- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Қазақ Технология және Бизнес Университеті «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және Дизайн» кафедрасы
- •Оқу -әдістемелік жинақ
- •Мазмұны
- •4.4. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы
- •2.Пән туралы мағлұмат:
- •4. Пәнннің қысқаша сипаттамасы:
- •Пәннің қысқаша мазмұны
- •4.1. Дәрістік сабақтар мазмұны
- •4.2. Практикалық сабақтар мазмұны
- •4.3. Соөж сабақтар мазмұны
- •4.4. Сөж сабақтар мазмұны
- •Пән бойынша берілген тапсырмалардың орындалу графигі
- •Глоссарий – Түсіндірме сөздік Симметрия - Композициядағы тепе-теңдік, екі жартының бірін – бірі қайталауы
- •Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
- •5. Білім бағалау туралы мәлімет
- •Іс-шаралар саясаты
- •«Композиция» пәнінен дәрістік сабақтарға арналған лекциялардың қысқаша мазмұны Лекция №1
- •Лекция №2
- •Лекция №3
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Лекция №6
- •Лекция №7
- •Лекция №8
- •Лекция №9
- •Лекция №10
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
- •Соөж сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау «Композиция» пәні бойынша
- •Тақырыбы: «Композицияның ережелерімен заңдылықтары негізінде образды композиция құру»
- •Сөж сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаудың тапсырылу түрі
- •Сөж әдістемелік нұсқау сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып: “ Композиция құралдары негізінде өрнекті трансформациялық композиция құру ”
- •Тақырып: Этнокомпозиция негізінде жасалған стилизациялық композиция
- •Әдебиеттер
- •Тақырып:Стилизациялық композиция. Шығармашылық жұмыс
- •«Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және Дизайн» кафедрасына қарасты аудиториялар туралы мағлұмат
Лекция №3
Тақырыбы: Кеңістік
Негізгі қаралатын сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Өнер әлемінің кеңістік түрлері.Кеңістік туралы елестетудің эволюциясы.Сәулеттік кеңістіктің анықтамасы. Сәулеттік кеңістіктің сипаттамасы (қасиеті) сыртқы және ішкі кеңістіктер. Кеңістіктегі жазықтық пен көлем. Жорамалды сәулетті кеңістік. Көлемді пішіндегі кеңістікті ұғыну(түсіну). Кеңістік өнер әлеміндегі бірліктің және бірлескендіктің түрі.
Бақылау жұмысына арналған сұрақтар:
1.Кеңістіктің түрлері?
2.Сәулеттік кеңістік деген не?
3.Кеңістіктегі жазықтық пен көлем?
Ұсынылатын әдебиеттер:
К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008
Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007
Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966.
Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985
Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977
А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970
Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005
Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008;
Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990.
Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002.
11.Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990.
12.Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001.
Лекция №4
Тақырыбы: Композицияның негізгі ережелерімен өлшем заңдылығы
Негізгі қаралатын сұрақтар:
Ырғақ. Ырғақтың анықтамасы.Табиғаттағы және техникадағы ритм.Жазықтықтағы ритм ырғақ. Кеңістіктегі ырғақ.сәулет өнеріндегі ритм. Уақытша ырғақ. Кеңістік-уақытша ырғақ.
Пәннің мақсаты:Ырғақтың негізгі түрлерімен танысу.
Қысқаша мазмұны:
Композиция –құрастыру, шығару деген мағынаны білдіреді.Өнер туындыларын әзірлеу барысында шығармашылық ойды толық жеткізе білу үшін, композиция заңдылықтарын толық меңгеру қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функционалдылығы мен конструктивтілігі ескеріледі. Үйлесімді композицяның маңызды қасиеті, оның тепе-теңдігі болып табылады,бұл жағдайда барлық элементтер өзара теңестірулі болады. Композициялық тепе-теңдік композицияның негізгі массасын, оның орталығына қатысты үйлестіруге байланысты. Негізгі бөліктің немесе композициялық орталықтың болуы, композиция тұтастығын, оның аяқталған көрінісін айқындайды.
Композиция құралдары: Композиция элементтерін үйлестіруге композиция құралдары деп аталатын ерекше құралдардың көмегі арқылы қол жеткізуге болады. Композицияны үйлестіру құралдарына пропорция, симметрия, асимметрия, нюанс, контраст, метр, ритм, түс.
