Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
alish_otchet_bitti.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.43 Mб
Скачать

1.4 – Сурет – Киров атындағы зауыттағы өндірістік жұмыс цехі

1.2 Алматы ауыр машина жасау зауыты

Алматы ауыр машина жасау зауыты - металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды. 1942 жылдың наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. Кәсіпорында кейін негізгі өндірістік және қосалқы цехтар салынды. Өндіріс тұйық технологиялық циклмен ұйымдасқан, ол металлургиялық құю жұмыстарынан басталып, құрастыру және өңдеумен аяқталады. Прокат жабдықтарын, созу стандарын және басқа да металл өнімдерін шығарады. Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған стандар, детальпрокат стандары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермик. және химиялық жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды. 1992 ж. “Алматы ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 ж. ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

Прокат жабдықтары мен металлургия кәсіпорындарына созу станогын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 жылы көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехты негізінде құрылды (1.5-суретте көрсетілген – Алматы ауыр машина жасау зауыты).

1.5 - Сурет– Алматы ауыр машина жасау зауыты

Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған станоктар, детальпрокат станоктары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермикалық және химиялық жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды (1.6-суретте көрсетілген – ААМЖЗ).

1.6 - Суретте – аамжз

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Серік Шакирбаевтің айтуынша, құны 500 мың АҚШ доллары тұртатын екі қондырғы әлемдік нарықта, соның ішінде ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие.«Біз Алматы ауыр машина жасау зауытының өнімдерін жоғары бағалаймыз. Өйткені, оның сапасы өте жоғары. Соған қарамастан, өнімнің бағасы Ресейге қарағанда едәуір арзан», - деп атап өтті «Ижевск механика зауыты» АҚ-ның бас технологы Рамиль Хисматуллин шара барысында. Алматы ауыр машина жасау зауыты республикамыздағы жетекші өнідірістік орын болып табылады. Зауыт ұзақ жылдан бері халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өнімдер шығарып келеді. Зауыт әлем бойынша сым темір өңдеу станын шығарудың ірі үштігіне кірді.Алматы ауыр машина жасау зауыты – металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын.

Зауыт бүгінгі күнге дейін ырғақты әрі тұрақты жұмыс істеп келеді. Зауыттың жалақы немесе зейнетақы төлемдері бойынша берешегі жоқ. Зауыт ай сайын 141 млн теңгенің өнімдерін өндіреді". Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААМЖЗ) республикамыздағы жетекші өнідірістік орын болып табылады. Зауыт ұзақ жылдан бері халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өнімдер шығарып келеді. Зауыт әлем бойынша сым темір өңдеу станын шығарудың ірі үштігіне кірді. Бүгінде зауыттың өнімдері ондаған жақын және алыс шетелге жетістікпен экспортқа шығарылуда (1.7 - суретте көрсетілген – ААМЖЗ).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]