Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost.docx
Скачиваний:
248
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.72 Mб
Скачать

Хирургиялық инфекция

Тест 001

Науқас С., 37 жаста, балтырда тілменің эритематозды түрі анықталды. Осы жағдайда қандай ем түрі анағұрлым орынды?

1) Жылытатын компресс

2) Левомекольді қолдану

3) Ультрадыбыстық кавитация

4)+ Ультракүлгің сәулелендіру

5) Йод ерітіндісімен өңдеу

Тест 002

Төменде көрсетілгеннің қайсысы ағымы 1 фазадағы іріңді жараны емдеуде тиімді?

1)+ Гипертониялық ерітінде

2) Солкосерилді қолдану

3) Левомеколь майы

4) Метилурацил майы

5) Вишневский майы

Тест 003

Ағымы 2 фазадағы іріңді жараны емдеуде не тиімді?

1) Эктерицид

2) Фурациллин

3) Трипсин

4)+ Левомеколь

5) Хлоргексидин

Тест 004

Науқас К. 47 жаста, емханадағы дәрігерге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, 39˚С температураға, 1 апта бойы қызбаға шағымданады. Компьютерлі томографияда бауырдың оң бөлігінің 6 сегментінде диаметрі 8 см абсцесс анықталды. Науқаста қандай аз инвазивті ем анағұрлым тиімді болады?

1) Абсцесс пункциясы санациямен бірге

2) Абсцесспен бірге бауыр резекциясы

3) Абсцессті ашу және дренаждау

4) Бауырдың оң бөлігінің кең резекциясы

5)+ УДЗ-бақылаумен абсцессті дренаждау

Тест 005

Науқас 30 жаста, жедел гангренозды аппендицит себебінен болған аппендэктомиядан кейін 5-тәулікте жоғары температура, қалтырау, оң қабырға астында ауру сезімі, көздің шырышты қабатының сарғыштануы пайда болды. УДЗ-де бауыр асты аймақта тіндердің инфильтрациясы анықталды. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1) Холангит

2) Пилефлебит

3) Бауыр торсылдағы

4) Токсикалық гепатит

5)+ Бауыр асты абсцесс

Тест 006

Науқас Ж. 17 жаста, емханадағы дәрігерге оң иық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 1 жыл болды, жарақатпен байланыстырады. Дәрігерлік амбулаторияға қаралған. Объективті: оң иықтың ортаңғы 1/3 бөлігі ісінген, іріңді бөлінді жарақаты бар. Ренгенограммада – иықтың үлкен секвестрі, айқын секвестральді қораппен айналған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Созылмалы остеомиелит

2) Жас өспірімдік остеомиелит

3) Жедел гематогенді остеомиелит

4) Жедел жарақаттан кейінгі остеомиелит

5)+ Созылмалы остеомиелиттің жыланкөздік формасы

Тест 007

Науқас Д. 42 жаста, хирургиялық бөлімшеге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған. Лапаротомия жасалып, бауыр жарасы тігілген. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Алдыңда орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды. Қандай тілікпен абсцессті ашу қажет?

1) Черни

2) Троянов

3) Клермон

4) Федоров

5)+ Мельников

Тест 008

Қабылдау бөліміне 34 жастағы науқас ауруына 2 тәуліктен кейін оң жақтағы төменгі аяқтарының ауру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: оң балтырының орташа ісігі, шекаралары анық айқын гиперемия ошағы, пальпация кезінде ауру сезімі анықталады. Қандай диагноз науқаста анағұрлым ықтимал?

1) Лимфэдема

2) Жедел лимфангоит

3) Жедел тромбофлебит

4)+ Эритематозды тілме

5) Терең веналарының жедел тромбозы

Тест 009

Қабылдау бөліміне 25 жастағы науқаста жоғарғы ернінің абсцедирлеуші фурункул анықталды. Дәрігер шұғыл түрде хирургиялық араласуды тағайынадады, Бірақ науқас аралсудан бас тартып, үй жағдайында өзіндік ем жүргізді. Жақын арада қандай асқынудың пайда болуы анағұрлым ықтимал?

1) Бет тілмесі

2) Іріңді гайморит

3) Гематогенді остеомиелит

Д) Жоғарғы жақтың периоститі

5)+ Кавернозды синустың тромбозы

Тест 0010

Төменде көрсетілгеннің қайсысы оң жақты диафрагма асты абсцесс симптомына тән емес?

1) Дене температурасының жоғарлауы

2) Қабырға доғасы аймағында ауру сезімі

3) Тыныс алғанда ауру сезімінің күшеюі

4)+ Тамақ ішкеннен кейін құсу

5) Көршілес плеврит

Тест 0011

Қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам хирургқа сол қабырға астындағы интенсивті ауру сезіміне, жоғары температураға– 380С шағымданды. Құрсақ қуысының рентгенограммасында диафрагманың сол күмбезінің жоғары тұруы және аз қозғалғыштығы, плевра қуысында және өкпенің базальді бөлімдерінде реактивті өзгерістер, диафрагманың сол күмбезінің астында біркелкі емес сұйықтықтың горизонтальді деңгейі бар қараю, асқазан мен тоқ ішектің көкбауыр бұрышының ығысуы анықталды. Осы жағдайда науқасқа кезекте қандай зерттеу түрі қолданылады?

1) Ішектің контрастты зеттеу рентгены

2) Құрсақ қуыс және кеуде қуыс ультрадыбыстық зерттелуі

3) Плевра қуысының пункциясы

4)+ Құрсақ қуыс ультрадыбыстық зерттелуі

5) Торакоскопия

Тест 0012

Қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам хирургқа сол қабырға астындағы интенсивті ауру сезіміне, жоғары температураға– 380С шағымданды. Құрсақ қуысының рентгенограммасында диафрагманың сол күмбезінің жоғары тұруы және аз қозғалғыштығы, плевра қуысында және өкпенің базальді бөлімдерінде реактивті өзгерістер, диафрагманың сол күмбезінің астында біркелкі емес сұйықтықтың горизонтальді деңгейі бар қараю, асқазан мен тоқ ішектің көкбауыр бұрышының ығысуы анықталды. Осы жағдайда қандай зерттеу түрі дәлелдейтін болып табылады?

1) Ішектің контрастты зеттеу рентгены

2) Құрсақ қуыс және кеуде қуыс ультрадыбыстық зерттелуі

3) Плевра қуысының пункциясы

4)+ Құрсақ қуыс КТ- сы

5) Торакоскопия

Тест 0013

Төменде көрсетілгеннің симптомдардың қайсысы диафрагма асты абсцессі кезінде анағұрлым жетекші болып табылады?

1) Жүрек айну, құсу

2) Диафрагманың қозғалуы

3) Іш қату, іш кебу

4)+ Көршілес плеврит

5) Диафрагма релаксация

Тест 0014

Төменде көрсетілгеннің әдістердің қайсысы ішек аралық абсцессті анықтау үшін зерттеу негізгі болып табылады?

1) Қарау

2) Пальпация

3) Лапараскопия

4) Шолу рентгенографиясы

5)+ Ультрадыбыстық зерттеу

Тест 0015

Төмендегілердің қайсысы пилефлебит диагностикасында анағұрлым мәліметті?

1) Лапароскопия

2) Коагулограмма көрсеткіштері

3)+ Қақпа венасы мен бауырдың УДЗ

4) Эндоскопиялық зерттеу

5) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

Тест 0016

Қабылдау бөліміне науқас С., 32 жаста хирургқа жарақат алғанына 1 сағат болған оң санның ортаңғы 1/3-де латеральді бетінде шаншылып-кесілген жарасымен келді. Жара инфекциясының нәтижелі алдын-алу үшін науқасқа қандай шаралар жасау қажет?

1) Асептикалық таңғыш таңу

2) Антибиотиктерді вена ішіне енгізу

3)+ Жараны біріншілік хирургиялық өндеу

4) Жараға протеолиттік ферменттерді енгізу

5) Жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу

Тест 0017

Қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам хирургқа сол қабырға астындағы интенсивті ауру сезіміне, жоғары температураға– 380С шағымданды. Құрсақ қуысының рентгенограммасында диафрагманың сол күмбезінің жоғары тұруы және аз қозғалғыштығы, плевра қуысында және өкпенің базальді бөлімдерінде реактивті өзгерістер, диафрагманың сол күмбезінің астында біркелкі емес сұйықтықтың горизонтальді деңгейі бар қараю, асқазан мен тоқ ішектің көкбауыр бұрышының ығысуы анықталды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Көкбауырдың апостоматозы

2) Тромбофлебиттік спленомегалия

3)+ Сол жақты диафрагма асты абсцесс

4) Ұйқы безі құйрығының рагі ыдыраумен

5) Сол бүйректің жоғарғы полюсінің іріңдеген торсылдағы

Тест 0018

25 жастағы ер адам емханадағы хирургқа оң жақтағы қолтық аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының жоғарлауына шағымданды. Ауырғанына 3 тәулік болды. Ауруды еш нарсемен байланыстырмайды. Тексергенде: оң жақ қолтық аймағында көлемі 2,0х1,5 см гиперемиясы және жұмсақ аймағы бар, қатты ауырсынған ісік байқалған. Науқастағы қандай дивгноз анағұрлым ықтимал ?

1) Флегмона;

2) Карбункул;

3)+ Гидраденит;

4) Лимфаденит;

5) Лимфангоит;

Тест 0019

Науқас Р. 22 жаста, хирургиялық стационарға шүйде аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 тәулік болды. Тексергенде: шүйде аймағында тығыз ауру сезімді гиперемиясы бар түзіліс. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Фурункул

2) Лимфаденит

3)+ Карбункул

4) Атерома

5) Липома

Тест 0020

Науқас Р. 22 жаста, хирургиялық стационарға шүйде аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 5 тәулік болды. Тексергенде: шүйде аймағында тығыз ауру сезімді гиперемиясы бар түзіліс, ортасында флюктуция жұмсару зонасы бар. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

1)+ Ашу және дренаждау

2) Физиоем тағайындау

3) Кесіп алып тігіс салу

4) Антибиотиктер тағайындау

5) Пункция жасау

Тест 0021

Науқас Х. 48 жаста, іріңді бөлімшеген оң жақ білек аймағының керіп ауруына, температураның 380С дейін жоғарлауына шағымданып түсті. Ауырғанына 4 тәулік болды. Аускультативті тынысы қатаң, төменгі аймақтарда әлсіз. ТАЖ 20 рет 1 мин., АҚ 130/80 мм рт. ст. Тексергенде:оң білектің айқын ісігі, гиперемиясы анықталады, пальпация кезінде қатты ауру сезімді. Тамырлар пульсациясы сақталған. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Лимфангоит

2) Карбункул

3)+ Флегмона

4) Абсцесс

5) Тілме

Тест 0022

Қабылдау бөліміне науқас түсті. Қарап тексергенде: оң білектің ісігі, тамырлардың бойымен гиперемия анықталады, пальпация кезінде айқын ауру сезімді. Ауырғанына 3 тәулік болды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Абсцесс;

2) Флегмона;

3) Тромбофлебит;

4) Эритематозды тілме

5)+ Жедел лимфангоит

Тест 0023

Науқас Т. 39 жаста, қол басының іріңді ауруы себебінен болған операция кезінде суретте көрсетілгендей тіліктерді қолданды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы аурулар кезінде осы тіліктерді қолданады?

1)+ Сіңірлі панариций мен тендобурситтерде

2) Тырнақ пластинкасының паронихийлерінде

3) Тері асты панарицийлерде

4) Сүйекті панарицийлерде

5) Пандактилитте

Тест 0024

Қабылдау бөліміне науқас Е. 30 жаста, сегізкөз аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 37,8 С дейін жоғарлауына шағымданады. Ауруын суықтанумен байланыстырады.2 жыл бұрын эпителиальді құймышақ жолы анықталған, ұсынған операциядан науқас бас тартқан. Қарап тексергенде ісік тәрізді, ауру сезімді түзіліс, тері гиперемиясы, сегізкөз аймағындағы бөксе аралық қатпарда флюктуация симптомы оң. Осы жағдайда қандай хирургиялық тактика анағұрлым орынды?

1) Абсцессті ашу және іріңді қуысты дренаждау

2) Эпителиальді жолды кесіп алу, жараны бітеу тігу

3) Абсцесс пункциясы, жуу және антибиотиктерді енгізу

4) Эпителиальді жолды ашып кесіп алу және дренаж қалдырып тігу

5)+ Эпителиальді жолды ашып кесіп алу, жара шеттерін астарлап тігу

Тест 0025

Науқас Т. 44 жаста, қабылдау бөліміне сүйекті панариций клиникасы бар (зақымдану суретте көрсетілген). Осы жағдайда сүйек тінінің қандай зақымдануы?

1)+ Дистальді фалангтың тотальді секвестрациясы

2) Проксимальді фалангтың тотальді секвестрациясы

3) Дистальді фалангтың шеттік секвестрациясы

4) Дистальді фалангтың остеопорозы

5) Проксимальді фалангтың некрозы

Тест 0026

Науқас Ж. 32 жаста, емханада ретромаммарлы мастит диагнозы қойылған. Осы жағдайда науқасқа қандай анағұрлым тиімді тілік көрсетліген?

