-9 сынып) т.б. кітапта толық қарастырылған.

4. Қосымша мектеп оқушыларының негізгі контингенті – олигофрен-балалар. Белгілі совет дефектологы М.С. Певзнердің жасап шығарған сыныпассификациясы – жүйесі – олигофрен-ның міндеттерін шешуде ең тиімді деп саналады. Певзнер ол-нияның 4 формасын анықтады.

а) Негізгі формасы-диффузные –ми жарты шарының қабы зақымдалған, бұлардың сезім органдары керемет бұзылмаған, қимыл-қозғалысы ерік-қуат сферасында, сөйлеуде аса бұзылу байқалмайды. Мұндай балалар өз алдына қойылған міндеттерді көбінесе түсіне бермейді, олардың шешімін басқа әрекеттермен ауыстырады.

б)  Нейродинамикалық бұзылуы анық олиг-дер. Бұл өте қозғыш, тәртіпсіз, әлсіз, баяу жұмыс істеу қабілеті төмендеген балалар. Бұларда сөйлеудің сенсорлық жағы төмен, фонетикалық-фонематикалық есту қабілеті бұзылған.

в)  Ми жарты шарының диффуздың жағдайы сол жақ жарты шардың төбе- желке жағының зақымдануымен қосылуы. өте күрделі түрі, түзету жұмысы да қиынға соғады.

г) Танымдың іс-әрекеттердің дамымауы жеке бастың толық дамымай қалуына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда тілектер және мотивтер жүйесі толық өзгерген, патологиялық бейімділік бар.

Кейбір жағдайларда олигофренияның есалаңдық (психопатическая) формасы да кездеседі. Бұлар өте қиын балалар болып табылады.

Айтылған формалардан басқа сирек кездесетін олигформал. бар. Кейбіреулері:

1.          Жыныстық хромосомдар ауытқулығы (кемістігі) бойынша пайда болатын олигофрения.

2.          Сыныпайнфелотер синдромы бойынша пайда болатын олигофрения. (тек ер адамдарда)

3.          Шерешевский-Тернер синдромы бойынша пайда болатын олигофрения. (тек әйелдерде)

4.          Гидроцефалиядан асқынған олигофрения.

5.          Туа пайда болған сифилис олигофрениясы.

6.          Фенилкетонурия бойынша пайда болған олигофрения.

7.          Деменция (лат. dementia-безумие) –ақыл кемдік.

Гидроцефалиядан асқынған олигофрения- гидроцефалия түрақты секреция бездерінің және оларды сіңіру шарттарының балансы бүзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұл бетпішініндегі бас ми аймағы ұлғаюымен сипатталады – құрылысы және субарах пайдалды аймақ.

Гидроцефалия – дамушы және өтеуші болып бөлінеді. Кейбір жағдайда дамушы гид- ның әсерінен ішкі (черепное довление) нормаға келеді, сөйтіп бұзылыс өтелуші сырқатқа айналады. Өтелуші сырқат кезіндегі ми құрылысы кеңейген күйі қалады.

Осы уақытқа дейін гидроцефалия жайлы нақты мәлімет жоқ. Ақыл есі кем балалар гидроцефалия кезінде 0,4 – 2,0 процент қана байқалады. Гидроцефалия жұмысқа қаблетінің төмен болуымен сипатталады, (жалықудың жоғарғы деңгейде болуы, зейін аударудың бұзылуы). Мінез – құлықтың өзіндік өзгеруі (жанындағылармен өзін салысыру төмендеді , жағдаймен санаспайды).

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Иншаков О.В  Развитие и корр. графо- моторных навыков у детей 5-7 лет. Корр.Пед(Владос) 2005г.

2. Козлова В.М. Психол.коррекция умственного развития школьников. Академия.2001г.

3.   Дружинин   В.Н.  Психология – Питер; 2002.

4. Немов Р.С.   Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,