Ырғақ - кейбір элементтердің (дыбыстар, сөздер, заттар) белгіленген ретпен қайталануы.
Ырғак, табиғаттың әр түрлі құбылыстары мен пішіндеріне, еңбек процестеріне, өнер туындыларына тән жағдай. Жазықтық пен кеңістіктегі пішін элементтерінің және аралыктарының (интервалдарының) қайталанбалылығы ырғаңтың сипаттарына жатады.
Пішін элементтерінің және олардың арасындағы аралықтардың көп түрде бірқалыпты алмасып тұруы ырғақтық катарларды құрайды.
Ырғақтың қатарындағы тығыздық немесе сиректілік элементтердің үлкендігіне және арасындағы аралыктарына тәуелді. Ырғақ түрлері: кему, өсу, шапқылама.
Элементтердің, мотивтердің немесе пішіндердің қайталануы екі типке бөлінеді:
қарапайым (статикалық немесе метрикалық);
күрделі (динамикалық)
Статикалық ырғақты қатар (немесе метрикалық ырғақ) - бірдей элементтерден және арасындағы бірдей аралықтардан тұратын қатар.
Динамикалық ырғақты қатар - элементтердің (мотивтердің) үлкендігі белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынып өзгеріске ұшыраған жағдайда ырғақтың күрделі көрініс алуы.
Динамикалық ырғақты қатар келесі өзгерістерге жол береді:
аралықтар ұзақтығы бірдей бола тұрып элементтердің үлкеюі немесе кемуі;
элементтер үлкендігі бірқалыпты болған жағдайда аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы;
-аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы және элементтер үлкендігінің өсуі немесе кемуі.
Элементтерді кезекпен алмастыру кезінде кейбіреуі «акцент» болып көзге ерекше көрінеді,оларды активті элементтер деп атайды. Акценті жоқ элементтер пассивті болып табылады.
Активті және пассивті элементтердің біркелкі алмасып тұруы метр деп аталады. Активті элементтердің біреуінен екіншісіне дейінгі ара қашықтық динамикалық қадамды құрайды.
Элементтер қозғалысы жылдамдығының үдеуі -темп. Темп жай және баяу, ұлғаймалы және жылдам болып бөлінеді.
Ырғақ, метр және темптің маңызы зор, себебі олар пішіннің динамикасы мен бейненің ұйымдастырылуын, әрі сипатын белгілейді. Әр түрлі мақсаттағы бұйымдарды жасауда темптің, ырғақтың, метрдің әр түрлері қолданылады.
Ритм-өлшемдердің немесе форма элементтерінің қайталану заңдылықтары.Ритм табиғат құбылыстарында, табиғат формаларында, еңбек процестерінде, өнер шығармаларында кездеседі.Ритмді құрылым барлық өсімдіктер мен жануарларға тән қасиет. Көлем, бөлшек, сызық, бөліктер және мынадай қатынастар: контрасты, нюансты, тепе-теңдік пропорциялардың қайталану заңдылықтары әртүрлі ритмдік құрылымдарда пайдаланып, эмоцияналды әсер туғызады.
Метр–бірдей формалардың белгілі бір арақашықтықта әрі интервалда қайталануын атаймыз.Метрлік қайталану тепе-теңдік пен тыныштықты бейнелейтін статикалық композицияға тән.
Метрлік қайталану екі түрлі болып келеді;
1.Белгілі тең интервалда бір форманың қайталануы.
2.Интервал дененің қабырғасы, яғни, бір дененің қайталануы.
Тепе-теңдік –бұл барлық бөлшектердің өзара байланысы. Ол композициялық
салмақтың реттелуі, орталығына қатысы. Жүктемелі реттілігі, ауырлық орталығы тұрақтылықты айқын көру хабарын беруі тиіс. Тепе-теңдік ырғақ секілді өсімдік әлеміне де жануарлар әлеміне де қатысты.Біз бұйымды массасы конструктивті теңестірілмеген жағдайда толық аяқталған деп қабылдамаймыз. Ол тек заттық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге көру тұрғысында да тұрақты болуы қажет.
Бақылау жұмысына арналған сұрақтар:
Метр дегеніміз не?
Ритм дегеніміз не?
Көлем дегеніміз не?
Тепе-теңдік дегеніміз не?
Композиция құралдары дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008
Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007
Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966.
Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985
Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977
А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970
Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005
Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008;
Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990.
Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002.
11.Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990.
12.Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001.