1) Радиарлы

2) Циркулярлы емізік маңында

3)+ Бездің төменгі бөлігінде жартылай сопақ

4) Бездің жоғарғы бөлігінде жартылай сопақ

5) Бездің латеральді бөлігінде жартылай сопақ

Тест 0027

Науқас С., 16 жаста, жаңып жатқан үйден қашқанда оң жамбас-сан буыны аймағын соғып алған. 2 аптадан кейін келген. Тексергенде: ісік, домбығу, оң жамбас-сан буыны контурының тегістелуі. Пальпация кезінде оң жамбас-сан буынында қатты ауырсыну. Буын қозғалысы ауру сезімінен шектелген. Рентгенограммада: оң ортан жіліктің жоғарғы 1/3-де көптеген деструкция ошақтары. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Жас өспірімдік остеомиелит

2)+ Жедел гематогенді остеомиелит

3) Созылмалы сүйектік остеомиелит

4) Созылмалы гематогенді остеомиелит

5) Терезелік сынық

Тест 0028

Ер адам 27 жаста, хирургия бөлімшесіне сандағы есіртік иньекцияларынан кейінгі жайылған іріңді жарамен түсті. Қарап тексергенде: температура 38,20С, жүрек соғу жиілігі 98 соғу минутына., тыныс жиілігі 23 рет 1 мин., лейкоциттер 12,8х109. Төмендегілердің қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

1)+ Жүйелі қабыну реакция синдромы

2) Іріңді-резорбтивті қызба

3) Септикалық шок

4) Ауыр сепсис

5) Сепсис

Тест 0029

Хирургиялық науқастарда төмендегілердің қайсысы абдоминальді сепсистің анағұрлым ықтимал себебі болады?

1) Құрсақ қабырғасының флегмонасы

2) Жайылған іріңді жара

3) Септикалық эндокардит

4)+ Ішек флегмонасы

5) Жедел тромбофлебит

Тест 0030

Ер адам 57 жаста, реанимация бөлімшесіне ауыр сепсиспен жатқызылды. Кіру көзі фибринді-іріңді перитонит болды. Қарап тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128 рет 1 мин, тыныс жиілігі 28 рет 1 мин., дененің жоғарғы бөлігінің айқын цианозы. Жасалған емге қарамастан науқас 2 тәуліктен кейін қайтыс болды. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым қолайсыз фактор болып өлімге алып келді?

1) Ауыр эндотоксикоз

2)+ Септикалық шок

3) Септикалық эндокардит

4) Полиорганді жетіспеушілік

5) Жүйелі қабыну реакция синдромы

Тест 0031

34 жастағы әйел адам қабылдау бөліміне хирургқа, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 апта болған. Осы жағдайын суық тиюмен байланыстырады. Жағдайының нашарлауы 4 тәулік бойы. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 100/70, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 24 рет 1 мин. Тынысы қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-19,0х109, эритроциттер-3,0х1012,гемоглобин-90г/л, СОЭ-39. Төменде көрсетілген зерттеудің қайсысы бүл жағдайда диагнозды анықтау үшін алдыңғы кезекте?

1) Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы;

2) Жедел торокаскопия;

3) Кеуде қуысының УДЗ- сы;

4)+ Кеудк қуысыныі рентгенографиясы;

E )плевра ішкілік пункциясы

Тест 0032

Науқас Т. 57 жаста, абылдау бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 4 күнде нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 100 соғу 1 мин. ТЖ 26 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-29,0х109, эритроциттер-3,0х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-49. Рентгенограммада оң жақ ортаңғы бөлігінде сұйықтық көрсеткіші бар қараюы байқалған. Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

1) Жедел трахеобронхит;

2) Бронхоэктатикалық ауру;

3)+ Абсцестелген пневмония;

4) Жедел вирусті инфекция;

5) Сол өкпенің туберкулезі;

Тест 0033

Науқас Р. 49 жаста, хирурглық инфекция бөліміне қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 2 аптада нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 110 соғу 1 мин. ТЖ 28 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-26,6х109, эритроциттер-3,5х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-51. Кеуде қуысының 2 проекциялы рентгенограммадасынан кейін анықталған: оң жақтан ауа және 5 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1)+ Пиопневмоторакс оң жақтан

2) Іріңді плеврит оң жақтан

3) Оң өкпе абсцессі

4) Оң өкпе гангренасы

5) Спонтанды пневмоторакс

Тест 0034

Науқас Р. 49 жаста, кеуде торының шолу рентгенографиясында оң жақтан өкпе тінінің инфильтрациясы, 6 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактиканың анағұрлым бірінші кезекте жасалғаны орынды?

1) Постуральді дренаж

2) Санациялық бронхоскопия

3) Шұғыл торакоскопия

4) Антибактериальді терапия

5)+ Плевра қуысының пункциясы

Тест 0035

Науқас А. 46 жаста, оң жақ санның тамырарлық флегмонасы себебінен операция жасалған. Экстубациядан кейін 6 сағат өткенде ентігу және айқын цианоз пайда болды. Оң жақтан перкуссия жасағанда перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады, тыныс алуы естілмейді. Кеуде аралықтың оңға ығысуы анықталады. Науқастағы осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Операциядан кейінгі пневмония

2) Экссудативті плеврит

3) Кеудеаралық эмфиземасы

4)+ Оң өкпе ателектазы

5) Екі жақты пневмоторакс

Тест 0036

Науқас К. 40 жаста,хирургиялық инфекция бөліміне ауырғанына 1 айдан кейін оң өкпенің ортаңғы гангренасы диагнозымен жатқызылды. Осы жағдайда қандай ем анағұрлыс орынды?

1)+ Лобэктомия

2) Торакоцентез

3) Торакопластика

4) Пульмонэктомия

5) Пневмоторакс туғызу

Тест 0037

Науқас Л. 51 жаста, қабылдау бөліміне түсер алдында мас күйінде 6 сағат бойы ашық тереземен ұйықтап қалған. 2 күннен кейін жоғары температура, кеуде торындағы ауру сезімі, жөтел пайда болды. 3 аптадан кейін жөтел кезінде науқаста іріңді, жағымсыз иісті қақырық бөлінген. Науқаста анағұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?

1) Сол өкпе рагі ыдыраумен

2)+ Сол өкпе абсцессі

3) Жедел трахеобронхит

4) Экссудативті плеврит

5) Сол жақты пневмония

Тест 0038

Төмендегілердің қайсысы жедел плевра эмпиемасының анағұрлым жиі себебі болып табылады?

1)+ Кеуденің ашық және жабық жарақаты

2) Крупозды пневмония;

3) Жедел трахебронхит;

4) Бронхоэктазды ауру

5) Экссудативті плеврит

Тест 0039

Ер адам П., 42 жаста емханаға кеуде қуысының оң жақ ауру сезіміне, әлсіздік, кешке дене қызуының жоғарлауына шағымданды.Анамнезінен: бір ай бұрын кеуде уысының оң жағына пышақ жарақатын алған. Көмек алуға келмеген.Тексергеннен кейін дәрігер науқаста плевра эмпиемасын болжамдады. Төменде көрсетілгеннің қайсысы науқастағы диагнозды айқындауға анағұрлым мақсатты?

1) Плевра ішкілік пункция;

2) Диагностикалық бронхоскопия;

3)+ Кеуде қуысының рентгеноскопиясы;

4) Ультрадыбысты зерттеу;

5) Компьютерлі томография;

Тест 0040

Ер адам О., 37 жаста хирургиялық инфекция бөлімінде емделіп жатқанына 5 тәулік болды. Науқасқа оң бүйрек карбункул себебімен ота жасалған. Операциядан кейін 2 тәулікте науқаста ентігу, әлсіздік пайда болды. Тексерілгенде оң өкпенің тотальді ателектазы анықталды. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым нәтижелі?

1) Комбинирленген антибиотикотерапия;

2)+ Бронхоскопия санациямен бірге

3) Плевра қуысының пункциясы

4) Торакоскопия дренаждаумен бірге

5) Плевра қуысын дренаждау

Тест 0041

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы созылмалы плевра эмпиемасы кезінде емдеу анағұрлым нәтижелі?

1)+ Торакопластика

2) Антибиотиктерді енгізу

3) Торакоцентез дренаждаумен бірге

4) Плевра қуысының пункциясы

5) Дренаждау белсенді аспирациямен бірге

Тест 0042

Науқас Б. 55 жаста, қабылдау бөліміне ауырғаннан 3 аптадан кейін кеуде торындағы сол жақтағы ауру сезіміне, ентігуге, 400С дейінгі жоғары температураға, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: бет цианозы, тыныс алғанға қосымша бұлшықеттер қатысады, ТЖ 26 рет 1 мин. АҚ 110/70, пульс 100 соғу 1 мин. Қан аналізінде: лейкоциттер 23,0х109, СОЭ 39 мм/ч. Кеуде торының 2 проекциядағы рентгенографиясында сол жақтан плевра қуысында сұйықтық деңгейі және ауа анықталады. Дәрігер сол жақты пиопневмоторакс болжамдады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

1) Қосарланған антибиотикотерапия

2) Тек 2-қабырғааралықта дренаж орнату

3) Жедел оң жақты торакотомия жасау

4) Плевра қуысының күнделікті пункциясын жасау

5)+ 2- және 7-қабырғааралықта дренаж орнату, лаваж жасау

Тест 0043

Науқас М., 62 жаста емханаға хирургқа оң жақтағы екінші саусақтағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінен: қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: екінші саусақтағы тырнақ фалангасындағы шұғыл ауру сезімі, гиперемия, ісінуі байқалады. Науқаста қандай диагнозы анағұрлым ықтимал?

1) Паронихий

2)+ Панариций

3) Флегмона

4) Эризипелоид

5) Лимфангаит

Тест 0044

Емханың хирургына 56 жастағы ер адам сол қолының 2 саусағы аймағындағы ауру сезіміне, температурасының жоғарлауына шағымданып келді. Ауырғанына 3 күн болған. Қарап тексеріп, дәрігер Сол қолдың 2 саусағының панарицийі диагнозын қойды. Дәрігер операция тағайындады. Осы жағдайда төменде көрсетілген қандай жансыздандыру тәсілі анағұрлым орынды?

1) Венаішілік наркоз

2) Эндотрахеальді наркоз

3) Сүйекішілік анестезия

4)+ Лукашевич бойынша анестезия

5) Вишневский бойынша футлярлы блокада

Тест 0045

Науқас М., 62 жаста емханаға хирургқа оң жақтағы екінші саусақтағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінен: қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: екінші саусақтағы тырнақ фалангасындағы шұғыл ауру сезімі, гиперемия, ісінуі байқалады. Төменде көрсетілгеннің қайсысы панарицийдің дамуына себепші фактор болды?

1) Склеродермия

2) Рейно ауруы

3)+ Қант диабеті

4) Аллергиялық дерматит

5) Облетириялық эндотариит

Тест 0046

Терілік панариций кезінде төмендегілердің қайсысы іріңдіктің жиі орналасу орнына жатады?

1)+ Дистальді фалангтың алақандық беті

2) Ортаңғы фалангтың алақандық беті

3) Негізгі фалангтың алақандық беті

4) Тырнақтық фалангтың сыртқы беті

5) Дистальді фалангтың бүйірлік беті

Тест 0047

Қабылдау бөлімінің дәрігеріне 44 жастағы ер адам оң қолдың 3 саусағының теріастылық панариций себебінен емханада 4 апта емделгеннен кейін келді. Қарап тексергенде дәрігер науқаста сүйектік панарицийдің барына күмәнданды. Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы науқасқа осы жағдайда көрсетілген?

1) Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу

2) Түймелік зондпен жараны зерттеу

3) Жараны кеңейту, бактериологиялық зерттеуге материал алу

4) Капилляроскопия жасау

5)+ Рентгенография жасау

Тест 0048

Қай жағдайларда іріңді үрдіс Пирогов-Пирон кеңістігіне таралуы мүмкін?

1) 1 саусақтың сіңірлік панарицийінде

2)+ 1 және 5 саусақтардың сіңірлік панарицийінде

3) 1 және 5 саусақтардың теріастылық панарицийінде

4) 1 және 2 саусақтардың сіңірлік панарицийінде

5)3 және 5 саусақтардың сүйектік панарицийінде

Тест 0049

Төмендегілердің қайсысы эризепелоид емінде қолданылады?

1) Тұзды ванналарды қолдану

2) Майлы таңғыштарды қолдану

3) Іріңдіктерді кеңінен ашу

4)+ Иммобилизация және УКТ

5) Антисептиктермен таңғыштар

Тест 0050

Жара инфекциясы бар науқастарда төмендегілердің қайсысы сипатының клиникалық диагностикасында негізгі болып табылады?

