Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TsBZh_KZh.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
582.14 Кб
Скачать

2.7 Байланыс кабельдерінің параметрлері

Регенерация телімінің ұзындығын есептеген кезде байланыс кабельдарының біраз параметрлерін білу қажет,мысалы:өшу коэффициенті,өтімдік өшу,толқындық кедергі және т.б. Әртүрлі жиіліктегі кабельдардың параметрлерінің нақты мағынасы арнаулы желілі кабельдық ғимараттар туралы әдебиеттерден алынады. Курстық жұмысты орындау барысында жақындап алынған және орташа мағыналары алынады.

Көпжұпты төменгі жиіліктегі симметрлі кабельдардың өшу коэффициентінің орташа мағыналары №1 кестеде көрсетілген (1024кГц жиілігінде).

Кесте 2.1

Тип кабеля

Т-0,5

Т-0,6

Т-0,7

ТП-0,5

ТП-0,7

a, дБ/км

20,5

18,2

16,1

17,1

12,6

Жоғары жиіліктегі симметрлі кабель және коаксиалды кабельдардың (ЦБЖ-ның жұмыс диапазонындағы әр түрлі жиілігінде) өшу коэффициентін №2 кестедегі формулалар бойынша есептеуге болады. Тәжірибелік есептеуге жеткілікті дәлдікпен кабель тізбегіндегі Zв толқындық кедергінің модулінің номиналдық мағынасын жиіліктен тәуелсіз деп санауға болады. Бұл мағыналар №2 кестеде көрсетілген

Төмен жиіліктегі симметрлі кабельдардың Т-түрі үшін Zв=110Ом,ал ТП-түрі үшін Zв=120Ом.

Электр кабельдарының құрылыс ұзындығы олардың сиымдылығымен конструкциясына байланысты 1000м аспайды (КЖ-да электр кабельының барлық түрлері үшін құрылыс ұзындығын 825м тең қылып алуға болады).

Кесте 2.2 - әртүрлі кабельдардың жиілігінің және толқындық кедергісінің функциядан алынған өшу коэффициенті үшін есептік тәуелділік.

Кабель түрі

a(f), дБ/км

Zв, Ом

ЗК 1х4х1,2

5,22+0,21f

140

КСПП 1х4х0,9

9,1+0,23 f

160

МКСБ 4х4х1,2

5,24+0,15 f

163

КСПП 1х4х1,2

МКСА 4х4х1,2

4,74+0,22 f

164

МКССт 4х4х1,2

4,8+0,21 f

164

МКСБ 7х4х1,2

5,07+0,16 f

169

КМ 2,6/9,4

2,43+0,0078 f

74

МКТ 1,2/4,6

5,26+0,017 f

73

Есулі ширатылған кабельның бір есеудегі бір-біріне әсер ететін жұптар үшін жақын соңындағы өтімдік өшудің Ао мағынасы 64 пен71дбарасында жатыр (бөлетін жұптардың санына байланысты),ал әртүрлі есудегі жұптар үшін 72 мен 84дб арасында (бөлетін есулердің санына байланысты).

Шоғырлы түрде ширатылған кабельның бір бас шоғырдың ішінде орналасқан бір-біріне әсер ететін жұптар үшін Ао орташа мағынасы 65 пен 85дб арасында (бөлетін шоғырлардың санына байланысты),ал әртүрлі бас шоғырларда орналасқан жұптар үшін Ао орташа мағынасы 80-нен 95дб арасында (шоғырлардың бір-бірімен орналасуына байланысты).

Өтімдік өшудің алыс соңындағы А1 мағынасы Ао-ден шамамен 15-20дб артық болады.

Жоғары жиіліктегі симметрлі кабельдар үшін өтімдік өшудің мағынасы келесі мағыналар арасында жатыр:жақын соңындағы-60-70дб,алыс соңындағы-80-90дб.

Оптикалық кабельдар келесі параметрлерге ие.

ҚТС(ГТС) кабельдардың келесі тұрпаттары қолданылады:ОК-50 және ОКК. ОК-50 үшін келесі таңбалама қолданылады:ОК(ОШ)-оптикалық кабель; 50-оптикалық талшықтың өзегінің диаметрі,мкм; 1және2- шығарылған номер; 3 немесе 5-өшу коэффициенті, дб/км; 4 немесе 8-оптикалық талшықтың саны (мысалы,ОК-50-2-5-8).

