Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
222.72 Кб
Скачать

Бизнес-жоспар

1. Аннотация

Бизнес-жоспар тақырыбы: Маңғыстау облысында екі тіректі айналмалы пеш Ø4х60 м орнатылған тәулігіне 3000 т клинкер өндіретін құрғақ тәсілмен жұмыс істейтін цемент зауытының жобасының бизнес жоспары

Фирма аты “ Есіркеп ” ЖШС

Жобаны дайындаған: ХТ-11-1к7 Есіркеп Ардақ Асылбекқызы

Басталу мерзімі 01. 07.2016

Жоба құны 2 млрд. теңге

Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 3 жыл

Өтелу мерзімі: 3 жыл

2. Резюме

Цемент – құрылыстың негізгі азығы. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдар өндірісінің өркендеуі және дамуы мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау және іске асыруға тікелей байланысты, атап айтқанда: «Мемлекеттік тұрмыстық құрылыс бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2005-2014 жылдарға арналған құрылыс бұйымдарды және конструкциялары өнеркәсібін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2014-2019 жылдарға арналған жетелдетілген индустриалды - инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы».

Есіркеп ” ЖШС бас мақсаты Маңғыстау облысында екі тіректі айналмалы пеш Ø4х60 м орнатылған тәулігіне 3000 т клинкер өндіретін құрғақ тәсілмен жұмыс істейтін цемент зауытының жобалау болып табылады.

Бүл жоба салық түсімдерін облыстық бюджетті көбейтуге мүмкіндік береді және қосымша жұмыс орындарымен қамтийды яғни нарықты сапалы тауарлармен қамтамасыз ету, салық есебінен бюджетті толықтыру, отандық өнімдерді импорталмастыру процесіне өз үлесін қосады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін 2 млрд. теңге тенге қаражат қажет.

Ол қаражат төмендегі мақсаттарға жұмсалады: қондырғыдағы кейбір жабдықтарды ауыстыруға, шикізаттар мен қажетті материалдар және қосымша шығындарға. Жобаның үзақ және қысқа мерзімді мақсаттары даму стратегиясы және инвестициялық жобалар.

3. Кәсіпорынның сипаттамасы

1 кесте - 3 жыл мерзімдеге негізгі қаржылық көрсеткіштері

Уақыты, жыл

Сатылу көлемі, тонн

Пайда/ теңге

Таза пайда/ теңге

2016

1000000

15987100000

14685874800

2017

1000000

17266068000

13752949267

2018

1000000

18647353440

14853072913

Бизнестің күшті және әлсіз жақтары бірге жұмыс істеп жатқан серіктестер мен тұтынушыларға байланысты

Менеджмент

1. Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәлімет:

Қызметкердің аты-жөні Есіркеп Ардақ Асылбекқызы

Жасы: 22

Оның бизнестегі орны: қазіргі уақытта - болашақта цех бастығы

Жалақысы: қазір - болашақта: 200 000 теңге

Жұмыс істеу тәжірибесі:

Басқарушылық персонал үшін жоспарланып отырған қосымша жағдайлар (жеңілдіктер, қосымша ақы, жолдамалар және т.б.) тиімді қарастырылған.

4. Өнімнің сипаттамасы

Шикізат базасы. Жобаланып отырған цемент зауытына қажетті шикізатты, яғни әктасты 3 км қашықтықтан автосамосвалдармен тасымалдайды. Бір тонна клинкер алу үшін орташа есеппен 1150 кг әктас шығындалады. Жылына 2300000 тонна әктас шығындалады. Сазды да 4 км қашықтан автосамосвалдармен тасымалдайды. Бір тонна клинкер алу үшін 348 кг саз шығындалса, жылына 696000 тонна саз шығындалады екен. Огарка - Ақтөбе облысы, Алға елді мекенінен 450 км қашықтықтан темір жол вагондарымен тасымалданады. Бір тонна клинкер алу үшін 20 кг огарка шығындалса, бір жылда 40000 тонна огарка қажет болады екен.