1) Қалтыраумен бірге температураның көтерілуі

2) Ауру сезімі, ісік және жергілікті гиперемия

3) Тәбеттің жоғалуы және әлсіздік

4) Жоғары температураның болуы

5)+ Жара бөліндісінің сипаты

Тест 0051

Емхана дәрігеріне 32 жастағы науқас С. иықтың ортаңғы 1/3 бөлігінің керіп ауыратынына, ісінуіне, жоғары температураға шағымданып келді. 1 апта бұрын иық аймағына пышақталған жарақат алған. Жарақат пунктында жараның жараны тіккен, әрі қарай амбулаторлы емделген. Қарап тексрегеннен кейін дәрігер жараның іріңдегенін анықтады. Осы жағдайда іріңді асқынудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Науқас ағзасының төмендеген реактивтілігі

2) Физиоем мен витаминотерапия жасалмаған

3) Антибактериальді терапия тағайындалмаған

4)+ Жараның біріншілік хирургиялық өндеуінің ережесі бұзылған

5) Басынан-ақ микрофлораның жоғары вируленттілігі

Тест 052

Науқас А., 45 жаста, оң санының ауырсынуы мен ісіну шағымдарымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Бір апта бұрын жұмысында оң сан жарақатын алды. Тоғызыншы тәулікте температураның 38,70С ға дейін көтерілуін және сан ісініуін байқады. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 ісінуі, жайылған гиперемия, ауру сезімі бар. АҚ 100/60, пульс 94 /мин., ЧД 22 / мин.,қандағы лейкоциттер саны 14,0х109 . Науқаста ең ықтимал диагноз?

1)+ Сан флегмонасы;

2) Жұмсақ тіндердің жарақаты;

3) Тілмелі қабыну;

4) Жедел тромбофлебит;

5) Іріңдеген сан гематомасы;

Тест 053

Төменде аталғандардың қайсысы науқаста іріңді қабынулық асқынудың дамып жатқанын көрсетеді?

1) Лимфангит көріністеріның қосылуы;

2) Терең веналар тромбофлебитының қосылуы;

3) Инфильтраттың тығыздалуы, ауырсыну мен температура;

4) Лейкоцитоздың көтерілуі және инфильтраттың тығыздалуы;

5)+ Инфильтраттың жұмсаруы, ауырсынудың күшеюі және температура;

Тест 054

Әйел адам И., 58 жаста емханаға сол жақ қолтық асты аймағында ауру сезімі және тығыздалған түзіліс пайда болғанын және температураның 37,90С ға дейін көтерілгенін байқап, шағымданып келді.Төрт күн бойы ауырып келе жатыр. Тексергенде: гиперемия, 2,0х1,5 см көлемді тығыз ауру сезімді түзіліс . Ең ықтимал диагноз?

1) Абсцесс;

2) Туберкулез;

3)+ Гидраденит;

4) Карбункул;

5) Флегмона;

Тест 055

Ер адам А., 65 жаста, қабылдау бөліміне оң сан аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздік, температураның 38-390С дейін көтерілуі, кешкілік дененің қалтырауы. Аптаа бойына жағдайының нашарлауы. Анамнезінен: үш апта бұрын жұмыста оң сан жарақатын алды. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 аймағының айқын ісінуі, гиперемия, ауру сезімі. АД 100/60, пульс 98/1 мин., ЧД 24/1 мин., қандағы лейкоциттер саны 19,7х109, ПТИ 89 %, МНО 1,2. Оң санның флегмонасы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қандай асқыну науқастағы клиникалық көріністерге сәйкес келеді?

1) Ауыр сепсис;

2) Септикалық шок;

3) Гемокоагуляциялық синдром;

4) Полиорганды жетіспеушілік;

5)+ Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

Тест 056

Науқас В., 49 жаста, қабылдау бөліміне сол сан флегмонасы жамбас бөліміне жайылған, сепсиспен асқынған, ауыр жағдайда түсті. Анамнезіндеүш апта бұрын жұмысында жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Науқаста хирургиялық сепсистың қандай түрі?

1)+ Постравматикалық;

2) Қабынулық;

3) Ангиогенды;

4) Аралас;

5) Жаралық;

Тест 057

Ауыр сепсисте науқастың летальды жағдайға ұшырауына жиі әсер ететін себеп?Какова наиболее частая причина летального исхода при тяжелом сепсисе?

1) Жүрек-қан тамырлық жетіспеушілік;

2) Гепато-церебральды жетіспеушілік;

3)+ Полиорганды жетіспеушілік;

4) Гепаторенальды синдром;

5) Интоксикациялық синдром;

Тест 058

Ер адам 57 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда ауыстырылды. Бес күн бұрын науқас ашы ішек жыртылуы мен жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128/1 мин, тыныс алу жиілігі 36/1 мин., дененің жоғарғы бөлімінде айқын цианоз. Науқастың жағдайы неге байланысты ауыр?

1)+ Септикалық шок;

2) Респираторлы синдром;

3) Интоксикациялық синдром;

4) Ішектің операциядан кейінгі парезі;

5) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

Тест 059

Науқас Е., 76 жаста, реанимация бөлімшесінде 11 тәулік жатыр. Науқас сигма тәрізді ішектің ісігіне байланысты операция жасалған. Қазіргі уақытта науқастың клиникасы абдоминальды сепсисты көрсетеді. Науқас цефепим, амикацин және метрогил алған. Антибиотиктерді ауыстыру керек. Осы жағдайда ең тиімді қандай антибактериальды ем қолдану керек?

1) Цефепима дозасын максималды көтеру;

2) Цефтриаксон және метрогил тағайындау;

3) Цефазолин және гентамицинге ауыстыру;

4) Монотерапияда цифлоксацин тағайындау;

5)+ Монотерапияда меропенем тағайындау;

Тест 060

Науқас Н., 43 жаста реанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда жатыр. Науқасқа сигма тәрізді ішектің перфорациясына және жайылған іріңді перитонитке байланысты бір апта бұрын операция жасалған. Тексергенде: склера мен тері жабындыларының сарғыштануы, қозғалыс қозымдылығы, кеңістікте дағдыланбаған,сөзі байланыссыз. Науқастың осы жағдайы неге байланысты?

1) Бас миында метастаздар бар;

2) Гепато-ренальды синдром;

3)+ Токсикалық энцефалопатия;

4) Жүрек-қан тамырлық жетіспеушілік;

5) Ми қан айналымының бұзылуы;

Тест 061

Науқас Н., 56 жаста әлсіздікке, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Ең ықтимал диагноз?

1)+ Ауыр сепсис;

2) Іріңді холангит;

3) Жедел сарысулық гепатит;

4) Іріңді-резорбциялық қалтырау;

5) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

Тест 062

Ер адам Л., 56 жаста, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Дәрігер сепсиске күмәнданды. Қандай тексеру алдыңғы қатарда жасалынады?

1) Компьютерлі томография;

2) Иммунно-ферментті сараптама;

3)+ Қанды тазалыққа егу;

4) Ашылған қан сараптмасы;

5) Кеуде клеткасының рентгенография;

Тест 063

Науқас Н., 46 жаста әлсіздікке, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Науқасқа сепсис диагнозы қойылды. Осы жағдайда сепсистың кіру қақпасы не болды?

1) Криптогенды сепсис;

2)+ Постинъекциялық абсцесс;

3) Ұйқы безінің кистасы;

4) Жедл панкреатит;

5) Оң санның созылмалы остеомиелиты;

Тест 064

Әйел адам Е., 48 жаста реанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда алдыңғы құрсақ қабырғасының флегмонасы және ауыр сепсиспен жатыр. Науқасқа үш апта бұрын абдоминопластикаға байланысты операция жасалды. Шұғыл түрде науқасқа іріңдерді ашу, некрэктомия, жараны Каншин бойынша дренаждап, антисептиктермен санациялау жүргізілді. Науқас дезинтоксикациялық антибактериальды ем қабылдап жатыр. Осыған қарамастан интоксикация сақталып тұр. Науқасқа осы жағдайда төменде аталғандардың қайсы детоксикациялық әдісі қолданғаны дұрыс?

1) Плазмаферез;

2) Ксеносорбция;

3) Лазерлә терапия;

4)+ Ультрафильтрация;

5) Форсирленген диурез;

Тест 065

Құрт тәрізді өсіндінің қандай орналасуы псоас-абцесс дамуына алып келеді?

1) Қалыпты орналасу;

2) Таздық орналасу;

3) Медиалды орналасу;

4)+ Құрсақтан тыс орналасу;

5) Бауырастылық орналасу;

Тест 066

Дуглас кеңістігінің абцессін диагностикалау үшін, төменде көрсетілген қандай зерттеу әдістері мағлұматты болып келеді?

1) Құрсақ қуысының рентгенографиясы;

2)+ Ультрадыбыстық зерттеу;

3) Ректороманоскопия;

4) Колоноскопия;

5) Ирригоскопия;

Тест 067

Аппендикулярлы текті жайылған перитонитте, төменде аталған қай ену жолы дұрыс?

1) Оң жақты параректалды тілу;

2) Волкович-Дьяконов бойынша тілу;

+ 3) Орталық лапаротомия;

4) Лапаротомия по Федоров бойынша;

5) Көлденең лапаротомия;

Тест 068

Науқас Х., 48 жаста, хирургиялық инфекция бөлімшесіне оң иығының үлкеюіне, ауру сезіміне, температураның 380С дейін көтерілуіне шағымданып келді. Тексергенде: аускультацияда дем алысы «қатты», төменгі бөлімінде әлсіз, ТАЖ 20, АҚ 130/80 мм рт. ст. Локалды: үлкен ісіну, оң иықтың гиперемиясы, пальпацияда ауру сезімді. Ең ықтимал диагноз?

1) Абсцесс;

2)+ Флегмона;

3) Лимфангит

4) Карбункул;

5) Тілмелі қабыну;

Тест 069

Ер адам, 40 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасындағы ауру сезімінежәне қақырықты жөтелге шағымданып келді. Анамнезінде: үш апта бұрын алкогольды масаю кезінде далада 4-5 сағат ұйықтап қалыпты. Екі күннен кейін температурасы көтеріліп, кеуде клеткасында ауру сезімін байқады. Содан кейін температурасының 390С дейін көтерілуін байқады. Екі аптадан соң жөтелгенде сасық иісті 200.0 мл-дей ірің шықты. Болжама диагноз қандай болуы мүмкін?

1)+ Өкпе абсцессі; Б) Крупозды пневмония; 2) Экссудациялық плеврит; Г) Жедел трахеобронхит; Д) Бронхоэктазиялық ауру;

Тест 070

Ер адам, 45 жаста, он екі елі ішектің тесілген ойық жарасы және жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Стационардан шыққаннан кейін науқас емханаға көрінді. Бұл науқастың еңбекке жарамсыздық мерзімі шамамен қандай?

1) 20-30 тәулік;

2)+ 30-40 тәулік;

3) 50-60 тәулік;

4) 60-90 тәулік;

5) 100-120тәулік

Тест 071

Ер адам 48 жаста, емханадағы хирургке еңбекке жарамсыздық қағазын созуына сұрап келді, себебі ол жүргізуші жұмысын жасалған операцияға байланысты атқара алмайды. Науқасқа асқазанның субтотальды резекция операциясы жаслған. Дәрігердің осы жағдайға байланысты іс әрекеті қандай болуы тиіс?

1) Еңбекке жарамсыздық қағазын жабу;

2) Санитарлы курортты емге жолдама беру;

3) Науқасқа жұмысын өзгертуді тағайындау;

4) Еңбекке жарамсыздық қағазын алты айға дейін созу;

5)+ Дәрігерлік-еңбектік экспертиза комиссиясына жолдау;

Тест 072

Ер адам Т., 40 жаста, емханаға ентікпеге шағымданып келді. Науқас жедел түрде ауырды, жұмыста суықтануымен байланыстырады. Тексергенде: оң жақтағы қабырға аралық кеңейген, аускультацияда оң жақта демалыс тыңдалмайды. Дәрігер рентгенологиялық зерттеу тағайындады. Төменде аталған қандай рентгенологиялық көрініс көруіміз мүмкін?

1) Ортаңғы үлестің шектелген көлеңкеленуі;

2) Өкпе аймағының тотальды көлеңкеленуі;

3)+ Өкпе аймағының тотальды айқындалуы;

4) Тік айқын контурлы дөңгелектенген көлеңке;

5) Бүкіл өкпе аймағындағы диффузды ошақтар;

Тест 073

Ер адам 30 жаста, он күн бойы мазалап жүрген ентікпе мен жөтелге шағымданып келді. Ауруды үш апта бұрын сол кеуде бөліміне алған жарақатпен байланыстырып отыр. Тексергенде: кеуденің сол бөлігі дем алғанда қалып тұр, аускультацияда сол өкпеде дем алыс тыңдалмайды. Дәрігер жұмырланған гематораксқа күмәнданды. Дәрігер рентгенологиялық зерттеу тағайындады. Төменде аталған қандай рентгенологиялық көрініс көруіміз мүмкін?

1) Диффузды ошақтық көлеңке;

2) Өкпе аймағының субтотальды көлеңкеленуі;

3) Сол өкпе ұшындағы ошақтық көлеңке;

4) Өкпе аймағының средостенийға ауысуымен тотальды көлеңкеленуі;

5)+ Өкпенің төменгі бөліміндегі субтотальды көлеңкелену мен айқындалу;

Тест 074

Ер адам Е., 47 жаста, хирургқа бет фурункулы диагнозымен жолданды. Хирург тексергеннен кейін науқаста тері рагына күмәнданды. Гистологиялық формасы сары-ақ түсті, тығыз консистенциялы, тері үстіне өскен, ауырсынусыз түйіні бар қандай тері рагы болуы мүмкін?

