Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сауле отчет.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
77.73 Кб
Скачать

«Құрылымы

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтт

Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.

2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан «Отан» пойызы елімізді аралап, сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол стансалары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді. Пойыздың ұжымы ардагерлер мен ең жақсы жұмысшыларды ерекше назарға алды. Оларға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мерейтойлық медальдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды. Сапар барысында теміржолшылар және олардың жанұяларына берген әлеуметтік көмектің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алыс стансаларда тұратын теміржолшыларға олардың отбасыларына медициналық көмектер көрсетіліп, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары, сәбилерге балалар тағамдары табыс етілді. Барлық стансаларда мәдени- сауықтық, спорттық шаралар өткізіліп отырды. Мерейтойлық пойыздың сапары темір жол жұмысшыларының оңды лебізіне ие болды. Бұдан былай осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылатын болды.

Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиналысымен аяқталды. Ол республика астанасында 2004 жылдың 6 тамызында өткізілді.

Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қалыптасуында, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады. Ал теміржолшылар, өз кезегінде, Президентке алдағы уақытта темір жолды салу және жетілдіру, теміржол көлігіне арналған бәсекелеске қабілетті өнімдерді шығару саласындағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға уәде берді.

Осы жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабаты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты.

30-шы қарашада Арқа стансасында мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті. Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160 миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесінде Астана вокзалы алдында тарихи экспонат – Эш 4161 сериялы паровозы орнатылды. Алғашқы бесжылдықтың белгісі, Ұлы Отан соғысының естелігі, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі басты рөл атқаратын Қазақстанның шойын жолы тарихындағы ерен ерліктердің куәсі іспетті мақтаулы жерден орнын алды.

Алтынсарин -Хромтау жолымен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін 10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа дейін қысқарғандығы, билет бағасының екі есеге азайғандығы қуантты. 132 шақырымдық Павлодар - Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру ең ірі жобалардың бірі болып отыр. Павлодар -Екібастұз жобасының жүзеге асуы тасымалдаудың үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын сақтауға әкелді. Мәселен, бұл жобаны іске қосу арқылы жылына бір жарым миллиард теңгені үнемдеуге және қоршаған ортаға артық қалдықтардың түспеуіне игі ықпал етті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2012-2014 жылдары "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" жолдары салынып 2014 жылы тамызда ашылды. Жолдардың басты нүктелері - Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысының Шалқар стансасынан, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосатын жаңа жолдар ашылды. 500 млрд теңге жұмсалып 1200 км жол салынды.Назарбаев Жезқазғанда 500 млрд теңгеге салынған теміржол желісін ашты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]