Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost.docx
Скачиваний:
248
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.72 Mб
Скачать

03_05_Каз

Хирургия 03_

Тақырыбы «Оториноларингология» 05_

$$$001

26 жасар науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысымен тыныс ала алмайды. Бұл жағдай 2 жылдан бері мазалайды. Алғашқысында оң жақ мұрынның тыныс алуы, кейін тыныс шығаруы қиындаған.

Қарағанда: мұрын қуысының кілегейі ісінген, мұрын пердесі сүйек-шеміршек бөлігі оңға қарай ығысқан және іріңді бөлініс бар.

Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысы және торлы сүйектің клеткалары қарайған.

Қарағанда: мұрын-жұтқыншақта оң жақ хоанада орналасқан бозғылт-сұр түзіліс байқалады. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) полипозды іріңді гемисинусит

В) созылмалы іріңді гайморит

С) оң жоғарғы жақ қуысының ісігі. Созылмалы іріңді фронтит

D) созылмалы іріңді фронтит

Е) созылмалы іріңді гайморит, этмоидит. Хоанальды полип

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж. Оториноларингология дәрістері. Оқу құралы. Астана, 2009.) .

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$002

35 жастағы науқастың шағымдары: кенеттен ұстамалы түшкіру, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, көп мөлшерде шырышты-сулы бөліністер. Ауырғаннына 5 жыл. Үнемі мұрын тамшысын қолданады.

Риноскопия: мұрынның төменгі қойнауының кілегей қабаты ісінген, көгерген, көгілдір-ақ дақтар көрінеді. 0,1% адреналин ертіндісін жаққаннан кейін, мұрын кеуілжерлерінің көлемі кішірейеді. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) жедел ринит

В) созылмалы іріңді гайморит.

С) вазомотор риниті

D) созылмалы іріңді фронтит

Е) созылмалы іріңді этмоидит

Дұрыс жауап}=С

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж. Оториноларингология дәрістері. Оқу құралы. Астана, 2009.) .

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$003

25 жасар науқас: маңдай аймағының қатты ауырсынуына, құсу, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік, мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан сұйықтық ағуы және маңдай тұсының ауырсынуы 5 жыл бойы мазалайды. Соңғы өршуі 2 апта бұрын, тұмаудан кейін басталған. Соңғы 2-і күнде науқастың жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы, құсу, жалпы әлсіздік үдей түскен. Объективті: жағдайы – орташа ауырлықта. Пульс 48 рет минутына. Дене температурасы – 38,6ºС, тері жамылғысы бозарған. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Психикасы өзгерген: эйфория, көп сөйлейді, сөйлегенде әзілдеп сөйлейді. Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты инфильтрацияланған. Оң жақ мұрын жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс. Сол жақ қас үстін пальпациялағанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелерінде өзгерістер анықталмайды. Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ маңдай қойнауының гомогенді қараюы және қабырғасының деструкциясы бар-ау деген күмән бар. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) полипозды-іріңді гемисинусит. Самай бөлігінің абсцессі.

В) созылмалы іріңді гайморит. Маңдай бөлігінің абсцессі.

С) сол жақты, созылмалы іріңді фронтит. Маңдай бөлігінің абсцессі.

D) созылмалы іріңді фронтит. созылмалы гайморит.

Е) созылмалы іріңді этмоидит

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделігі}=2

{Оқулық}= (Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж. Оториноларингология дәрістері. Оқу құралы. Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$004

14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады?

А) қабақтың абсцессі Абсцесс века

В) орбитаның флегмонасы Тромбоз поперечного синуса

С) вазомотор риниті Вазомоторный ринит

D) кавернозды синустың тромбозы

Е) менингит

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(С, оториноларингология.Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж. Оториноларингология дәрістері. Оқу құралы. Астана, 2009.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$005

Сіз терапия бөлімінде жұмыс жасайсыз. Сізді 62 жастағы Гипертония ауруының ІІ сатысымен ауратын науқастң палатысына шақырды, сырқат үйінен жайсыз хабар алған. Науқасты қатты мазалайды бастың ауруы, әлсіздік, бірнеше минут бұрын мұрыннан көп мөлшерде қан кеткен. Көршілері басын артқа қарай шалқайтып төсекке жатқызған. Диагнозы: Мұрыннан қан кету, гипертония ауруының ІІ дәрежесі. Дәрігердің әрекеті қандай?

1. науқасты тыныштандыру;

2.палатадағы көршілеріне түсіндіру, мұрыннан қан кету кезінде науқастың қалпы қандай күйде болуға тиісті;

3. мұрынға салқын компресс;

4. алдыңғы тампонада;

5. гипотензивті препараттар;

6. артқы тампонада

7. мұрынның клегей қабығын сутегінің асқан тотығымен күйдіру;

8. артқы және алдыңғы тампонада.