1) Альвеолярлы рак;

2) Ұсақ жасушалы рак;

3) Эпидермоидты рак;

4)+ Базальды жасушалы рак;

5) Ірі жасушалы рак;

Тест 075

Төменде аталған қайсы дифференциалды көрініс перифериялық лимфогранулематозды лимфадениттен ажыратады?

1) Температурның көтерілуі;

2) Инфекцияланған жараның бары;

3) Лимфа түйіндерінің ауырсынуы;

4) Үлкейген түйін үстінде тері гиперемиясы;

5)+ Қабынуға қарсы емнің көмектеспеуі;

Тест 0076

Қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін оң аяғындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, жоғары температураға шағымданып түсті. Анамнезінен ЖИА, артериялық гипертензиямен, қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: сан артериясының пульсациясы әлсіреген, ауру сезімді сезу жоғалған, балтырдың ортаңғы 1/3-не дейін аяқ басының ісігі, шіріген иісті жайылмалы некроз, аяқ басы түгел қара түсті. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

1) Тілмелік қабыну

2) Оң аяқ басының флегмонасы

3) Тізе арты артериясының жедел эмболиясы

4) Оң жақтық посттромбофлебиттік синдром

5)+ Диабеттік табанның Нейро-ишемиялық түрі

Тест 0077

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, айқын интоксикация белгілерімен, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін түсті. Диагнозы: Қант диабеті, 2 тип, ауыр ағымы. Диабеттік табан, нейроишемиялық түрі, зақымдану деңгейі 5 ылғалды ган грена түрінде. Кезекші дәрігер оң аяқ басы мен балтырдың ортаңғы 1/3-нің ылғалды ганренасын анықтады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

1) Гемосорбция сеансын жүргізу

2)+ Аяқтың біріншілік ампутациясын жасау

3) Қосарланған антибактериальді терапия тағайындау

4) Некрэктомия жасау және лазеротерапия сеансын жүргізу

5) Озонотерапия сеансын жүргізіп және антисептикпен өндеу

Тест 0078

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 89 жасар науқас А. ауыр жағдайда, сан артериясының эмболиясы, аяқ контрактурасы бар ишемияның III В дәрежесі клиникасымен ауру басталғаннан 2 тәулік өткеннен кейін түсті. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым оңтайлы?

1)+ Аяқ ампутациясын жасау

2) Жедел тромбэмболэктомияны жасау

3) Тромболитикалық терапияны тағайындау

4) Аорто-сан шунттаушы операциясын жасау

5) Дезинтоксикациялық терапияны тағайындау

Тест 0079

Төмендегілердің қайсысы газды гангренаның арнайы емес алдын-алу шарасы болып табылады?

1) Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу

2) Массивті антибактериальді ем

3)+ Гангрена қарсы сарысу енгізу

4) Иммуномодуляторлар енгізу

5) Дезинтоксикациялық ем

Тест 0080

Төмендегілердің қайсысы газды гангрена кезінде анағұрлым маңызды шара болып табылады?

1) Шокқа қарсы терапия

2) Десенсибилизациялаушы ем

3) Сіреспеге қарсы сарысу енгізу

4) Антибиотиктерді артерия ішіне енгізу

5)+ Некрэктомия және оксигенотерапия орындау

Тест 0081

Төмендегілердің қайсысы жұмсақ тіндердің клостридиялы емес инфекциясына тән белгі болып табылады?

1) Тері жамылғысының шекарасы анық гиперемиясы

2) Бұлшықет пен дәнекер тіннің некрозы, газдың түзілуі

3) Ісіну, тері жамылғысының мәрмәр суреті, газдың түзілуі

4)+ Шіріген иісті іріңді-геморрагиялық бөлінісі бар абсцестену

5) Анемия, лейкоцитоз, қабну аймағында бұлшықеттердің тартылуы

Тест 0082

Сіреспенің патогенезінде қандай фермент маңызды роль атқарады?

1) Стрептокиназа

2)+ Тетаногемолизин

3) Гиалуронидаза

4) Лейкоцидин

5) Тетаноспазмин

Тест 0083

Науқас С. 32 жаста, көлігін жөндеп жатқанда оң иығын жаралап алған. Травмпунктке шағымданып келді. Қарап тексергенде: иығының ортаңғы 1/3-де өлшемі 4,0x3,5 см болатын, шеттері тегіс емес, кең көлемді жара бар. Кезекші дәрігер біріншілік хирургиялық өндеу жүргізді. Сіреспенің алдын-алу мақсатында осы жағдайда дәрігер нені тағайындау керек еді?

1) 1 мл гангренаға қарсы сарысу

2) 3000 АБ сіреспеге қарсы сарысу

3) 1 мл сіреспелік анатоксин және антибиотиктер

4)+1 мл сіреспелік анатоксин, 3000 АБ сіреспеге қарсы сарысу

5) 3000 сіреспеге қарсы сарысу, антибиотиктер, γ-глобулин

Тест 0084

Біріншілік хирургиялық өндеу екіншілік хирургиялық өндеуден немен ерекшеленеді?

1) Операция техникасымен

2)+ Операция мезгіл дерімен

3) Алдында болған таңғыш санымен

4) Біріншілік хирургиялық өндеудің болмауымен

5) Дренаждауды қолдану немесе одан бас тартумен

Тест 0085

Қандай заттардың бөлінуімен жара үрдісінің бірінші фазасында тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін олардың кеңеюі байланысты?

1) Лактатдегидрогеназа;

2) Сілтілі фосфатаза;

3) Қышқыл фосфатаза;

4)+ Гистамин, серотонин;

5) Қышқыл РНКаза;

Тест 086

Аппендикулярлы этиологиялы жайылған перитониттың ауыр ағымы неге байланысты?

1) Құрт тәрізді өсіндінің атипті орналасуы;

2)+ Аэробты-анаэробты микрофлоралардың араласуы;

3) Перитониттегі екіншілік иммунодефицит;

4) Перитониттың тез басталуы;

5) Ағзаның ақуызды көп жоғалтуы;

Тест 087

Емізетін әйелдерге төменде аталған қандай антибиотиктер қарсы көрсетілген?

1) Феноксиметилпенициллин;

2) Бензилпенициллин;

3)+ Тетрациклин;

4) Цефуроксим;

5) Цефазолин;

Тест 088

Ер адам 38жаста, деструктивті панкреатит диагнозымен хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Аурудың 14 күнінде гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз пайда болады. Алдында эпигастрии аймағында ауру сезімді инфильтрат пальпацияланды, инфильтраттың көлемі үлкейіп жатыр. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1) Перитонит;

2) Іріңді холангит;

3) Іріңді перитонит;

4)+ Іріңді оментобурсит;

5) Бауырасты абсцесс;

Тест 089

Ер адам Н., 23 жаста аппендэктомиядан кейін хирургиялық бөлімшеде жатыр. Операциядан алты күннен кейін іштің төменгі жағындағы ауру сезіміне, тенезм мен дизуриялық көріністер, температура 39,5, гектикалық өзгерістермен, қалтырау. Тексергенде: тәлә ылғал, іші жұмсақ, қасаға сүйегі үстінде ауру сезімді. Ректальды тексерісте: тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы ауру сезімді жұмсарған инфильтрат анықталды. Науқаста ең ықтимал қандай асқыну дамыды?

1) Пилефлебит;

2)+ Кіші жамбастың абсцессі;

3) Жедел парапроктит;

4) Түйінаралық абсцесс;

5) Абдоминальды cепсис;

Тест 090

Ер адам У., 48 жаста деструктивті панкреатит диагнозымен хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Аурудың 16 күнінде гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз пайда болады. Эпигастрии аймағында 15х20 см көлемді айқын емес инфильтрат пальпацияланды. Төменде аталған кандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

1) Құрсақ қуысының КТ;

2)+ Құрсақ қуысының УЗИ;

3) Құрсақ қуысының ЯМРТ;

4) Эндоскопиялық зерттеу;

5) Позитронды-эмиссионды томография;

Тест 091

Ер адам Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеде гангренозды аппендицитке байланысты жасалған аппендэктомия операциясынан кейін ем қабылдап жатыр. Науқаста операциядан кейін 7-ші күні операциялық жара аймағында, шап аралығында ауру сезімі пайда болды. Дәреті ауру сезімді, температураның 390С дейін көтерілуі байқалды. Тексергенде: операциялық жара аймағында үлкен ісіну және гиперемия анықталды. Гиперемия мен ісіну шап аралығына, ұмаға таралған. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1)+ Операциялық жараның іріңдеуі;

2) Жараның лигатурлы абцессі;

3) Некротикалық цистит;

4) Ішекаралық абсцесс;

5) Жамбас абсцессі;

Тест 092

Науқас Ц., 24 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасының алдыңғы бетінің ауру сезіміне, температураның 38,20С дейін көтерілуіне шағымымен түсті. Жергілікті: кеуде клеткасының алдыңғы беті ісінген, гиперемияланған, пальпациялағанда ауру сезімді. Науқас операцияға алынды. Операцияда ірің субпекторальды аймақта орналасқаны анықталды. Субпекторальды аймаққа өту үшін іріңнің ең ықтимал орналасуы?

1)+ Қолтық астында;

2) Жауырын аймағында;

3) Иық аймағында;

4) Мойын аймағында;

5) Қабырғаның остеомиелиті;

Тест 0093

Науқас В 43жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Алдыңда орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды. Осы жағдайда қандай тілікпен абсцессті ашу анағұрлым орынды?

1) Черни

2) Троянов

3)+ Клермон

4) Федоров

5) Мельников

Тест 0094

Науқас В. 43 жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған.. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Артқы жаққа қарай орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды. Осы жағдайда қандай тілікпен абсцессті ашу анағұрлым орынды?

1) Торакофренолапаротомия

2) Троянов

3) Клермон

4) Федоров

5)+ Мельников

Тест 095

Ер адам С., 47 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасының оң жақ бөлігіндегі және қабырғаастындағы аймақтағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде бір ай бұрын жұмысында жарақат алған. Объективті тексерісте ауру сезімді үлкейген бауыр, оң жақ бұғана үстінде ауру сезімі байқалды. Оң жақ көкеттіңкуполының жоғары тұруы және гектикалық қалтырау. Дәрігерге қаралмады. Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз?

1) Пневмонияның абцесстік түрі;

2)+ Көкетасты абсцессі;

3) Іріңді паранефрит;

4) Плевра эмпиемасы;

5) Бауыр абсцессі;

Тест 096

Әйел адам Д., 67 жаста клиникаға дененің төменгі бөлімдерінің рецидивті тілмелі қабынумен бірнеше рет түсіп отыр. Науқасқа рецидив болмас үшін қадай ем тағайындау қажет?жастанеоднократно поступает с клиникой рецидивирующего рожистого воспаления нижних конечностей. Какое эффективное противорецидивное лечение необходимо провести у этой Науқас?

1) Регионарлы баротерапия;

2) Реополиглюкинды құю;

3)+ Тамырішілік лазерлі сәулелендіру;

4) Аяққа гепаринмен электрофорез жасау;

5) Омыртқаның бел бөлімінің диатермиясы;

Тест 097

Науқас Р. 22 жаста, хирургиялық стационарға шүйде аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Жергілікті: шүйде аймағында тығыз ауру сезімді гиперемиясы бар түзіліс. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Фурункул

2) Торсылдақ

3)+ Карбункул

4) Атерома

5) Абсцесс

Тест 098

Науқас Р., 22 жаста хирургиялық стационарға шүйде бөліміндегі ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді.Бір аптадай ауырып жүр. Жергілікті: шүйде бөлімінде ауру сезімді гиперемияланған тығыз түзілісанықталды. Жұмсарған аймақ және ортасында флюктуациясы бар. Осы жағдайда ең дұрыс емнің тактикасы?

1) Антибиотиктер тағайындау;

2)+ Түзілісті ашып, дренаждау;

3) Новокаинмен электрофорез тағайындау;

4) Пункция жасап антибиотик енгізу;

5) Вишневский жақпасымен компресс қою;

Тест 099

Науқас Ю., 63 жаста хирургиялық инфекция бөлімшесіне оң иықтың үлкеюіне шағымданып келді, ауру сезімі кернелген сипатта, температураның 380С дейін көтерілуі. Аускультацияда: дем алысы қатты, төменгі бөлімдерінде әлсізденген, ТАЖ 20, АҚ 130/80 мм рт. ст.. Жергілікті: ісіну байқалады, оң жақ иықтың гиперемиясы, пальпацияда қатты ауру сезімді. Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз?

