Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TsBZh_KZh.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
582.14 Кб
Скачать

600 Ом жүктемесіндегі бұл шулардың псофометриялық қуаты былай анықталады:

бұл жерде, -бір қалыпсыз кванттаудың минималды қадамы,ал бір қалыпты кванттауда бұл шаманы ауыстыру қажет; –бір қалыпты кванттаудағы қадамның шамасы.

Сурет 5.1 – Кодер сигналының аз деңгейіндегі сипаты

Аз шамасына қарамай,бос арналық шулар абоненттерге білініп тұрады,өйткені олар берілетін сигналмен “жасырынбайды”. ЭХК(МККТТ) нұсқау бойынша бос арналық шулардың қуаты 320 пВтОп-дан аз болуы керек немесе олардың деңгейі –65двОп-дан кем болу керек.Жобаланатын жүйе үшін осыны тексеру керек.

Тәжірибелік сабақ 6

«ЦБЖ аспаптық шуларды анықтау»

Аналогты - цифрлық түрлендіру барысында соңғы жабдықтарда шулар пайда болады, олар түрлендіргіштің идеалды сипатынан ауытқығаннан пайда болады. Аталған ауытқулар АИМ топтық сигналдар құрғанда өтімдік процесстердің немесе кодердің жеке тораптарының соңғы жұмыс нақтылығынан пайда болады. Аспаптық шулардың деңгейі беру жылдамдығының өсуімен және коданың разрядталу дәрежесінен өседі.

Аспаптық шулардың қуатын бірлік кедергі түрінде былай анықтауғ болады:

,

бұл жерде, ε - түрлендіру барысындағы аспаптық қатенің орта квадраттық мағынасы; m - коданың разрядтылығы; ΔU-кванттау қадамы.

Кванттаудың теңсіздігі үшін DUнo минималды шамасын алу керек. Кванттау шулары мен аспаптық шулар арасындағы ара-қатынас тең болады:

Бұл жағдайда кері тапсырма орындалады-берілген ара-қатынаста келтірілген аспаптық қателік шамасы мынадай болады:

Жаңа ЦБЖ аппаратуралары үшін Н шамасы бірнеше жүзден аспауы керек

Тәжірибелік сабақ 7

«Регенерация телімінің ұзындығын анықтау»

Регенерация телім ұзындығының құрылыстық сызбасы (7.1-сурет) регенератордан және кабельдық тізбектен, яғни электрлі симметриялы немесе коаксиалды немесе оптикалық кабельдардан тұрады. Регенератор құрамына сигналдың күшеюін қамтамасыз ететін және кабельдік тізбек бұрмалауларды түзейтін түзейтуші күшейткіш (ТК) және шешуші құрылғы (ШҚ) кіреді. Шешуші құрылғы (ШҚ) түзетуші күшейткіштен (ТК) шыққан сигналды белгілі бір табалдырықты кернеумен салыстыру арқылы әрбір тактылы интервалда қандай символ берілетіні жөнінде шешім қабылдайды.

Регенерация барысында қате шешім қабылдануы мүмкін, яғни ақпарат беру сапасының төмендеуіне әкеліп соғатын қаталер пайда болуы мүмкін. Қателердің ықтималдық соммасының мағынасы символ аралық интерференция (САИ) енгізетін бұрмалану шамасынан және шешім қабылдайтын нүктедегі сигналдың кедергілерінен қорғануына тәуелді. Ақпарат тарату сапасына қойылған талаптарды орындау үшін қателер ықтималдығының шамасы белгіленген мөлшерлі мағынадан аспау керек,айналып келгенде осы шама рұқсат етілген регенерация телімінің ұзындығын анықтайды.

Жалпы кабельдің түріне және байланыс ұйымдастыру тәсіліне тәуелді көп кедергілер пайда болады. Мысалы, коаксиалды кабельдерде кедергілердің едәуірін негізінен меншікті кедергілер құрайды, ал симметрлі кабельдерде алыс (екі кабельдік жүйеде) немесе жақын (бір кабельді жүйеде) соңындағы өтімдік ықпалмен байланысты - өтімдік кедергі құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]