А) 3,6,7,8

В) 2,4,5

С) 1,2,3,4

D) 6,7

Е) 1,2,3,4,5

Дұрыс жауап}=Е

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Төлебаев Р.Қ. Хамзабаев Ж.Х., Әженов Т.М. Мұрын қуысы және оның қосалқы қуыстарының аурулары (диагностикасы, емі, алдын-алу шаралары. Астана. 2007.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$006

Осыдан төрт сағат бұрын хоккей ойнау кезінде бетінен қатты соққы алға. Шағымы: мұрынның ауырсынуына және пішінінің өзгеруіне. Есінен танбаған, лоқсу, құсуы болмаған, мұрнынан аз мөлшерде қан кетіп, өздігінен тоқтаған.

Қарағанда: мұрын қыры оңға қарай ығысқан, мұрынның сол жақ бүйір қабырғасы төменге ығысқан, осы аймақтағы тіндер ісіңген, басқанда ауырсынады, сүйек сынығықтары қозғалмалы. Мұрынның шырышты қабығы ашық қызғылт, ісіңген, мұрын жолында ұйыған қандар бар, мұрын пердесі ортаңғы сызықта. Диагнозы: Мұрын сүйектерінің ығысқан сынығы. Дәрігердің әрекеті қандай?

1. жарақат аймағына тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектермен таңғыш қою;

2. среспеге қарсы алған егілудің күнін нақтылау;

3. мұрын сүйектерінің репозициясы;

4. қабынуға қарсы терапия;

5.мұрын тампонадасы;

6. шүйде аймағына мұз қою;

7. шокқа қарсы шара жүргізу.

А) 1, 3, 4

В) 2, 3, 4

С) 1, 3, 4, 5

D) 2, 4, 5

Е) 3, 4, 5

Дұрыс жауап}=Е

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Төлебаев Р.Қ. Хамзабаев Ж.Х., Әженов Т.М. Мұрын қуысы және оның қосалқы қуыстарының аурулары (диагностикасы, емі, алдын-алу шаралары. Астана. 2007.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$007

Сіз ЖМККА-ның қабылдау бөлімінде түнгі кезектесіз. Машинамен ата-аналарымен бірге 10 жастағы бала жеткізілді. Аулада ойнап жүрген кезде, әйнектелген есікке соғылған, сынған әйнек мұрын ұшын кесіп түскен, мұрынның бөлініп қалған бөлігін бет орамалға салып әкелген. Қараған кезде жарақаттан көп мөлшерде қан кетуде, жабыранқы, тежелген, тамыр соғысы баяу АҚҚ 80/50. Анасы мұрны қалпына келмейді деген күдікте, кезекші дәрігер операцияда. Диагнозы: мұрын жарақаты-мұрын ұшының бөлініп қалған шабылған жарақаты. Травматикалық шок. Дәрігердің әрекеті қандай?

1. мұрын сүйектерінің репозициясы;

2. іріңдікті ашу;

3. анасына мұрын пішінінің қалпына келетініне түсіндіру;

4. физиотерапия;

5. балшықпен емдеу

6. басын жоғары көтеру, мұрынға тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектермен таңғыш қою;

7. мұрыннан бөлініп қалған тканьды салқындатылған стерилды физиологиялық ертіндіге салу;

8. шокқа қарсы шара.

А) 3,6,7,8

В) 2,4,5

С) 1,2,3,4

D) 6,7

Е) 2,3,4,7

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж. Оториноларингология дәрістері. Оқу құралы. Астана, 2009.) .

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$008

Сіз мектептің медпунктінде жұмыс жасайсыз. Сізге футбол ойнау кезінде мұрыннан жарақат алған 8 жасар бала жеткізілді. Шағымы: мұрын тұсындағы ауырсынуға, мұрыннан тыныс алудың қиындауына, лоқсу, бастың ауруына. Мұрыннан қан кету белгілері жоқ, мұрын пішіні өзгеріссіз, мұрын қыры басқанда ауысынады. Қараған кезде: мұрын пердесінің кіреберіс бөлігінің екі жағыда домбыққан. Баланың ата-анасы жұмыста. Диагнозы: мұрын жарақаты- мұрын пердесінің гематомасы, мидың шайқалуына күдік; Дәрігердің әрекеті қандай?

1.жедел жәрдем көрсету, аурухана жатқызу туралы шешімді орындау үшін, жедел жәрдем машинасын шақыру;

2.баланың қасында болатын, қызметкерді бөлу үшін, болған жағдайды мектеп директорына хабарлау;

3.баланы тыныштандырып, ата-анасына баланың күтімі жөнінен кеңес беру;

4. гематоманы пункциялау, тығыз тампонада, антибиотиктер;

5. невропатологтың консультациясы.

6. іріңдікті 2 жағынан ашу, дезинтоксикация

7. антибиотиктер, физиотерапия

8. сыртқы мұрынды уқалау (массаж).

А) 3,6,7,8

В) 2,4,5

С) 1,2,3,4

D) 6,7

Е) 1,2,3,4,5

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Төлебаев Р.Қ., Исмагулова Э.К., Жусупов Б.З., Яхин Е.Ж. Оториноларингология дәрістері. Оқу құралы. Астана, 2009.) .

{Курс}=7

{Семестр} = 14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]