Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфек.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
741.7 Кб
Скачать

Ем мақсаты:

1. Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.

2. Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.

3. Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.

4. Витаминдер комплексі

Симптоматикалық ем

1.Толық айығу.

2.Аурудың эпидемиялық таралуының болмауы.

3.Уақытылы нақтамалау жəне пайда болған асқынуларды емдеу.

Дəрі-дəрмексіз ем:

1.Науқасты бөртпе пайда болғанға дейін 5күнге дейін,пневония болса, 10 күнге дейін оңаша улау керек.

2.Науқаспен қатынасқандарды 21күнге ажырату.

3.Қызбаның бүкіл кезеңі мен дене қызуының қалпына келгеніне дейін алғашқы 2күн төсекте жатып емделу режимі сақталады.

4.Науқастың қатаң гигиенасы : жүйелі түрде жуындыру , көзінжылы , қайнатылған сумен, калий перманганат ерітіндісімен жуу.

Дəрі-дəрмектік ем:

1.Ретинолпальмитаты –күніне 1рет, 2 күн бойы: 6 айға дейін-50.000 Бірл, 6-11 ай-100.000 Бірл, 12 ай жəне одан жоғары- 200.000Бірл.

2.Қызба кезінде– парацетамол бірреттік дозада: 3айға дейін-10 мг/кг, 3 ай -1жыл-60-120 мг, 1-5жас-120-250 мг, 6-12 жас-250-500 мг, 12 жастан жоғары (слмағы 60 кг-нанкөп)- 500 мг. Арақашықтығы 6 сағатан кем емес.

3.Жөтелге қарсы амброксол қабылдайды: 12жастан жоғары- 30 мг тəулігіне 2-3рет, 5-12жас- 15 мг тəулігіне 2-3рет, 2-5жас– 7,5 мг тəулігіне 3 рет, 2 жасқадейін– 7,5 мг тəулігіне 2рет.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. * Калий перманганаты сулы ертінгдісі1:10000;

2. *Парацетамол 500 мг, табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Ретинолацетаты 1 мламп.; 50 мгмайлы ерітінді капсулада; 114 мг драже;

2. *Амброксол30 мг табл.; 15 мг/2 мламп.; 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл сироп.

 

Ем тиімділігінің индикаторлары:

-толық сауығу;

-аурудың эпидемиялық таралуының болмауы;

-пайда болған асқынуларды деркезінде диагностикалау жəне емдеу.

* –Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Асқынулары.

Қызылша вирусымен зақымдануы бронхиттің, жалған круптың, бронхиолиттің, өкпе қабынуының дамуына алып келуі мумкін. Көздің дәнекер қабығынан басқа, кейде көздің мөлдір қабығы да зақымға ұшырайды.

Сирек дамитын асқынуларға миокардит, гепатит, гломерулонефрит жатады.

Ауыр асқынуларға орталық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады. Мысалы: энцефалит, менингоэнцефалит.

Госпитализациялауға көрсетімдер:

1.Уыттанудың айқындалған белгілері.

2.Асқынулар:пневмониялар,тарылуы( стеноз ) бар ларингиттер, плевриттер  отрукциялы бронхиттер ,энцефалит ,менингит ,энцефаломиелит , мастоидит ,пиелонефрит, энтероколит, орбитафлегмоналары.

3.Салдарлық жұқпаның қосарласуы.

4.Созылмалы аурулардың өршуі.

Профилактикалық шаралар:

Арнайы профилактика –бала 12 айға толған кезде қызылша вакцинасы 0,5 мл. бұлшық етке еңгізеді. Ревакцинациясы 6-7 жасында.

-аурудын алдын алуы: қызылша ,эпидемиялық партотит, қызамыққа (КЭПК) қарсы  комбинирленген тірі вакцина;

-қызылшағ ақарсы моновалентті тірі вакцина.

Стоматитті алдын алу үшін: жиі сұйықтық ішу (шай,қайнағансу).

Әрі қарай жүргізу ,диспансерлеу принциптері:

1.Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сораалмаса, қызба пайда болса,  тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы.

2.Қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тезарада қаралу керек екендігін анасына үйрету.

Ауру ошағында эпидемиологияға қарсы жүргізілетін шаралар:

Ауырған баланы 5 күнге оңашалау;

СЭС-ке № 58 формамен хабар беру;

Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күн карантин тағайындалады: күнделікті бақылау, балаларды басқа топқа аударуға, бұл топқа жаңа бала қабылдауға болмайды. Есіктердің саңлауларын екі жағынан қос қабаттап желімдеу.

Алдын алу.

Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.