1) Спирртік компресс қою;

2) Тамырішіне антибиотик тағайындау;

3)+ Шұғыл түрде операцияға алу;

4) Антибиотиктерді эндолимфалық жолмен енгізу;

5) Қолдың иммобилизациясын жүргізу

Тест 0100

Әйел адам Я., 86 жаста қабылдау бөліміне сол жақ шап аймағындағы ауырсынуға, ісінуге, гиперемиясына шағымданып келді. Тексергенде сол жақ шап аймағында 2,0х3,0 см көлемді, жиегі айқындалған, ауру сезімді түзіліс пальпацияланады. Сіздің ықтимал диагнозыңыз?

1) Сан жарығы;

2) Теріасты абсцессі;

3) Іріңдеген атерома;

4) Іріңдеген липома;

5)+ Шап аймағындағы лимфаденит;

Тест 0101

Ер адам Е., 45 жаста, қабылдау бөліміне іштің төменгі жағындағы ауру сезіміне, ауырсынулы дәретке отыруға, тенезм мен жоғары температураға шағымданып келді. Жеті күндей ауырып жүр. Анамнезінен: бір ай бұрын қуық жарақатына байланысты операция жасалған. Дәрігер тексергеннен кейін жамбас абцессіне күдіктенді. Ең бірінші қадау тексеріс жүргізіледі?

1) Құрсақ қуысының УДЗ;

2) Құрсақ қуысына рентгенография;

3)+ Тік ішекті саусақпен тексеру;

4) Диагностикалық лапароскопия;

5) Ректороманоскопия;

Тест 0102

Ер адам Т, 46 жаста емханадағы хирургқа дефекация уақытындағы ауру сезіміне, температураның көтерілуіне, шап аймағында түзіліс анықтағанына шағымданып келді. Тексергенде: шап аймағында 13 сағатта ауру сезімді ісіну, гиперемия анықталды. Қан сараптамасында лейкоциттер 17,0х109, ЭТЖ 23 мм/сағ., температура 380С. Ең ықтимал диагноз?

1) Абсцесс;

2) Геморрой;

3) Фурункул;

4)+ Парапроктит;

5) Құйымшақ кистасы;

Тест 0103

Ер адам Т, 46 жаста емханадағы хирургқа дефекация уақытындағы ауру сезіміне, температураның көтерілуіне, шап аймағында түзіліс анықтағанына шағымданып келді. Тексергенде: шап аймағында 13 сағатта ауру сезімді ісіну, гиперемия анықталды. Қан сараптамасында лейкоциттер 17,0х109, ЭТЖ 23 мм/сағ., температура 380С. Дәрігер теріасты парапроктиті диагнозын қойды. Осы жағдайда арғы іс әрекетіңіз?

1) Пункция жасау;

2) Микроклизма тағайындау;

3) Жақпамен компресс жасау;

4) Метилурацилмен ректальды суппозиторийлер тағайындау;

5)+ Жергілікті анестезиямен ашу;

Тест 0104

Ауруханалық қағазды рәсімдегенде төмендегі қандай жағдайда тәртіп бұзылмайды?

1) Басқа аумаққа кету;

2)+ Госпитализациядан бас тарту;

3) МСЭК жолдаудан бас тарту;

4) МСЭК белгіленген күні келмеу;

5) Алкогольды масаю кезінде келу;

Тест 0105

Науқас М., 43 жаста жонушы, емхана хирургіне оң білезіктің жыртылған жарасына шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша детальды жөндеу барысында жарақат алды. Хирургпен уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайы анықталды. Жазатайым оқиға акті ұсынылмады. Қандай құжатпен уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы рәсімделеді?

1) Бірінші күннен 095у формалы анықтама;

2) Акт ұсынылғаннан кейін аурухана қағазын беру;

3)+ Еңбекке жарамсыздық қағазын бірінші күннен бастап беру;

4) ВКК анықтамасын беру;

5) Ықтиярлы формада анықтама беру;

Тест 0106

Ересек жанұя мүшесін стационарда қарағаны үшін аурухана парағы беріле ме және қандай мерзімге?

1) Аурудың түгел мерзіміне

2) Ауыр жағдайының 7 күніне;

3)+ Аурхана парағы берілмейді;

4) Еркін түрде анықтама беріледі;

5) Аурудың түгел мерзіміне ДКК анықтамасы беріледі;

Тест 0107

Науқас Ш., 34 жаста асқазанның ойық жарасының қозуымен байланысты жұмыстан 15 шілдеден бастап босатылған (094у анықтамасы). 17 шілдеде хирургия бөлімшесіне асқазанның ойық жарасының тесілуімен келіп түсті. Уақытша жұмысқа жарамсыздығын қандай құжатпен дәлеледеу тиіс?

1)+ 17 шілдеден бастап аурухана парағы;

2) 25 шілдеден бастап аурухана парағы

3) 094у анықтамасы жалғаса береді

4) Емханадан ДКК анықтамасы;

5) Шығарғаннан кейін аурухана парағы;

0Тест 0108

Төмендегі ақаулардың қайсысы мүгедектіктің үшінші тобын шексіз мерзімге анықтау үшін негіз бола алады?

1)+ Оң қол басының I-II-III саусақтарының ампутациясы;

2) Өкпенің бір бөлігінің резекциясы;

3) Бүйректі алып тастау;

4) Жатыр экстирпациясы

5) Бассүйек ақауы (сүйектік)

Тест 0109

Хирургтың қабылдауына науқас Ф. келді,45 жаста бес жылдай он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Анамнезінде жылына екі рет қан кетулер байқайды. Соңғы қан кету екі апта бұрын болған. Тексергенде науқаста екінші дәрежелі постгеморрагиялық анемия. Қазіргі уақытта терапевтте амбулаторлы ем қабылдап жүр. Осы жағдайда дәрігердің ең дұрыс тактикасы?

1) Гастроэнтерологиялық бөлімшеге госпитализациялау;

2) Гематологиялық бөлімшеге госпитализациялау;

3)+ Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау;

4) Күндізгі стационарға госпитализациялау;

5) Амбулаторлы емді жалғастыру;

Тест 00110

Науқас А., 53 жаста, жиһаз фабрикасында ағаш ұстасы. Демпинг-синдромының 2-дәрежесімен асқынған асқазанның кіші иінінің ойық жара ауруы себебінен операция жасалған. Науқастың жұмысқа жарамдылығын бағалаңыз?

1) Уақытша жарамсыз;

2) 1 топ мүгедегі;

3)+ II 1 топ мүгедегі;

4) III 1 топ мүгедегі;

5) Жұмысқа жармады;

Тест 00111

Дәрігерлік-бақылау комиссиясы бір мезгілде қандай мерзімге жарамсыздық парағын ұзарта алады?

1) 5 күнге;

2)+ 10 күнге;

3) 14 күнге;

4) 3 айға;

5) 4,5 айға;

Тест 00112

Науқас Ж., 37 жаста, жүргізуші, асқазанның ойық жара ауруымен 3 жыл бойы ауырады. Үнемі ойық жараға қарсы ем қабылдайды, бірақ нәтижесі уақытша. Қаралуға келгенде эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның кіші иінінде 2,0х1,3 см қозу сатысындағы ойық жара анықталды. Осы науқасты жүргізуде әрі қарай қандайдай тактика анағұрлым орынды?

1)+ Хирургия бөлімшесінде стационарлық ем;

2) Күндізгі стационарда ем жеткілікті;

3) Гастроэнтерология бөлімшесінде ем;

4) Амбулаторлы емді жалғастыру;

5) Санитарлы-курортты ем

Тест 00113

Науқас Ч. 45 жаста, шахтер амбулаторлы ем қабылдауда, 12 елі ішек буылтығының ойық жара ауруының қозуына байланысты аурухана парағы бар. Оның уақытша жарамсыздық ұзақтығы қандай?

1)+ 1 айға дейін аурухана парағы;

2) 1,5-2 айға дейін аурухана парағы;

3) 10 күнге дейін аурухана парағы;

4) Аурухана парағын жабу керек;

5) 4 айға дейін аурухана парағын ұзарту

Тест 00114

Науқас ойық жара ауруының қозуына байланысты 25 наурыздан 8 сәуірге дейін 094у анықтамасымен жұмыстан босатылған. Рентгеноскопия кезінде асқазан рагі анықталды. Уақытша жарамсыздығын қандай құжат дәлелдейді?

1)+ 8 сәуірден бастап аурухана парағы;

2) 094у анықтамасы жалғаса береді

3) 25 наурыздан бастап аурухана парағы;

4) Әрі қарай аурухана парағы көрсетілмеген;

5) 094у анықтамасы және аурухана парағы;

Тест 00115

Студент А., 18 жаста лабораторлы жұмыс кезінде бет және көз күйігін алған, ол соқырлыққа алып келген. МӘЭК мүгедектіктің бірініш тобын анықтады. Науқаста мүгедектіктің себебі қандай?

1) Жалпы ауру;

2) Тұрмыстық травматизм;

3)+ Еңбектік жарымжандық;

4) Жазатайым оқиға;

5) Өндірістік жарақат;

Тест 00116

Бала кезден мүгедектіктің себебін анықтауда негіз болатын критерийлер қандай болуы тиіс?

1) 19 жасында оқып жүрген бала мүгедектікке ұшыраған;

2) 16 жасқа дейінгі жұмыс істеп жүрген бала мүгедектікке ұшыраған

3)+ 16 жасқа дейінгі бала мүгедектікке ұшыраған

4) ЖОО түсі кезінде мүгедектікке ұшыраған

5) ЖОО бітіргеннен кейін мүгедектікке ұшыраған

Тест 00117

Науқас М. 38 жаста, темір ұстасы-қалыпшы. Он жыл бойы ойық жара ауруымен ауырады. Соңғы үш жылда жиі және ұзақ аурудың қозуы ( 2-3 қозу, ұзақтығы 1,5-2 ай) болып тұрады, оперативті емнен бас тартқан. Диагноз: асқазанның ойық жарасы, жиі қозулар, айқын ауру сезімімен және асқазанның секреторлы және моторлы-эвакуаторлық қызметінің бұзылысымен айқын тамақтанудың бұзылуы. Айқын астено-невротикалық синдром. Экспертті түйіндеме қандай болады?

1) Уақытша жұмысқа жарамсыз;

2)+ III топ мугедегі;

3) II топ мүгедегі;

4) ДКК сызығы бойынша жұмысқа орналастыру;

5) II топ мүгедегі "В" критерийі арнайы жасалған шарттар;

Тест 00118

Қол басы флегмонасы бар науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер):

1) 5-10 тәулік;

2) 10-15 тәулік;

3)+ 20-25 тәулік;

4) 30-40 тәулік;

5) 50-60 тәулік;

Тест 00119

Көп түйінді токсикалық жемсауы бар тиреотоксикозға байланысты операция жасалған науқастың операциядан кейін жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1)+ 20-25 тәулік;

2) 30-35 тәулік;

3) 40-50 тәулік;

4) 50-60 тәулік;

5) 60-70 тәулік;

Тест 00120

Кеуде торының соғылуы бар науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1) 5-7 тәулік;

2)+ 7-10 тәулік;

3) 15-20 тәулік;

4) 20-30 тәулік;

5) 30-40 тәулік;

Тест 00121

Қабырғаның ығысқан жабық сынығы бар науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1) 5-10 тәулік;

2) 10-20 тәулік;

3) 30-40 тәулік;

4) 40-50 тәулік;

5)+ 50-60 тәулік;

Тест 00122

2-3 қабырғаның ығысуы жоқ жабық сынығы науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1) 5-10 тәулік;

2)+ 15-25 тәулік;

3) 25-30 тәулік;

4) 35-40 тәулік;

5) 45-50 тәулік;

Тест 00123

Бұғананың ығысуы жоқ сынығы бар науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1) 15-20 тәулік;

2) 25-35 тәулік;

3)+ 30-40 тәулік;

4) 45-50 тәулік;

5) 50-60 тәулік;

Тест 00124

Иық сүйегінің хирургиялық мойнының ығысуы жоқ сынығы бар науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1) 10-15 тәулік;

2)+ 20-30 тәулік;

3) 30-40 тәулік;

4) 45-50 тәулік;

5) 50-60 тәулік;

Тест 00125

Иық сүйегінің хирургиялық мойнының ығысқан сынығы бар науқастың жұмысқа жарамсыздықтың шамалы мерзімдері қандай болады (стационарлы және амбулаторлы кезеңдер)?

1) 15-20 тәулік;

2)+ 20-30 тәулік;

3) 35-45 тәулік;

4) 45-50 тәулік;

5) 55-60 тәулік;

Тест 00126

Науқас босанғаннан кейінгі маститтің серозды қабыну сатысы клиникасымен емханадағы хирургқа келіп қаралды. Төменде көрсетілгендердің қайсысын осы жағдайда қолдануға болмайды?

1)+ Сұт безін ұқалау;

2) Сүтін сауып тастау;

3) Емізікті антисептикпен өңдеу;

4) Сұт безін жоғары орналасуы;

5) Сұт безіне қыздыратын компресс қою;

Тест 00127

Емханағадағы хирургқа ауырғанына 10-күн болған науқас сол көкірегінің ауыратынына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен бір ай бұрын босанғаны белгілі болды. Қарау барысында сол жақ көкірегі үлкейген, жоғарғы квадрантында айқын шекараланған инфильтрат, қызарған, гипертермияланған, ауру сезімді. Науқастағы ең тиімді диагноз?