Қоспалар. Түйіршіктелген домналы шлактар МСТ 3476-74 сәйкес болу керек. Домналы шлакты Теміртау қаласынан 720 км қашықтықтан теміржол арқылы тасымалданады. Бір тонна шдакопортландцемент шығару үшін 350 кг шлак шығындалса, жылына 350000 тонна шлак жұмсалады. Тасымалдау ұзақтығы – 1940 км.

МСТ 4013-82 [10] гипс тастарын темір жол арқылы Атырау облысындағы ЖШС «Индербор» - дан 330 км қашықтықтан темір жолымен жеткізіледі. Бір тонна цемент алуға 50 кг гипс шығындалса, жылына 100000 тонна гипс қажет болады.

Отын көзі – тас көмір, Қарағанды облысынан теміржол вагондарымен тасымалданады. Өндірілетін клинкер көлемі шамамен 1500000 т. Бір тонна клинкер күйдіру үшін 130 кг тас көмір шығындалса, жылына 201500 тонна керек болады. Көмірдің жылу мөлшері 23000 кДж/кг. Күл мөлшері 18 %. Тасымалдау ұзақтығы – 1960 км.

Электр энергиясы Екібастұз қаласындағы ГРЭС-тен жоғары қуатты электр желілерімен жеткізіледі. Бір тонна цемент өндіру үшін 130-140 кВт·ч электр энергиясы шығындалады. Бір жылда жаңа цемент зауытына шамамен 260000000 кВт·ч электр энергиясы қажет.

Отқатөзімділер. Жобаланып отырған цемент зауытында пешті хроммагнезит және шамотты отқатөзімділермен футеровкалаймыз. Өндірілетін клинкер көлемі шамамен 1500000 т. Хромомагнезит зауытқа Ресей «Магнезит» комбинатынан алынады. Ол МСТ 21436-72 бойынша Ресей Федерациясындағы, Челябинск облысындағы, Сатка каласынан жеткізіледі. Орташа шығыны 0,058 кг/т құраса, ал жылдық шығыны 87000 кг тең болады екен.

Шамотты отқа төзімді кірпішті МСТ 21436-75 бойынша Новомосковский немесе Богдановский қаласынан алдырамыз. Орташа шығыны 0,07 кг/т. Жылдық қажеттілігі 105 тоннаны құрайды.

Ұсақтаушы денелер – шарлар МСТ 7524-83 бойынша «Гурьевский» металл зауытынан алынады. Орташа шығыны – 0,88 кг/т, ал жылдық орташа шығыны 1760 т болады.

Цильпебс ТШ 0812007-00282205-2007 Ресей Федерациясы, Перм облысы, Пашия елді мекеніндегі «Пашийский металлургический цементный заводынан» жеткізіледі. Оған кеткен шығын – 0,63 кг/т – ны құрайды. Жылдық қажеттілігі 1260 тонна.

Диірменге арналған бронеплиталар МСТ-22120-303-83 бойынша Өскемен қаласындағы АҚ «Востокмашзавод»-тан жеткізіледі. Шығын саны 1 тоннаға 0,02 кг-ды құрайды. Жылдық қажеттілігі 40 тонна.

Ұсақтаушы денелерді (шарлар, цильпебстер), бронплиталарды зауытқа теміржол вагондарымен тасымалдаймыз.

Қағазды қапшықтарды МСТ 2226-87 бойынша Ресей Федерациясынан «Сегежеский ЦБК»-дан жеткізіледі. Шығын саны 20 дана/т. Жылына 100000 т цемент қапталады. Жылдық қажеттілігі 2000000 дана құрайды.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеніп Маңғыстау облысында жаңа цемент зауытын соғу қажеттілігі дәлелделді. Қазақстанның бұл жағында цемент өндіретін зауыттар жоқ, дайын өнімге сұраныс көп болады, бұл мұнай өндіретін өңір жақсы дамып жатыр, құрылыс үлкен көлемдерде жүріп жатыр. Зауытқа қажетті барлық шикізаттар, қоспалар, материалдар жақын жерде бар, инфраструктура жақсы дамыған.

Соседние файлы в папке Ардак экономика