ОКК кабельдары 1,3мкм-толқын ұзындығында жұмыс істеуге арналған және 2-түрлі нұсқада шығады:-градиенттік оптикалық талшықтың негізінде ,50мкм (01 түрі) өзегінің диаметрімен және 0,7дб/км өшу мағынасымен;-бір модалық оптикалық талшықтың негізінде ,50мкм (02 түрі) моданың диаметрі.1,0дб/км өшуі.

Талшықтың саны 4,8,16 болуы мүмкін.

Осыған сәйкес таңбалама мынадай болуы мүмкін:ОКК-50-01-0,7-8; ОКК-1-02-1,0-16 және т.б.

Бір модалық 0 талшық үшін дисперсия 3,5пс/нмхкм-ден аспайды, ал градиенттік оптикалық талшық үшін үлкен алап 1000МГцхкм аспайды.

ОКК кабельдарының құрылыс ұзындығы-2000м тең.

Ішкі аймақтық байланыс үшін ОЗКГ(немесе ОЗК) жерге салынатын оптикалық-аймақтық кабель қолданылады. Кабельда көпмодалы градиентті талшықтар қолданылады,олар 1,3мкм толқын ұзындығында жұмыс істейді. Кабельның таңбаламасында таңдаманың номері (1),өшу коэффициенті (0,7;1,0 және 1,5дб/км),және бөлшек ретінде оптикалық талшықтармен және мыс өзекше санының ДТ арналған ара қатынасы жазылады. Оптикалық талшықтардың саны 4 немесе 8,ал мыс өзекше саны 4 немесе 0 тең болуы мүмкін. Осыған сәйкес келесі таңбалама болуы мүмкін: ОЗКГ-1-0,7-8/4, ОЗКГ-1-1,5-4/0 және т.б. 1,5дб/км өшуі бар кабельның өтімдік алабы 500МГцхкм ден,ал 0,7 және 1,0дб/км өшуі бар шоғырлар үшін 800МГцхкм аспайды.

Кабельның құрылыс ұзындығы-2200м.

Бас желілік байланыс үшін ОМЗКГ немесе ОКЛ кабель тұрпаттарын қолданады.

Бұл кабельдар бір модалық талшықтарды қолданады,олардың саны 4,8,16 б.м..

ОМЗКГ кабельдары үшін 1,3мкм толқын ұзындығында өшу коэффициенті 0,7дб/км,ал оптикалық талшықтың дисперсиясы-3,5пс/нмхкм.

ОКЛ кабельдары үшін 1,55мкм толқын ұзындығында өшу коэффициенті 0,3дб/км,ал оптикалық талшықтың дисперсиясы-2,0пс/нмхкм.

Кабельның екі түрі үшін де құрылыс ұзындығы-2000м.

Кабельның келесі таңбаламасы мүмкін:ОМЗКГ-1-0,7-8,ОКЛ-2-0,3-4 т.б.

Тәжірибелік сабақ 3

«Соңғы жабдықтың шуларын есептеу. Дискреттеу шулары»

ЦБЖ-ның барлық түрінде дерлік сигналдардың уақыттағы бір қалыпты дискретизациясы қолданылады,яғни қалыпты периодты Тд дискретизация,ал ti периодта кездейсоқ сипатта болады.Бұл ауытқулар қабылданатын сигналдың пішінінің өзгеруіне әкеледі,ол 2-суретте көрсетілген ,бұл субьективті түрде қате ретінде қабылданады,мұндай қателерді дискретизация шулары деп атаймыз.

Ti шамасы негізінен желідегі регенератордың нақты жұмыс істелуінен және беретін генератордың тұрақсыздығынан пайда болатын төменгі жиілікті фазалық флуктуация импульстерінен анықталады.Егер беретін генератордың тұрақсыздығынан пайда болған ауытқуларды α шамасымен белгілеп ,ал фазалық флуктуация ауытқуларын β деп белгілесек,онда олардың арасында статистикалық байланыс жоқ деп есептеп,қайта қабылдау телімінде дискретизация шуларының қуаты мына шамадан аспайды(3):

;

мұндағы,–сигналдың тиімді кернеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]