1) Түйінді мастопатия;

2) Сүт безінің қатерлі ісігі;

3)+ Жедел іріңді мастит;

4) Сүт безінің лактозы;

5) Сүт безінің фиброматозы;

Тест 00128

Емханағадағы хирургқа ауырғанына 10-күн болған науқас сол көкірегінің ауыратынына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен бір ай бұрын босанғаны белгілі болды. Қарау барысында сол жақ көкірегі үлкейген, жоғарғы квадрантында айқын шекараланған инфильтрат, қызарған, гипертермияланған, ауру сезімді. Сіздің әрі қарайғы әрекетіңіз?

1) Физкабинетке массажға жіберу;

2) Қыздыратын компресс тағайындау;

3) Антибиотик тағайындап бақылау;

4)+ Стационарлық емге жіберу;

5) Жиі көкірегін сығуды тағайындау;

Тест 00129

Қабылдау бөліміне босанғаннан кейінгі сол жақ сүт безінің маститімен ауырғанына 10-күн болған науқасты алып келді. Қарау барысында сол жақ көкірегі үлкейген, жоғарғы квадрантында айқын шекараланған инфильтрат, қызарған, гипертермияланған, ауру сезімді. Қан анализинде лейкоциттер 18,5х109 дене қызуы-38,70С. Осындай жағдайдайда қандай емдік әдіс тиімді?

1) Қосарланған антибактериальді емді қолдану;

2) Пункцию жасап зерттеуге жіберу;

3) сіңдіретін терапия тағайындап бақылау;

4)+ Радиальді тілікпен операцияға алу;

5) Бастапқы кезде дезинтоксикационную терапия жүргізу;

Тест 00130

Емханадағы хирургкке 39-жастағы науқас оң жақ сүт безіндегі түйінді түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен науқас түзілісті 1-жыл бұрын байқаған. Қарау барысында жоғарғы квадрантында ауру сезімсіз, жылжымалы, көлемі 3,0х2,5 см, басқа өзгерістер байқалмайды. Сіздің әрі қарайғы әдісіңіз?

1) Әр ай сайын хирургқа қаралуын ұсыну;

2) Антибиотик тағайындап бақылау;

3)+ Стационарлық емге жіберу;

4) Қан талдау анализіне жіберу;

5) Физиотерапия тағайындау;

Тест 00131

Емханадағы хирургкке 39-жастағы науқас оң жақ сүт безіндегі түйінді түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен науқас түзілісті 1-жыл бұрын байқаған. Қарау барысында жоғарғы квадрантында ауру сезімсіз, жылжымалы, көлемі 3,0х2,5 см, басқа өзгерістер байқалмайды. Осы науқасқа қандай диагноз тән?

1) Сүт безінің қатерлі ісігі;

2) Сүт безінің липомасы;

3) Сүт безінің абсцессі;

4)+ Сүт безінің түйінді мастопатиясы;

5) Созылмалы инфильтративті мастит;

Тест 00132

Науқас К., 39 жаста ұзақ уақыт бойы оң сирағындағы трофикалық жарамен бақылауда болды. Кезекті диспансерлік тексеру барысында оң жақ сүт безінде түйінді түзіліс анықталды. Науқасқа әрі қарай қандай әдіс қолдануға болады?

1) Хирургта әрі қарай бақылауда болуды ұсыну;

2)+ Мастапатияның оперативті биопсиялық емін тағайындау;

3) Қан тамыр хирургі мен гинеколог кеңесіне жіберу;

4) Алдымен аяғының қан атмырларына операция жасау;

5) Консервативті сіңіретін ем жүргізу;

Тест 00133

Алғашқы хирургиялық өңдеудің ерте кезеңін қандай уақытта дейін жасайды?

1)+ 6 сағатқа дейін;

2) 12 сағатқа дейін;

3) 18 сағатқа дейін;

4) 24 сағатқа дейін;

5) 36 сағатқа дейін;

Тест 00134

Уақытта өттіңкіреген хирургиялық өңдеу қай кезеңде инфицирленген жараға өтеді?

1) 6-12 сағатқа дейін;

2) 12-18 сағатқа дейін;

3)+ 24-48 сағатқа дейін;

4) 48-72 сағатқа дейін;

5) 72-96 сағатқа дейін;

Тест 00135

Төменде көрсетілгендердің қайсысы аяқтың рецидивирлеуші тілмесінің типті асқынуына жатпайды?

1) Аяқ периоститі;

2) Аяқ лимфостазы;

3) Аяқ тромбофлебиті ;

4)+ Екіншілік көк тамыр кеңеюі;

5) Жүйелі қабыну реакциясы синдромы;

Тест 00136

Төменде көрсетілгендердің қайсысы жиі аяқ тілмесінің қоздырғышы болып келеді?

1) Кишечная палочка;

2)+ Стафилококк;

3) Стрептококк;

4) Клебсиелла;

5) Кандида;

Тест 00137

Емханадағы хирургке науқас оң жақ иығынның ортанғы 1/3 бөлігінің ауырғанына дене қызуына шағымданып келеді. 5-күннен бері ауырады. Қарау барысынад қызарып шекарасы жұмсарған, көлемі 2,0х1,5 см түзіліс байқалады. Оң иықтың ортанғы 1/3 абсцедирленген фурункулы деп операция тағайындалды. Осы жағдайдағы тілікті көрсетіңіз?

1)+ Сызықты тілік;

2) Жиектеуші тілікпен;

3) Крест тәрізді тілік;

4) Доға тәрізді тілік;

5) Көлденең тілік;

Тест 00138

Емханадағы хирургке шүйдесіндегі ауру сезімі мен дене қызуына шағымданып келді. 6-күннен бері ауырады. Қарау барысында көкшіл инфильтрат көлемі 3,0х2,0 см жыланкөзденген тесіктен ірің ағып тұр. Осы науқасқа қандай диагноз тән?

1) Абсцедирлеуші фурункул;

2) Іріңді лимфаденит;

3)+ Карбункул;

4) Флегмона;

5) Гидраденит;

Тест 00139

Емханадағы хирургке шүйдесіндегі ауру сезімі мен дене қызуына шағымданып келді. 6-күннен бері ауырады. Қарау барысында көкшіл инфильтрат көлемі 3,0х2,0 см жыланкөзденген тесіктен ірің ағып тұр. Хирургтің диагнозы: Шүйде бөлігінң карбункулы деп операция тағайындалды. Осы жағдайдағы тілікті көрсетіңіз?

1) Сызықты тілік;

2) Жиектеуші тілікпен;

3)+ Крест тәрізді тілік;

4) Доға тәрізді тілік;

5) Көлденең тілік;

Тест 0140

Ер адам Ю., 66 жаста, емхана хирургіне оң иықтың үлкеюіне, ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен үш күн бұрын даланың иті қауып алғандығын айтты. Тексергенде оң иықтың н/3 бөлігінде 3,х3,5 см көлемді қисық жиекті, гиперемияланған жара анықталды. Осы жағдайда қандай ем қолданасыз?

1) Антибиотиктер тағайындап, жиектерін сирек тігіспен жалғау;

2) Жараны антисептикпен өңдеп, жараға тігіс салу;

3)+ Антирабиялық сарысу тағайындап, жергілікті ем жасау;

4) Міндетті түрде біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу ;

5) Столбнякқа қарсы сарысу тағайындап, жара жиектерін кесу;

Тест 0141

Ер адам Э, 74 жаста емхана хирургіне оң білезіктің екінші саусағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді, температура 37,90С дейін көтерілді. Анамнезінен бес күн бойы ауырып жүр. Тексергенде саусағының көлемі ұлғайған, терісі цианозды, буында қимыл қозғалыс жоқ. Ең ықтимал диагноз?

1) Сіңірлік панариций;

2) Сүйектік панариций;

3) Тендовагинит;

4)+ Пандактилит;

5) Эризипелоид;

Тест 0142

Ер адам У, 36 жаста емхана хирургіне оң білезіктің үшінші саусағындағы дистальды фаланга проекциясындағы белсенді, қатты ауру сезіміне шағымданып келді, температура 37,90С , әлсіздік, мазасыз. Анамнезінен жетң күн бойы ауырып жүр. Тексергенде колба тәрізді жуандаған фаланга, гиперемия, ауру сезімді. Ең ықтимал диагноз?

1) Сіңірлік панариций;

2)+ Сүйектік панариций;

3) Тендовагинит;

4) Пандактилит;

5) Эризипелоид;

Тест 0143

Әйер Ю., 66 жаста емхана хирургіне оң аяқтың бірінші саусағының ауру сезімінге шағымданып келді. Тексергенде науқаста тырнақ пластинкасында күшкене ісіну, гиперемия мен ауру сезімін байқады. Дәрігер енген тырнақ диагнозын қойды. Дәрігердің арғы іс әрекеті?

1) Тырнақты түгелдей алып тастау;

2)+ Гигиеналық ванналар тағайындау;

3) Антибиотик тағайындап, бақылау;

4) Тырнақ пластинкасының резекциясын жүргізу;

5) Физиоем мен ауырсынуды басатын ем тағайындау;

Тест 0144

Ер адам А, 44 жастанаходится на лечении у хирурга поликлиники с инфицированной раной правого предплечья. На 3 сутки лечения у больного на плече появилась полоска в виде жгута с гиперемией и инфильтрацией. Какое наиболее вероятное осложнение развилось у больного?

1) Миозит;

2) Флегмона;

3) Лимфаденит;

4)+ Тендовагинит;

5) Қабыну;

Тест 00145

Төменде көрсетілгеннің қайсысы алақандағы орналасқан іріңдікке флегмоның симптомы тән емес?

1) ауру сезімі;

2)+ Флюктуация;

3) Тері гиперемиясы;

4) Жергілікті ісіну;

5) Дене қызуының көтерілуі;

Тест 0146

Ер адам Т, 46 жаста емхана хирургіне дефекация уақытындағы ауру сезіміне, температураның көтерілуіне, шап аймағында ісінуге шағымданып келді. Тексергенде: шап аймағында 13 сағатта ауру сезімді ісіну, гиперемия анықталды. Қан сараптамасында лейкоциттер 17,0х109, ЭТЖ 23 мм/сағ.. Дәрігер парапроктит диагнозын қойды. Науқаста қандай формалы парапроктит ?

1) Терілік;

2) Аралас;

3)+ Теріасты;

4) Ишеоректальты;

5) Пельвиоректальды;

Тест 0147

Ер адам Н., 76 жаста хирургияның қабылдау бөліміне оң жамбас бөлімінің ауру сезіміне, температураның 380С көтерілуіне екі күн болды. Ауырып жүргеніне бір апта уақыт. Анамнезінде қант диабетімен, ИЖА, артериальды гипертензиямен ауратыны анықталды. Тексергенде: оң жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантында жиегі айқын емес, тығыз, ауру сезімді түзіліс анықталды. Флюктуация мен гиперемия көріністері жоқ. Қан сараптамасында лейкоциттер 17,4х109, ЭТЖ 23 мм/сағ. АҚ 170/90, пульс 85 рет 1 мин. Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз?

1) Амбулаторлық емге жолдау;

2) Жылытатын компресстер тағайындау;

3) Күндізгі стационарда антибиотиктер тағайындау;

4) УВЧ, электрофорез және парафинды аппликация тағайындау;

5)+ Инфильтратқа УДЗ жасап, ем тактикасын таңдау;

Тест 0148

Геморройдың әдеттегі асқынуына төменде аталғанның қайсысы жатпайды?

1) Геморроидальды түйіндерден қан кету;

2) Геморроидальды түйіндердің түсіп қалуы;

3) Геморроидальды түйіндердің тромбозы;

4) Тік ішектің сызаты;

5)+ Тік ішектің түсіп қалуы;

Тест 0149

Ер адам В, 53 жаста емхана хирургіне дефекациядан кейінгі анальды бөлімдегі ауру сезіміне, 2-3 тамшы қан болуына шағымданып келді. Ауырғанына үш күн болды. Өзі жасаған емнен пайда болмады, анамнезінде созылмалы іш қату. Сіздің болжама диагнозыңыз?

1) Жедел геморрой;

2) Тік ішек рагы;

3) Жедел парапроктит;

4)+ Анальды канал сызаты;

5) Параректальды жыланкөз;

Тест 0150

Анальды канал сызаты диагнозын қою үшін науқас қандай тексерістен өту керек?

1)+ Аноскопия;

2) Ректоскопия;

3) Ирригоскопия;

4) Колоноскопия;

5) Саусақтық тексеру;

Тест 0151

Ер адам В, 53 жаста емхана хирургіне дефекациядан кейінгі анальды бөлімдегі ауру сезіміне, 2-3 тамшы қан болуына шағымданып келді. Ауырғанына үш күн болды. Өзі жасаған емнен пайда болмады, анамнезінде созылмалы іш қату. Хирург қарағаннан кейін анальды канал сызаты диагнозын қояды. Сіздің осы жағдайдағы емдеу тактикаңыз?

1) Жақпалық компресстер;

2)+ Сызатты кесіп тастау;

3) Йод тұндырмасымен кйдіру;

4) Шөптер тұндырмасымен микроклизма жасау;

5) Сызатты диатермокоагуляциялау;

Тест 00152

Ер адам В, 53 жаста емхана хирургіне дефекациядан кейінгі анальды бөлімдегі ауру сезіміне, 2-3 тамшы қан болуына шағымданып келді. Ауырғанына үш күн болды. Өзі жасаған емнен пайда болмады, анамнезінде созылмалы іш қату. Хирург қарағаннан кейін анальды канал сызаты диагнозын қояды. Сіздің осы жағдайдағы емдеу тактикаңыз?

1) Жедел көтеу;

2)+ Аналь каналының жарылуы;

3) Жедел парапроктит;

4) Құйымшақ торсылдағы;

5) Жедел ректит;

Тест 00153

Мына көрсетілген аурулардың қайсысы жиі іріңді инфекциямен асқынады? 1) Қатерлі ісік; 2) Жүрек ақауы; 3)+ Қант диабеті; 4) Созылмалы пиелонефрит; 5) Мидың жасырын жарақаты;

Тест 00154

Төменде көрсетілгендердің қайсысы хирургиялық сепсистің көзі болып табылмайды?

1) Бет карбункулы;

2) Термиялық күйік; 3) Көлемді инфицирленген жарақат; 4)+ Түтікті сүйектің жабық сынығы; 5) Перитониттің жайылуы;

Тест 0155

Сепсисте бактериальды егу жүргізу үшін төменде аталған қандай жағдайда қан жиналу керек? 1) Науқаста температурасы қалыпты жағдайда болғанда; 2)+ Қалтырауда және температуралық реакция жоғары кезде ; 3) Температура түскен бойда; 4) Антибиотиктерді алып тастағаннан кейін 6–12 сағаттан соң; 5) Антибиотиктерді ауыстырған кезде;

Тест 0156

Төменде аталған қандай реакция газдық гангрена қоздырушысы енген кезде пайда болады? 1) Абсцесстер; 2) Тері, бұлшықет, сүйек тінінің некрозы;

3)+ Бұлшықет пен байланыстырушы тіндердің некрозымен газ пайда болуы; 4) Гиперемияланған тығыз инфильтрат; 5) Эпидермистың теріасты клетчаткасының некрозымен сылынуы

Тест 0157

Төменде аталған қандай көрініс газдық гангренаның көрінісін береді? 1) Ісіну, гиперемия, ірің шығу;

2) Ісәну, теріде қызыл дақтар мен сызықтар; 3) Терінің бозаруы және жзарадан сасық иісті экссудат шығуы; 4)+ Теріасты эмфиземасы,ісінудің тез өсуі; 5) Жара ауру сезімді, ісіну, бұлшықеттің жыбырлауы;

Тест 00158

Беттегі шиқанның асқынуы дамитын анатомиялық берілу жолын көрсетңіз: 1) Беттегі көк тамырлардың клапандарының салдарынан, инфекцияның жайылуы

+ 2) Беттің көк тамырларының, мидың қатты қабығының синустарымен байланысы;

3) Беттегі тері асты май қабығының дамымауы;

4) Беттегі мимикалық бұлшықеттердің жақсы дамуы;

5) Бетте түкті фоликулдардың мөлшерінің көп болуы;

Тест 00159

Төмендегілердің қайсысы флегмонаны анықтауға сай келеді?  1)+ Майлы клечатканың жедел жайылған қабынуы; 2) Тін мен ағзадағы іріңдіктің шектеліп жиналуы; 3) Терінің жедел іріңді қабынуы;

4) Түкті фоликулдармен май бездерінің қабынуы;

5) Тер бөлетін бездердің жедел іріңді қабынуы;

Тест 00160

Ағзаның енген инфекцияға қайтаратын реакция типін: 1) Нормостеникалық; 2) Нормотоникалық; 3) Гипертензивті; 4)+ Гиперергиялық; 5) Астеникалық;

Тест 00161

Төменде көрсетілгендердің қайсысы перитониттің көзі бола алмайды?

1) Меккель дивертикулының тесілуі;

2) Жарақат кезіндегі ішек қабырғасының жыртылуы;

3)+ Үлкен дуоденальді емізіктің стенозы;

4) Ішек қабырғасының Рихтеров бойынша қысылуы;

5) Жедел ішек өтімсіздігі;

Тест 00162

Төменде көрсетілгендердің қайсысы артқы жедел іріңді медиастенитке тән емес?

1) Жауырын аралық аймағына берілетін кеуденің пульсирлеуші ауру сезімі;

2) Омыртқа өсіндісін басқан кездегі ауру сезімінің күшеюі;

3)+ Жұтыну кезіндегі ауру сезімінің күшеюі;

4) Кеуделік омыртқа аймағының ісігі;

5) Равич-Щербо симптомының оң болуы;

Тест 00163

Емханадағы хирургке оң қол басын қайнаған сумен күйдіріп алғаннан соң 5-күннен кейін келді. Қол басының сыртқы бетінде некроздалған ірің бөлінетін жарақат, қолы ісінген. Қандай күйік жағдайында ерте некрэтомия көрсеткіші тән?

1) Алақандағы шектелген күйікте;

2)+ Қол басының сыртқы бетінің шектелген күйігінде;

3) Алақанның тереңдеген күйігінде;

4) Жайылған терең күйікте;

5) Қол басы мен саусақтардың терең күйігінде;

Тест 00164

Төменде көрсетілгендердің қайсысын қол басы күйігінң 1-2 сатысындағы еміне қолданады?

1)+ Күйікке арналған арнайы аэрозольдар;

2) Суда ерітілген мазьдар;

3) Майда ерітілген мазьдар;

4) Фурациллин ерітіндісімен таңғыш салу

5) Гипертониялық ерітіндімен таңғыш салу;

Тест 00165

Емхана хирургіне жұмысында бетінен күйік алған науқасты жедел жәрдеммен алып келді. Қарау барыснда бетінің гиперемиясы мен ісігі, даусының қарлығуы, науқас қозған, үйіне қайтуын сұрайды. Осы жағдай да хирургке не жасау керек?

1) Жансыздандырғыш беру;

2) Жұмысқа жарамсыздық парағын ашу;

3)+ Стационарға жолдама беру;

4) Үйіне қайтару;

5) Таңғыш салу;

Тест 00166

Қай жағдайда сіреспеге қарсы сары суды алдын ала қоюға болмайды?

1) Термиялық күйіктің 2 сатысында;

2) Бастың соғылған жарақатында;

3) Аяқтың тесілген жарақатында;

4)+ Фалангінің жабық сынығында;

5) Фалангінің ашық сынығында;

Тест 00167

Төменде көрсетілгендердің қайсысы сіреспенің жедел фазасындағы көрінісне тән емес?

1) Аяқ пен кеуде бұлшықеттерінің құрысуы;

2) Гипертермия;

3) Тахикардия;

4) «Сардоникалық күлкі»;

5)+ Коллапс пен анемия;

Тест 00168

Төменде көрсетілгендердің қайсысы сіреспе инфекциясының ерте симптомына жатпайды?

1) Жарақаттағы ауру сезімінің күшеюі;

2) Қоздырғыштық;

3) Бас ауруы;

4)+ Құрысулар;

5) Терлегіштік;

Тест 0169

Ер адам Ю, 44 жаста емхана хирургіне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жоғары темератураға, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: екі апта бұрын жедел гангреналық перфоративті аппендицитке байланысты оперция жасалған. Тексергеннен кейін хирург науқаста оң жақта көкетасты абцессіне күмәнданды. Төменде аталғанның қайсы көрініс осы асқынуға тән емес?

1) Оң жақтағы плеврит;

2) Тері жабындыларының сарғаюы;

3)+ Бауырлық тұйықтың жоғалуы;

4) Көкеттің оң куполының жоғары тұруы;

5) Көкеттің оң куполының қозғалысының шектелуі;

Тест 0170

Ер адам Р, 39 жаста қабылдау бөлімінің хирургіне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жоғары темератураға, қалтырауға шағымданып келді. Анамнезінен он бір күн бұрын табалдырықтан құлаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Тексергенде науқаста бауырдың үлкеюі мен склераның иктериясы, ішек парезі байқалды. Құрсақ қуысының тітіркендіру симптомы теріс. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1) Перитонит;

2)+ Бауыр абсцессі;

3) Түйінаралық абсцесс;

4) Ішек өтімсіздігі;

5) Постравматикалық пневмония;

Тест 0172

Ер адам Р, 39 жаста қабылдау бөлімінің хирургіне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жоғары темератураға, қалтырауға шағымданып келді. Анамнезінен он бір күн бұрын табалдырықтан құлаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Тексергенде науқаста бауырдың үлкеюі мен склераның иктериясы, ішек парезі байқалды. Құрсақ қуысының тітіркендіру симптомы теріс. Дәрігер бауыр абцессіне күмәнданды. Осы жағдайда қандай тексеру жүргізу керек?

1) Құрсақ қуысының УДЗ;

2) Құрсақ қуысының Компьютерлі томографиясы;

3)+ Құрсақ қуысының және кеуде бөлімінің рентгенографиясы;

4) Диагностикалық лапароскопия;

5) Құрсақ қуысының ядерлі-магнитті томографиясы;

Тест 0173

Науқас 26 жаста емхана хирургіне жамбас тереңдігіндегі ауру сезіміне, жоғары температура мен тенезмге және жиі дәретке отыруға шағымданып келді. Анамнезінен он екі тәулік бұрын аппендэктомия жасалған. Тексергенде температура 38,20С, лейкоциттер 12,5х109. Қандай тексерісті еі бірінші жасау керек?

1) Құрсақ қуысының УДЗ;

2) Құрсақ қуысының рентгенографиясы;

3) Құрсақ қуысының Компьютерлі томографиясы;

4)+ Тік ішекті саусақпен тексеру;

5) Құрсақ қуысының ядерлі-магнитті томографиясы;

Тест 00174

26-жастағы науқас емханадағы хирургке кіші жамбас астауында тереңдеген ауру сезіміне, тенезмге, дене қызуының жоғарылауына, жиі зәр шығаруына шағымданып келді. Анамнезіне: 12-тәулік бұрын аппендэктомия операциясы жасалған. Қарау барысында: дене температурасы 38,20С, лейкоциттері 12,5х109.. per rectum ауру сезімді, тік ішек алдынғы қабырғасының салбырауы анықталды. Дәрігер науқаста Дуглас аймағының абсцесіне күмәнданды. Осы жағдайдағы науқасқа қандай қосымша зерттеу әдісі көрсетіледі?

1) Ректороманоскопия;

2)+ Іш қуысының УДЗ;

3) Іш қуысының КТ;

4) Хромоцистоскопия;

5) Іш қуысының ЯМРТ;

Тест 00175

26-жастағы науқас емханадағы хирургке кіші жамбас астауында тереңдеген ауру сезіміне, тенезмге, дене қызуының жоғарылауына, жиі зәр шығаруына шағымданып келді. Анамнезіне: 12-тәулік бұрын аппендэктомия операциясы жасалған. Қарау барысында: дене температурасы 38,20С, лейкоциттері 12,5х109.. per rectum ауру сезімді, тік ішек алдынғы қабырғасының салбырауы анықталды. Дәрігер науқаста Дуглас аймағының абсцесіне күмәнданды. Осы жағдайдағы дәрігердің әрі қарайғы тәсілі?

1) Емхана жағдайында антибиотик тағайындау;

2) Тік ішек арқылы абсцеске пункция жасау;

3)+ Бөлімшедегі хирургке жолдау;

4) Күнделікті майлы микроклизма тағайындау;

5) Қосымша зерттеуді тағайындау;

Тест 00176

Емханадағы хирургке 29-жастағы әйел оң жақ сүт безініндегі емізгінің қызарып ұлғаюына, шағымданып келді. 2-апта бұрын байқаған. Қарау барысында: емізік пен ареола маңы қабыршақтанған, қабыршақты алған кезде, астынан ылғалды түйіршік байқалады. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

1)+ Педжет ауруы;

2) Сүт безінің Скирі ;

3) Сүт безінің актиномикозы;

4) Сүт безі емізігінің экземасы;

5) Сүт безінің мастит тәрізді қатерлі ісігі;

Тест 00177

Емханадағы хирургке 59-жастағы әйел сол жақ сүт безінің ауырғанына, қызаруына, шағымданып келді. 2-ай бұрын байқаған. Қарау барысында: емізігі ішке тартылған, жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 3,0х3,0 см шекарасы айқын емес, кедір-бұдыр іріңді бөліністі жара байқалады. Қолтық астында ауру сезімсіз бір лимфа түйіні палпацияланады. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

1) Педжет ауруы;

2)+ Сүт безінің қатерлі ісігі ;

3) Сүт безінің актиномикозы;

4) Сүт безінің флегмонасы;

5) Сүт безінің фиброматозы;

Тест 00178

Емханадағы хирургке 59-жастағы әйел сол жақ сүт безінің ауырғанына, қызаруына, шағымданып келді. 2-ай бұрын байқаған. Қарау барысында: емізігі ішке тартылған, жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 3,0х3,0 см шекарасы айқын емес, кедір-бұдыр іріңді бөліністі жара байқалады. Қолтық астында ауру сезімсіз бір лимфа түйіні палпацияланады. Осы жағдайға Сіздің кезекті іс-әрекетіңіз?

1)+ Биопсия алып жарақатты өңдеу;

2) Күнделікті таңғыш тағайындау;

3) Кеуде куысының рентгенографиясы;

4) Қан талдау анализін тағайындау;

5) Сүт безінің КТ жолдау;

Тест 00179

Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Жағдайының нашарлағанына 3-тәулік болған, жөтел кезінде көлемді, іріңді, иісті, қан жағындысы бар қақырық болған, содан соң жағдайы кішкене жақсарған. Осы науқастың болжамды диагнозы қандай?

1) Өршу сатысындағы пневмония ;

2) Өкпенің бронхогенді қатерлі ісігі;

3) Өкпенің туберкулезі;

4) Плевра эмпиемасы;

5)+ Өкпенің абсцесі;

Тест 00180

Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Жағдайының нашарлағанына 3-тәулік болған, жөтел кезінде көлемді, іріңді, иісті, қан жағындысы бар қақырық болған, содан соң жағдайы кішкене жақсарған. Науқасқа бірінші кезектегі қандай зерттеу әдісі көрсетіледі?

1)+ Кеуде қуысының 2- проекциядағы рентгенографиясы;

2) Қақырықты бактериологиялық зерттеу;

3) Диагностикалық торокоскопия;

4) Кеуде қуысының УДЗ-і;

5) Кеуде қуысының КТ-ы;

Тест 00181

Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Жағдайының нашарлағанына 3-тәулік болған, жөтел кезінде көлемді, іріңді, иісті, қан жағындысы бар қақырық болған, содан соң жағдайы кішкене жақсарған. Ренгенографияда оң өкпенің төменгі бөлігінде кең көлемді сұйықтықты түзіліс байқалады. Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз қандай?

1) Тыныс алу гимнастикасы мен физио ем тағайындау;

2) Көк тамырға антибиотик енгізу;

3)+ Хирургия бөлімшесіне жатқызу;

4) Плевра қуысына пункцию жасау;

5) Терапия бөлімшесіне жатқызу;

Тест 00182

Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Стационарға жолдама беріліп, науқас жатудан бас тартқан. 1-ші тәулікте науқастың жағдайы нашарлап, оң жақ кеуде қуысында ауру сезімі, ентігу мен ауа жетіспеушілігін байқайды. Қарау барысында: айқын цианоз, қарапайым ентігу, терісі құрғақ, өзіне ыңғайлы жағдай жасайды. Оң жақ өкпесінде тынысы естілмейді, жүрек тондары естілмейді. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

1) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы;

2)+ Пиопневмоторакс;

3) Плевра эмпиемасы;

4) Өкпе ателектазы;

5) Өкпе ісінуі;

Тест 0183

Ер адам Л., 29 жаста қабылдау бөліміне хирургқа жұтынғандағы ауру сезіміне, бас ауруына, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен үш күн бұрын баспадан ем қабылдап, лор клиникасынан шығарылған. Тексергенде: мойынның бүйірлік бетіне өтетін оң жақ астында ісіну, қатты ауру сезімді, гиперемия. Ең ықтимал болжама диагноз?

1) Жедел трахеит;

2) Жедел эзофагит; 3) Паратонзиллярлы абсцесс; 4)+ Жақ асты аденофлегмона ;

5) Фолликулярлы баспаның рецидивы;

Тест 00184

Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы жиі сіреспе инфекциясы мен аурған науқастарды өлімге алып келеді?

1) Пневмония;

2) Құрысу;

3)+ Асфиксия;

4) Энцефалопатия;

5) Интоксикация;

Тест 00185

Жедел парапроктиттің қай түрі диагностикада қийындау болып келеді?

1)+ Пельвиоректальді;

2) Ишиоректальді

3) Ретроректальді;

4) Терілік;

5) Шырышасты;

Тест 00186

Жедел парапроктиттің қай түрі ауырлау өтеді?

1) Терілік;

2) Шырышасты;

3) Ретроректальді;

4) Ишиоректальді;

5)+ Пельвиоректальді;

Тест 0187

Ер адам С., 19 жаста қабылдау бөліміне хирургқа жұтынғандағы ауру сезіміне, бас ауруына, әлсіздікке, дауысының өзгеруіне шағымданып келді. Анамнезінен төрт күн бұрын жоспарлы тонзилэктомидан кейін шығарылды. Тексергенде: мойынның бүйірлік бетіне өтетін оң жақ астында ісіну, қатты ауру сезімді, гиперемия жоқ, флюктуация анықталмады. Осы жағдайдағы іс әрекетіңіз?

1) Жақ-бет хирургына жорлдау; 2) Лор дәрігердің консультациясына жіберу;

3) Тамақты шаю мен антибиотиктер тағайындау; 4)+ Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау;

5) Мойынға жылытатын компресс қою;

Тест 0188

Қандай жарада инфекция дамуы мүмкін? 1) Кесілген; 2) Шабылған; 3)+ Тістелген; 4) Соғылған; 5) Скальпацияланған;

Тест 0189

Ер адам К., 42 жаста қабылдау бөліміне қайта үш күннен кейін әлсіздік, температураның көтерілуі мен жұтынғандағы ауру сезімге шағымданғанда жеткізілген. Анамнезінен бес күн бұрын балық сүйегіне қақалғанү Қабылдау бқліміне барған. Эндоскопиялық тексерісте өңеште бөгде зат табылмаған. Науқас үйге жіберілді. Тексергенде мойынның ісінуі, ауру сезімді, дауысының өзгеруі мен температура 39,50С., пульс 108 рет 1 мин, АҚ 100/70, ТЖ 22 рет 1 мин. Ең ықтимал диагноз?

1) Постравматикалық эзофагит;

2) Жедел іріңді тонзиллит;

3) Паратонзиллярлы абсцесс;

4) Фолликулярлы баспа;

5)+ Мойындық медиастинит;

Тест 00190

Емханадағы хирургке 57-жастағы әйел оң аяқ сирағының күйдіруіне, дене қызуына, әлсіздікке, шөлдеуге шағымданып келді. 4-тәуліктен бері ауырады. Қарау барысында сирағының алдынғы беті нақты шектеліп қызарған, ісінген, инфильтрация, жергілікті гипертермия, терісі тартылып, көтерілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

1) Сирақ флегмонасы;

2) Сирақ абсцесі;

3) Аллергиялық есекжем;

4)+ Сирақ тілмесі;

5) Көлемді трофикалық жара;

Тест 0191

Ер адам К., 42 жаста қабылдау бөліміне қайта үш күннен кейін әлсіздік, температураның көтерілуі мен жұтынғандағы ауру сезімге шағымданғанда жеткізілген. Анамнезінен бес күн бұрын балық сүйегіне қақалғанү Қабылдау бқліміне барған. Эндоскопиялық тексерісте өңеште бөгде зат табылмаған. Науқас үйге жіберілді. Тексергенде мойынның ісінуі, ауру сезімді, дауысының өзгеруі мен температура 39,50С., пульс 108 рет 1 мин, АҚ 100/70, ТЖ 22 рет 1 мин. Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған қандай тексеру әдісін қолдану керек?

1) Қайталмалы эндоскопиялық зерттеу;

2)+ Мойын мен кеуде бөлімінің рентгенографиясы;

3) Қан сараптамасы;

4) Мойын мен кеуде бөлімінің УДЗ;

5) Эзофагоманометрия;

Тест 0192

Әйел адам 57 жаста емхана хирургіне оң тізесінің күйдіргендей сезіміне, температура мен әлсіздікке, ыстыққа шағымданып келді. Тексергенде тізенің алдыңғы бетінде айқын шектелген гиперемия мен ісіну, инфильтрация мен жергілікті гипертермия, тері кернелген және көтерілген. Дәрігер тізенің тілмелі қабынуына шағымданды. Науқаста төменде аталған тілмелі қабынудың қай түрі?

1) Эритемалық-геморрагиялық;

2) Эритемалық-буллезды;

3)+ Эритемалық;

4) Аралас;

5) Буллезды;

Тест 0193

Әйел адам 67 жаста емхана хирургіне сол тізесінің күйдіргендей сезіміне, температура мен әлсіздікке, ыстыққа шағымданып келді. Тексергенде тізенің алдыңғы бетінде айқын шектелген гиперемия мен ісіну, инфильтрация мен жергілікті гипертермия, тері кернелген және көтерілген, әр түрлі диаметрлі іші сұйықтыққа толы көпіршіктер бар. Дәрігер тізенің тілмелі қабынуына шағымданды. Науқаста төменде аталған тілмелі қабынудың қай түрі?

1) Эритемалық-геморрагиялық;

2)+ Эритемалық-буллезды;

3) Эритемалық;

4) Аралас;

5) Буллезды;

Тест 00194

Емханадағы хирургке 65-жастағы әйел оң аяғының ісінуіне, ауырлық сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде 2-ай бұрын оң аяғындағы сирағының тілмесімен ем қабылдаған. Қарау барысында: сирағы мен табаны көлемді бірдей ұлғайған, сирақ пен табан буыны тегістелген. Пальпация кезінде аздап ауырады. Науқаста қандай асқыну түрі байқалады?

1) Көк тамыр жетіспеушілігі;

2) Жедел тромбофлебит;

3)+ Лимфедема;

4) Флегмона;

5) Артрит;

Тест 00195

Емханадағы хирургке 63-жастағы әйел дене қызуының қалтырап жоғарылауына, әлсіздікке, үнемі шөлдеуге, терісіндегі бөртпеге шағымданып келді. 1-аптадан бері ауырады. Қарау барысында: склерасының сарғаюы, дене қызуы 39,80С, тері жабындысы бозғылт, ентіккен, тынысы минутына 26-рет, тамыр соғысы-100, АҚҚ 100/70мм с б. Қан анализинде: лейкоцитоз 21,0х1012, ЭТЖ 43 мм/с. Анамнезінде 1-ай бұрын сол аяғының тілмесімен емделген. Қарау барысында бүткіл сирағы ісініп, аздаған қабыршақтанған. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1)+ Сепсис;

2) Лимфедема;

3) Жедел пневмония;

4) Жедел тромбофлебит;

5) Белгісіз генезді лихорадка;

Тест 00196

Емханадағы хирургке 33-жастағы әйел сол жақ қолтығының ауырғанына, дене қызуына шағымданып келді. Анамнезінен 2-аптадан бері ауырады, өздігінен ем қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қарау барысында сол жақ қолтық асты қызарған, тығыз көлемі 1,5х1,5см, тегіс емес, ауру сезімді, флюктуациялық аймақты түзіліс байқалады. Науқастың дұрыс диагнозы қандай?

1) Лимфаденит;

2)+ Гидраденит;

3) Абсцесс;

4) Липома;

5) Атерома;

Тест 00197

Емханадағы хирургке 33-жастағы әйел сол жақ қолтығының ауырғанына, дене қызуына шағымданып келді. Анамнезінен 2-аптадан бері ауырады, өздігінен ем қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қарау барысында сол жақ қолтық асты қызарған, тығыз көлемі 1,5х1,5см, тегіс емес, ауру сезімді, флюктуациялық аймақты түзіліс байқалады. Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз?

1) Пункция жасау;

2) Мазьді компресс қою;

3) УВЧ-терапиясына жіберу;

4) Камфор спиртімен өңдеу;

5)+ Жергілікті жансыздандырумен ашу;

Тест 00198

32-жастағы Ж науқасқа ретромаммарлы мастит диагнозы қойылған. Осы жағдайда қандай рациональді тілік жасалады?

1) Емізік маңынан радиарлы;

2) Емізік маңынан циркулярлы;

3)+ Сүт безінің төменінен жартылай сопақша;

4) Сүт безінің жоғарғы жағынан жартылай сопақша;

5) Сүт безінің сыртқы жағынан жартылай сопақша;

Тест 00199

44-жастағы Л. түскі үзіліс кезінде үйінде табанын күйіп алған, жұмыскерге қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық себеп болуы мүмкін?

1) Аяқ астынан болған жарақат;

2) Үйдегі келеңсіздік жағдай;

3)+ Ұйымдағы келеңсіздік жағдай;

4) Жұмысқа келе жатқандағы келеңсіздік жағдай;

5) Жұмыстан қайтқандағы келеңсіздік жағдай;

Тест 0200

Науқас 38 жаста., деструктивті панкреатит парапанкреатикалық инфильтрат ауруымен он үшінші күні гектикалық температура, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз, қалтырау, эпигастрии аймағындағы ауру сезімді ифильтраттың 15х20 см дейін үлкеюі пайда болды. Дәрігер шажырқайлы қалтанығ абцессіне күмәнданды. Сіздің емдеу тактикаңық?

1) Антибиотиктерді ауыстыру;

2) Инфильтрат пункциясын жасау;

3) УДЗ бақылауында дренаждау;

4)+ Жартылай ашу әдісімен ашып дренаждау;

5) Жабық әдіспен ашып дренаждау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]